Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет176/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   187

356 
 
Дидахмет  Әшімханұлы  –  әңгіме  жанрының  айтулы  шебері,  қазақ  әдебиетінің 
қабырғалы  қаламгері.  Оның  шығармашылығына  тән  ортақ  сарын  –  адамзат  бойынан 
адамгершіліктің қашып, қоғамның қатыгезденіп бара жатқанын мінездер, тағдырлар арқылы 
ашына  толғау.  Іздері  –  кісілік  ізгілік,  жырлары  –  ұлттық  рух!  Ол  – рух  жыршысы!  –  деген 
болатын  сыншы  ғалым  Құлбек  Ергөбек  Д.Әшімханұлы  қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  әңгіме 
жанрының  шебері  еді.  Әңгіменің  басқа  жанрлардай  емес,  нақтылықты,  нағыз  шеберлікті 
талап  ететініні  белгілі.  Д.Әшімханұлы  бұл  үдеден  шыққан  жазушы.  Бұл  тұрғыдан  ол 
Б.Майлиннің,  Т.Әлімқұловтың  қазіргі  қазақ  әдебиетінде  ізін  басқан  бірден-бір  қаламгер. 
Оның  шағын  әңгімелері  мен  новеллалары  повесть,  романға  бергісіз,  әрі  көтерген  жүгі  де 
ауыр, – дейді ф.ғ.к. Гауһар Рахымбаеа. 
 Дидағаңа жерлесі, ақын Ұлықбек Есдәулетов өлең арнады: 
Алтай тауы аңыраса аспан жұтып дауысын, 
Күңгір-күңгір тас құласа күңірентіп тау ішін. 
Тал бесік пен жер бесіктің арасында самғаған 
Тау қойнына табыстадық алты алаштың арысын. 
  
Жыршысынан айырылған Ақ Қабаның толқыны, 
Жартасты ұрып быт-шыт болды көбік шашып сол күні. 
Қайғыдан қарс айрылмаған қайран жүрек-жүрекпе, 
Мәңгілікке мекен болса туған таудың қолтығы. 
  
Не бар екен біздің өлмес сағынышты басардай? 
Тарих? Уақыт? 
Қойса нетті шаш ал десе – бас алмай? 
Қазағымның ауыр жүгін арқалаған Толағай, 
Қапияда сүріндің бе, соңғы белден аса алмай? 
  
Жер аңсаған Сарыатандай алды-артыңа қарамай, 
Асу асып кете бардың өз өлкеңді аралай. 
Туған жерге тұлға болып, еңсе болып тұрарсың, 
Алтайыңның орманына қайта оралған қарағай… 
 
Дидахмет Әшімханұлы әңгіме жанрының хас шебері болды. Аз жазды. Аз жазса да саз 
жазды. Жазушының әр жылдары жарық көрген  әңгімелер мен повестер жинақтары: 
«Аққабаның толқыны» (1981), 
«Он бірінші күз» (1987), 
«Каменная падь» (1990), 
«Жер аңсағай сары атан» (1998), 
«Самырсын сазы» (2000) 
«Әңгіме емес әңгімелер» (2004). 
Д.Әшімханұлы әдебиетте ұлт мүддесін жырлап өтті. Ол ұлттың негізгі қазығының бірі 
–  тіл  туралы,  жер  туралы  жеріне  жеткізе  жазды.  Жазушының  заманының  шындығы 
жазылған,  ұрпақ  қамы  үшін  алаңдап,  көңілін  күпті  еткен,  сол  жолда  қолына  қайыра  қалам 
алдырып,  2013  жылы  жазылған,  алайда  ешбір  жерде  жарық  көрмеген,  тек  abay.kz 
порталында  беріліп,  аңыз-әңгіме  деген  атауды  еншілеген  тың  туындысы  –  «Жынды  жел». 
Жынды  жел  деген  атауының  өзі  оқырманды  елең  еткізеді.  Аталмыш  әңгіме  жазушының 
басқа туындыларынан формасы жағынан мүлде бөлек. Формасы бөлек болғанмен, тақырыбы 
Д.Әшімханұлының өз тақырыбы – ұлттың мұңы, ұрпақ жайы, ұлттық құндылық. 
Бұл  әңгімеде  жаһандану  үрдісінің  құрбаны  болып  бара  жатқан  ел  жайы  баяндалады. 
Қазақ  елінің  басындағы  жағдайды  жазушы  ағаш  уықты,  киіз  туырлықты  Алас  деген 
тайпаның  тарихын  баяндау  арқылы  аңыз  түрінде  шебер  береді.  Сүттей  ұйыған,  үлкенге 
құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ынтымағы жарасқан Алас, яғни Алаш тайпасының күлін көкке 


357 
 
ұшыруды көздеген көрші елдердің тірлігін жазушы былайша өреді: «Күндердің күнінде Алас 
жерінен  алтынның  табылғандығы  туралы  хабар  Орман  тайпасына,  жақындағы  Обыр 
тайпасына, жер түбіндегі Жебір тайпасына желдей есіп жетеді. Бәрі бір-ақ шешімге келеді: 
Алтынды алу керек, Аласты құрту керек. Ал  қалай құртуға болады? Бұл жағынан әр тайпа 
өздерінше  бас  қатырады.  Орман  тайпасы  жындысумен,  Обыр  тайпасы  алақандай  айнамен 
алады. 
Жер  түбіндегі  Жебір  тайпасы  Орман  мен  Обыр  сияқты  Аласқа  бірден  ұмтылмайды. 
Олардың  айла-тәсілінен  не  шығарын  сырттай  күтіп  отыра  береді.  Сосын  арада  жылдар 
өткенде, «жақсылықтар» құлаққа жеткенде, қулық-сұмдықтың небір түрін білетін, тым әдемі 
сөйлейтін,  өте  әріден  ойлайтын,  шашы  алтындай  сап-сары,  беті  ақша  қардай  аппақ  жалғыз 
әйелді алыс жолға салады». 
Жебір  тайпасынан  келген  ақ  әйел  Алас  тайпасының  әйелдерін  іздеп  тауып,  мақтауын 
келістіріп, сол арқылы айтқанын істетіп, іргені ашып, киіздерді кесіп, тұс-тұстан тесік жасау 
керектігі,  сонда  ғана  желге  де,  жарыққа  да  қарық  болатындығы  туралы  ақыл  береді.  Оның 
айтқаны екі етілмейді. 
«Желдің  соңы  қара  дауылға  ұласады.  Жыландай  ысылдап  іргеден  кіреді,  айдаһардай 
ысқырып  есіктен  шығады.  Зәрі  еттен  өтеді,  ызғары  сүйекке  жетіп,  тайпаның  күлін  көкке 
ұшырады.  Балалар  әке-шешесімен  емес,  қолдарындағы  айнамен  сөйлеседі.  Олардың  не  деп 
отырғанын  ешкім  түсінбейді.  Тілдері  басқа  болады.  Осының  бәрін  көріп-білген  тайпа 
ақсақалы: «Бұлар енді тірі өлік. Тайпаның күні батты, – дейді күңіреніп. Бұл оның соңғы сөзі 
болады». 
Көріп  отырғанымыздай,  әңгімедегі  көрініс  –  дәл  бүгінгі  таңдағы  жағдайымыз. 
«Алақандай айна» яғни, ұялы телефонның, ондағы интернет, түрлі әлеуметтік желілер, яғни 
ақпараттық  кеңістіктің  зардабынан  ел  тұзақсыз-ақ  торға  түсіп,  оның  құрбанына  айналды, 
жұрт  алақандай  айнаны  сипалап  отырумен  күн  кешті.  Жазушы  тілімен  айтсақ  «…Арада  ай 
өтеді, жыл өтеді. Ақ әйел үйде отырса, төр басындағы төредей маңғазданады, сыртқа шықса, 
көп әйелдің алдында мамақаздай мамырлайды. «Әй» дейтін оған еркек жоқ. «Әй»-ді қойып 
«ә» десе өз әйелдері «мә» дейді. Өйткені олар құдай болудан қалған ғой. Құдай болатындай 
сиықтары да қалмаған. Орман тайпасының «тәтті сусындарына» тойып алып, күні бойы киіз 
үй іргесінде жатады. Мал бағусыз, әйел қараусыз қалады». 
Жазушы  «Әйелдің  көзін  бесіктен,  құлағын  еркектен  айырмасын!»  дегенді  Алас 
тайпасының  ұраны  етіп  текке  алып  отырған  жоқ.  Ұлттың  ұйытқысы,  берекесі  болған,  бір 
қолымен  бесікті,  бір  қолымен  әлемді  тербейтін  әйел  затының  қолында  –  ұлттың  болашағы 
тұрғандығын  меңзегені.  Әйел  тозса  –  ұрпақ  азады.  Халық  даналығы  да  «Қызы  қараусыз 
қалған ел құриды» демеуші ме еді. 
Келесі  ретте  жазушы  «Бала-шаға  күндіз-түні  алыстағыны  алақандағыдай  көрсететін 
ғажап  айнаға  қарайды  да  отырады!  Ал  ол  не  көрсетпейді  десеңші!  Жалаңдаған  пышақты, 
жын  қаққандай  биді,  құтырынған  күйді,  бәрін-бәрін  көрсетеді  шіркінің.  Оны  көрген  қыз-
жігіт тепең-тепең етеді» дейді. 
Жынды  желдей  болып,  алдымен,  елге  түрлі  музыкалар  келді.  Жастар  рок  музыкаға 
табынды.  Құрманғазының  күйі  заманға  лайықталып,  рок  тілімен  беріліп,  сонда  ғана  шетел 
таниды делінді. Алайда, осылайша жалғаса берсе, Құрманғазы күйінің түпнұсқасынан басы 
бүтін  ажырайтынымыз  есепке  алынбады.  Тіптен  күйдің  роктағы  нұсқасы  құлағына  сіңісті 
болып  кеткен  ұрпақ қазір  де  білмеуі  мүмкін. Осылайша  қазақ  өнерінің құрдымға  кетпесіне 
кім кепіл? Б.Момышұлының сөзімен айтсақ «Қазақтың әні мен күйін естімеген ұрпақ -керең 
ұрпақ». 
Бұлардың ізін ала, әдебиетке түрлі  ағым, бағыттар келді. Жазушының сөзімен айтсақ, 
«Модернизм, постмодернизм ағымымен жазып жүргендерден мен бір-ақ нәрседен қорқамын. 
Ол  –  адам  үлкен  ой  айтамын,  әлемдік  әдебиет  не  жазса,  соны  жазам  деп  жүргенде,  ол  тек 
мимен,  баспен  ғана  жазады.  Жүрек  көбінде  оған  ілесе  алмай,  қосылмай  қалады.  Жүрек 
қосылмаған жерде, сезім болмайды, шығарма күшпен жазылады. Әдебиет – сезімнің дүниесі. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау