39
зертханалық, практикалық және өздік жұмыстарға баса көңіл аударылды.
Бұрын меңгерілген пәндік құзіреттер (арнайы жаратылыстану ғылымының
білім, білік, дағдылары) «Экологиялық мәдениет» элективті курсының аясында
оқушылардың түйіндік құзіреттері мен функционалдық сауаттылығының әрі
қарай дамуына ықпал етеді.
Интеграциялау және пәнаралық принциптері оқушылардың бойында
экологиялық
мәдениетті
қалыптастыру жұмыстарын ретімен жүргізуге
мүмкіндік беретін жалпы ғылыми түсініктер мен заңдарды тереңдету және
жалпылау үшін жетекші болып табылады.
Пәнді
оқытудың
мақсаты
оқушылардың
бойында
Қазақстан
Республикасының тұрақты дамуы үшін білім берудің негізі – оқушыларда
экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін негізгі және пәндік
құзыреттер арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту болып табылады.
Мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
- адамның
басты
экологиялық
қажеттiлiктерiн
сын
тұрғысынан
қарастырып, оқушылардың ойы мен санасын дамыту, тұтыну мәдениеті
дағдыларын қалыптастыру;
- оқушыларда экологиялық
мәдениет туралы білім мен біліктерді
ноосфералық ойлау, жауапкершілік және борыш тұрғысынан қалыптастыру;
- оқушылардың бойында экологияның өзекті мәселелерінің шешімін
мотивациялық іс-әрекет және сын тұрғысынан талқылау арқылы іздестіріп,
шығармашылық көзқарас дамыту.
«Адам және тұтыну мәдениеті»
атты бірінші бөлім мазмұны
оқушылардың бойында тұтыну экомәдениетін тәрбиелеп, тиісті дағдыларды
қалыптастыру мақсатында құрылған. Тұлғаның экологиялық қажеттіліктерін
қалыптастыру кезінде түйіндік
құзіреттерді
қалыптастыру
үрдісін біз,
адамзаттың тұтыну мәдениетінің жоқтығынан пайда болған экологиялық
мәселелерді шешуді негізге алатын, қоршаған ортаны қазіргі және болашақ
ұрпаққа сақтап қалуды көздейтін дүниежүзінің тұрақты дамуы бойынша БҰҰ
конференциясы резолюцияларының Қағидаларын (Рио-де-Жанейро, 1992)
талқылаудан бастаймыз.
Қазіргі заман адамының бойында тұтыну мәдениетін қалыптастыру үшін
оқушыларды іс-әрекетке бейімделген ортаға, негізінен алғанда экологиялық
моделдеу, сараптама, зерттеу және практикалық
жұмыстары, Менің
гардеробым», «Жанұя бюджеті» сынды жобаларға және оқытудың т.б.
формаларына тарту қажет деген ойдамыз.
«Ноосфера және экологиялық ойлау» атты екінші бөлім мазмұны
экологиялық сана және ноосфералық ойлау арқылы оқушылардың бойында
түйіндік құзіреттер мен экологиялық мәдениетті дамытуды көздейді. Қазіргі
заманда, адамды және оның қажеттіліктерін бірінші орынға қоюы салдарынан
қоршаған ортаға залалын тигізетін, адамның антропоцентрлік экологиялық
санасы басшылық етеді. Қоғамдық экологиялық сананың бұл түрін өзгертпесек,
экологиялық мәселелерді ғаламдық деңгейде шешу мүмкін емес.
40
«Адами өзгешелік» парадигмасы біздің ғаламшарымыздағы экологиялық
кризистің негізгі себептерінің бірі. Бағдарламада ұсынылған эссе тақырыптары,
тренинг элементтері бар іс-әрекетке бейімделген сабақтар тұлғаның бойында
экологиялық сананың экоцентрлік типін дамытуға бағытталған.
«Экологиялық мәдениет жауапкершілік және борыш тұрғысынан» атты
үшінші бөлім мазмұны адамның тұлғалық,
басқарушы және азаматтық
құзіреттерін дамытуға, сонымен қатар табиғат пен оның өкілдеріне деген моральдік
қатынасын
реттеп отыратын этикалық
принциптерді
ұстануын дамытуға
бағытталған.
Бөлімнің негізгі идеялары «Экологиялық клуб құруды ұйымдастыру» іскер
ойыны, лозунгтер құрастыру, слайд презентацияларын дайындау, «Халықтық
метеорологиялық
болжамдар» тақырыбына эссе жазу, шығармашылық
жұмыстарды қорғау және дүниежүзілік Жер күні қарсаңында «Жаһандық
ойлап, жергілікті әрекет жаса!» тақырыбына экологиялық акция ұйымдастыру
арқылы іске асырылады.
Нәтижесінде
жастардың
өзін-өзі
ұйымдастыруы,
тәртіптілігі,
жауапкершілігі және борышы сияқты
өзіндік белсенді
ұстанымдарының
құндылығы арта түседі.
Бағдарламаның «Экологиялық тәуекелді басқарудағы экологиялық іс-
әрекет» тақырыбына арналған төртінші бөлімі оқушылардың бойында іс-
әрекетті адам мен қоршаған ортаның белсенді әсерлесу үрдісі ретінде
қалыптастыра отырып іске асыруға негізделген.
Бағдалама тақырыптық
экотренингтерді сын тұрғысынан талқылау,
экожобаларды қорғау, шығармашылық жағдаяттық есептерді шығару, әртүрлі
экологиялық тәуекелдерді анықтау бойынша практикалық жұмыстарды жасау,
қала шуының адам денсаулағына әсерін зерттеу және мәселенің шешімін табу,
тұрғылықты мекен ауданының және су қоймаларының экологиялық жағдайын
анықтау мақсатында топсеруен ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Кұзіреттерді
бағалау
критерийлері
халықаралық
бакалавриат
бағдарламаларының негізінде іске асады. Критериалды бағалау жүйесі арқылы
материал қаншалықты меңгерілгендігін, қайсы бір практикалық дағды қалай
қалыптасқандығын анықтауға болады. Бұл өз алдына, оқушылардың деңгейін
экологиялық мәдениет курсында меңгеруге қойылатын талаптарға қалай сәйкес
келетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
Курс мазмұны 34 сағатқа арналған, оқу жұктемесінің жалпы көлемінің
50% -зы практикалық жұмыстарды орындауға бөлінген.