12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет19/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

44

Оқытудың жеке  түрі, әсіресе,  физика,  химия,  математика  тапсырмаларын

және    орыс  тілі,  шетел  тілдерінен    жеке  жаттығулар  орындағанда  сәтті

қолданылады. Оқытудың бұл түріндегі танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың

педагогикалық 

құндылығы, 

ол 

білім 


алушының

ерекшелігін 

жақсы

ескеретіндігінде.



Оның жетістігі сараланған тапсырмалардың дұрыс таңдап алынуымен және

оны орындауда мұғалімнің жүйелік бақылау жасауымен анықталады.

Сонымен қатар,  саралай  оқыту    оқушыға  көмек  көрсету  шараларымен  де

көрінеді.

Ол тек дағды, икем және білімді саналы және берік меңгертіп қана қоймай,

сонымен қатар ұйымдастырушылық, мақсатқа  жетуде  беріктілік, қайсарлық,

тапсырылған  істі  жауапкершілікпен  атқару  және  басқа  жеке қасиеттерін

қалыптастырады.

Оқытудағы танымдық іс-әрекеттің жеке түрінің өз шектеулері де бар.

Бұл ұйымға  уақыт  көп  шығындалады  және  мұғалімдердің күші  көп қажет

болады. Ол оқытуда ұжымдық дамуға ықпал ете алмайды [26].

Танымдық  қызметтің жаппай  түрі – сыныптағы  барлық оқушылардың

ортақ танымдық тапсырманы  бір  мезетте  орындауын  танытады.  Бұл –

танымдық  қызметті ұйымдастырудың кең тараған  формасы,  ол  сабақтарда,

семинарларда,  саяхаттарда,  конференциялар  мен  көптеген  нақты  оқу

сабақтарында қолданылады.

Оның өзіндік сипаттары:

- мұғалім  жұмыс  жасай  отырып,  сынып  оқушыларымен  тікелей қарым-

қатынас  жасайды,  түсіндіреді,  көрсетеді,    оқушыларға  тұтас  басшылық ете

отырып,  мәселелерді талқылауға баулиды. Әр оқушы білуі және меңгеруі тиіс

нәрселерді мұғалім бір мезетте тұтас сынып ұжымына көрсетеді.

- Осы  форманың іске  асырылуы  барысында  мұғалім  оқушыларға  тікелей

идеялық-эмоциалық

ықпал  ете  алады,  оқушылардан  тиісті  ой,  сезім,

қиналыстар мен шешім табу түріндегі  жауап ала алады.

- Әр  оқушы  мұғалім  берген  ақпаратты  «пайдаланады»,  оны  игеруге

ұмтылады.

- Жұмыстың жалпы  мақсатына әр  оқушының жеке  күш  жұмсауы

арқасында қол жеткізіледі.

- Бұл форманың тиімді болуы үшін, мұғалім алдын ала жобалап, онан соң

сабақтың  үштағанды  мақсатына  жауап  беретіндей  оқу  жағдаяттарын  туғызуы

керек.  Ең басында,  сыныппен қатынас  орнатуы  керек,  алда  тұрған  білімді

қабылдау үдерісіне    оқушылардың зейіні  мен қызығушылығын  аудару  керек.

Мұндай  дидактикалық міндетті  шешуде  бақылау  жағдайын  туғызатын    оқу

проблемалық жағдаяттары  мен  сабақ соңындағы  тексеру  сұрақтары  тиімді

қызмет  атқарады.  Тек  проблемалық  қана  емес,  сонымен  бірге  ақпараттық,

түсіндірмелі-иллюстративтік 

баяндау 


да

қолданылуы 

мүмкін, 

бірақ


оқушылармен өзара  байланысуды ұйымдастырып,  тұтас  сынып ұжымымен  бір

мезгілде қарым-қатынас  жасау  және  сыныпқа  идеялық-сезімдік әсер  ету

назардан тыс қалмауы керек.



45

- Танымдық  қызметтің жаппай  формасын қолданудың педагогикалық

тиімділігі,  көп  ретте,  мұғалімнің сынып  оқушыларының барлығын  назарында

жіті қадағалап,  олардың  әрқайсысының белсенді    жұмыс  жасауын қамтамасыз

етуімен    және  олардың зейінін  бір  тізгінде ұстауға  және  жұмыс  тәртібін

қамтамасыз етуімен танылады.

- Егер  осы  форма  оқу  ақпаратын қарапайым,  жай ғана  оқушыға  жеткізе

салуға  негізделетін  болса,  онда  ол  жағдай  олардың  өзара  көмегі  мен

ынтымақтастығына

әсер  етпейді,  ал  мұның  өзі  олардың  әлеуметтік

белсенділігін дамытуға кері әсерін тигізеді.

- Танымдық  қызметтің

бұл  формасының жеткіліксіздігі  ретінде  оны

қолданғанда, оқушылардың қоғамдық пайдалы қызметін іске асыру мүмкіндігін

тез арада шектеп тастайды, өйткені мұғалім олардың барлығын бірдей оқытады

[27].


Танымдық қызметті ұйымдастырудың топтық түрі

Танымдық  қызметті

ұйымдастырудың

топтық түрі  дегеніміз

- оқу

сабақтарында  оқушылардың белгілі  бір  тобының алдында  біртұтас  танымдық



міндеттер қойылатын оқытуды ұйымдастыру түрі. Топтың ірілі-ұсақты көлемі

түрлі  ше  болып  келеді,  топ  саны  жұмыстың сипатына байланысты,  2-ден  6

адамға  дейін өзгеріп  тұрады, бірақ одан  көп болмайды, өйткені  одан  саны  көп

болса, топтың белеснділігі мен нәтижелі жұмысын қамсыздандыру оңай емес.

Оқушылардың сабақтағы  топтық  қызметін  зерттеген  Котов  В.В.,  оның

құрамын былайша анықтайды:

1. Оқушылардың топтық тапсырма  орындауға  алдын  ала  дайындығы.  Оқу

тапсырмасының  қойылуы, мұғалімнің қысқаша нұсқаулығы.

2. Оқу  тапсырмасын  топтық

орындауды  талқылау  және  жоспарын құру.

Оқу тапсырмасын орындау тәсілдерін анықтау (бағдарлау қызметі), міндеттерді

бөлісу.


3. Оқу тапсырмасын орындау бойынша жұмыс.

4. Мұғалімнің бақылауы  және  топ  пен  жеке  оқушылардың

жұмысына

түзетулер енгізу.

5. Өзара бақылау және топта тапсырма орындауды бақылау. Оқушылардың

алған  нәтижелері  туралы  мұғалімнің шақыруы  бойынша  хабарлама  жасауы,

тощқтырулар 

мен 


түзетулер, 

мұғалімнің 

қосымша 

ақпараты 

және

қорытындыны  түйіндеу.



6. Топтың және тұтас сыныптың жұмысын жеке бағалау.

Танымдық  қызметтің осы  түрінің жүзеге  асырылуының жемісті  болуы,

бірінші  кезекте,  оның мұғалім  тарапынан  тиянақты дайындалуына  және әр

топты керекті дәрежеде зейінмен қадағалауына байланысты болады.

Оқу қызметінің топтық жұмыс  түрінде  жекелеген    оқушылар  мұғалімнің

орнын  басып,  олардың бір-біріне    нақты  көмек  беру  мүмкіндіктері  пайда

болады.  Топтық жұмыс  жасау өзара  жауапкершілікті,  зейін қоюшылықты

туғызып, жолдасының жұмысына қызығушылықтарын қалыптастырады [28].

Әдіс  (гр. methodos - зерттеу)  дегеніміз – табиғат құбылыстарын  зерттеу

тәсілі, қарастырылатын құбылыстарды  тануға  келу  жолы, ғылыми  таным

ақиқатты  орнатудың жоспарлы  жолы,жалпы  алғанда – іс-әрекеттің амалы,



жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау