63
-
бейінді
оқытудағы
ұстаздар
тобында
кадрлар
даярлау
және
функционалдық міндеттерін бөлу (жетекші мұғалім, куратор, кеңесші және
т.с.с).
Директордың жедел-тактикалық мәселелерді шешетін, бейінді оқытуды
басқаратын өз командасы бар.
Бейінді оқытуға жетекшілік етуді аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері
мамандары жүргізеді.
Бұл модельді іске асыру міндеттер қатарына қайта ресімделетін белгілі бір
қиындықтар мен проблемалармен байланысты. Олардың ішінде:
- ақпараттық-коммуникативтік технология құралдарымен жұмыс істеуге
бейінді оқыту педагогтарын және болашақ бейіндік топ оқушыларын даярлау;
- оқу материалдарын қашықтықтан оқыту режиміне бейімдеу;
- педагогтар мен оқушылардың күндізгі және кешкі оқудағы өзара
әрекеттерін ұйымдастыру және құру;
- эксперимент режимінде қашықтықтан оқытудың түрлі элементтерін
еңбекпен өтеу;
- қашықтықтан оқытудың «техникалық негізін» даярлау – білім беру
мекемелерін компьютерлік техникамен қосымша жабдықтау, техникалық
ақпараттық арналарды дайындау;
- бейінді оқытуды басқару жүйесін, нормативтік-құқықтық негізін және
басқа да міндеттерді жасау.
ҚР білім беру жүйесіндегі 12 жылды білімдегі бейіндік оқыту
ҚР Білім жөніндегі Заңына сәйкес ҚР 2011-2020 жылғы білім дамуының
мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық білім беру құрылымы келесі
деңгейлерден тұрады:
- Бастауыш білім беру(1-4 сыныптар), баланың танымдық процеске оң
уәжі болуын, оқыту әрекетіне жеке қабілеттіліктерінің дамуын және ептілігін,
баланың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етеді;
- Негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар), оқушының жоғары рухани-
адамгершілік мәдениетінің қалыптасуын, тұлғааралық, этноаралық қатынас
мәдениетінің, өз басына өзі жауап беруін және бейінді дайындығын, ғылым
жүйесінің базалық негіздерін қамтамасыз етеді.
- Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар), алдағы интеллектуалдық,
рухани, физикалық өсуінің жасалу шарттарын, келешек мамандығының таңдау
бағытының жіктелу, бірігу негізінде білім беру мазмұнының кескінделуін,
қоршаған орта, адам, қоғам туралы оқушының қорытындалған білімдерін
біртұтас игеруін қамтамасыз етеді.
Бейінді оқытумен байланысты 12 жылдықбілім берудің келесі негізгі
ерекшеліктерін атап өту керек:
1. Таңдаулы
бағыт
бойынша
(табиғи-математикалық,
қоғамдық-
математикалық және технологиялық) 11-12 сыныптарда бейінді оқыту.
Түлектерді жоғары дәрежеде дайындаумен байланысты:
- Жоғары білім беруде келешек мамандықты таңдауға;
64
- Жоғары оқу орнында оқуларына.
Осыған орай, жоғары білімді, жоғарыквалификацияланған мамандар,
келешек ғалымдар дайындаудың бастапқы базасының, негізінің құрылуы –
бейінді оқытудың мақсаты болып табылады.
Бұл ретте бейінді оқыту мектеп қабырғасында оқушылардың бастауыш
деңгейдегі мамандықтарын ұсынуды өзінің мақсаты етіп қарастырмайды.
2. Оқушыларға бастауыш буын кәсіптерін меңгерту колледждерде міндеті
техникалық және кәсіи білім беру аясында шешіледі. Бүгінде колледждер
қалалық та, ауылдық та (ірі ауылдық мекендер) жерлерде жұмыс жасайтыны
белгілі.
3. Негізгі мектептің жоғары сыныптарында (9-10 сыныптар) бейіналды
дайындықты жеке пәндерді тереңдете оқитын оқушылар санатында негізгі
мектепті бітірген соң ЖОО-ға түсу үшін бейіндік мектепте (11-12 сыныптар)
білімін жалғастыруды жоспарлағандары ғана оқиды.
4. Ұсынылатыны: негізгі мектепті бітірген соң (10 сыныптан соң): -
оқушылар, өз қалаулары бойынша, түсу емтиханысыз, оқуды техникалық және
кәсіби білім беру және ортадан скейінгі ілім беру ұйымдарында жалғастырады.
Емтихансыз түсу оқушылардың өз жеке тұлғасының даму траекториясын ерте
анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде колледж оқушыларының
алдында өз кәсіби дамуын жалғастырудың үш жолы ашылады.
2-курсты аяқтап, оқушы жалпы білім берудің базалық мазмұнын меңгереді
(11-12 сыныптардың қажетті минимумы), сонымен қатар біліктіліктің бастапқы
деңгейін бітіргені туралы куәлік алу үшін керекті пәндер оқытылады. 2 курстан
соң, колледж студенттерінің қолынан келетіні:
а) осы ұйымда оқуын жалғастырып, 3-4 курстарда біліктіліктің орта
буынын алады (үлгерімнің керекті деңгейіне ие болғанда);
игерген кәсібі бойынша жұмысқа орналасып (кіші маман кәсібі бойынша),
сол мезгілде колледждегі оқуын қашықтан оқу не сырттай оқу формасында
жалғастырады;
б) кешенді тестілеу (КТ) негізінде толық оқыту бағдарламасын аяқтауға
жоғары оқу орнына түсу.
Колледжді ТжКБ-нің және ортадан соңғы білімнің (1-4 курс) толық оқу
бағдарламасын аяқтаған соң, оқушылар орта буын маманының дипломын
алады, ол иплом мынадай құқықтар береді:
а) мамандығы бойынша білім деңгейіне сай жұмысқа орналаса алады (орта
буын маманы);
ә) кешенді тестілеу нәтижесі бойынша ЖОО-ға түсіп, қысқартылған
бакалавриат бағдарламасымен оқи алады (4 жылдың орнына 3 жыл оқиды).
5. Бейіндік сыныптардағы (11-12 сыныптар) оқушылар, бейіндік пәндерді
тереңдете оқудан басқа,
ҚР БҒМ-мен келісілген көлемдегі жоғары оқу
орындарының жалпы білімдік пәндерін оқиды ( саясаттану, мәдениеттану т.б.).
12 жылдық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) негізінде жалпы
орта білім туралы аттестат алып, тәуелсіз ұлттық тестілеу формасындағы
бейіндік емтихандарнегізінде ЖОО-ғатүсе алады.