50
облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою
қорытындылары жөніндегі ереже;
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық;
5. Степанов Ю.В., Моргачева И.А., Максимова С.А. «Мониторинг предприятий
нефинансового сектора экономики центральными банками» - М., 2010;
6. The Risk Management Association (RMA), «Enterprise Risk Management», Brochure,
2012;
7. World Economic Forum, 2014, Global Competitiveness Report «The Role of Financial
Services in Society»;
8. Central Bank of Turkey, Recent Working Papers “Central Bank of Turkey, Recent
Working Papers “International and Domestic Developments Affecting Financial Stability»;
9. Bank of Finland, Annual Report, 2013.
51
Ең аз резервтік талаптар туралы
Медетбаева Г.Қ. – Ұлттық Банктің Зерттеулер және стратегиялық талдау
департаменті Экономикалық зерттеулер басқармасының бас маман–талдаушысы
Орталық банк ақша-кредит саясатын әр түрлі құралдарды қолдану және
пайдалану жолымен жүргізеді. Ең аз резервтік талаптар ақша-кредиттік реттеудің
негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Резервтік талаптар – бұл банк өтімділігі жоғары активтер түрінде орталық
банкте орналастыруға міндетті міндеттемелердің ең аз үлесі. Бұл ретте орталық
банк сақтау нысандарын әр түрлі факторларға қарай айқындайды және тиісінше, олар
елдер бойынша ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта ең аз резервтік талаптар барлық елдерде пайдаланылады және
сандық жағынан да (нормативтер шамасы), сапалық жағынан да (міндеттемелер базасы)
ерекшеленеді. Ең аз резервтер – бұл банк банктік міндеттемелерге белгілі бір пайыздық
арақатынаста орталық банкте орналастыруға тиіс резервтердің ең аз көлемі.
Резервтелетін міндеттемелер ретінде міндеттемелердің жалпы сомасы немесе
орталық банк айқындайтын олардың жекелеген баптары пайдаланылады. Банктер ең аз
резервтік талаптардың нормативтерін іс жүзінде өз балансының белсенді бөлігі есебінен
орындайды. Бұл банктің кассаларындағы қолма-қол қаражат, мемлекеттік бағалы
қағаздар, кейде – орталық банктегі шоттардағы шетел валютасы болуы мүмкін. Олар
экономикадағы ақша ұсынысын тиімді реттеу мақсаттары үшін ең жоғары өтімді болуға
тиіс.
Ең аз резервтік талаптар
бірнеше функция атқарады. Бастапқыда бұл құрал
банктердің депозиттер бойынша міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету бола отырып,
қандай да бір сақтандыру ретінде пайдаланылды. Банктер кредиттеу қарқынын елеулі
түрде өсіре отырып, өздерінің салымшы-клиенттерінің алдындағы міндеттемелерін
орындау қиын болатын жағдайға тап болуы мүмкін. Банктің төлемқабілетсіздік тәуекелін
болдырмау үшін резервтердің ең аз мөлшері орталық банкте жинақталады және тиісінше,
кредиттеуге бағыттала алмайды.
Қазіргі уақытта осы құралдың негізгі функциясы банктің өтімділігін басқару болып
табылады. Резервтеу нормасын ұлғайта отырып, орталық банк банктердің кредиттеу
белсенділігін шектейді. Ең аз резервтік талаптар тетігі орталық банктің басқа құралдарына
қарағанда ең қатты болып табылады, өйткені барлық банктердің орындауына міндетті
және ақша ұсынысына тікелей ықпалын тигізеді.
1993 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін және ұлттық валюта
енгізілгеннен кейін Ұлттық Банк дербес ақша-кредит саясатын жүргізе бастады. Осы жылы
резервтік талаптар тетігі енгізілді.
Сонымен қатар, осы кезеңде резервтік талаптар ақша-кредиттік емес,
макропруденциялық реттеу құралы терінде пайдаланылған еді. Ең аз резервтік талаптар
нормативі 20% деңгейде белгіленген еді (1-кесте).
1996-1997 жылдары Ұлттық Банк қосымша қаржы ресурстарын босату және
банктердің экономиканы кредиттеу белсенділігін арттыру үшін резервтік талаптар
нормативін төмендетіп отырды. Сол кезде олардың мөлшері біртіндеп 15%-ға дейін, одан
кейін банктің заңды (банктерді қоспағанда) және жеке тұлғалардың алдындағы
депозиттік міндеттемелерінің 10%-ына дейін төмендеді. 1997 жылдың қазан айынан
бастап банктердің резервтік талаптарды орындауы үшін ақы төлеу алып тасталды.
52
1-кесте
Ең аз резервтік талаптар нормативтері
Қолданылу кезеңі
Ең аз резервтік талаптар нормативтері, пайызбен
бірыңғай норматив
01.03.1995-30.06.1996
20
01.07.1996-31.12.1996
15
01.01.1997-30.04.2000
10
01.05.2000-30.06.2002
8
01.07.2002-06.08.2006
6
ішкі міндеттемелер бойынша
өзге міндеттемелер
бойынша
07.08.2006-17.08.2008
6
8
18.08.2008-07.12.2008
5
7
08.12.2008-15.03.2009
2
3
16.03.2009-19.06.2011
1,5
2,5
20.06.2011-02.12.2012
2,5
4,5
ішкі міндеттемелер бойынша
сыртқы
міндеттемелер
бойынша
қысқамерзімді
ұзақмерзімді
қысқамерзімді ұзақмерзімді
03.12.2012-қазіргі
уақыт
2,5
0
6
2,5
Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2001 жылдан бері әлемдік тауар нарықтарындағы жағымды баға конъюнктурасы,
әлемдік экономиканың жандануы Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға
оң әсерін
тигізді. 2007 жылға дейінгі кезеңде елде қаржы жүйесі қарқынды дамыды, капиталдың
елеулі түрде келіп түсуі байқалды, халықтың салымдары және банктердің экономикаға
кредиттері елеулі қарқынмен өсіп отырды. Бүкіл кезеңде инфляция бір мәнді цифрмен
өлшенетін деңгейде (6%-8% шегінде) ұсталды, ал ІЖӨ орташа жылдық өсуі шамамен 10%
болды (1-сурет).
1-сурет
1996-2014 жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы
Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Экономиканың өсуіне банк секторының қарқынды дамуы әсерін тигізді. Оның
активтері 2000 – 2007 жылдар аралығындағы кезеңде ЖІӨ-ге 20%-дан іс жүзінде ЖІӨ-ге
0%
5%
10%
15%
20%
25%
-3%
-1%
1%
3%
5%
7%
9%
11%
13%
15%
ЖІӨ нақты өсімі
Жылдық инфляция (тік.ось)