Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет21/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

 

46 


 

1-сурет  өңдеу  өнеркәсібі  және  сауда  салаларының  кәсіпорындары  дайын  өнімге 

сұраныстың ұлғаюын күтетіндігін көрсетіп отыр, бұл банктер, сақтандыру ұйымдары үшін 

клиенттердің  кеңеюіне  қосымша  ақпарат  ұсынып    отыр,  атап  айтқанда,  бұл  ақпарат  осы 

салалар  кәсіпорындарының  қаржыландыруды  кеңейтудегі,  оның  ішінде  банктердің 

кредиттері  есебінен,    сондай-ақ  жүктерді  сақтандыруда,  жүктерді  тасымалдауда  және 

тасымалдаушының  жауапкершілігі  бөлігіндегі  ықтимал  қажеттілігін  бағалауға  жағдай 

жасайды. 

Сонымен бірге экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының пікіртеріміне веб-

порталдық  технологияны  одан  әрі  белсенді  пайдалану  кәсіпорындардың  пікірі  бар 

пікіртерім сауалнамаларын жедел жинақтауға ғана ықпал етпейді, сол сияқты пікіртерімді 

ұйымдастыру  мен  жүргізумен  айналысатын  Ұлттық  Банк  филиалдарының  операциялық 

тәуекелдерін барынша азайтуға және жұмысын оңтайландыруға жағдай жасайды, себебі 

сауалнамалардың  деректерін  ААШЖ-ға  «қолмен»  енгізуді  болдырмайды.  Осындай 

автоматтандыру 

сондай-ақ 

Ұлттық 

Банктің 


қолданыстағы 

автоматтандырылған 

бағдарламалары  шеңберінде  бағалы  қағаздар  эмитенттері,  қарыз  алушылары  мен 

сақтанушылары туралы қолда бар ақпаратқа қолжетімділікті оңтайландыруы мүмкін. Осы 

жағдайда  бір  кәсіпорынды  «аралық»  көрудің бірегей мүмкіндігі  пайда  болуы  мүмкін,  ол 

бірмезгілде  қарыз  алушы,  сақтанушы  және/не  бағалы  қағаздар  эмитенті,  оның  ішінде 

корпоративтік облигациялар эмитенті болуы мүмкін. Бұл осы кәсіпорын мемлекеттік емес 

бағалы  қағаздар  эмиссиясын  кредиттеу,  сақтандыру  және  тіркеу  шеңберінде  оның 

қаржылық жай-күйін бағалау үшін осыған дейін ұсынған ақпаратқа  қолжетімділікті алуға 

мүмкіндік береді. 

Ұлттық  Банктің  және  Қазақстан  қаржыгерлері  қауымдастығы  өкілдерінің  2014 

жылғы  тамызда  кейбір  банктердің  өкілдерімен  кездесуі  «азық-түлік  өнімдерін»  дамыту 

үшін  ақпараттың  пайдалылығын  растады,  ал  кейбір  банктер  оларды  қызықтыратын 

мәселелерді  кәсіпорындардың  пікіртерімдеріне  арналған  сауалнамаларға  қосу  үшін 

нақты  ұсыныстар  берді.  Қазақстан  банктерінің  Ұлттық  Банктің  экономиканың  негізгі 

салалары  бойынша  талдамалық  шолудан  ақпаратты  пайдалануға  деген  практикалық 

қызығушылығы  өз  «азық-түлік  өнімдерін»  кеңейтуге  деген  қажеттілігінен  туындап  отыр, 

ол  осы  нақты  банк  ұсынатын  банктік  көрсетілетін  қызметтердің  толық  және  жан-жақты 

құрылымдалған  жиынтығын  қамтиды.  Банктердің  өздерінің  банк  өнімдерін  ілгерілетуге 

мүдделі екендігі және ол үшін сатудың түрлі стратегияларын пайдаланатындығы баршаға 

мәлім.  Соңғы  уақытта  банктердің  көпшілігі  өз  өнімдерін  сату  стратегияларының  бірі 

ретінде  салалық  мамандандыру  деп  есептеп  отыр,  онда  клиенттер  тобының  айқын 

көрінетін  салалық  тиесілігі  бар.  Банк  өз  қызметтерін  экономиканың  салаларына  сәйкес 

топталған  бірқатар  клиенттерге  барынша  тиімді  ұсынуы  мүмкін,  бұл  клиенттерді 

жүйелендіруге  және  олар  үшін  қызмет  көрсетудің  бірыңғай  талаптарын,  оның  ішінде 

кредиттеу  талаптарын  әзірлеуге  жағдай  жасайды.  Банктердің  назарын  инвестициялық 

қаржыландыру,  жобалық  қаржыландыру,  экспорттық  және  импорттық  мәмілелерді 

қаржыландыру,  айналым  капиталын  қаржыландыру,  нақты  секторды  саудалық 

қаржыландыру  және  басқалары  сияқты  банк  өнімдерін  іске  асыруда  ел  экономикасы 

салаларының  жай-күйі  және  даму  үрдістері  туралы  талдамалық  деректерді  пайдалану 

мүмкіндігін қарауға аудартқан жөн болар еді.  

Банктердің  кәсіпорындар  мониторингінің  деректерін  практикалық  қолдану  мәні 

банктің қарыз алушыларының оның қаражатын нысаналы пайдалануын нақтылай отырып 

кредиттің тиісті траншын берген кезде ақпараттың ең көп көлемін пайдалану мүмкіндігін 

қамтиды.  Өз  кезегінде,  банктердің  экономиканың  нақты  секторының  қарыз  алушы 

кәсіпорындарын  кредиттеу  кезінде  қолданатын  тәсілі  банктің  кредиттік  портфелінің 




 

47 


 

сапасын жақсартуға, кредиттердің қайтарымдылығына және түпкілікті нәтижесінде, банк 

жүйесінің қаржылық тұрақтылығына ықпал ететін болады. 

Ресей  Банкінің  кәсіпорындардың  есептік  деректерінің  негізінде  қарыз 

алушылардың 

сенімділігін 

бағалау 

мақсатында 

кәсіпорындар 

мониторингінің 

нәтижелерін қолдану бөлігіндегі тәжірибесі қызықты [5]. Күмәнді және үмітсіз кредиттер 

бойынша  провизиялардың  қажетті  сомасын  уақтылы  есептеу  үшін  әрбір  банк  бойынша 

шамамен  30  ірі  қарыз  алушы  кездеседі.  Банк  келіспеген  жағдайда,  кәсіпорындардың 

мониторингімен  айналысатын  бөлімшенің  өкілдері  Банктік  қадағалау  департаментінің 

жетекшілерімен  және  инспекторларымен  бірлесіп  кеңестерге,  оның  ішінде  Ресей  Банкі 

мен банктер арасындағы провизияларды қоса есептеу қажеттілігінің негіздемесі мәселесі 

бойынша  сот  тексерулеріне  қатысады.  Ортамерзімді  кезеңде  (2012-2015  жылдар)  Ресей 

Банкінің  қадағалау  блогын  ақпараттық-талдамалық  қамтамасыз  етуді  жетілдіру 

мақсатында  кредиттік  ұйымдардың  құрылтайшылары  (қатысушылары)  және  қарсы 

агенттері  болып  табылатын  қаржылық  емес  кәсіпорындар  туралы  ақпараттың  бірыңғай 

дерекқорын  құру  мен  жүргізу,  сондай-ақ  Ресей  Банкінің  экономиканың  қаржылық  емес 

секторы  кәсіпорындарының  ішкі  бағалау  жүйесін  құруы  мен  әзірлемесін  жүзеге  асыруы 

көзделген. 

Ресей Банкі кәсіпорындар сенімділігінің бағасын дискриминанттық талдау негізінде 

жүзеге асырады, оны жүргізу тәртібі Бундесбанктегі тәжірибе негізінде әзірленді. Бағалау 

кәсіпорындар сенімділігінің мынадай санаттары бойынша жүзеге асырылады: «А» санаты 

(қаржылық  жай-күйдің  жоғары  (жақсы)  сапасы);  «В»  санаты  (кәсіпорынның  қаржылық 

жай-күйін  біркелкі  жақсы  немесе  нашар  деп  сипаттауға  болмайды);  «С»  санаты 

(қаржылық жай-күйдің төмен (нашар) сапасы). 

Ресей  Банкінің  кәсіпорындардың  есептік  деректері  негізінде  жеке  кәсіпорынға 

талдауы  кәсіпорынның  қаржылық  жай-күйін  бағалау,  оның  өндірістік  және  қаржылық 

қызметін  талдау,  кәсіпорынның  экономикалық  (салалық)  ерекшелігін;  кәсіпорынның 

бәсекелес жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі. 

Үшінші  тәсіл  –  қаржылық  көрсетілетін  қызметтердің  сұранысын,  сапасын  және 

қолжетімділігін  бағалау.  Қазақстан  Республикасының  қаржы  секторын  дамытудың  2030 

жылға  дейінгі  тұжырымдамасында  экономиканың  қажеттіліктеріне жауап  беретін  қаржы 

өнімдерін  ендіруге,  теңгерімді  экономикалық  жағдайларды  ұстап  тұруға  және 

экономикадағы  кредиттік  тәуекелдерді  төмендетуге,  сондай-ақ  тұтынушыларды 

қаржылық көрсетілетін қызметтердің сапасымен, көлемімен қанағаттандыруға баса назар 

аударылған. 

Сонымен  бірге  Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  Ғаламдық  бәсекеге 

қабілеттілік туралы есебін еске салған орынды болады, онда әрбір ел «Қаржы нарығының 

дамуы»  факторы  бойынша  бағаланады.  Бұл  факторға  «Қаржылық  көрсетілетін 

қызметтердің  болуы»,  «Қаржылық  қызметтердің  қолжетімділігі»  және  «Қарыздарға 

қолжетімділіктің жеңілдігі» сияқты көрсеткіштер жатады. 

Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  «The  Role  of  Financial  Services  in  Society: 

Towards  Responsible,  Financial  Innovation»  деген  құжатында  қоғамның  қаржылық 

көрсетілетін  қызметтерге  деген  қажеттілігінің,  қаржылық  өнімдердегі  болжамды 

инновациялардың  сипаттамасы  келтірілген  және  қаржы  секторының  субъектілері  үшін 

инновациялардың  әсерін  бағалаудың  жаңа  әдістеріне,  оның  ішінде  жаңа  қаржы 

өнімдерін  енгізу,  кәсіпорындардың  тәуекелдерін  айқындау  және  тәуекелдерді  басқару 

әдістеріне  шолу  жасау  мен  қабылдау  жөніндегі  ұсынымдары  беріледі.  Кәсіпорындарға 

жүргізілген  пікіртерімдердің  нәтижесінде  Ұлттық  Банк  банк  жүйесінің  экономиканың 

нақты  секторына  әсері  туралы  ақпаратқа  ие,  оған  сондай-ақ  кәсіпорындардың  кредитті 

алу  ниеті  туралы  пікірі  («банкке  өтініш  жасап,  кредит  алдық,  өтініш  жасаған  жоқпыз, 




жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау