Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата21.12.2019
өлшемі0,54 Mb.
#24726
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

27 

 

 



7) 

егер  бағдарлама  өтінім  беруші  бұрын  жүргізген  ғылыми 

зерттеулердің жалғасы болып табылса немесе бұрын қаржыландырылған және 

аяқталған ғылыми зерттеулердің элементтері болса, онда бағдарламаның бұрын 

жүргізілген  ғылыми  зерттеулермен  өзара  байланысын  және  оның  олардан 

айырмашылықтарын қысқа да нұсқа баяндау қажет. 

 

4. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер  [1500 сөзден артық емес] 



Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды: 

1)  бағдарламаның  негізгі  ғылыми  мәселелері  мен  гипотезаларын 

сипаттау,  зерттеу  стратегиясы  мен  тәсілдерін  негіздеу,  бағдарламада 

қолданылатын  зерттеу  типтері  (сипаттама,  корреляциялық  және/немесе 

эксперименттік), зерттеу жүргізудің дәйектілігі; 

2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы;  

3)  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  тәсілдерін  негіздеу  ретінде 

бағдарламада  пайдаланылатын  зерттеу  әдістерін  сипаттау,  олардың 

бағдарламаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы

4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және 

бағдарламаның  міндеттерін  шешу  үшін  қолдану,  деректерді  өңдеу  тәсілдері,           

сондай-ақ олардың шынайылығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету; 

5)  зерттеу  нәтижелеріне  зияткерлік  меншік  құқықтарын  рәсімдеу  және 

бөлу  шарттары  (зияткерлік  меншікті  қорғаудың  қандай  тәсілі  таңдалатынын 

көрсету, таңдауды негіздеу қажет). 

 

5. Зерттеу тобы және бағдарламаны басқару [2 000 сөзден артық емес]. 



Бағдарламаны басқару схемасы, оның ішінде орындаушылар арасындағы 

өзара  іс-қимыл  тәртібі,  олардың  жұмысын  үйлестіру  және  бағдарламаны  іске 

асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау тәсілдері сипатталады. 

Бөлім  сондай-ақ  жоспарланып  отырған  штаттың  кемінде  70%  (негізгі 

персонал)  туралы  деректерді  көрсете  отырып,  зерттеу  тобының  сипаттамасын 

қамтиды. Негізгі персоналды сипаттау кезінде: 

1) 1-кестеге  сәйкес  зерттеу  тобының  құрамы  (толық  емес  жұмыспен 

қамтылуы  бағдарламасына  тартылған  зерттеу  тобының  мүшелері  үшін 

бағдарлама бойынша жұмысқа жұмсалатын сағаттар саны көрсетіледі); 

2) бағдарламаның 

бағытына  сәйкес  келетін  бағыттағы  қысқаша 

түйіндемесін,  негізгі  ғылыми  жарияланымдары  мен  жетістіктерін  және 

бағдарламаның  мақсатына,  міндеттері  мен  күтілетін  нәтижелеріне  қол 

жеткізудегі  рөлін  көрсете  отырып,  шетелдік  ғалымдардың  бағдарламаға 

қатысуы; 

3) бағдарламаны іске асырудағы орны мен рөлін, сондай-ақ орындалатын 

жұмыстың  сипатын  көрсете  отырып  жас  ғалымдардың  (постдокторанттардың, 

докторанттардың,    магистранттардың),  бағдарламаға  қатысуы,  сонымен  қатар, 

бағдарламаға өндірістен инженерлер қатыса алады; 



28 

 

 



4)  шетелдік ғалымдарды қоса алғанда, зерттеу тобының құрамына әрбір 

мүшенің қатысуын негіздеу. Білімі, дәрежесі/ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, 

жоба  бағыты  бойынша  жұмыс  тәжірибесі,  Хирш  индексі  және  тиісті  ғылыми 

өлшемді базадағы (бар болса) бейінге сілтемелер, жобаға қатысуды негіздейтін 

негізгі  жетістіктері  көрсетілген  әрбір  мүшенің  қысқаша  түйіндемесі.  Әрбір 

мүшенің жобадағы жұмысының бағыты мен сипаты, олардың жобаның мақсаты 

мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі

5)  жарияланымдар  туралы  (бар  болса  –  тиісті  деректер  базасындағы 

жарияланымға және/немесе Digital Object Identifier DOI сілтемені көрсету) және 

қолда  бар  патенттер,  авторлық  куәліктер  және  жобаның  тақырыбына  қатысты 

ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің басқа да қорғау құжаттары 

туралы  мәліметтер.  Мәлімделген  зерттеу,  олардың  бұрын  жүргізген 

зерттеулерімен қалай байланысты екенін көрсету. 

Бағдарламаның  ғылыми  жетекшісі  үшін  оның  конкурстық  құжаттама 

талаптарына  сәйкестігін  растайтын  барлық  жарияланымдары,  оның  ішінде 

дәйексөз  алу  индексі,  басылымның  квартилі  (процентилі)  және  тиісті  ғылыми 

метрикалық  базалардағы  (DOI)  жарияланымдар  туралы  мәліметтерге  сілтеме 

жасалған  болуы  тиіс.  Өтінім  берілген  күннің  алдындағы  5  (бес)  жыл  ішінде 

оның  қандай  бағдарламаларды  басқарғанын  және  олардың  шеңберінде  қандай 

нәтижелер алынғанын көрсету қажет. 

Бағдарлама  бағыты  бойынша  зерттеу  тобының  негізгі  персоналының 

жарияланымдары  туралы  мәліметтер  (зерттеу  тобы  мүшелерінің  кемінде  10 

жарияланымы),  дәйексөз  алу  индексі  және  тиісті  ғылыми-метрикалық 

базалардағы  жарияланымдар  туралы  мәліметтерге  сілтемелері  бар  мәліметтер 

келтірілуі тиіс. Зерттеу тобы мүшелерінің тегі көрсетілуі тиіс. 

Қосымша персонал үшін (бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру алған 

жағдайда  тартылатын  зерттеу  тобы  мүшелерінің  30%-ына  дейін)  олардың 

бағдарламада  орны  мен  рөлі,  орындалатын  жұмыстың  сипаты  және  оларды 

іріктеу үшін қолданылатын тәсілдер көрсетіледі. 

 

6. Зерттеу ортасы [1 000 сөзден артық емес]. 



Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды: 

1) әрбір  орындаушының  бағдарламаның  мақсатына  қол  жеткізуге  қосқан 

үлесі  мен  рөлінен  шыға  отырып,  олардың  бағдарламаға  қатысуын  негіздеу. 

Бүкіл  кезең  ішінде  бағдарламаны  іске  асыруға  қатысатын  ғылыми  және 

(немесе) 

ғылыми-техникалық 

қызмет 

субъектілері 



бағдарламаны 

орындаушылар болып есептеледі; 

2)  әрбір  ұйымды  тарту  қажеттілігін  негіздеумен,  оның  бағдарламадағы 

рөлін,  орындалатын  жұмыстың  сипатын  және  мақсатқа  және  күтілетін 

нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, бағдарламаны іске 

асыруға өзге ұйымдарды тарту

3) орындаушыларда  бар  бағдарламаны  іске  асыру  үшін  тікелей 

пайдаланылатын  материалдық-техникалық  базаны  (жабдықтар,  аспаптар, 




29 

 

 



құрал-сайман,  көлік,  ғимараттар,  құрылыстар  және  т.  б.),  оны  пайдалану 

бағытын және ғылыми-зерттеу жабдығымен жұмыс істеу дағдысы бар зерттеу 

тобының мүшелерін көрсете отырып сипаттау; 

4) бағдарламаны  іске  асыру  үшін  пайдаланылатын  негізгі  отандық  және 

халықаралық  байланыстар  (коллабораторлар  мен  серіктестер),  олардың 

пайдаланылу  сипаты  мен  негіздемесі  көрсетілген.  Негіздеумен  басқа  да 

отандық  және  шетелдік  ұйымдардың  (зертханалардың)  инфрақұрылымын 

пайдалану; 

5)  ұтқырлықты  негіздеу:  (1)  ғылыми  іссапарлар  және  олардың 

бағдарламаны  іске  асыруға  әсері,  (2)  әріптес  ұйымдар  базасында  жұмыс 

кезеңдері  және  олардың  бағдарламаны  іске  асыруға  әсері.  Әрбір  шетелдік 

іссапар  үшін  іссапардың  мақсаты,  күтілетін  нәтижесі  және  оның 

бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқа көрсетіледі. 

 

7. Сұралатын қаржыландырудың негіздемесі [2 000 сөзден артық емес]. 



Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды: 

1) 2-кестеге  сәйкес  бағдарлама  (бюджет)  бойынша  жиынтық  есеп. 

Бағдарламаның бюджетін бағдарламаның ғылыми жетекшісі жұмыс жоспарына 

сәйкес  бөледі  және  бағдарламаға  байланысты  емес  шығыстардың  өзге 

баптарына бағытталмайды. 

«Еңбекке  ақы  төлеу»  бабында  3-кестеге  сәйкес  постдокторанттарды, 

докторанттарды,  магистранттарды  қоса  алғанда,  бағдарламаның  зерттеу 

тобының мүшелеріне сонымен қатар қаржылық-экономикалық және заңдылық 

сүйемелдеу  жүргізетін  жеке  табыс  салығы  мен  міндетті  зейнетақы  жарнасын 

ескере  отырып,  еңбегі  үшін  сыйақы  ретінде  төлеуге  жататын  шығыстар 

көрсетіледі  (штаттық  кесте  жобасын  немесе  зерттеу  тобының  құрамын  қоса 

беру).  Сондай-ақ  есептегенде  өтемақы  және  ынталандыру  сипатындағы 

төлемдерден басқа, демалыс төлемдері ескеріледі.  

4 және 5-кестеге сәйкес «Қызметтік іссапарлар» бабында зерттеуді жүзеге 

асырумен  тікелей  байланысты  Қазақстан  Республикасы  ішіндегі,  сыртындағы 

іссапарларға 

сәйкес 

барлық 


шығындар 

көрсетіледі, 

оның 

ішінде 


конференцияларға,  семинарларға,  симпозиумдарға  қатысу,  басқа  да 

ұйымдардың  инфрақұрылымын  пайдалану  үшін  жол  шығындары  қамтылады 

(билеттер  бойынша  (авто,  теміржол,  әуе  билеттері)  қызмет  көрсетілетін 

компаниялардың  сайттарынан  баға  ұсыныстарын,  іссапарлар  жоспарының 

жобасын қоса беру қажет).  

6-кестеге  сәйкес  «Басқа  да  көрсетілетін  қызметтер  мен  жұмыстар»  деген 

бапта  орындаушының  іскерлік  субъектісінен  алатын  қызметтер  шығыны 

көрсетіледі, оның нәтижесі жоба мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, сондай-

ақ  (1)  ұжымдық  қолданыстағы  зертханалар  мен  басқа  да  зертханалар 

қызметтері,  (2)  бірлесіп  орындаушы  ұйымдардың  қызметтері,  (3) 

конференцияларға, 

семинарларға, 

симпозиумдарға 

қатысқаны 

үшін 

ұйымдастыру  жарналары  көрсетіледі  (сатып  алынатын  тауарлар,  жұмыстар, 




30 

 

 



қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса беріледі). 

Егер  бағдарламаны  іске  асыруға  қатысатын  шетелдік  ғалымдар  зерттеу 

тобының мүшелері болса, онда оларға қатысуға арналған шығындар «Еңбекке 

ақы төлеу» бөлімінде көрсетіледі. 

7-кестеге  сәйкес  «Материалдарды  сатып  алу»  деген  бапта  жобаның 

мақсатына  қол  жеткізу  үшін  қажетті  материалдарға,  оның  ішінде  химиялық 

реактивтер,  еріткіштер,  стандартты  үлгілер,  шығын  зертханалық  материалдар, 

ғылыми-зерттеу  жабдықтарына  арналған  қосалқы  бөлшектер,  жанар-жағармай 

материалдары  және  басқалар  жұмсалған  барлық  шығындар  көрсетіледі  (сатып 

алынатын  тауарлар,  жұмыстар,  қызметтер  бойынша  үш  баға  ұсынысы  немесе 

прайс-парақтары қоса беріледі). 

8-кестеге  сәйкес  «Жабдықтар  мен  (немесе)  бағдарламалық  қамтылымды 

(заңды  тұлғалар  үшін)    сатып  алу»  атты  бапта  бағдарламаның  мақсатына  қол 

жеткізу  үшін  қажетті  жабдықтар  мен  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  сатып 

алуға  кететін  шығындар  көрсетіледі  (сатып  алынатын  тауарлар,  жұмыстар, 

қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса беріледі). 

9-кестеге  сәйкес  «Ғылыми-ұйымдастырушылық  сүйемелдеу»  атты  бапқа 

(1)  бағдарлама  нәтижесінде  алынған  ғылыми  нәтижелерді  патенттеуге,  (2) 

зерттеу  нәтижелерін  жариялауға,  (3)  талдамалық  материалдарды  сатып  алуға, 

(4)  және  жобаны  ғылыми-ұйымдастырушылық  сипаттағы  қызметтермен 

сүйемелдеуге  кететін  басқа  да  шығындар  енгізілуі  мүмкін  (сатып  алынатын 

тауарлар,  жұмыстар,  қызметтер  бойынша  үш  баға  ұсынысы  немесе  прайс-

парақтары қоса беріледі). 

10 және 11-кестеге сәйкес «Жалға алуға кететін шығындар» деген бапта 

өтініш  берушіде  тиісті  үй-жайлар  болмаған  жағдайда  бағдарламаның 

мақсатына  қол  жеткізу  үшін  қажетті  үй-жайларды,  жабдықтар  мен  техниканы 

жалға  алуға  берілетін  шығыстар  көрсетіледі  (сатып  алынатын  тауарлар, 

жұмыстар, қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса 

беріледі).  Сонымен  қатар,  үй-жай  жоқ  екендігі  жөнінде  тиісті  органдардан 

анықтама тіркейді. 

12-кестеге  сәйкес  «Жабдықтар  мен  техниканы  пайдалану  шығыстары» 

деген  бапта  жобаны  іске  асырумен  байланысты  коммуналдық  қызметтерге 

жұмсалатын,  сондай-ақ  зерттеулер  жүргізуге  тікелей  тартылған  үй-жайлар, 

жабдықтар  мен  техниканың  қызмет  көрсетуіне  кететін  шығыстар  көрсетіледі 

((сатып  алынатын  тауарлар,  жұмыстар,  қызметтер  бойынша  үш  баға  ұсынысы 

немесе  прайс-парақтары  қоса  беріледі  (коммуналдық  шығындардан  басқасы). 

Коммуналдық шығыстар бойынша жұмсалатын шығыстардың атауын, көлемін, 

бір бірлік бағасын, жалпы сомасын көрсетілген басшымен бекітілген сметалық 

шығындар жобасы ұсынылады). 

13-кестеге  сәйкес  «Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті 

төлемдер»  деген  бапта  әлеуметтік  салықты  төлеуге,  әлеуметтік  сақтандыруға 

және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер шығыстары көрсетіледі. 

2) шығындардың әр бабының есептері 3-13 кестелерге сәйкес. 



31 

 

 



3)  жобаның  мақсатына,  міндеттеріне  және  күтілетін  нәтижелеріне  қол 

жеткізу  үшін  олардың  қажеттілігінің  міндетті  негіздемесімен,  сондай-ақ  оның 

негізінде  шығыстардың  тиісті  бабы  есептелген  көрсеткіш  туралы  ақпарат 

көздерін  көрсете  отырып,  шығыстардың  әрбір  бабының  мазмұнына  және 

шамасының есебіне қысқаша түсініктемелер. 

Шығыстардың  барлық  баптарының  жалпы  сомасы  қаржыландыру  үшін 

сұратылған соманы білдіреді және «Жалпы ақпарат» бөлімінің 1.5. тармағында 

мәлімделген сомаға тең келуі тиіс.  

Өтінім  құрамында  берілетін  жобаның  бюджетіне  Ұлттық  ғылыми 

кеңестің шешімі негізінде өзгерістер енгізілуі мүмкін. 

8. Жобаны іске асыру жоспары [750 сөзден көп емес] 

Бұл бөлім Гант диаграммасы нұсқасында немесе 14-кестеге сәйкес жоба 

бойынша жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жоспарын қамтиды. 

Жобаны  іске  асыру  жоспарына  сәйкес  міндеттерді  шешу  үшін  әрбір  іс-

шараның  маңыздылығын,  жоба  бюджетіне  сәйкес  іс-шара  құнын  өтінім 

берушінің  қалауы  бойынша  сарапшылардың  жобаны  дұрыс  бағалауы  үшін 

қажетті  басқа  да  ақпараттармен  негіздейтін  қысқаша  түсіндірмелермен 

сүйемелденуі тиіс.  

9. Күтілетін нәтижелер [750 сөзден көп емес]  

Бөлімде  зерттеулердің  негізгі  нәтижесі,  яғни  жобаның  мақсатына  қол 

жеткізуге  сәйкес  келетін  нәтиже,  оның  сандық  және  сапалық  сипаттамалары 

мен іске асыру үлгілері көрсетіледі. Жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес 

нәтиже негіздемесі келтіріледі. 

Конкурстық  құжаттаманың  талаптарына  байланысты  жоба  нәтижелерін 

іске асыру нысандары мынадай болуы мүмкін: 

1)  шетелдік  рецензияланатын  ғылыми  журналдарда  (жоба  нәтижелерін 

жариялауға  арналған  болжамды  басылымдар,  басылымның  дәйексөз  алу 

индексі,  тиісті  ғылыми  метрикалық  базадағы  басылым  туралы  ақпаратқа 

сілтеме  жасай  отырып)  мақалаларды  жариялау.  Зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес 

мақалалар саны бойынша талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді. Әрбір 

мақала  идентификациялық  тіркеу  нөмірі  туралы  ақпарат  пен  гранттық 

қаржыландыру көзі ретінде  жоба атауынан тұруы тиіс

2)  шетелдік  немесе  отандық  баспаларда  монография,  кітап/кітап 

бөлімдерін шығару; 

3)  шетелдік  патенттік  бюролардан  (еуропалық,  американдық,  жапон), 

қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу; 

4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу; 

5)  әлеуетті  пайдаланушылар,  ғалымдар  қоғамдастығы  және  қалың 

жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату

6)  конкурстық  құжаттаманың  талаптары  мен  жобаның  ерекшеліктеріне 

сәйкес басқа да нәтижелер. 

Бөлімде қосымша мынадай мәселелер көрсетіледі: 




32 

 

 



1)  күтілетін  нәтижелердің  әрқайсысының  қолданылу  саласы  және 

мақсатты тұтынушылары; 

2)  күтілетін  нәтижелердің  ғылым  мен  технологиялардың  негізгі  ғылыми 

бағыты мен аралас салаларын дамытуға әсері; 

3)  алынған  ғылыми  нәтижелерді  коммерцияландырудың  қолданылуы 

және (немесе) мүмкіндігі; 

4)  негіздемесі  бар  жоба  нәтижелерінің  әлеуметтік,  экономикалық, 

экологиялық,  ғылыми-техникалық,  мультипликативтік  және  (немесе)  өзге  де 

әсері; 

5)  жобаның  сапалық  және  сандық  сипаттамаларын  көрсететін  басқа  да 



тікелей және жанама нәтижелері. 

 

10. Библиография 



Бөлімде  «Бағдарламаның  ғылыми  жаңалығы  мен  маңыздылығы»  атты           

3-тармақта көрсетілген сілтемелер көрсетілген жарияланымдар көрсетіледі. 

Әрбір  жарияланымда  журналдың  толық  атауы,  басылым  нөмірі, 

шығарылған  жылы,  бет  нөмірі,  мақаланың  толық  атауы,  мақаланың  барлық 

авторларының аты болуы тиіс. 

 

Қосымша: 



1)  ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызмет  субъектісін 

аккредиттеу  туралы  куәліктің  көшірмесі  не  уәкілетті  органның  бұйрығынан 

үзінді көшірме; 

2) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы

3) 14-кестеге сәйкес бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыс жоспары; 

4) 15-кестеге сәйкес әріптес тарапынан бағдарламаны іске асыруға салым 

енгізу жоспары (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін). 

3. Сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы 

Сұратылатын  қаржыландыру  есеп-қисабының»  бір  бөлігі  бағдарламаны 

қаржыландыру жобасын іске асыру үшін сұратылатын есеп көлемін негіздейтін          

2-13-кестелер түрінде ресімделеді. 

Есеп-қисаптарға  түсіндірмелер  «Түсіндірме  жазба»  деген  бөліктің 

«Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі» деген 7-бөлімінде келтіріледі. 

 

 



_____________________________________ 

 

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау