Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет81/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   187

165 
 
алынады.  Бұл  қазіргі  қазақ  тілі  тұрғысынан  тілдік  нормаға  сай,  әрі  жиі  қолданылатын 
формасы.  Түркі  тілдерін  салыстырып  қарағанда,  бұл  тұлғаның  бірнеше  тұлғалық 
көрсеткіштері  барын  байқауға  болады.  Мәселен,  А.М  Щербак  монографиясында  (1981) 
қимыл  есімдердің  30  –  40  түрі  бар  деп  көрсетеді.  Ы.Маманов  қимыл  есімінің  тұлғалық 
көрсеткіштері ретінде тұйық етістік формасын (-у),  -ғы тұлғалы және (-ыс) тұлғалы қимыл 
есімдерін атайды[3, 75б.]. 
Сонымен, қимыл есімі түбір етістік пен туынды етістікке -у, -ыс, - іс, -с,  -мақ, -мек, -
бақ,  -бек,  -пақ,  -пек  жұрнақтары  жалғану  арқылы  жасалады.    Қимыл  есімінің  жұрнағы 
жалғанбайтын бірде-бір түбір не туынды етістік жоқ. Демек, барлық қимыл-әрекеттің атауы 
болады екен. Мысалы: бар – бару, барыс, бармақ. Өзгер – өзгеру, өзгеріс, өзгермек. 
-у  (-ұу,-үу)  жұрнағы  арқылы  жасалған  қимыл  есімі  формасы  –  тілімізде  ең  жиі 
қолданылатын форма.Қазақ тілінде етістіктің бұл формасы жұмыс түрлерінатап айтқанда жиі 
қолданылады. Мысалы, безендіру жұмысы, жуу жұмысы. 
Қимыл  есімінің  бұл  түрі  анықтайтын  сөзінен  бөлініп  тәуелдену,  септелу  арқалы 
заттанып  та  қолданыла  береді.Мысалы  кірпіш  құю  бүгін  тоқтап  қалды  дегенде  кірпіш  құю 
жұмысы болып айтылмай, тек кірпіш құю түрінде қолданылып, атау септігінде тұрғандықтан 
не?деген сұраққа жауап беріп, бастауыш қызметін атқарып тұр. 
-у қосымшалы қимыл есімінің осылайша атау септігінде қолданылу үрдісімен зат есім 
ретінде қолданлатын сөздер пайда болған. Мысалы: егеу, сабау, жабу, жамау, сайлау, барлау, 
бұрғылау т.б. Соңғы кезде бұлайша зат есімнің жасалуы атаужасау (терминжасам) жұмысын 
өнімді тәсілге айналдырды. Мысалы: Математикада  – алу, қосу, бөлу, көбейту; әдебиетте  – 
теңеу, шендестіру, толғау, арнау, лингвистикада – жалғау, үстеу т.б. 
Қимыл  есімнің  бұл  түрі  барлық  септікте  түрленеді.  Алайда  қимыл  есімі  септелгенде, 
етістікке тән мағынасынан алыстамайды.Мысалы: Үйге қайтуға рұқсат.Үйді көруді ойладым. 
Үйден кетуге тура келді.  
Қимыл  есімнің  септік  формада  қолданылуындағы  өзгешелік  грамматикалық 
мағынасына  да  әсер  етіп,  зат  есімнің  септік  формаларының  грамматикалық  мағынасынан 
айырықшаланады.  Барыс  септіктегі  зат  есім  бағыт-бағдарын  аңғартса,  қимыл  есімі  бағыт-
бағдарымен  қатар  себеп,  мақсат  мәнін  білдіреді.Ол  бізідң  ауылға  демалуға  келді.  Сәуле 
кеңсені тазалауға барады[4, 316б.]. 
-у  жұрнақты  қимыл  есімі  жатыс  септігінде  қолданылып,  қимылдың ұдайы  орындалып 
жатқанын  білдіреді  де,  осы  шақ  мағынасын  аңғартады.  Мысалы:  Әр  гектардан  он  бес 
центнерден  астық  бастырылуда  (газеттен).Көмектес  септігіндегі  –  у  жұрнақты  қимыл  есімі 
болды етістігімен тіркесіп қимыл-әрекеттің әлденеше қайталанғанын, дүркінділігін білдіреді. 
Мысалы, айтумен болды, айқайлаумен болды т.б. 
-ыс(-іс,  -с)  жұрнағы  арқылы  жасалған  қимыл  есімі  –  сиректеу  қолданылатын  форма. 
Қимыл есімінің бұл түрінің жұрнағы ортақ етіс жұрнағымен омонимдес болғандықтан, қазақ 
тілі грамматикасында бұл екі форманы шатастыру, -ыс формалы етістіктің бәрін ортақ етіске 
жатқызу  байқалады.Шындығында,  бұл  етістіктен  ортақ  етіс  те,  қимыл  есімі  де  -ыс,  -іс, 
жұрнағы  жалғанатындықтан  жеке  тұрғанда  дербес  мағынасы  аңғарылмайды.  Оны  тек 
контексте ажырату мүмкін.  
1.  Ортақ  етістің  грамматикалық  мағынасы  әрқашан  іс  иесі  екі  не  одан  да  көп  екенін 
білдіреді.  Ал  қимыл  есімінде  іс  иесінің  санына  қатысты  мағына  болмайды.  Мысалы:  Ауыл 
ортасында үйірлі-үйірлі болып отырған еркектер де орнына тұрысты (Мұқанов). Мәруардың 
киімі,  бітімі,  тұрған  тұрысы  көзіме  оттай  басылды.  Бірінші  сөйлемде  тұрысты  деген  ортақ 
етіс те, екінші сөйлемдегі тұрысы (Мәруар - біреу) – қимыл есімі. 
2.  Ортақ  етіс  формасы  рай,  көсемше,  есімше  формасында  қолданылады:  айтысса, 
айтысады,  айтысып,  айтысқан  т.б.Қимыл  есімі  тек  есімдерше  тәуелденіп,  септеліп 
қолданылады: Асан келісімен сабаққа отырды. Оны мен күлісіне қарап таныдым. 
3.  Ортақ  етіс  формасында  қолданылып  тұрған  сөзді  –  у  қосымшалы  қимыл  есімімен 
ауыстыруға болмайды. Ал қимыл есімдерінің жұрнағы өзара алмаса береді. Мысалы: күннің 
батысы – күннің батуы, Алтынайдың жүрісі – Алтынайдың жүруі, Тайбуырылдың шабысы – 
Тайбуырылдың шабуы т.б. 


166 
 
4.  Ортақ    етіс  формасына  қимыл  есімінің  –  у,  -  мақ  жұрнағы  жалғана  береді,  ал  –ыс 
жұрнақты  қимыл  есіміне  бұл  жұрнақтар  үстемеленіп  жалғанбайды.  Мысалы,  танысу, 
таныспақ, айтысу, айтыспақ дегенде ортақ етістер қимыл есіміне айналып тұрса, қоныс, өріс, 
батыс сөздерін олайша (қоныспақ, өрісу, батысу деп) айта алмаймыз.  
-ыс (-іс) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімдері сирек те болса көптеліп, тәуелденіп, 
септеліп қолданылады. Мысалы: Жүрістері тым асығыс көрінді (Иманбеков).  
-мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімдері де бар. Мен 
жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін (Абай). Осы  қатарлардағы 
ермек  зат  есім  болса,  термек  сөзі  қимыл  есімі.  Өйткені  термек  үшін дегенді  теру  үшін  деп 
айтуға әбден болады. 
-мақ  формалы  қимыл  есімінің  омонимдес  тағы  екі  формасы  бар.  Мысалы:  Тоты  құс 
түсті  көбелек,  Жаз  сайларда  гулемек,  Бәйшешек  солмақ,  күйремек  (Абай).  Қызметкердің 
бәрінде өлтірмекші. Болыпты шөлдегенге шыдайалмай (Абай). Алғашқы сөйлемдегі гулемек
солмақ,  күйремек  –  қимыл  есімі  емес.  Себебі  бұл  жерде  гулейді,  солады,  күйрейді  деген 
мағынада  қолданылып,  ауыспалы  осы  шақ  мағынасын  беріп  тұр.Ал  екінші  сөйлемдегі 
өлтірмекші мақсат мәнді келер шақ есімше. Бұлардың қай-қайсысындағы – мақ жұрнағын –у 
жұрнағымен  алмастыруға  болмайды.  Сондықтан  етістіктің  бұл  формаларын  –мақ  формалы 
қимыл есімінің жұрнағымен омонимдес форма деп есептеуге болады. 
-  мақ  формалы  қимыл  есімінің  қазақ  тіліндегі  қолданылу  аясы  тарылып,  -у  жұрнақты 
қимыл есімінің қолданылу жиілігі артып келеді. Сондықтан –мақ формалы мен –у формалы 
қимыл есімі жарыса қолданыла береді. Мысалы: бармақ түгіл –бару түгіл, айтпақ түгіл – айту 
түгіл,  бармақ  қайда  –  бару  қайда  т.б.  Қимыл  есімінің  бұл  түрінің  тәуелдік,  септік 
формаларында қолданылуы мақал – мәтелдерде, көне шығармаларда жиі кездеседі. Мысалы: 
Ханның  жақсы  болмағы  –  қарашаның  елдігі  (Бұқар  жырау).  Алмақтың  да  салмағы  бар 
(Мақал).  Есімшенің  бұл  түрі  болымсыз  етістікке  жалғанбайды,  сондықтан  –  мақ  формалы 
қимыл есімінің болымсыз формасы кездеспейді. Ескерте кететін жайт:  қазіргі қазақ тілінде 
зат  есім  ретінде  қолданылып  жүрген  құймақ,  піспек,  оймақ,  ілмек,  шақпақ,  соқпақ,  қыспақ 
сияқты сөздерді есімшеден зат есімге өткен сөздер дейтін пікір бар[5, 110б.]. 
Етістіктің  ерекше  тұлғалық  түрлеріне  көсемше  де  жатады.  Көсемше  атауын  қазақ  тіл 
білімінде Ахмет  Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі  алдыда 
тұрады  дегенді  білдіреді.  «Көсемше  дейміз  –  екі  етістік  қосарлана  сөйлегенде,  алдында 
айтылатын  етістіктің  қысқа  түрін.  Мәселен,  жаза  бер,  қарап  тұр,  жүріп  келді  дегенде 
алдыңғы  сөздер  көсемше  етістік  болады.  Көсемше  үш  түрлі:  1)  үнемді:  айта  бердім;  2) 
үнемсіз: айтып бердім; 3) ниетті: барғалы тұрмын»[1, 32б.]. 
А.Ысқақов  көсемшені  категория  деп  есептеп,  мынадай  анықтама  береді:  «Етістік 
негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып тұр тиісті дәрежеде шақтық, модальдық 
және  басқа  мәндерді  білдіретін  ерекше  формалар  көсемшелер  категориясы  деп  аталады». 
Оның  үш  түрін  көрсетеді:1)  Өткен  шақ  көсемше  (-ып,  -іп,  -ғалы,  -гелі,  -ғанша,  -генше);  2) 
Осы шақ (-а, -е, -й); 3) Келер шақ (-а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -ғанша, -генше)[2, 146б.]. 
Көсемшелер  тұлғалық  жағынан  да,    мағыналық  жағынан  да  тиянақсыз  болғандықтан, 
қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі 
сыңардан  құралып,  жаңа  мағына  түзетін  күрделі  етістіктердің көптеген  түрін  жасауға  негіз 
болады. Көріп қойдым, біле келді, айта бердім т.б. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  көсемшелердің  бұдан  өзге  де  сан  алуан  қызметтері  бар. 
Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін 
білдіріп  пысықтауыштықта  қызмет  атқарады.  Бірақ  көсемшелердің  тілдегі  қызметі  мен 
мағыналары  үстеулерге  қарағанда  әлдеқайда  кең.Мәселен,  олар  жоғарда  айтылған  күрделі 
етістік  жасау  мен  пысықтауыш  болудан  өзге  тілімізде  айтушының  ойды  ықшамды  айту 
мақсатын  жүзеге  асырып  бірыңғай  баяндауыш  болады,  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің 
бағыныңқы  сыңарының  баяндауышы  бола  тұра  екі  жай  сөйлемді  еш  дәнекерсіз 
байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұрады. 
Көсемшелер  етістіктің  негізгі  және  туынды  түбірлеріне,  күрделі  негіздерге  тікелей  де, 
қажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау