Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет180/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   187

364 
 
Тар  мағынасындағы  девианттық  мінез-құлық  дегеніміз  жалпы  қабылданған 
нормалардан  тыс,  жағымсыз,  еш  адам  жақтамайтын  ауытқулар.  Девианттық  мінез-құлыққа 
қылмыстық  жауапқа  тартылмайтын  ауытқушылықтар  түсініледі.  Басқаша  айтқанда,  бұлар 
заңға  қайшы  келмейтін  ауытқушылықтар.  Заңға  қарсы  қылықтар  немесе  қылмыстар 
жиынтығы  әлеуметтануда  –  делинквенттік  (сөзбе-сөз  –  қылмыстық)  мінез-құлық  деген 
ерекше атқа ие болды [3]. 
Қазіргі  таңда  зерттеушілер  арасында  девиантты  мінез-құлық  мәселесіне  деген 
қызығушылықтар көптеп байқалуда. Девиантты мінез-құлықты ғылыми зерттеу психология, 
криминология, психопатология, әлеуметтану ғылымдарында жүзеге асуда.   
В.Фокс девиантты мінез-құлық «тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға емесе басқа жазаға 
тартуға әкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді.  
Дж.Смелзер  девиантты  мінез-құлықты  изоляцияға  емделуге,  түрмеде  қамалуына  және 
басқада  құқық  бұзудың  жазалауларына  әкелетін  топтық  нормадан  ауытқу  деп  санады. 
В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко “қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты 
девиантты мінез-құлық ” деп атады [6]. 
Белгілі 
әлеуметтанушы 
И.А.Кон 
девиантты 
мінез-құлықты 
психикалық 
денсаулық,құқық,мәдениет  немесе  мораль  қалыптарының  жалпы  қабылданған  қалыптардан 
ауытқыған  әрекет  жүйелері  ретінде  қарастырады.Ал  В.В.  Трифонов  зерттеулерінде 
«девиантты мінез-құлықты жасөспірім-бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін 
,өзіне  үнемі  қосымша  уақыт  бөліп  қарауды,мұғалімнің  ерік-жігерін  ,күшін  ,қажырлы 
педагогикалық  еңбегін қажетсінетін бала» деп анықтама беріледі.Бұл шексіз ұғым ,ол жеке 
адамның  өзгеру  құбылысын  жинақтаушы.Осы  категориядағы  балалардың  жалпы  адамдық 
және  өзге  ешкімге  қайталанбайтын  қасиеттері,әлеуметтік  және  биологиялық  факторлардың 
ықпалымен қамтамасыз етіледі. Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н. Кудряцев, Г.М.Минковский, 
И.Ф.  Мягков  және  т.б.  «девиантты  мінез-құлықты  балалардың»  көпшілігі  мектеп 
бағдарламасын  дұрыс  меңгере  алмайтындар,сондықтан  да  оқушылар  ұжымынан  тысқары 
шығып  қалатын  балалар,-деп  атап  көрсетті.Ұжымдағы  жағымды  позициядан  тыс  қалу 
терісмінез-құлыққа,айналасындағы  адамдармен,әсіресе  бірге  оқитын  құрбы-құрдастарымен 
дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді. 
Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі-
психикалық  денсаулық  нормасынан  ауытқыған  мінез-құлық  ретінде  (жүйке  аурулары, 
психосоматикалық  бұзылулар,  паталогиялық  күй  жене  т.б.);  екіншісі-«әлеуметтендіру  –
дезадаптация-оқшаулау»  құқықтық,  мәдени  және  әлеуметтік  нормаларды  бұзуымен 
байланысты әлеуметтікке қарсы мінез-құлық [5].  
А.Б.Айтбаева  бойынша  девианттық  мінез-құлық  деп-балалар  мен  жасөспірімдердің 
әкімшілік  шараларын  қолдануға  әкеліп  соғатын  құқық  бұзушылықтарды  жасауға 
бейімділігі,яғни,оқудан,жұмыс  жасаудан  әдейі  жалтыруы;отбасынан  немесе  түрлі  оқыту-
тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы және қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы [1]. 
К. К. Платонов девианттық  мінез-құлықты бес түрге бөліп көрсеткен: 
1. Делинквенттік мінез-құлық (әрекетке шектен тыс күш салу); 
2. Аддиктивті мінез-құлық; 
3. Патомінездік мінез-құлық; 
4. Психопатологиялық мінез-құлық; 
5. Гиперқабілеттілік базасындағы мінез-құлық [3]. 
С.А.Белиева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады: 
а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен 
байланысты заң бұзушылық, теіс қылық. Бұлар:ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық және 
т.б.; 
ә)  қастандық  бағыттар:  жеке  тұлғаға  қарсы  бағытталған  әрекеттер:  тіл  тигізу, 
бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т.б.; 
б)  әлеуметтік  енжар  түрлері:белсенді  өмір  салтынан  қашқақтау,  азаматтық 
міндеттерден бас тарту, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа 


365 
 
жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол 
жұмсау және т.б. жатады. Кәмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқының алдын 
алу  мен  психологиялық  және  педагогикалық  үрдісті  ізгіліктендіру  мен  дарашылдандыру 
қағидаларына  сүйенетін  тиімді  және  нәтижелі  жолдарын  қолдану  қажеттілігі  туындады. 
Сондықтан  да  мінез-құлық  пен  дамудағы  ауытқушылықтармен  жүргізілетін  түзету 
психологиялық  және  педагогикалық  жұмыстардың  болмысы  мен  табиғатын  анықтау  үшін 
арнайы  білім  беру  мекемелерінің  ғылыми  жаңалықтарына,  алдын  алу  психологиясы  мен 
арнайы педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулерге баса назар аудару қажет [1].  
Жасөспірім  –  барлық  қатынас  жағынан  ересек  адам  деп  қарастырады  М.Ю. 
Красовицкий. Бірақ  оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты 
осы  жасөспірім  шақта  тұлғаның  әлеуметтік  бейімделуі  белсенді  жүреді.  Мектеп  пен  ата  – 
аналардың  жасөспірімдерді,  жұмысқа,  оқу  –  танымдық  және  қоғамдық  –  саяси  іс  - 
әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні 
жатыр. 
Жасөспірімдердің  девиантты  мінез-құлқының  қалыптасуына  әсер  ететін  факторларды 
ішкі және сыртқы факторлар деп қарастыруға болады. 
Ішкі  факторға  жасөспірім  шақта  кездесетін  физиологиялық  және  психологиялық 
өзгерістерді  жатқызамыз.Мысалы:  Бұл  кезде  баланың  бойы  тез  өседі,  бұрынғыға  қарағанда 
бір  жылда  екі  есе  шапшаңдықпен  өсетін  болады.    Сүйек  етке  қарағанда  тез  өсіп,ол    кейде 
жанға  батарлықтай  ауыратыны  байқалады,  денесі  құрысып,  қатты  мазасынданып,  баланың 
берекесі  кетеді.  Жасөпірім  шақта  баланың  өз-өзін  бағалауы  қарқындай  түседі  және 
денесіндегі  қандай  да  бір  өзгерістерге  көңіл  толмаушылық,қанағаттанбаушылық  сезімдері 
туындап,  соның  әсерімен  баланың  мінезінде  ашушаңдық,  қызбалық,агрессия  пайда 
болады.Ал ол өз кезегінде девиантты мінез-құлықтың туындауының себебі болып табылады. 
Ал 
сыртқы 
факторға 
әлеуметтік 
және 
педагогикалық 
әсерді 
жатқызамыз.Оған:әлеуметтік  нормаларды  түсіну  дәрежесінің  төмендігі,  ата-аналардың 
бақылауының  жетіспеушілігі,ата-аналардың  әсер  етуінің  тиімсіздігі,  физикалық  жазалау, 
жасөспірімнің  отбасымен  және  құрдастарымен  келіспеушілігі,отбасының  құлдырауы,  ерте 
ішімдікке  салыну,  таксикомания,  нашақорлық,әлеуметтік  қанағатсыздану,  асоциальды 
топтарға  қосылу,  отбасылық  және  мектептегі  тәрбиенің  дұрыс  ұйымдаспауы,компьютерлік 
ойындар мен әлеуметтік желінің теріс әсері т.с.с жатады [4]  
Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу – бұл индивидке әлеуметтік ортаның жағымсыз 
факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейін қорғауға, денсаулығын 
сақтауға  және    қолдау  көрсетуге  бағытталған  әлеуметтік,  психологиялық,  педагогикалық 
және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде  қолданылған кешенді шаралардың 
жиынтығы.  
Әлеуметтік  пелагогтың  девиантты  мінез-құлықты  балалармен  жүргізетін  жұмыстары 
өте ауқымды.Негізгі жұмыстар басты үш бағытта жүргізілуі тиіс: 
1.  Мектептегі жұмыс; 
2.  Мемлекеттік,қоғамдық және қоғамдық емес ұйымдармен жұмыс; 
3.  Оқушының тұрғылықты жеріне байланысты жүргізілетін жұмыс; 
Сондықтан  бұл  қызметте  әлеуметтік  арнайы  білімі  бар,тәжірибесі  мол,балалның  жан 
дүниесін  түсіне  алатын,оның  болашағына  жауапкершілікпен  қарайтын  білікті  мамандар 
тартылуы тиіс. 
Әлеуметтік  педагог  мектеп  оқушыларының  картасын  жүргізіп  отыруы  тиіс.Бұл  карта 
әлеуметтік  педагогтың,мектеп  директорының,оның  оқу  және  тәрбие  ісі  жөніндегі 
орынбасарларының,мектеп  психолыгының,әрбір  сынып  жетекшісінің  жұмыс  үстелінде 
болуы тиіс.Бұл картада төмендегідей мағлұматтар тіркеледі: 

 
Жетім балалар,жартылай жетім балалар; 

 
Көп балалы отбасынан шыққандар; 

 
Әлеуметтік көмекке зәру оқушылар; 

 
Тәртібі мен мінез-құлқында ауытқушылықтары бар оқушылар. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау