12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет20/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

46

тәсілі  немесе  бейнесі;  мақсатқа  жетудің тәсілі,  белгілі  бір  тәртіптелген  іс-

әрекет;  шындық болмысты  практикалық немесе  теориялықигерудің амал  не

тәсілдерінің жиынтығы. Әдіс  ретінде  белгілі  бір құрал-жабдықпен  жұмыс

жасайтын  опрециялардың жүйесі  танылып,  материалды ғылыми  зерттеу  мен

баяндау  амал-тәсілдері,    көркем  сұрыптау  амал-тәсілдері,  материалды  белгілі

бір эстетикалық идеалдар тұрғысынан бағалау жәнетоптастыру т.б.

1. Кез  келген  пәнді  оқыту әдістері  гносеологиялық тұрғыдан  пәннің негізі

болатын ғылымның әдістерімен байланысты болып келеді.

2. Әрбір әдісті  біріккен қызметтің түрі  ретіндесыртқы  түрі  бойынша

қарастыруға да, оқушының танымдық қызметінің ерекшелігін сипаттайтын ішкі

болмысы жағынан да қарастыруға болады.

3. Оқыту әдістерін  таңдау  танымдық және  практикалық мақсатқа,    оқу

материалының мазмұнына  және  оқу  іс-әрекеттерінің сипатына,  сонымен  бірге

оқушылардың жас ерекшелігі мүмкіндіктеріне байланысты анықталады.

4. Оқыту үдерісінде қолданылатын әдістер, әр алуан әдістемелік амалдарды

қоса  алғанда, өзара  тығыз  байланыста  ықпал  етеді, өзара өзгеріске  түседі.

Герберт  Нойнер  мен  Ю.К.  Бабанскийдің пікірінше,  оқыту әдісі  дегеніміз

«мұғалім  мен  оқушылардың белгілі  бір  оқу  материалын өңдеп-тану  арқылы

белгілі  бір  мақсатқа қол    жеткізуге  бағытталған өзара  байланысу  тәсілдерінің

бірізділкпен алмаса қолданылуы» және белгілі бір операциялардан тұратын іс-

әрекеттердің жиынтығы  белгілі  бір әдісті құрайды  дегенді  айтады.  Айтылған

операциялар «амал» терминімен аталады.

Оқыту әдісі,  ең алдымен,  мұғалімнің мақсаты  мен қолында  бар құралдар

арқылы  жасайтын қызметін  танытады.  Нәтижесінде,  оқушының мақсаты  мен

мұғалім  көрсеткен құралдармен  жұмыс  жасау

қызметі туындайды.  «Орта

мектеп  дидактикасы»  авторлары  оқыту әдістерін  төмендегі  сызба  түрінде

көрсетеді (1-сурет):

1-сурет – Оқыту әдістері

Оқушының

әрекеті


Оқытушының

әрекеті


Оқытушының

Орындалған

мақсаты

Оқытушының



құралдары

Оқушының


мақсаты

Оқушының


құралдары

Оқушының


қойылған

жеткізудің

механизмі

МАҚСАТ



47

И.Я.Лернердің пікірінше,  «әрбір әдіс  адамның алдына қойған  мақсатына

сәйкес,  саналы  түрдегі  бірізділікпен  жасалатын  іс-әрекеттерінің жүйесі  болып

табылады». «Әдіс ұғымын» анықтайтын анықтамаларды бұдан әрі қарай да мол

етіп  келтіре  беруге  болар  еді,  бірақ осы    аз  анықтамалардың  өзінен әдіс

дегеніміз – оқытудың алға қойылған  мақсатына  жетуге  бағытталған  оқу

тәсілдері  мен  формасының

тіркесімі  (бірлігі),  яғни әдіс  оқушылардың

танымдық  қызметінің тәсілін  де, ұйымдастыру  сипатын  да  танытады. Әдісті

формадан  ажыратын  басты белгі – мақсат  және әдістегі   оқушының білім  алу

тәсілі мен өзі қатысуының дәрежесі [29].

Дегенмен,  атап  кететін  мәселе  бар,  ол – оқыту әдістерінің жеке

дидактикалық және жеке пәндік деп аталатын  екі деңгейі бар екендігі.

Бұл 


ретте 

жекепәндік

әдістерге 

жатқызылатын

әдістер



жалпыдидактикалық деңгейде оқытудың амалдары, тәсілдері және формалары



деп  аталады.  Осы  арада әдіс  пен  форма ұғымдарының араласа  түсінілетіні

туралы мәселе де туындайды.

Жалпыдидактикалық әдістер дегеніміз:

- түсіндірмелі-иллюстрациялық әдістер;

- репродуктивтік әдістер (қайта жаңғырту);

- ішінара ізденіс әдістері (эвристикалық);

- зерттеу әдістері.

Бейіндік  мектепте  оқыту әдістері білімді  меңгерумен қатар,  іс-әрекет

тәсідерін меңгерге де ықпал етуі тиіс. Барлық оқушылардың өздерінің зерттеу

іс-әрекетінің

бастапқы 

интеллектуалдық 

қабілеттерін 

дамытуға, 

білім


стандартында қарастырылғаннан  да  анағұрлым  күрделі  мазмұнды  меңгеруге,

мүмкіндіктері болуы керек [30].

Бейіндік  оқыту  негізгі, қосымша  оқу әдебиеттерін,  ақпараттың басқа  да

дереккөздерін өз  бетімен  меңгеру,  шолу  дәрістері,  лабораториялық және

лаборатория-тәжірибелік жұмыстар, семинарлар, әңгімелесулер, коллквиумдар,

шығармашылық кездесулер т.б. сияқты әдістердің санын саналы түрде көбейтуі

тиіс.  Оқу  бейнефильмдерін,  электрондық мәтіндерді, ғаламтор қорын  тірек

ақпараттық материал  ретінде  танып,  шығармашылық бәйгелер ұйымдастырып

өткізу,  көпшілік  алдында  жобаларды

қорғау,  эвристикалық

бақылау

жұмыстарын өткізу;  табысты  бейіндік  оқытудың рейтингідік  бағалауын



қолдану; 

мекемелерге 

саяхат 

жасау, 


мамандандырылған 

көрмелер


ұйымдастыру,  ақылы  және  оқу  жұмыс  орындарында  тәжірибеден өту, өз

бетімен  жұмысқа  орналасу  және  ақылы  жұмыстарды  орындау,  экономиканың

үшінші секторында жұмыс жасау [31].

Бейіндік  оқытудың  әдістерінің ішінде  жобалау әдісі  танымдық  қызметтің

белсенді  түрі  ретінде  орын  алуы  керек.  Бейіндік  оқыту  субъект-субъектілік

қатынас  пен  біріккен қызметтің басқа  сипатының дамуына  алғышарттар

жасайды:

- оқушыны  субъекті  ретінде  ерекшелеу,  оқушыны  білім  беру үдерісінің

басты құндылығы ретінде тану; оның қабілеттерін жеке мүмкіншіліктер ретінде



48

дамыту;  білім  берудің басты  мақсаты - оқушының жеке қабілеттерін  дамыту

екендігін мойындау;

- оқытатындар мен оқитындар арасындағы қарым-қатынас типінің өзгеруі,

авторитарлық

басқарудан,  бағыныштылықтан,  ынтымақтастыққа  зорлап

қосудан      бас  тарту, өзара    көмектесу,  себебі ұжымдық іс-әрекетте әр  адам

талқыланып  отырған  проблеманы  шешуге

қатысып,

өз

қабілеті  мен



қызығушылығына даму қарқынына сай өзіндік шешімдер тауып жатады;

- өзіндік даму заңдарын ескере отырып оқыту технологияларын жасау және

білім  берудің басты  мақсатын  жүзеге  асыру,  бұл  ретте  оқушының  қоғамда

қабылдаған  және

әлеуметтік  маңызды  болып  табылатын  субъектілік

тәжірибесін оның келісімімен анықтау және құрылымға түсіру;

- мұғалім жұмысының сабақты әр баланың өзінің ішкі дүниесін танытуға,

ойлағанын  іске  асыра  алуына,  жеке  дербестігіне,  пән  мазмұнын  таңдай  алуы,

баланың ішкі  және  сыртқы қарай  бағытталған  түрде құру  арқылы  оқушының

оқу  мүмкіндіктерін  дамытуға  бағытталуы;  баланың субъектілік  тәжриебсін

барынша  пайдалану;  оқушының білімге  деген қатынасын  анықтау;  оқушының

түрлі  танымдық  әдіс-тәсілдерді

қолдана  алуын  ынталандыру,

қарым-


қатынастың актив  формаларын  (диалог,  талқылау,  аргументация,  піркірталас)

ынталандыру;

- оқытудың жеке траекториясының көмегімен бір пәннің, тіпті бүгінгі білім

саласының шегінен асып, оқушы үшін интегарлды деңгейдегі өмірлік  маңызы

бар мәселелердің шешім таба алуы.

Бейіндік  оқытуды ұйымдастырудың  қандай  формасы  тиімділік  таныта

алады?

Жекелеген  жағдайларда  болашағы  бар  бейіндік  оқытуды ұйымдастыру



формалары ретінде сәйкес білім стандарттары мен бағдарламаларды  жекелеген

мектептен  тыс  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  оқыту  формалары

қарастырылады [32].

Жеке мектеп, сонымен бірге мектептер желісі және басқа білім мекемелері

тек қана таңдалған бейінді жүзеге асырып қоймай, сонымен қатар оқушыларға

қызықты  және әрқайсысы үшін  маңызды  болатын  басқа  бейіндік  курстарды

жүзеге  асырады.  Мұндай  мүмкіндік әр  алуан  білім  беруді ұйымдастыру

формалары арқылы да іске асырылуы мүмкін, сонымен бірге түрліше білім беру

ұйымдарының  қауымдасуы  арқылы  да  беріледі.  Бұл  жағдай    бір  мектептегі

жоғары  сынып  оқушысына, қажет  болғанда,  басқа  мектептер  мен  ТжКБ

ұйымдарының қызметін пайдалана алуына мүмкіндік брееді.

Бұл ретте сөз мектептер желісін,  оқушылардың білімдік қажеттіліктері мен

қызығушылықтарының толықтай  жүзеге  асуын қамтамасыз  ететін қосымша

білім беру ұйымдарын, ТжКБ құру туралы болып отыр.

Осылайша,  бейіндік  оқытуды ұйымдастырудың бірнеше  нұсқасы  мен

модельдерін анықтауға болады.

1)Мектепішілік  бейінделу моделі.



жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау