162
Ӛлеңде тау сияқты басқа да табиғат перзенттері: «киік» пен «қыран»
таңбаланады. «Киіктің сүтін еміп ер жетуі» ақынның табиғаттың киелі
кәусарынан сусындап, арман-қиялының асқақтығына «қыранның қанатынан
қуат алуы» жеткізгені ӛрнектеледі. Мұнда да жер мен кӛк мекеншақ ұғымын
тудырады. Табиғат – биологиялық, рухани қуат кӛзі ретінде таңбаланады.
Ақын да тау кейіптес, тау мінездес, «бұлт бүркенеді», «жай отын ала
туады». Ақынның «мені» мәтінде тау ұғымымен қабаттасады («Күн алғашқы
саулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман»). Ӛлеңде ақынның
эмоциялық күйін танытатын пофосты сӛз қолданыстары – «таудан мен
жаратылғам», «Тауға барып, Кӛкке ұшып кетсем бе екен,Ұстап алып
қыранның қанатынан...» ұшырасады. Биіктен биікке ӛрлеу, қиялдың қанат
қағып, ӛрге самғауы осы шумақтарда еркін танылады. Ӛлеңнің ассоциативті-
мағыналық фоны «Тау деген Ана туған, дара тұлғам» тармағында бейне-
ленген. Ана → Тау→ дара → тұлға немесе тау - дара, тау - алып жүрек,
тау- тұлға, тау дәу бесік. Cонымен қатар табиғат – Ана – тау–перзент ұғым-
дары ӛріледі.
Автордың ассоциативті-психологиялық күйі ӛлең мәтінінде еркін
танылады. Мәселен, ақын таулық, тау мен ол бір-бірінің иелігінде. Ақын мен
тау егіз ұғым ретінде ұсынылады, яғни тау – мекен, тау – жаратылыс негізі.
Ой қайталана отырып ӛрбиді.
Адам жаратылысында табиғатқа тәуелді. Барлық күш-қуатын, несібесін
қоршаған ортадан алады. Адамның рухани күшінің қайнар кӛзі де табиғатта.
Табиғат тылсымын жүрекпен болжап, бағамдайтын ақынның қай-қайсы да
мұны жырмен ӛрнектейді.
Мұқағали шығармаларында символдық қолданыстар кӛптеп кездеседі.
Мәселен, тау, тау ӛзені, түн, қыран, дала, жел сияқты ұғымдардың адам
жаратылысына әсер-ықпалы, одан туындайтын шабыт-күй ақын шығар-
маларында ӛзгеше ӛрнек құрайды. Адам да табиғат перзенті ретінде рухани
қуат пен шабытты туған жер, ӛскен орта, қоршаған табиғи дүниелерден
алатынын аңғартады. Ақын шығармашылығында ӛскен ӛлкеге деген шексіз
сүйіспеншілігін, ынтықтығын сездіріп отырады. Аспан таулар аясында
дүниеге келген Мұқағали бір шоғыр ӛлеңінде тауды жырлайды: «Хантәңірі»,
«Жігіттер, демалайық тауға барып», «Біздің таулар кемедей шұбатылған»,
«Таудай болғым келеді», «Тауда ӛстім», «Ілініп түн тұр тауларға», «Тау бір
аңыз», «Түсіме тау кіреді», «Ығысыңдар, ей таулар, ығысыңдар», «Мен
таулықпын» т.б. Осындай кӛркем суретті, сыршыл ӛлеңі «Мен таулықпында»
ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, сол табиғатқа деген ӛзінің
ынтызар кӛңілі мен ой-толғамын білдіреді. Ӛлеңнің басты тақырыбы – ӛрлік,
биіктік, асқақтық. Ақын табиғат перзенті – таудың қасиетін айта отырып,
адам баласының жан дүниесіне бойлайды. Адам табиғатындағы, іс-әреке-
тіндегі ӛрлік, биіктік, асқақтық, ірілікті дәріптейді.
Ӛлеңнің тілдік формасын (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктері ӛрнегінің
жиынтық жоспарын) зерделеу жекелеген тіл бірліктерінің жүйесін, ӛлеңнің
композициялық құрылымын тануға жол ашады.
163
Ӛлеңдегі тіл бірліктерінің семантикалық мәнін айқындағаннан кейін
олардың ӛлеңдегі құрылымы мен жүйесін аңғаруға болады. Ӛлеңнің
композициялық құрылымы қайталаулар арқылы шеңбер түзеді. Курсивпен
берілген сӛздер әр шумақтағы мағыналық фонды, экспресивті-эмоциялық
күйді танытады.
Әрине, 5-сыныптың оқушысына ӛлең мәтінін дәл осы теориялық
ұғымдар арқылы түсіндіру немесе сипаттату орынсыз. Тиімді әдіс-тәсілдерді,
бағыттаушы сұрақ-тапсырмаларды пайдалана отырып сӛздің мәнін ашу, кей
сӛздердің символдық белгі екендігін таныту қажет. Ӛлең мағынасының
таянышы болып тұрған сӛздерді белгілеу, олардың мәнін әркімнің ӛз ұғым-
түсінігі бойынша пайымдату, ӛлеңдегі ерекше мәнді танытатын сӛздерді
саралау, жүйелеу, кластер түздіру, ӛлең құрылымын таныту оқушылардың
ой белсенділігін арттыратын тапсырмалар болып есептеледі. Бұндай
тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігімен қатар, шығармашы-
лық мүмкіндігін дамыта түседі. Сонда ғана оқушы білімді түсіну арқылы
талдау, қорыту, ӛз білімін бағалау кезеңдеріне ӛте алады.
Лирикалық шығармалардың әрқайсысы жеке құрылымдық жүйе
екендігін белгілі. Оларды оқытуда қолданатын әдістерді жинақтап айту
күрделі. Солай бола тұра біздің тарапымыздан, лирикалық шығармаларды
талдауда, оқытуда жүйеленген жұмыс түрін ұсынамыз:
1. Шығарманың басты және қосалқы тақырыптарын табу;
2. Шығармадағы күрделі сӛздер мен күрделі ұғымдарды анықтау,
сӛздік жұмысын жүргізу;
3. Ӛлеңнің құрылысын талдау;
4. Ӛлеңдегі кӛркем сӛз айшықтарын (троп, фигураның түрлері) табу,
мәтіндегі қызметін айқындау;
5. Шығарманың композициялық құрылымын анықтау, жоспар құру;
6. Шығарманың синтаксистік құрылым жүйесіндегі ой ағынын, тірек
ұғымдар арқылы айқындау;
7. Шығарма идеясын тану;
8. Авторлық ұстанымды аңғарту.
Я.А.Коменский оқу үдерісіндегі оқушыға білім мен тәрбие беру жұмы-
сын мынадай тӛрт кезеңге бӛледі:
1. Сыртқы сезімді тәрбиелейтін жаттығулар. Бұл мақсаттағы жаттығулар
арқылы бала ӛзін қоршаған ортаны, ӛмірді танып, олармен дұрыс қарым-
қатынас жасауға үйренеді.
2. Ішкі сезімді ой-қиял арқылы елестету мен есту, қол мен тілді
тәрбиелейтін жаттығулар.
3. Нақты зат пен нәрселердің кӛлемі мен барлық заттық нәрселерді,
құбылыстарды сезіну, осы сезіну арқылы жиналған материалдар негізінде ой-
пікір мен түйсікті дамыту.
4. Ерікке қатысты; ұстамдылық, еңбек құмарлық, қабілетті дамытуға
бағытталған жұмыстар. Осы бағыттағы жаттығулардың барлығын да лири-
калық шығармаларды оқытқанда қолану маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |