Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет79/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   187

161 
 
ӘОЖ821.512.122.09 
МАУЛЕТХАНОВА Ж.Р., БАРБОСЫНОВА Қ.Т. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ҰЛТТЫҚ ПРОЗАДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ 
 
Ұлы  даланың  ұлылығын  арттырып,  даңқын  күллі  ғаламға  таратқан  біртуар  азамат, 
қазақтың басына жай түскенде қалқан боп, халқының көз жасын төгуіне себеп бермеген Ұлы 
хан – Абылай.Хандардың ханы,  атағы сонау  Батыс жұртына әйгілі Еділ мен дүниеге жомарт 
болса  да  туған  жерін  көзінің  қарашығындай  сақтаған  Мөденің,  шығыс  әлемін  түгел  дүр 
сілкіндірген Шыңғыс хан мен қазақтың қабырғасын қалаған Керей мен Жәнібек хандардың 
асыл ұрпағы, алтын ұлдары, қазақ халқы сан өліп сан тірілсе де естерінен сөндірмеген, өсиеті 
мен  жігерін,  қайраты  мен  даналығын,  есімі  мен  келбетін  жүрегіне  сақтаған  бабамыз  ХVIII 
ғасырдың  70  жылдарында  дүниеге  келген.  Көркем  даланың  көркін  ашқан  сол  сәби  барша 
қазақтың бағына, ұрпағының жадында мәңгі қалуға жаралғандай. Абылай ханның шын есімі 
Әбілмансұр.  Жәңгір  ханның  бесінші  ұрпағы,  Түркістан  билеушісі  қанішер  Абылайдың 
немересі, көркем Уәлидің баласы. Ол атасының емес, адамның баласы, қазақтың баласы бола 
білді. Әбімансұрдың бұндай адамгершілікті меңгеруіне үйсін Төле бидің ықпалы зор, себебі 
халықтың  басына  жасын  боп  тиген  «ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  жылдарында  
жетім  қалған  Әбілмансұр,Төле  бидің  қолына  келеді.  Төле  би  аш-жалаңаш,  өңі  бозарып, 
шашы өсіп, жүдеп кеткен балаға «Сабалақ» деп ат қояды. Бұл кезде бабамыз 13 жасар бала 
еді.  Дана  қария  қазақ  даласының    даналығы  мен  парасатын,  ел  билеу  қабілетін,  анталаған 
жауға  қарсы  тек  бірлікпен  ғана  тойтарыс  беруге  болатынын  жас  баланың  санасына  ұялата 
білді. Әбілмансұр жастайынан жұпыны тіршілік пен қатал өмірді көріп өскендіктен ел  ісіне 
ерте  араласа  бастайды.  Абылайлап  аруақ  шақырып,  жауға  шапқан  кезінде  болашақ  хан 
небәрі  жиырма  жастағы  жігіт  еді.  Бұқар  жыраудың  Абылайға    «Сен  жиырма  жасқа  жеткен 
соң,  Алтын  тұғыр  үстінде  Ақ  сұңқар  құстай  түледің»  деуі  осының  нақ  дәлелі.  Өзінің  бар 
ғұмырын қазақтың бағына, елінің тыныштығы мен сұрапыл заманда аяқтан шалған кедергіге 
тойтарыс беру үшін арнаған даңқты бабамыз, асқар таудай алыбымыз 1781 жылы дүниеден 
озды. Қазақтың 18-ші ханы, Орта жүздің қорғаны бола білген, халқының қолдауына сүйенген 
Абылайдың    күллі  үш  жүздің  ханы  болмауына  орыстың    кесірі  тигені  мәлім.  Атағы  мен 
абыройы  жер  жарып  тұрғанда  орыстың  жүрегіне  қорқыныш  ұялап,  қазақтың  айбатынан 
шошымасқа  шарасы  бар  ма?!  Орысқа  бодан  боп,  қысық  көз  Қытай  бопсалап  отырса  да,бір 
жағынан  жоңғардың  тақымына  басылып  кетеміз  бе  деген  ой  туса  да,  ол  өзінің  бір  сөзінде 
бәріне  келісетінін,  бірақ  ешқайсысына  бағынбайтынын  алтын  әріптермен,  тайға  таңба 
басқандай айқындап кеткен! Міне, бұдан бері қанша жүз жылдық өтсе де, ұлының аты өшкен 
жоқ.  Бұдан  кейін  қанша  қан  төгілсе  де,  қазақ  халқы  мың  өліп,  тірілсе  де  өзінің  ханын, 
қорғанының аруағын қадірлеп, жадынан өшірген емес.  Бұған дәлел сансыз шығармалардың 
кітап  бетін  көруі.  Қазақтың  ұлдары  мен  қыздарының  өз  тарихына  терең  үңіліп,  ақиқаттың 
шырмауын шешіп, аңыздың арасынан шындықты тергенінен-ақ байқауға болады.  Сондай өз 
ұлтының жанашырларына Ілияс Есенберлин, Софы Сматаев, Қабдеш Жұмаділов сынды асыл 
азаматарды жатқызуымызға болады.  
Ілияс  Есенберлиннің  күллі  даланың  шындығын  ашқан  көркем  туындысы 
«Көшпенділер»  [1].  Алты  кітаптан  тұратын  тарихи  эпопея.  Қазақ  сөз  өнерінің  әлемдік 
нұсқасына  қосылған  тарихты  көркемдік  пайымдаудың  үздік  үлгілерінің  бірі,  партиялық 
идеологияның  қылышынан  қан  тамып  тұрған  уақытта  дүниеге  келген  шығарма.  Трилогия 
«Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» деген бөлімдерден тұрады. Сондағы Абылай ханның 
айқын  бейнесі  жалт  беретін  сәт  «Жанталас»  романында.  Әбілмансұрдың  аты  Абылай  деп 
өзгеру  сыры  суреттелетін  тұс  былайша  көрінеді  романда:  «…үлкен  бір  айқаста  ауыл 
адамдары  «Сабалақ»  деп  ат  қойған,  он  сегіз  жасар  түйеші  «Абылайлап!»  ат  қойып,  жауын 
қашырып, бүкіл еліне «Абылай» деген атпен әйгілі болды. Сонда барып Әбілқайыр хан бұл 
Абылай  баяғы  Бұқар  жырау  екеуі  барлауда  жүргенде  кездестірген  Төле  бидің  түйешісі 


162 
 
Әбілмансұр екенін білді». Бұл жерде тарихи аңыз өзгеріссіз қаз-қалпында алынған. Тек Бұқар 
жыраудың Абылайға Әбілқайыр екеуі барлау жасап жүргенде кездесуі көркемдік қиял деуге 
болады. 
Осыдан  былайғы  соғыстардың  бәрінде  Абылай  есімі  дүрілдеп  шыға  берген.  Жұрт 
Абылаймен  санаса  бастаған.  Романда  сұлтан  атаның  жүрген  кезінде-ақ  оның  үш  жүзге  хан 
саналғандығы жөнінде мынадай дерек-мысал бар: 
«Абылайға көңіл айтып, сонау Арқадан қаздауысты Қазыбек би, Ұлы жүзден Төле би, 
Кіші  жүзден  Бала  би  келді.  Бұл  үш  бидің  келуі  Абылайды  үш  жүздің  елі  өзіне  көсем  ете 
бастағанының белгісі еді…». 
Абылайдың  үш  жүзге  көсем  санала  бастау  тарихын  жазушы  І.Есенберлин  былайша 
сипаттайды:  «Көкейкесті  арманына  жеткен  Абылайдың  көңілі  ай-жай  еді…  Иә,  Телікөлдің 
жағасына  жиналған  үш  жүздің  «игі  жақсылары»  оны  «Үлкен  Орда»  ханы  етіп-ақ  киізге 
көтерген. Рас, бұл жиынға Ұлы жүз бен Кіші жүздің көп руларының басты адамдары келмей 
қалды. Келмесе өзі білсін! Абылайға оның қазір қандай маңызы бар? Бүгін келмегені ертең 
келеді. Бүгін көнбегені, ертең көнеді». Тек қана тарихи деректің ғана жетегінде кете бермей, 
жазушы  аңыз-әңгімелер  мен  жыр-дастандар  арқылы  халық  санасына  орныққан  Абылай 
тұлғасын дамыта отырып жаңа идеялармен ұштастыратын көркем болжал әдісін қолданған. 
Көркемдік  болжал  әдісімен  І.Есенберлин  тарихи  фон  арқылы  бүгінгі  күн  мәселесін  қозғап, 
идеялық  мақсаттың  тәлімдік,  танымдық  қуатын  қарастырған.  «…Өкінішім,  –  деді  Абылай 
күрсініп.  –  Өз  басымның  өкініші  …  үш  жүздің  басын  қоса  алмадым;  аз  елге  хан  болдым. 
Қазаққа  мал  емшегін  емізгенмен,  жер  емшегін  емізе  алмадым.  Орда  Көкшетауда  тұрғанда 
ақылшым  болған  Тимофей  Егорұлының  кеңесіменен  Зеренді,  Шортандыны  жайлаған 
төңірегіме  егін  егуді  үйретсін  деп  орыс  мұжықтарын  да  әкелдім.  Бірақ  мал  баққан,  найза 
ұстаған сорлы қазақ, тез көндіге қоймады. Жер деген алтын қазына ғой. Екі тепе сулы жері 
бар  өзбек,  екі  үйір  жылқысы  бар  қазақтан  бай  тұрады»  деген  жолдар  Абылай  аузымен 
айтылғанмен,  ол  өткен  дәуірден  гөрі  І.Есенберлин  заманының  келбеті  екені  айқын. 
Жазушының  өзі  өмір  сүрген  дәуірден  түйген  тұжырымы.  Роман  желісінде  Ресейдің 
бодандығынан  соң  Жоңғар  шапқынышылығы  кезеңінде  Абылайдың  шынайы  бейнесі 
өткірленіп  анық  байқала  бастайды.  Жоңғардың  жер  қайысқан  жауынгерлерініңшабуылынан 
амал  -  айласын  асырып  жеңген  Абылайдың  қолбасшылық  қыры,  қиын  шақта  жол  тапқан 
ақылдылығы  өте  сәтті  берілген.Абылайдың  батырлық  сипаты  қытайдың  қаптаған  қалың 
әскерімен  соғыста  да  тартымды  бейнеленген.  Қытайдың  жаяу  әскерін  үш  рет  шабуылдап 
тойтарып,құмырысқадай  қаптаған  қалың  жаудың  бетін  қайтаруда  ержүректілікпен  қоса  ел 
мен  жерді  қорғау  деген  үлкен  ұғымның  тұрғанын  байқау  қиын  емес  еді.«Жанталастың» 
соңғы  ширек  бөлегінде  Абылай  бастаған  қазақ  қолдарының  елімізге  Жоңғар  мемлекетінің 
көзін жойып, енді Қазақ еліне сұғынған қытай шеріктеріне, тағы бірде қоқан сыпайларына, 
қалмақ  бір  шапса,  қазақ  ауылдарын  екі  шабатын  қырғыз  манаптарына  қарсы  жеңісті 
соғыстары,  Абылай  сұлтанның  елге  қадірі  асып,  Әбілмәмбет  өлген  соң  Орта  жүзге,  одан 
кейін Үлкен ордаға хан сайланғаны суреттеледі. Бұл бөлім алдына идеологиялық бір мақсат 
қойылған. «Жанталас» романы ең алдымен ұлттық тарихи сананы оятуға ықпалын тигізгені 
хақ.  Ең  бастысы,  тар  идеологияға  бағынған  солақай  саясаттың  тегеурінді  ықпалын  бұзып, 
Абылай ханның тәуелсіздікке салған алғашқы жолын танытып, тарихи бейнесін сомдауымен 
ерекшеленеді. Бұл орайда шығарма әдебиеттанушы ғалым Қ.Алпысбаев:  «І.Есенберлин «.... 
жаңа идеялық мақсаттар шеңберінде Абылайдың көп қырлы күрделі тұлғасын ашып берген» 
деген пікірімен дәл келеді. 
Қазақ  халқының  терең  тарихы  болғанымен,  оны  көркем  шығармада  беру  үлкен 
тәуекелшілдікті  талап  еткені  белгілі.  Сондай  «мұхиттан  өткен  қайықтай»  Кеңестік  кезеңде 
ұлтымыздың  тарихын  көркемдікпен  бедерлеу  ұстанымы  батырлықты  ту  еткен    туындысы 
талайлы тағдырға тартқан Софы Сматаевтың «Елім-ай» романы. Абылай трилогияның екінші 
кітабының  аяқ  шенінде,  «Аңырақай  шайқасында»,  қалмақтың  Шарыштай  батырын  жекпе-
жекте  жеңіп  жалт  етіп  бір  көрінеді  де,  үшінші  кітаптың  әр  тұсынан  басында  Әлібек  бала, 
Сабалақ, Әбілмансұр деген, сонсоң Аңырақайда Абылайлап шауып, Абылай сұлтан қалпында 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау