362
жыл іздесең де сол шықты таба алмайсың. Әрине, басқа шық тағы тұнар. Бірақ, ол басқа шық
қой». Қазіргі таңдағы философияның басты мәселелері – өркениет, жаһандану ұғымдары
туралы: «Мені қайда қарасаң да қаумалаған қара тастар қажытты. Жол да тас, үй де тас, есік
те тас... Жанымыз да беріштеніп, тасқа айналып бара жатқан жоқ па? Табиғатты таспен
құрсаулауға неге әуеспіз осы біз?! Өркениет, өркениет!.. Сен бізді қайда бастап барасың?
Тасқа ма, жоқ әлде Гүлге ме?!» [3, 176-177 б].
Өлім философиясы туралы Талаптан аға: «...Өлімнен ары ештеңе жоқ, қара түнек қапас
деудің өзі адамды хайуандыққа бастайтын ілім екенін бұрын неге бағамдамаған? Істеген
күнәңнің өтеуін ана дүниеде қайтармасаң, онда мәңгілікке күнәһар боп өткенің емес пе? Ана
дүниеде істеген күнәсімен бетпе-бет келмейтініне көңілі сенген пенденің мына өмірде небір
қатігездіктен аяғын тартпайтыны тағы ақиқат қой. Олай болса ана дүниенің барына сенген
дұрыс. Мына өмірден қарабет боп өтпеуің үшін де сол сенім керек» [3, 178 б] - дейді.
Бұнымен жазушы халқымыздың танымында әлмисақтан бар «о дүние» ұғымығың мәнән
ашып көрсетеді.
Жазушы Талаптан Ахметжанның «Айсәуле» хикаятындағы айтылған философиялық
ойларының тағы бір парасы дін, ұлтымыздың наным-сенімі, жаратушы Алла қаһында. Яғни
дін философиясы. «Екі жүрек болмайтыны сияқты, екі махаббат та болмайды... Дүниеде дара
махаббат бар, ол Алладан тарайды. Алла дара, бір ғана. Оған теңдес келер ештеңе жоқ. Дәл
оның мейіріндей, оның махаббатындай дүниеге жылу төгетін де, жан бітіретін де басқа ұқсас
жоқ, болмақ емес»,-дейді [3, 179 б]. Осы жолдардан біз дін философиясындағы
«монотеистік» ұғымымен қатар сан ғасырлардан бері келе жатқан ата-бабамыздың наным-
сенімінің философиялық сұлбасын айқын аңғарамыз.
Дүниенің, адамның жаратылуы туралы: «Адам бойындағы сағыныш – Аллаға деген
махаббаттың көрінісі екен. Адам ғұмыр бойы Алланың дидарын аңсап өтеді екен. Өйткені,
адам Алланың рухани бір бөлшегі. Адам әуелде сол Алланың нұрынан жаратылған. Алла
мен Адам біртұтас. Адам жаны қайтып Алланың алдына барғанша талай қилы соқпақтан
өтпек. Біз соны тағдыр жолы дейміз», – деп жазды [3, 180 б].
Ұлы жаратушы – Алла мен адам пендесінің арасындағы ара қатынасты былай
түсіндіреді: «...Біз Алланың шексіз махаббатын ишаратынан ғана аңғарамыз. Ал, адамдарға
бір-біріне ынтықтығын айтсын деп тіл берілген... Пендесі сүймесе де, өзін ойламаса да аса
мейірімді Алла оған деген махаббатын ортайтпайды. Алладан тараған ақ махаббат осы
заңдылыққа бағынады... Сезім де сел сияқты. Бөгет қою мүмкін емес. Жаныңнан ұшқын
шашырайды. Ұшқыннан тағы бір от тұтанады... Осылай бүкіл адамзат ой-сезім арқылы бір-
бірімен байланысып жатады... Сайып келгенде бүкіл адамзаттың махаббаты қайта Алланың
өзінен тиянақ табады да, осылай махаббат мәңгілік өмірін айналым заңдылығына жалғастыра
береді» [1, 185 б].
Жазушының кей ойлары қазақтың ұлы ақыны, хакім, философ Абай атамыздың
ойларымен үндес келетінін де байқадық: «Біреу Алланың бар екеніне сенемін»,-дейді және
имандай сенеді де, мұнысы – наным; бірақ адамға бұл жеткіліксіз, неге сенетінін білмекке
талпынбақ парыз, әне, сол – таным. Таным жоқ жерде наным да дәрменсіз, өйткені сенген
нәрсесінің сырын білмеген түптің түбінде сеніміне күмән келтіре бастауы кәдік қой.
Көңілдегі күмәнді сейілтетін нәрсе – таным. Ендеше танымсыз наным тайғанақ келеді екен.
Нанатын нәрсемізге танып барып нанбақ – хақ жолы екен. Алланы «бар» дейтіндер неге бар
дейді, «жоқ» дейтіндер неге жоқ дейді? Меніңше бар дейтіндер санаға, ойға, рухани әлемге
есік ашады. Яғни, «бардың» өзі танымға табалдырық болып тұр ғой. «Бар» деп сенген соң
барды іздеу табиғи заңдылық. Ал, «жоқ» дейтіндер сол есіктің тарс жабылуын қажет
ететіндер. «Жоққа жүйрік жетпейді» деген даналық сөздің мәніне, мағынасына көз салшы.
«Жоқты» қанша қусақ та жете алмайды екенбіз, өйткені, ол жоқ… Яғни өлгеннен соң жан
баратын әлем жоқ деу, соны дәлелдемек болу сананы, ойды тұсау деген сөз… Бұл ілгері
қарай емес, кері кету…» [3, 191 б]. Жазушының ұлы ақынмен ойларының үндесіп жатуы
кездейсоқ емес деп түйдік біз. Екеуі де бір халықтың перзенттері, бір топырақтың тумалары
әрі Абай хакім өзінен кейінгі күллі ұрпағына үлгі-өнеге болды.
363
Қорыта айтқанда, жерлесіміз Талаптан Ахметжан – философ жазушы. Оның қай
шығармасын алып қарасаңыз да биік өре, терең ой аңғарылады. Жазушы өз халқының асыл
бастауларының білім нәрімен сусындай отырып, бойындағы бар қарым-қабілетін халқына
сарқып берген жазушы. Әркім өз қара басының қамын күйттеп кеткен қысылтаяң кезеңде де
ол қолынан қаламын тастамады. Мамандығы басқа сала болса да халқының әдебиеті мен
мәдениеті үшін аянып қалмады. Бірақ шығармашылығының зерттелуі, ғылыми айналысқа
түсуі тым шабан. Жазушы, драматург, ғалым апайымыз Роза Мұқанова ғана тегінде
Талаптанның шығармашылығы туралы қалам тартқан болатын. Біздің мақаламыз осы істің
аяғы емес, жалғасы ғана. Одан әрі дамытып, тереңдете түсу болашақтың еншісінде.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық / Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса —
Алматы: Аң арыс, 2009;
2. Есімов Ғ. «Философия» Алматы: Жалын, 2003;
3. Ахметжан Т. «О дүниенің қонағы» Әңгімелер, хикаяттар және әңгіме-диалог. - Астана: Елорда, 2001;
4. Ахметжан.Т Екі томдық шығармалар жинағы. 2 том. Әңгімелер мен пьесалар. - Алматы: Жалын,
2007.
ӘОЖ 316.624.
ҚАЙРОЛДИНА М.С., ДЮСЕНБАЕВА А.Т.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕВИАНТТЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Қазіргі қоғам жағдайы көптеген әлеуметтік мәселелерді тудырды. Бұл мәселелер-
экономиканың төмендеуі,жұмыссыздық,әлеуметтік теңсіздік,бұрыңғы дүниеге қөзқарастың
өзгеруі,жоғары конкурентті рынок жағдайында өмір сүру мен жұмыс жасау жайындағы
қажетті білімнің болмауы т.б. барлығы күрделі әлеуметтік күйзелістер мен конфликтілерге
алып келеді.Бұл кезең әсіресе жасөспірім ұрпақ үшін қиын болды. Жасөспірімдер
арасындағы мінез-құлық ауытқушылықтары –қазіргі заманғы ғылым алдында тұрған негізгі
психологиялық-педагогикалық проблемалардың бірі [1].
Мектептегі педагогтар, психологтар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан көп
қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен ұстаздарды
тыңдамайтын, бұзақылықтар жасайтын балалармен жиі кездеседі. Көбіне зерттеушілер
мұндай оқушыларды «Қиын оқушылар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар»,
«Девиантты балалар» деп қарастырып жүр. Жалпы девиантты мінез-құлық және қиын
балалар ұғымына келетін болсақ, ол 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқыда
ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-
1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді [2].
Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы
девианттық
мінез-құлық
деп–қоғамдағы қабылданған
нормалар
мен
әлеуметтік
стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны
жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.
Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп
қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-
өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер
болуы мүмкін.
Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру
сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм,
ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |