12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет21/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

49

Жекелеген  мектеп  бірбейінді  болуы  мүмкін  (таңдалған  бейіндердің бірі

бойынша ғана  оқыту),  немесе  жоғары  басқышта  бірнеше  бейіндік  оқыту  яғни

көпбейінді болуы.

Мектептің тұтастай  алғанда,  белгілі  бір  бейінге    бағдарланбай,  элективтік

курстар саныны көбейтуі белгілі бір бейіндік  және элективтік курстарды қосуы

арқылы оқушылардың жеке бейіндік білім бағдарламасын жүзеге асыруы.

2)Желілік ұйымдар моделі.

Мұндай  модельде  нақты  мектептің

оқушыларды  бейіндік  оқытуы  басқа

білім ұйымдарынан  білім ресурстарын мақсатты және ұйымдастырылған түрде

іске  асырылуы  айтылады.  Мұндай модельді құру  екі  негізгі нұсқа  арқылы іске

асырылады.

Алғашқысы  бірнеше  мектептің  қуатты  материалдық және  күшті  мамандар

әлеуеті  бар    зор  мектептің айналасына үйіріліп,  сол  мектепке  «ресурстық

орталық» қызметін жүктеуі.

Бұл  жағдайда  ол  топқа  кірген

әрбір  жеке  мектеп    бейіндік  оқытудың

қандай да бір бөлігін  және базалық жалпы білім беру пәндерін қамтамасыз ете

алатындай болуы керек. Қалған бейіндік дайындықты «ресурстық орталық»  өз

мойнына алады [33].

Екінші  нұсқа  мектептің басқа  білім  беру ұйымдарымен  және  білімдік

ресурстарымен - қосымша,  жоғары,  орта  және  бастауыш    кәсіби білім

ұйымдарымен қауымдасуына  негізделген.  Бұл  жағдайда  оқушыларға  бейіндік

білім  алуды  таңдау құқығы  не өз  мектебінің  қабырғасында,  не  ол  мектеппен

қауымдасқан  білім құрылымдарынан  (қашықтан  оқу  курстарынан,  сырттай

мектеп,  ТжКБ жүйелері ұйымдарынан) болып келеді.

Жалпы  білім  беретін ұйымдардағы  бейіндік  оқыту  түрлері қандай  болмақ

деген  сұраққа  жалпы  білім  беретін  мектептің оқу  жоспарында  көрсетілген әр

алуан бейіндер жиынтығы болуы мүмкін деп жауап беруге болады.

Мұнда  техника-технологиялық бейіндер  болуы  мүмкін,  олар  материалдық

технология,  техника,  техникалық сервис  түрлері  болып  келеді.  Сонымен  бірге

материалдық емес құндылықтарды  жасау  және қызмет  көрсету  саласымен

байланысты  болуы  мүмкін:    бұқаралық сипаттағы    мұғалім,  экономист,

психолог,  менеджер,  заңгер, әлеуметтанушы,  журналист,  елші  т.б.  сияқты

мамандықтарға даярлайтын әлеуметтік-экономикалық бейінді атауға болады.

Жоғары басқышта жалпы білім беретін ұйымдардың бейіндік оқыту моделі

оқу  пәндерінің алуан  түрлі  орын  алмасу  мүмкіндіктерін  жоққа  шығармайды

[34].

Ауыл мектенбіндегі бейінді оқытудың моделі

Бейінді оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Бейінді оқытудың қамтитыны:

1) оқушылардың жеке пән бойынша жалпы білім алуын тереңдетіп оқыту;

2) жоғары білім алуға дайындау;

3) оқушылардың сәтті әлеуметтенуі;

4) оқушылардың жеке оқу бағдарламасын құру.



50

Бейінді 


оқыту 

оқушының


даралығын

қарастырады, 

білім  беруді

ұйымдастыру  мен құрылымындағы өзгерістер  есебінен  баланың бейімі,

қабілетіне қарай оқуды жалғастыруы көзделеді.

Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін:

1) бейінді  оқытудың бағдарламасын  жасау  керек  (ол  оқушының ЖОО

түсуіне, өзінің жекелеген  білім  траекториясын құруына  мүмкіндік  беретіндей

болуы тиіс).

2)  ол  бағдарламаларды  ЖОО,  ата-аналармен  және  жұртшылықпен  келісіп

жасау керек;

3)  9-сынып  оқушыларына  бейін  алды  оқытудың бағдарламасын  түсіндіру

қажет, сонда олар негізделген бейінді оқытуды таңдап алады;

4) бейінді оқытудың бағдарламасын меңгерту бойынша эксперимент өткізу;

5) бейінді оқытуды іске асыруға крісу.

Елдімекендегі мектептер санының типтік ахуалы.

Біздің еліміз үшін мына ахуалдар типтік болып саналады:

А. Бір елдімекенге таяу жерде бірнеше ірі мектептер болады.

В.бір елдімекенде бір ірі немесе бірнеше шағын мектептер болады.

С. Бір елдімекенде бір мектеп болады.

Д. Бір елдімекенде бір шағын, бір толық емес мектеп болады.

Осындай мектептер саны төрт типті болады. Мұнда жалпы орта білім беру

жүзеге асырылады.

Бейінді оқытуды ұйымдастырудың негізгі моделі.

Ауыл  мектептерінде  бейінді  оқытудың төрт  түрлі  моделін  айтуға  болады:

екі мектепаралық және екі мектепішілік [35].

1.Мектепаралық бейінді  оқытуды  бірнеше  мектепке  таратып  бір  бейінді

етуге болады. Ондай жағдайда бейінді еместі тереңдетіп оқытуға болады.

2.  Бейінді  оқытуды  мектепаралық етіп  бөлгенде  мектеп  екі  не  одан  да  көп

бейінді  болады. Бұл  мектеп  саны  аз  болғанда  мүмкін  болады.  Көп  бейінді

мектеп  ауыл үшін  ресурстық орталық міндетін  атқарады.  Ондай  жағдайда

бейінді сыныптар  сол мектепте болады.

3. Бір мектептің ішінде бейінді оқытуды сыныптарға бөлу . Мұндай мектеп

көп  бейінді  деп  аталады.  Бейінді  емес  сыныптарда  тереңдетіп  оқыту

көзделмейді.

4. Әр  жастағы  балаларды  топқа  бөлу әр  жастағы  оқу  тобын құруға

мүмкіндік (9-11 сыныптар) береді [36].

Бейінді оқытуды психологиялық сүйемелдеу

Бейіндік сыныптар шеңберінде оқитын оқушылардың әлеуметтік жағдайын

ата-ана  және  мұғалім  бейнесіндегі қоғам  балаға  кәсібилену,  бір  бағытқа  бет

бұру,  сонымен  бірге әмбебап  білім  алу,  тұлғалық сапа  мен  кең ой-өріс  сияқты

бірқатар қасиеттерге ие болуды талап ете отырып қалыптастырады. Әлеуметтік

жағдай өз қатарластарымен қарым-қатынас  жасауға  бағытталған  жасөспірім

кезеңнің  әлі қайтпаған  мотивтерінің сақталуымен  толықтырылады.  Бұл

жағдайлар қызмет  түрлерін  туындатады  (жеделдетілген  оқу  және  ерекше




51

әуесқойлық). 

«Хобби-реакцилардан» 

олардың


айырмашылығы 

оқушы


түсінігінде  олардың кәсіптілігімен  байланысқан,  оның  өз қатарластарымен

тығыз қарым-қатынас  жасауын қамтамасыз  етуінде, өз әуестігін қоғамдық

маңызды  іске  асыруға ұмтылуында.  Көбінесе  жеке әуесқойлық  әмбебап  сипат

алады.  Компьютермен  немесе  жеке  оқу  пәндерімен әуестену  маңызды  болып

табылады – бұлар түрлі мамандықтарды іске асыру құралы. Осындай айрықша

әуестенушілік  барлық белгілері  бойынша  жетекші қызметпен ұқсас  болып

келеді.  Жаңа  жас  кезеңі үшін  бұл  жетекші қызмет  жаңа  ойдың  қалыптасуына,

мысалы, псевдокәсіби дүниетаным, яғни өзін ересек сезінетін кезең басталады,

бұл кез қызмет мен айрықша әуесқойлық ішінде пайда болады [37].

Псевдокәсіби  дүниетаным  ойлаудың, уайымдаудың және өзін-өзі ұстау

сияқты  стереотиптердің жиынтығынан  тұрады,  ал  мұндай  мінез-құлық  қасиеті

белгілі бір саланың мамандарына тән. Осындай дүниетаным ерекше байқалады

және жасөспірімнің тұлғалық қалыптасу орталығына айналады.

Бейінді оқытуды психологиялық қолдау үш міндетті алға тартады: 1) оқушы

дамуындағы  мүмкін  болатын  тұрақсыздыққа  мониторинг  жасау  және  уақтылы

алдын  алу;  2)  оқушының терең кәсіптік  бейімделуі;  3)  бейіндік  сыныптарға

оқушыларды іріктеу кезінде психологиялық диагностика жасау.

Осы  міндеттердің  әрқайсысын қысқаша  сипаттап өтейік.  Арнайы  түзетусіз

бейінді  оқыту  біржақты психикалық дамуға әкеп  соқтыруы  мүмкін.  Осындай

жағымсыз әсерлерді  болдырмас үшін,  бейінді  оқыту  кезінде  жүйелі  түрде

оқушының дамуын қадағалап  отыру қажет.  Тәжірибе  жүзінде  осы  мақсаттарға

жету үшін интеллект тесті мен жетістікке жету тестін пайдаланады. Интеллект

тесті

әртүрлі 


интуитивті 

таңдалған 

мазмұн 

негізінде 



логикалық

операциялардың даму  деңгейін өлшеуне  бағытталған.  Жетістікке  жету  тесті

оқушының логикалық операция дамуының деңгейіне қарамастан, нақты білімін

және  дағдысын  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Кәсіптік  бейімдеу  жұмысы  тек

психологиялық қызмет міндеті ғана емес, сонымен бірге оқу үдерісінің әмбебап

құрамдас  бөлігі  болуы  тиіс.  Кәсіптік  бейімдеу  жұмысы  оқушының тұлғалық

белсенділігі  дамуына,  сыни  емес  тұрғыда  меңгерілген  ересек  кәсіптік

жоспарлар мен бағаларды қайтажасауға бағыттау қажет [38].

Оң кәсіптік  уәждеме қандай  да  бір қызмет  саласына  оқушының кәсіптік

қызығушылығымен  анықталатыны  белгілі.  Бұл  жерде қабілеттіліктер  екінші

кезекке

қалады,  себебі



әсер  ететін  мамандықтардың

басым  көпшілігі

үміткерлерден  кәсіби  жарамдылықты ғана  талап  етеді,  жеткілікті  мөлшердегі

уәждеме жасалған жағдайда қажетті кәсіптік маңызды сапалар қызметтің жеке

стилінің қалыптасуынан келіп туындайды.

Осылайшы,  психологиялық  қолдаудағы  анықтауыш  бөлігі  дегеніміз

оқушының мүмкін  болатын  кәсіптік қызығушылық танытқан  және  таңдаған

саласына диагностика жасау арқылы анықтау болып табылады.




жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау