114
салаларын (ғылымды, білімді, қоршаған ортаны қорғауды және т.б.) жедел дамуына тиісті жағдай
жасай алады. Сонымен қатар мемлекеттік шығындарға мультипликациялық (кӛбейту) тиімділік
қабілеті тән,яғни кӛбейту тиімділігі, себебі, бұл жағдайда мемлекеттің шығындарының ӛсуі жалпы
ұлттық ӛнімнің кӛлемінің ӛсуін қамтамасыз етеді. Мысалы, жол құрлысына мемлекеттік
инвестиция ӛссе, ол жол құрлысымен қатар асфальт ӛндіруді, сондай-ақ шикізатты ӛндіруді және
т.б. салалары да ӛсіреді.
Мемлекеттік бюджетті орындау барысында,оның шығындары толық ӛтелуі қажет. Бірақ та
практика жүзінде кӛп жағдайда олай болмайды. Себебі, қазір мемлекеттердің кӛпшілігінде
бюджеттің шығысы кірісінен артып кету орын алуда.Оның нәтижесі бюджет тапшылығы болып
табылады.
Бюджеттік тапшылығының негізгі себептері қандай?
Бюджет тапшылығының негізгі себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
-
экономикалық дағдарыс жағдайында табыстың тӛмендеуі және ұлттық табыстың
ӛсуінің азаюы;
-
мемлекеттің шығынғындардың ӛсуі;
-
артық ақшаларды кӛп шығару;
-
«кӛлеңкілі» экономика кӛлемінің ӛсуің;
-
қорғанысқа кететін шығындардың ӛсуі;
-
қаржыны заңсыз жұмсау;
-
қаржы-экономикалық саясаттың тұрақсыздығы..
Мемлекеттік бюджет тапшылығын негізінен мына тӛрт жолдармен шешуге болады:
1)бюджеттің шығынын азайту;
2)салықтарды ӛсіру негізінде бюджеттің кірісін кӛбейту;
3)ақша эмиссиясы – ең оңай, бірақ қауіпті жол. Бұл жағдайда тауарлармен қамтамасыз
етілмеген ақша массасын шығару, түбінде инфляцияға әкеліп соғады;
4)мемлекеттік займ (халықтан, кәсіпорындардан,шет ел мемлекеттерден және халықаралық
ұйымдардан ). Бірақ бұл шара бюджеттің тапшылығын кеміткенмен мемлекеттің қарызының
ӛсуіне әкеліп соғады.
Бюджет тапшылығының артуы мемлекекттің қарыздарын ӛсіреді.
Мемлекеттік қарыз белгілі бір кезеңде бюджет профицитін шегергеннен кейін қалған
бюджет тапшылығының сомасы. Сондықтан, мемлекеттік қарызға талдау жасалмай бюджет
тапшылығының қандай кӛлемі экономикаға қауіпті екендігін анықтау мүмкін емес. Яғни бюждет
тапшылығымен мемлекеттік қарыз арасында тығыз байланыс бар.
Мемлекеттік қарыз: сыртқы және ішкі болады.
Сыртқы қарыз – мемлекеттің басқа елдердің жеке азаматтарына,ұйымдарыны,ӛкіметтеріне
қарызы. Ішкі мемлекеттік қарыз- мемлекеттің ӛз ішіндегі кәсіпорынға,ұйымдарға,жеке
азаматтарына қарызы.Ішкі қарызға жеке және заңды тұлғалардың алдындағы үкіметтің қарыз
міндеттемелері жатады. Қарыз міндеттемелері мынадай формада болуы мүмкін. Ӛкіметтің атынан
шығарылған құнды қағаздарының басқа түрлері. Ішкі қарыз ұлттық экономикаға аса қауіпті емес.
115
Ішкі қарыздарды ӛтеу барысында тауарлар сыртқа кетпейді,бірақ ол ішкі нарықта бірқатар
проблемалар туғызады.
Біріншіден, мемлекеттік қарыз бойынша процент тӛлеу барысында табыстар халық
арасында қайта бӛлінеді. Халықтың бір тобы екінші тобы есебінен болып отырады. Мемлекеттің
құнды қағаздарын кӛп жағдайда бай адамдар сатып ала алады,ал салықтарды азаматтардың бәрі
тӛлейді.
Екіншіден, ӛкімет қарызды және процентті тӛлеу үшін салықтарды ӛсіруі мүмкін, ал ол
экономикаға инвестицияның жұмсалуын азайтады. Сонымен қатар, салық стафкаларының ӛсуі
қоғамда әлеуметтік жағдайлары шиеленістіруі мүмкін.
Үшіншіден, мемлекет қарызын ӛтеу үшін айналысқа мемлекеттің жаңа құнды қағаздарын
шығаруды қолданса, онда қарыз процентінің стафкалары ӛседі, ол негізгі капиталға инвестицияны
тӛмендетеді.
Төртіншіден, ішкі қарыздың тӛлемдігі шетел инвестицияның келуін азайтады және
халықтың ертеңгі күнге деген сенбеушілігін туғызады.
Салықтар.Салықтың қызметі. Лаффер қисығы.
Ӛнеркәсібі дамыған елдердің тәжірбиесі кӛрсетіп отырғандай, салық нарықтық
экономиканың дамуының қажетті шарты. Себебі, әрбір мемлекетке ішкі және сыртқы саясатын
жүргізу үшін белгілі бір мӛлшерде қаржы кӛздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы
кӛзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалықтетік ретінде пайдаланады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, салықтардың маңыздылығы олардың мемлекеттік бюджет
түсімдерінің ең басты кӛзі болып табылатындығында.
Салықтарға мемлекеттің заңдары негізінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын
міндетті алымдар жатады.. Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын құрудағы заңды және жеке
тұлғалардың міндеттерін және экономиканың әртүрлі сфералары арасындағы қаржы ресурстарын
қайта бӛлуді білдіреді.
Салықтың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын білу қажет. Ал бұл
оның атқаратын қызметтеріне тікелей қатысты.
Салықтар мынадай негізгі қызметтер атқарады: фискалдық, реттеушлік және қайта бӛлу
қызметі. Бұлармен қатар, салықтардың ынталандыру, бақылау қызметтерін де атауға болады.
Реттеушілік – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел
экономикасына ӛз ықпалын тигізеді. Мемлекет салық женңлдіктері арқылы экономикалық ӛсу
мен ӛңдіріске инвестицияны тартуды, шағын бизнесті және ӛңдірісті модернизациялауды
(ӛңдірісті жаңа техника негізінде жаңартуды) қамтамасыз етеді. Сонымен, салықтың реттеушілік
қызметінің ең басты мақсаты - ӛңдірістің дамуына ықпал ету.
Салықтың екінші қызметі – фискалдық-салықтық, бұл қызметі елдің экономикасын
дамыту үшін қажетті қаржы ресурстарымен мемлекетті қамтамасыз етуінен кӛрінеді. Яғни,
Достарыңызбен бөлісу: |