Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет45/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54

112 
 
11-тақырып: Қаржы және қаржы жҥйесі. 
1.Қаржы және оның түсінігі 
2.Салықтар және олардың жіктелуі 
3.Лаффер қисығы 
Қаржы жүйесі және қаржы туралы жалпы түсініктеме
          Жалпы  ұлттық  ӛнімді  ӛндіру,  бӛлу  және  пайдалану  процесстерінде,  ақша,  тауар 
айналысынан  оқшауланып,    дербес  қозғалыста  болады.  Соның  негізінде,  біріншіден,  ақша 
айналысы  және  екіншіден  мемлекеттің,  халықтың,  шаруашылық  субъектілерінің  ақша  қорлары 
құрылады. Әрекет ету, пайдалану әдістеріне қарай ақша қаржы формасына ие болады. 
           Ақша қорларын құру,  бӛлу  және  пайдалану  туралы  мемлекеттер арасындағы,  мемлекетпен 
занды және жеке  тұлғалар  арасындағы  пайда болатын  экономикалық қатынастар  жүйесіп  қаржы 
деп атайды 
Қаржының  мәні  оның  атқаратын  қызметтерінен  кӛрінеді.  Оларды  іріленген  тӛрт  топқа 
бӛлуге болады: бӛлу, реттеу, бақылау, ынталандыру және фискалды. 
Қаржының  бөлу  қызметі  қоғамдық  ӛндірістің  әртүрлі  сфералары  арасында  ұлттық 
табысты,  жалпы  ұлттық  ӛнімді  бӛлу  және  қайта  бӛлу  процестерімен  байланысты.  Мемлекет 
салықтар  арқылы  ӛндіріс  және  әлеуметтік  салаларды  дамыту  мақсатында  кәсіпорындардең, 
фирмалар пайдаларының, азаматтардың табыстарының бір бӛлігін бӛледі және қайта бӛледі. 
Қаржының  бақылау  қызметі  қоғамдық  ондірістері  макро-микроэкономикалық 
процестерді реттейтін маңызды құрал ретінде кӛрінеді. 
Қаржының  бақылау    қызметі  қаржы  ресурстарының  дұрыс  бӛлінуін  және 
пайдаланылуын бақылауды қамтиды. 
Қаржының 
ынталандыру 
қызметі 
ғылыми-техникалық 
погрестің 
дамуын 
ынталаңдырады, сондай-ақ салық ставкаларын реттеу арқылы мемлекет кейбір ӛндірістерді және 
салаларды жедел дамуына жұмыс орындарының кӛбеюіне жағдай жасайды. 
Қаржының  фискалды  қызметі  салықтар  арқылы  кәсіпорындардың  және  азаматтардың 
табыстарының  бір  бӛлігін  мемлекет  аппараты,елдің  қорғанысы  және  ӛндіріс  емес  сфераларды 
қаржыландыру болып табылады.  
Қоғамдағы    ақша  қорларын  құру,бӛлу  және  пайдалану  процесіне  туатын  экономикалық  
қатынастар қаржы қатынастарын құрайды. 
Қаржы  қатынастары  кез  келген  елде  мемлекетпен  заңды  және  жеке  тұлғалар,  жеке  және 
занды тұлғалар,занды тұлғалар,жеке мемлекеттер араларында қатынасады.. 
Ұлттық  экономика  шеңберіндегі  қаржы  қатынастарының  жиынтығы  мемлекеттің  қаржы 
жүйесін  құрайды.  Ол  орталықтаған  (мемлекеттік)  және  орталықтанбаған  (мемлекеттік  емес) 
қаржылардан құрылады. 
Орталықтанған  қаржылар  –  қаржы  жүесінің  басты  бӛлігі.Оған  мемлекеттік  бюджет 
жүйесі  (мемлекеттік  несие,мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру,мемлекеттік  және  жеке  мүліктік 
сақтандыру) кіреді. 
Орталықтанбаған қаржыларды шаруашылық субъектілердің және халықтың қаржылары 
құрайды. 
Сонымен  қатар  ӛңдірістің  салалы  ерекшеліктеріне  қарай  қаржы  жүйесі  ӛнеркәсіп, 
құрылыс, ауыл шаруашылық, білім, ғылым, денсаулық сақтау жане т.б. қаржыларына бӛлінеді. 
Мемлекеттік  қаржы  –  қаржы  жүйесінде  маңызды    орын  алады.Мемлекеттік  қаржы  – 
мемлекеттің  қызметін  (халық  шаруашылығын  басқару,  қорғаныс,  әлеуметтік  сфера  және  т.б.) 
қаржыландыруға  арналған  ақшалай  қорлар  жүйесі.  Мемлекеттік  қаржы  және  басқа  қаржы 
ресурстарын жұмылдыру механизімін де қамтиды. 
Шаруашылық субъектілердің қаржылары экономиканың алғашқы буынының деңгейіндегі 
ұдайы  ӛңдіріс  және  ӛндіріс  процессін  қамтамасыз  ететін  ақша  қорларының  жүйесі  болып 
табылады. 
Халықтың  қаржысы  –  халықтың  еңбегі  және  басқадай  қызмет  етуінің  нәтижесінде 
құралатың  ақша  қорлары.  Халық  бұл  қорларды  ӛз  меншігін  және  материалдық    жағдайларын 
ұлғайту  мақсатында  пайдаланады.  Сонымен  қатар,  жұмылдыру  механизмі  (салық,  зейнеткерлік 


113 
 
жәнесақтандыру  жүйесі,  кеден,  ренталық  және  басқа  да  тӛлемдер)  халық    қаржысына  және 
шаруашылық субъектілердің қаржысына бағыталған. 
Қаржы  жүйесін  ұйымдастыру  принциптері  әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Қазіргі  кезеңдегі  кең 
таралған  принциптердің  бірі  қазынылық  (фискал-қазына)  федерализм.  Бұл  принцип  Қазақстан 
қаржы  жүйесінде  де  қолданылады.Бұл  принциптің  мәні  қаржы  жүйесінің  жеке  буындарының 
арасындағы  қызметтерді  нақты  бӛлуді  кӛздейді,  яғни  жергілікті  бюджет  ӛзінің  кірісі  және 
шығысымен мемлекеттік (республикалық) бюджетке кірмейді.Жергілікті орган ӛзінің бюджетінен 
қоғамдық  тәртіпті сақтауды, мектептерді, емханаларды және т.б. мекемелерді қаржыландырады.. 
Мемлекеттік бюджет: мәні және құрылымы. Бюджет тапшылығы және 
мемлекеттік қарыз. 
Қаржы  жүйесінде  мемлекеттік  қаржы  маңызды  рӛл  атқарады..Ол  экономиканың  жалпы 
жағдайын  бейнелейтін  барометр.  Мемлекеттік  қаржының  кӛмегімен  қоғам  жалпы  ұлттық  ӛнімді 
бӛлуді және қайта бӛлуді жүзеге асырады. 
Мемлекеттік қаржы жүйесінің негізгі буыны – мемлекеттік бюджет болып табылады. 
Мемлекеттік  бюджет  үкімет  қолындағы  ақша  ресурстарының  орталықтанған  қоры.  Бұл 
қаража мемлекеттік аппаратты, қарулы  күштері қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық 
қызметтері  атқаруға  жұмсалады.  Сонымен  қатар  мемлекет,  бюджет  арқылы  экономикалық 
процестері, шаруашылық конъюктураға ықпал етуді, дағдарысқа шараларды жүзеге асырады.   
Бюджеттік  жүйе  ӛте  күрделі  механизм.  Ол  сол  елдің  ерекшелігін,  оның  әлеуметтік-
экономикалық құрлысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің 
мемлелекеттік  құрылымымен  байланысты.  Унитарлық  мемлекеттердің  бюджеттік  жүйесі  екі 
деңгейден  –  мемлекеттік  және  жергілікті  бюджеттерден  тұрады.  Ал  федеративті  құрылымы  бар 
мемлекеттердің  бюджеттері  тағы  бір  буынмен:  штат  (АҚШ)  немесе  жерлердің  (ГФР) 
бюджеттерімен толықтырылады. 
Мемлекеттік  бюджет  –  мемлекеттік  кірісі  мен  шығысының  жылдық  жоспары  болып 
табылады. 
Кіріс  жағында  бюджетке  түсетін  қаржылардың  негізгі  кӛздері,  шығыс  жағында    оларды 
пайдалану бағыттары кӛрсетіледі. 
Мемлекеттік бюджеттің кірісі қосымша құнға салынатын салықтар, акциздер, заңды және 
жеке  тұлғалардан  алынатын  табыс  салығы,  бонустар,  роялти,  рента  тӛлемдері,  сыртқы 
экономикалық қызметтен түсетін салықтар және т.б. 
Мемлекеттік  бюджет  шығындарының  басым  кӛпшілігі  ӛндірісті  дамытуға,  тау-кен 
ӛнеркәсібі  мен  ӛңдеу  ӛнеркәсібіне,  құрлысқа,  сондай-ақ,  мәдени,  рухани-тұрмыстық 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады. 
Мемлекеттік  бюджеттің  шығындары  мынадай  бӛлімдерден  тұрады:мемлекетті  басқару 
шығындары,  әлеуметтік,  экономикалық  мақсаттардың  шығындары,  мемлекеттік  шаруашылық 
жұмыстардың шығындары, сыртқы экономикалық шығындары және т.б. 
Мемлекет  мемлекеттік  шығындарды  экономика  тепе-теңдікті  орнықтыруға  кеңінен 
қолданады. Мемлекет ӛз шығындарын кӛбейту негізінде, біріншіден, жиынтық сұранысты ұлғайта 
алады,  екіншіден,  ӛндірісті  ынталандыра  алады,  үшіншіден,  халық  шаруашылығының  кейбір 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау