38
Негізгі зерттелетін елдер
БРИКС
2
Англия және
Оффшорлар
Сауалнама алынғандар саны
4 856
3 000
Алматы қаласының жетекші қаржы орталығы ретінде кіру міндетін Мемлекет
басшысы 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу -
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
халыққа Жолдауында қойған болатын [1].
Алматы қаласы 2012 жылы «Перспективті қаржы орталықтарының тізімі» аралық
рейтингіне (GFCI 11.5) кіргізілгеніне қарамастан, рейтингке «кіру» бойынша жұмыс кезінде
GFCI-дің ережесі бойынша Алматы сауалнама тізімінен алынып тасталды, сол себепті
тізімде қалу үшін шетелдік инвесторлардың кем дегенде 200 бағалауын не болмаса ресми
рейтингке кіру үшін кем дегенде 300 баға жинау қажет болды. GFCI-дің ортақ балын
есептеу үшін қажет болған Алматы қаласының кейбір ресми статистикалық деректерінің
болмауы да жағдайды одан сайын қиындатты.
GFCI’14-те Алматы сауалнамаға жуықта енгізілген, алайда инвесторлар тарапынан
бағалануы жеткіліксіз қала ретінде аталып өтеді.
2013 жылғы қараша айынан бастап Ұлттық Банктің шетелдік әріптестері бойынша
деректер жинау жұмысы басталды, олар рейтингтің критерийлері бойынша кәсіби
инвесторлар болып табылатын орталық және коммерциялық шетелдік банктердің
өкілдері, брокерлер, дилерлер, инвестициялық және сақтандыру ұйымдары және
басқалар. Олардың әрбіреуімен түсініктеме жұмыстары жүргізілді, оның шеңберінде
Қазақстан Республикасының қаржы орталығының ағымдағы ахуалы және Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығын (бұдан әрі – АӨҚО) дамыту перспективалары
туралы ақпарат ұсынылды. Нәтижесінде 350 жуық хат жолданды, оның ішінде
респонденттердің тек 10%-ы ғана Алматы қаласына ерекше табыстар тілеген, яғни қалаға
барынша жоғары баға бере алады.
GFCI’15-тің қорытындысына сәйкес (2014 жылғы 15 наурыз) рейтингке кіру
бойынша 7 жыл көлемінде атқарылған жұмыс ішінде алғашқы рет Алматы қаласы
рейтингке енгізілді және 83 ХҚО-ның тізімінде 58-позицияны иеленді және азиялық
қаржы орталықтарының арасында 13-ші орынға шықты. Бұл ретте Алматы on-line
сауалнаманың респонденттерінің 208 дауысын жинап, олар 629-ға тең болған
бағалаудың қорытынды балына кірді. Мысалы, Алматы қаласы Манила, Джакарта,
Мумбаи, Москва, Дублин сияқты қаржы орталықтарынан басып озды.
Бұл орайда рейтингке кіру бойынша ХҚО-ға қойылатын талаптардың жылдан
жылға күшейтіліп келетінін атап өту қажет. 2014 жылғы сәуірден бастап Ұлттық Банктің
шетелдік инвесторлармен жұмысы жалғасатын болады, осы жолы олардың саны 600
артып отыр, оның ішінде 32%-ы Таяу Шығыс елдері мен кейбір Оңтүстік Шығыс Азия
елдерінің исламдық қаржыландыру өкілдері болған.
2014 жылғы 23 қыркүйекте Алматы GFCI’16-дағы өз позициясын айтарлықтай
жақсартып, 83 ХҚО-ның арасында 43 орынды иеленіп, 15 позицияға көтерілді.
Шығыс Еуропа-Орталық Азия өңірінде Алматы Стамбулдан кейін екінші орынды алып
отыр. Алматыдан кейін Прага, Варшава, Санкт-Петербург, Будапешт, Москва, Таллин және
Афины келеді. Алматы қаласы on-line сауалнама респонденттерінің 240 дауысын жинаған,
ол 653 тең болған бағалау қорытындысының балына кірді. GFCI 16- шығарылымында
2
БРИКС (ағылш. BRICS) –жылдам даму үстіндегі бес елден тұратын топ: Бразилия (Сан-Пауло), Ресей
(Москва), Индия (Мумбаи), Қытай (Шанхай), Оңтүстік Африка Республикасы (Йоханнесбург)
39
географиялық өңірлер бойынша респонденттердің бағалауының саны (пайызбен)
көрсетілген. Мәселен, Батыс Еуропа, Оффшор және Азия/Океанияның респонденттері
Алматы қаласының қаржы орталығына аса қолайлы еместігін, ал Солтүстік және Латын
Америкасынан, Таяу Шығыс және Африкадан сауалнамаға қатысушылар Алматыға өз
қалауларын білдірген.
Заманауи жаһандану жағдайында инвестициялық ресурстар мен қаржылық
егемендікті сақтау үшін өткір бәсекелестік байқалып отыр, балама қаржы
орталықтарының (халықаралық/өңірлік деңгейлердегі, оншорлық/оффшорлық типтегі)
саны жылдам өсіп келеді, олар елге капиталдың айтарлықтай ағынына ықпал етіп,
инвестициялық ахуалды жақсартып, салық түсімдерін арттырады және жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етеді. Осы орайда бәсекеге қабілетті қаржы орталығын құру елдің
тұрақты экономикалық дамуын, макроэкономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің бірден бір маңызды факторы болып табылады, себебі олардың
жоғары деңгейде дамуы елге әлемдік нарықтардан шетелдік капитал мен озық
технологияларды тарту бойынша мүмкіндіктерді барынша пайдалануға жағдай жасайды.
Алматы қаласының GFCI рейтингінде қаржы орталығы ретіндегі позициясын
күшейту мақсатында қаржы орталығын бағалау кезінде бәсекеге қабілеттіліктің Z/Yen
компаниясы қарастырып отырған маңызды салаларының барлығын барынша жақсарту,
статистикалық деректерді толықтыру қажет. Аталған шаралар барлық мүдделі
тараптардың - мемлекеттік реттеушінің, мемлекеттік органдардың және рыноктың
қатысуын талап етеді. Сондай-ақ, шетелде қала имиджін үнемі қалыптастыру, қаржы
саласына жоғары білікті кәсіби мамандарды тарту, алдыңғы қатардағы ХҚО-лар
мысалында ағылшын тіліндегі заңнамалық базаны жақсарту, жеңілдету және қол жетімді
ету қажет. Ол үшін ірі қаржы орталықтарын, дамыған елдерден эмитенттер мен
инвесторларды тарту қажет.
Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, Алматы қаласын GFCI рейтингінде одан
әрі жылжыту Қазақстанның инвестицялық тартымдылығына, отандық қаржы
рыногының дамуына және жаңа Жібек Жолының қаржы орталығы мен ТМД және
Орталық Азиядағы ислам қаржы хабы ретіндегі халықаралық қауымдастықтағы елдің
имиджін арттыруға оң әсерін тигізуі мүмкін.
Әдебиеттер тізімі:
1.
http://www.longfinance.net/programmes/financial-centre-futures/fcf-gfci.html;
2.
http://www.sh.xinhuanet.com/shstatics/images2013/IFCD2013_En.pdf
.