Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата21.12.2019
өлшемі0,54 Mb.
#24726
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


 

 

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық  



қызметті базалық, гранттық,  

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру  

қағидаларына 

5-қосымша 

 

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды 

гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға 

өтінім 

 

Өтінім мынадай бөлімдерден тұрады: 



1) аннотация; 

2) түсіндірме жазба; 

3) сұралатын қаржыландырудың есеп-қисабы 

 

1.  Аннотация 



Аннотацияда  жоба  мақсатының,  зерттеу  бағытталған  проблемалардың, 

зерттеу жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің қысқаша сипаты 

қамтылады.  

Аннотация көлемі А4 форматындағы 2 (екі) парақтан аспауға тиіс.  

 

2.  Түсіндірме жазба 



Түсіндірме  жазба  мазмұны  мынадай  бөлімдерді  қамтиды  (бұл  ретте 

өтінім  нысанында  сілтеме  жасалған  кестелер,  схемалар,  диаграммалар 

түсіндірме  жазбаға  қосымшаға  шығарылады  және  тиісті  бөлімдердегі  сөздер 

саны мен өтінімнің жалпы бет санын есептегенде есепке алынбайды): 

 

1. Жалпы ақпарат  



1.1 Жоба тақырыбының атауы [20 сөзден артық емес]. 

1.2. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы. 

1.3.  Өтінім  берілетін  мамандандырылған  ғылыми  бағыттың  атауы, 

зерттеудің түрі. 

1.4.  Жобаның  басталатын  және  аяқталатын  болжамды  күні,  оның 

айлармен көрсетілген ұзақтығы. 

1.5. Гранттық қаржыландырудың сұралатын сомасы (жобаның бүкіл іске 

асырылу мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге). 

1.6.  Сарапшыларды  іріктеу  үшін  өтінімнің  саласы  мен  бағытын 

сипаттайтын түйін сөздер. 

 

2. Жобаның жалпы тұжырымдамасы [550 сөзден артық емес] 



2.1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]. 

Жоба  идеясының,  шешу  көзделетін  проблеманың  қысқаша  сипаттамасы 

көрсетіледі. 

2.2 Жоба мақсаты [50 сөзден артық емес]  




 

 



Жоба мақсаты қысқа әрі нұсқа баяндалады, ол  жоба тақырыбына сәйкес 

келуге,  қолжетімді  болуға,  жобаны  іске  асыру  нәтижесінде  алынуы  күтілетін 

шешімнің  сипаттамасын  көрсетуге  тиіс.  Мақсаттың  мазмұны  жүргізілген 

зерттеулердің  нәтижесінде  жауап  беру  болжанатын  негізгі  мәселені  көрсетуге 

тиіс.  

2.3.  Жоба міндеттері [400 сөзден артық емес] 



Бұл  бөлімде  өзара  қисынды  байланысқан  сабақтас  міндеттер  арқылы 

жобаның мақсатына  қол жеткізу тәсілі сипатталады. Алға қойылған міндеттер 

тізбесі беріледі: 

1) міндеттер шешімдерінің өлшенетін көрсеткіштері; 

2)  әр  міндеттің  жоба  мақсатына  қол  жеткізудегі  рөлінің  және  басқа 

міндеттер мен жобадан күтілетін нәтижелермен  өзара байланысының қысқаша 

негіздемесі; 

3) өтінім берушінің ойынша маңызды деп танылған өзге де параметрлер. 

 

3. Жобаның ғылыми жаңалығы және маңызы [1500 сөзден артық емес]  



Бөлімде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс: 

1)  жобаны  әзірлеудің  алғышарттары,  (бар  болса,  алдын  ала  нәтижелер 

және (немесе) жоба тақырыбына қатысты өтінім беруші бұрын алған нәтижелер 

көрсетіледі); 

2)  зерттелетін  тақырыпқа  жататын,  мұның  алдында  әлемде  және 

Қазақстан Республикасында жүргізілген ғылыми  зерттеулерге, білімнің қазіргі 

жеткіліксіздігіне міндетті шолу жасай отырып, жобаның ғылыми жаңалығының 

негіздемесі  және олардың  осы  жобамен  өзара  байланысы  (мәнмәтінде  шолуда 

пайдаланылған  әдебиетке  сілтемелер  көрсетілуі  тиіс,  оның  толық  жазылуы 

«Библиография»  атты  8-бөлімде  ұсынылуы  тиіс),  жобаның  күтілетін 

нәтижелерін белгілі аналогтармен салыстыру; 

3)  жоба  нәтижелерінің  маңыздылығын  негіздейтін  ғылыми  және 

технологиялық  мұқтаждар  (бар  болса,  әлеуметтік  сұранысты  және  (немесе) 

экономикалық және индустриялық мүдделілікті, басқа да растайтын деректерді 

енгізу),  жобаның  ұлттық  және  халықаралық  ауқымдағы  маңыздылығы,  оның 

нәтижелерінің 

экономиканың, 

ғылымның 

және 

(немесе) 



қоғамдық 

қатынастардың тиісті саласын дамыту үшін қолданылуы;  

4)  жобаның  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының,  ғылыми-техникалық 

әлеуеттің  деңгейіне,  ғылыми  ұйымдар  мен  олардың  ұжымдарының  бәсекеге 

қабілеттілігіне  әсері,  жобаның  нәтижесінен  күтілетін  әлеуметтік  және 

экономикалық әсер, күтілетін әсерге қол жеткізу үшін қажетті шарттар. 

Осы  бөлімді  сипаттау  кезінде  мынадай  позициялардың  сипаттамасына 

назар аудару қажет: 

1)  жоба  идеясының  қазіргі  аналогтардан  қағидаттық  сипаттағы 

айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) 

Қазақстанда  бар  болса,  онда  жобаның  артықшылығы  неде  және  ол  неге 

қаржыландырылуы тиіс екенін негіздеу қажет; 




 

 



2)  егер  жобаның  соңғы  нәтижесі  өнім  болса,  онда  жоба  шеңберінде 

ұсынылатын  өніммен  салыстыра  отырып,  жобаның  пәндік  саласындағы 

техниканың қазіргі уақытта қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;  

3)  егер  жоба  өтініш  беруші  бұрын  жүргізген  ғылыми  зерттеулердің 

жалғасы  болып  табылса,  онда  жобаның  бұрын  жүргізілген  ғылыми 

зерттеулермен  өзара  байланысын  және  оның  олардан  айырмашылығын  қысқа 

да нұсқа баяндау қажет. 

 

4. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер  [1500 сөзден артық емес] 



Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды: 

1)  жобаның  негізгі  ғылыми  мәселелері  мен  гипотезаларын  сипаттау, 

зерттеу  стратегиясы  мен  тәсілдерін  негіздеу,  жобада  қолданылатын  зерттеу 

типтері  (сипаттама,  корреляциялық  және/немесе  эксперименттік),  зерттеу 

жүргізудің дәйектілігі; 

2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы;  

3)  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  тәсілдерін  негіздеу  ретінде  жобада 

пайдаланылатын  зерттеу  әдістерін  сипаттау,  олардың  жобаның  мақсатымен 

және міндеттерімен өзара байланысы; 

4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және 

жобаның  міндеттерін  шешу  үшін  қолдану,  деректерді  өңдеу  тәсілдері,           

сондай-ақ олардың шынайылығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету; 

5)  зерттеу  нәтижелеріне  зияткерлік  меншік  құқықтарын  рәсімдеу  және 

бөлу  шарттары  (зияткерлік  меншікті  қорғаудың  қандай  тәсілі  таңдалатынын 

көрсету, таңдауды негіздеу қажет).  

 

5. Зерттеу тобы және жобаны басқару [1500 сөзден артық емес] 



Бөлімде  жоспарланатын  штаттың  (негізгі  персоналдың)  кемінде  70  % 

(жетпіс пайыз) деректері көрсетіліп, зерттеу тобының сипаттамасы қамтылады. 

Негізгі персоналды сипаттау кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі: 

1) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы. Зерттеу тобының құрамына 

жоба іске асырылатын бүкіл кезең бойы жыл сайын кемінде 6 (алты) ай ішінде 

жобаны  іске  асыруға  толық  мөлшерлемемен  тартылған  қызметкерлер  ғана 

енгізіледі. Жобаға жартылай жүктемемен қатысатын зерттеу тобының мүшелері 

үшін  олардың  жоба  бойынша  жұмысқа  жұмсайтын  сағаттарының  саны 

көрсетіледі; 

2)  жобаның  бағытына  сәйкес  келетін  бағыттағы  қысқаша  түйіндемесін, 

негізгі  ғылыми  жарияланымдары  мен  жетістіктерін  және  жобаның  мақсатына, 

міндеттері  мен  күтілетін  нәтижелеріне  қол  жеткізудегі  рөлін  көрсете  отырып, 

шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы; 

3)  жобаны  іске  асырудағы  рөлі,  сондай-ақ  орындалатын  жұмыстың 

сипаты  көрсетілген  жас  ғалымдардың  (постдокторанттар,  докторанттар, 

магистранттар) жобаға қатысуы. Сонымен қатар жобаға өндірістен инженерлер 

қатыса алады; 



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау