«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
202
ә) берілген интонацияны сақтай отырып, синтагмалар мен фразаларды
қайталаңдар: Kommst du heute zu uns? Nimm das Buch mit! Der Lehrer zeight
ihm ein Bild;
б) берілген қос сөйлемдерді тыңдаңдар. Егер ол сөйлемдер бірдей
болса, графикалық кілтте (+) таңбасын қойыңдар, ал егер сөйлемдер әр
түрлі болса, онда ( - ) таңбасын қойыңдар.
2. Алдын-ала болжалдау қабілетін жетілдіру үшін мынадай тіл
жаттығуларын орындаған жөн.
а) бірқатар сын есімдерді (етістіктерді) тыңдаңдар да, олармен жиі
тіркесетін зат есімдерді атаңдар;
ә) өздеріңе таныс элементтерден құралған сөздерді тындап, оларды
қазақ тіліне аударыңдар;
б) бірқатар сөз штамптарын тыңдап, олардың қандай жағдайда
қолданылатынын неміс тілінде немесе қазақ тілінде атаңтар:
в) мұғалім айтып тұрған мәтінді (пластинкадан) тындаңдар, сол
мәтіннің жазбаша нұсқасындағы қалып қойған сөздерді толықтырыңдар.
3. Оқушылардың қысқа мерзімдік есін жетілдіруге
арналған тіл жаттығулары:
а) бір топ жекелеген сөздерді тыңдап, солардың ішінде белгілі
бір тақырыпқа байланысты сөздерді қайталап айтыңдар;
ә) екі-үш қысқа фразаларды тыңдап, оларды бір сөйлем етіп
біріктіріңдер;
б) он немесе одан да көп сөздерден тұратын (яғни ұзақтығы қысқа
мерзімдік ес көлемінен артық) фразаларды тыңдап, оларды диктордан
(мұғалімнен) кейін қайталап айтыңдар;
в) фразаны тыңдаңдар да, оған мағына жағынан байланысты
тағы бір фраза қосыңдар т. б.
4. Сөз жасау және контекстік болжауды жетілдіруге арналған тіл
жаттығулары:
а) төмендегі етістіктерді тыңдаңдар да, олардан -еr жұрнағын
жалғау арқылы зат есімдер жасаңдар;
ә) өздеріңе таныс элементтерден жасалған туынды және біріккен
сөздерді тыңдаңдар, оларды қазақ тіліне аударыңдар немесе сөйлемде
қалай қолданылатынын түсіндіндіріңдер;
б) контекст және дыбыстық формасына сүйеніп, интернационалдық
сөздердің мағынасын анықтаңдар;
в)графикалық
кілттен
таяныш
сөздерді
қарап
шығып,
тыңдауға
арналған
мәтін
қандай
такырыпқа
арналғанын
анықтаңдар,
сосын
мәтіннің
үзіндісін
тыңдап,
өздеріңді
тексеріңдер.
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
203
5. Сөздердің мағынасын анықтауға арналған жаттығулар: а)
сөйлемдерді тыңдап, олардың ішінде іс-әрекет иесін (қимыл атауын)
анықтаңдар;
ә) сөйлемде ана тілінде аталған сөзге мағынасы сәйкес келетін сөзді
табыңдар т. б.
Осындай тіл жаттығуларын орындау арқылы лингвистикалық және
психологиялық қиындықтарды жойған соң, сөз жаттығуларын орындауға
көшуге болады. Сөз жаттығулары дегензміз тіл арқылы қарым-қатынас
жасаудың шынайы шарттарына жақын жағдайда қабылданатын ауызша
мәтіндер. Мұндай мәтіндер белгілі талаптарға сай болуы керек: тыңдауға
арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның
мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек; мәтіннің
мазмұнында тыңдаушылар үшін кызықтың мәселе болуы керек; мәтіннің
берік логикасы болуы шарт және ол жатық тілмен баяндалуға тиіс; мәтінде
ауызша сөздің әр түрі болғаны жөн: диалог, монолог, сондай-ақ
диалог-монолог аралас келгені жөн; мәтін бірінші жақта баяндалмағаны
жөн; тыңдап-түсінуге арналган мәтіндердің көлемі төменгі курстарда 1 —
1,5 минут, ортаңғы курстарда 2—2,5 минөт, жоғарғы курстарда 3 – 4
минөттен аспауы керек.
Сөз жаттығулары ауызша сөзді қабылдап, оны түсіну қабілетін
дамытады, оларды жетілдіреді. Бұл жаттығуларды орындау нәтижесінде
оқушылар мынадай іскерліктерді меңгереді:
а) хабардың ақпаратқа ең қанық жерлерін анықтау;
ә) мәтін деңгейінде болжалдау арқылы кейбір түсініксіз жерлерді
толық түсіну қабілеті
б) мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу;
в) тыңдауға арналған мәтіннің мағыналык бөлшектерін анықтау,
олардың әркайсысының негізгі ойын анықтау іскерлігі.
Ауызша сөздің, соның ішінде сөйлеудің екі түрі бар: монолог түрінде
сөйлеу және диалог түрінде сөйлеу. Оқушылар ауызша сөздің осы екі түрін
де тыңдап-түсінуге тиіс. Сондықтан тыңдап-түсінуге үйрететін сөз
жаттығуларының екі түрін ажыратқан жөн: диалогты тыңдап-түсінуге
үйрететін сөз жаттығулары және монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз
жаттығулары.
1. Диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар мыналар:
а) диалогты тыңдаңдар, соған ұқсас сол тақырыпка I диалог құрыңдар;
ә) диалогтың басын тыңдап, әріптестердің бірінің соңғы решшкасын
кеңейтіп, толықтырыңдар;
б) аудиотаспаға жазылған диалогты тыңдап, кейіпкерлердің әңгімесін
қайталап айтып беріңдер;
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
204
в) күйтабаққа жазылған диалогты тыңдаңдар да, оның мазмұнын
монолог түрінде айтып беріңдер кейіпкерлердің біріне мінездеме
беріңдер, диалогқа тақырып табыңдар да, оны түсіндіріңдер) т. б.
2. Монологқа немесе полилогқа қатынасы арқылы диалогты тыңдап-
түсінуге үйрететін жаттырулар:
а) таспаға жазылған сұрақтарды тыңдаңдар да, үзілісте сол
сұрақтарға болымды (болымсыз) түрде жауап беріңдер; ә) диалогтың
басын
тыңдаңдар,
оны
жалғастырып,
оқушылардың
бірімен
әңгімелесіңдер;
б) диалогты тыңдаңдар, оны кеңейтіңдер;
в) диалогты тыңдаңдар, сөз болып отырған мәселеге байланысты өз
пікірлеріңді айтыңдар.
3. Монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары:
а) мәтінді тыңдап, төмендегі екі сұраққа толық жауап беріңдер;
ә) тыңдаған мәтіннің аяқ жағын (басын, ортасын) сәл өзгертіп,
мазмұнын айтып беріңдер;
б) бейнефильмді көріп, оның негізгі идеясын түсіндіріңдер;
в) тыңдаған хабарды мағыналық үзінділерге бөліп, оларға тақырып
қойыңдар;
г) мәтінді тыңдап, оған төмендегі жоспарды қолдану арқылы рецензия
құрастырыңдар:
1) хабардың тақырыбы;
2) оның кейіпкерлері;
3) қысқаша мазмұны;
4) негізгі идеясы;
5) тыңдаған хабарға бара.
Міне, осындай жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылардың
тыңдап – түсіну қабілетін дамытып, оны одан әрі жетілдіруге болады.
Мәтіндерді тыңдаудағы оқушылардың бірінші және басты міндеті -
сол мәтіннің мазмұнын түсіну. Оқушылар мәтіннің мазмұнын қалай,
қаншалықты түсінгенін мұғалім тексеріп отыруға тиіс.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
С. Абдіғалиев Неміс тілінде оқытудың негіздері, Алматы, 2015.
2.
Кушнир А.М. Принцип природосообразности как методологическое
основание проектирования систем и технологий обучения: материал
методологического семинара /А.М. Кушнир //Ученик в обновляющейся
школе. –М., 2002.-с.30-57.
3.
Воронин Ю.А. Технические и аудиовизуальные средства обучения:
учебное пособие / Ю.А№ Воронин. Воронеж: ВГПУ, 2001.-79с.
4.
Бим И.Л. Концепция обучения второму иностранному языку
(немецкому на базе английского). –М.: Титул, 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |