А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет76/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103

175 
 
ӛлеңнің  бастапқы,  соңғы  шумағын  қара  ӛлең  ұйқасымен,  екінші  шумағын 
кезекті ұйқаспен жазған.  
Байқап  отырғанымыздай  мектеп  бағдарламасына  енген  лирикалық 
шығармалардың  тақырыбы  алуан  түрлі.  Тіпті  бір  тақырыптағы  шығарма-
лардың ӛзін тануда, танытуда терең пайым мен ізденіс керектігі байқалады.  
Лирикалық шығармалардағы пейзаж жанры.  
Мектеп  бағдарламасына  енген  лирикалық  шығармалардың  ішінде  бір 
ғана  пейжаздық  ӛлеңдердің  ӛзінің  табиғаты бір-біріне  ұқсамайтындай  алуан 
түрлі.  Мәселен,  5-сыныптағы  И.Байзақовтың  «Жазғы  кеш»  ӛлеңі  таза 
пейжаз
1
.  Кеш  кӛрінісін  тілдік  бояумен  салғаны  айқын  танылады.  Шығарма-
ның ӛн бойында пейзаж кірпіш  ретінде қаланады.  
Кеш еді жаздың сұлу нұр тӛгілген,  
Жібектей жерге жасыл гүл себілген. 
Кӛк шатыр, Қызғылт теңбіл тақталанып,  
Жерге кеп алыс аспан тӛңкерілген. 
 
Шымқаған кӛкжиекте қызыл арай, 
Кӛтерген күн шапағын қызыл тудай. 
Тарауы сан жамырап, кӛкке самғап, 
Серпілген кӛк теңізі әрмен қарай. 
Иса  Байзақов  «Жазғы  кештің»  шапақты  тууын    «жасыл»,  «кӛк», 
«қызғылт»,  «қызғылт теңбіл» сияқты бояу ӛңдерінің атауымен  кӛз алдымыз-
ға керемет кештің бейнесін  әкеледі.  Мұнда пейзаждық бейне түрлі бояулар-
мен,  тұтас  ӛлең  мәтініне  реңк  беріп  тұр.  Оқушыларға  пейзаждық  элемент-
терді таныту, сӛзбен салынған суреттің бояуын сездіру үшін «Ӛлеңде қандай 
түс    кездеседі?»  «Жиі  ұшырасатын  қай  түс?»,  «Ӛлеңдегі  бұлттың  түсі 
қандай?»  деген сұрақ қою арқылы анықтауға болады. Пейзажды нақты түстік 
реңкімен тани алған оқушы бұлттың түсі  «қызғылт» екенін тап басып айтары 
анық. Ал дәл осы ӛлеңді сурет ӛнерімен ұштастырмауға болмайды. Дәл ӛлең 
мәтініндегі сӛзбен салынғанды  суретте тап басып таба білу, тіпті ұсынылған 
кӛп суреттің ішінен ажырата алу қабілетінің ӛзі оқушылардың ӛнерді түсіне, 
түйсіне алу қабілеттерін дамытқан болар еді.   
Оылайша  пейзаж  ұлттық  тілдің  нәзік,  мӛлдір,  терең  сырларын,  сӛздің 
поэзиялық  қасиеттерін  жарқырата  ашуға  ұйытқы  болса,  екінші  жағынан, 
шығарманың ішкі мазмұнын идеясын байытады.  
Ал  пейжаздық  шығарма  делінген  Абайдың  «Жазғытұры»,  «Жаздыкүн 
шілде болғанда», С.Торайғыроватың «Шілде» ӛзіндік ерекшеліктерімен ӛзге-
ше.  Осыған  қарап-ақ  пейзаж  жанрының  ӛзіне  тән  белгілерін  тануымызға 
болады.  
Пейзаж  кейде  жаратылыстың  кӛрінісін  суреттейді,  кейде  кейіпкердің 
басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді,  кейде оқиға қандай 
жағдайда  болғанын  кӛрсету  үшін  қолданылады.  Кейде  оқиғаның  тікелей 
                                                           
1
 
1
 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық.  А., 
Атамұра 2013. -102 б. 


176 
 
дамуымен  қатынаста  болады.  Қандай  пейзаж  болсын  бір  нәрсеге  негізделіп 
алынады.  Пейзаж автордың негізгі мақсатына байланысты болады. Мысалы 
Абайдың  «Жазды  күн  шілде  болғанда»    ӛлеңінде  жаздың  әдемі  кӛрінісін 
суреттеумен қатар,  адамдар әлемінің ӛмір тіршілігін қаз-қалпында кӛрсетеді. 
Кейде пейзаж оқиғаға қатысушы қаһармандардың басында болған жағдайын 
кӛрсету үшін де қолданылады. 
Мұнар да, мұнар, мұнар күн, 
Бұлттан  шыққан  шұбар  күн,–  деген  үзіндіде  Махамбеттің  жай-күйін 
терең таныту үшін салыстырмалы түрде суреттейді.  
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» ӛлеңін алсақ, мұнда табиғат кӛрінісі 
мен адам сезімі сабақтастырыла ӛрілген: 
«Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп... 
...Келмеп пе едің жол тосып, 
Жолығуға аулаққа. 
Ӛлеңдегі алғашқы шумақты оқи отыра кӛз алдымызға табиғаттық әсем 
пейзажын елестетеміз.  
Ӛлеңдегі кӛркем пейзажды құраушы элементтер: «Желсіз түн», «терең 
сай»,  «арналы  ӛзен»,  «жарық  ай»,  «қалың  ағаш  жапырағы»  т.б.  барлығы 
жанды  әрекетте  түн  пейжазын  кӛріктендіріп,  адамның  ішкі  жан-дүниесімен 
астасып, табиғат пен адам бір тұтастықта бейнеленеді. Осылайша оқушының 
қабылдауына әсер етеді.  
Кӛркем  пейзажды  беруде  І.Жансүгіров  шығармалары  ерекше  кӛзге 
түседі. Ақынның мектеп бағдарламасына енгізілген «Ағынды менің Ақсуым» 
ӛлеңінде  ақынның туған жерге деген ыстық сезімі  табиғаттың   әсем бӛлшегі 
болып  отырған    ӛзен  суына  да  жан  бітіре  түскендей  болады.  Ақсу  ӛзенінің 
табиғи ерекшелігі  ақын жасаған кейіптеу арқылы еркін ашыла түседі
1
 . 
...Тұнжыраған торғын түн 
Тӛндім сұлу суына 
Таңырқап тау, тас тамсанып, 
Жымиды жұлдыз мұныма. 
Сүмиген сүңгі сұрша тал 
Шомылды таудың суына. 
Таймаңдаған тайпақ ай 
Желегі ме, туы ма!? 
Шүйке шарбы бұлтты 
Қалақай қалды қылмиа. 
Аспанда, ай алтын құшағы, 
Қусыра қайың құшады... 
 
 
 
                                                           
1
 
1
 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 7 сыныбына арналған оқулық.  А., 
Атамұра 2013. -72 б. 


177 
 
Итмұрыны мӛлдіреп, 
Қабағын түйіп қоңыр күз. 
Қарағай, қайың қалтырап, 
Талда аңырап әнші құс, 
Таста суыр тантырап, 
Жазыла есінеп жапан қыр, 
Маужырар сұлап, балбырап, 
Даладан, таудан кӛшті нұр, 
Салбырап, сам жамырап... 
 
Тауды тұман бӛкселеп, 
Ӛзен тӛлі жамырайды... 
Бұл ӛлеңде шебердің назарына ілінген кӛркем детальдар «торғын түн», 
«тау-тас»,  «жұлдыз»,  «сүңгі  тал»,  «тайпақ  ай»,  «шарбы  бұлт»,  «қалақай», 
«қайың»,  «итмұрын»,  «әнші құс»,  «суыр»,  «жапан қыр» т.б.  «Жалғыз жазғы 
бір  кеште  жағалаған  жағасын»  ақынның  назарына  ілінген  кӛркем  бейне 
ақынның сезімімен жанды дүниеге айналады. Ақын кӛңіл-күйімен «жұлдызы 
жымияды»,  «қалақайы  қылмиса»,  аспандағы  ай  алтын  құшағымен  сұлу 
«қайыңды  құшады»,  қайың  мен  сәуле  сүйіседі.  Пейзажды  жасауда  суретші 
мен кӛркем сӛз шеберінің  нысанындағы  заттық элементтер ортақ болғаны-
мен,  әр шебер оны ӛзінше түрлендіреді, ӛзінше бояумен әрлейді. Кӛркемсӛз 
шеберінің бояуы кӛркем бейне, кӛркем деталь. Кӛркем пейжаздың фонында 
автордың  ішкі  әлемі,  сезімі,  ой-түсігі  мен  ӛзіндік  құндылықтары  бедерлене 
түседі.   
Ӛз  шығармаларында  пейзажды  нысан  етпейтін  ақын-жазушы  сирек. 
Бірақ  сол  кӛркем  бейнені  беруде    әр  қаламгердің    ӛзіндік  ерекшелігі  байқа-
лады. Мәселен, 5-сыныпта ақынның «Шілде» ӛлеңінде.
1
  
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай, 
Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай. 
Шайқалып таң желіне тербетілді.  
Кӛкмайса кӛзі ілініп тұрған сондай. 
 
Асыл шӛп, жасық шықтың иісі аңқып, 
Батқандай мелдегінен нұрға қалқып, 
Күлімдеп кӛктің жүзі кӛңілі шат: 
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.. 
 
Мақтанып қара түнде нұрын шашқан 
Айдың да ӛлеусіреп түсі қашқан.  
Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң, 
Бірі жоқ, тәмам жұлдыз бетін басқан... 
 
                                                           
1
 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық.  А., 
Атамұра 2013. -143 б. 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау