87
Ӛндірістік шығындары экономикалық тұрғыдан ұғыну шектеулі ресурстарды балама
пайдалану мүмкіншіліктерге негізделеді.
Кез келген ресурстардың экономикалық шығындары балама шығындар болып табылады.
Балама шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын балама әдістерінің ең тиімдісін
қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Балама шығындар айқын (сыртқы) және айқын емес
(ішкі) шығындар формасында болады. Айқын шығындарға аралық ӛнімдердің және ӛндіріс
факторларының меншік иелеріне тӛленетін ақша тӛлемдері жатады. Айқын емес шығындар
ӛндіріс иелерінің меншігіндегі ресурстарды пайдаланумен байланысты шығындар.
Бухгалтерлік шығындардың экономикалық шығындардан айырмашылығы бухгалтерлік
шығындарға ӛндіріс иелеріндегі ӛндіріс факторларының балама құны кірмейді. Бухгалтерлік
шығындарға тек айқын шығындар ғана жатады.
Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды тұрақты, ӛзгермелі, жалпы, орташа және
шекті шығындармен толықтыру керек.
C
FC
VC
Q
1-сурет. Өндіріс шығындары.
Тҧрақты шығындар (FC) – ол ӛндірілген ӛнімнің кӛлеміне байланысты емес немесе
кәсіпорын ӛнім шығармаған жағдайда да орын алатын шығындар. Тұрақты шығындарды келесі
графиктен кӛруге болады:
Тұрақты шығындарға жататындар: Облигациялық заем бойынша міндеттемелерді тӛлеу,
арендалық тӛлемдер, ӛндіріс құрал- жабдықтарының және құрылыстарының амортизациясы,
сақтандыру жарналарды тӛлеу, кәсіпорын басшыларының жалақылары және т.б.
Ӛзгермелі шығындар (VC) – шығарылған ӛнімдердің кӛлемімен тікелей байланысты
шығындар. Оған жататындар: шикізатқа, материалға, жалақыға, отынға және т.б. жұмсалған
шығындар.
Тұрақты және ӛзгермелі шығындардың арасында мынадай айырмашылықтары бар: тұрақты
шығындар ӛнім шығарылмасада тӛленуі керек, ал ӛзгермелі шығындардың кӛлемі ӛндіріс
кӛлеміне қарай ӛзгеріп отырады.
88
Жалпы шығындар (TC) – тұрақты және ӛзгермелі шығындардың сомасы болып табылады
немесе ӛндірісті ұйымдастыруға және ӛндіріс факторларына жұмсалған фирманың жиындық
шығындары.
Бұл жерде мына жағдайды ескеру керек. Шығындардың кӛпшілігі бір жағдайда тұрақты
болса басқа жағдайда ӛзгермелі болуы мүмкін. Шығындары тұрақты немесе ӛзгермелі түрлеріне
жатқызу фирманың әрекет ететін кезеңіне байланысты болады. Қысқа мерзімді кезеңіндегі фирма
пайданы ӛсіру мақсатында ӛзгермелі ӛндіріс шығындарын ӛзгерту арқылы шығындардың ең аз
мӛлшерін қамтамасыз етуге ынталы болады. Ұзақ мерзімді кезеңде фирма ӛндірістегі барлық
ресурстарды сондай–ақ, ӛндіріс қуатын да ӛзгертеді. Сол себептен шығындардың барлығы
ӛзгермелі болады.
Пайдаланудағы ресурстардың санының сондай–ақ, кәсіпорындардың кӛлемінің ӛсуі бір
уақытқа дейін жалпы шығындарды азайтады. Бірақ бір мезгілден бастап ӛндіріс тиімділігі
минимум деңгейіне жетеді, осы уақыттан бастап жалпы шығындар ӛсе бастайды. Бұл жағдайда
фирма ӛндіріс шығындарын азайту үшін ӛндірісті ұлғайтуды немесе ӛндіріске қосымша ӛзгермелі
факторларды қосу туралы шешім қыбылдайды.
C
MC
ATC
AVC
AFC
Q
2-сурет. Орташа және шектік шығындар.
Кәсіпкерді жалпы ӛндіріс шығындарымен қатар ӛнімнің бір бірлігінің шығындары, яғни
орташа шығындары қызықтырады. AFC, AVC, ATC қисық сызықтары келесі графикте
кӛрсетілген.
Орташа шығындар (ATC) шығарылған ӛнімнің бір бірлігіне шаққандағы жалпы шығындар.
Ол орташа ӛндіріс шығындары ӛндірілген ӛнімнің жалпы шығындарға қатынасы арқылы
есептелінеді:
ATC=TC/Q
Орташа ӛндіріс шығындары орташа тұрақты шығындар (AFC) және орташа ӛзгермелі
шығындар (AVC) мен айқындалады.
89
AFC=FC/Q
AVC=VC/Q
Графикте кӛрсетілгендей орташа шығындар басында жоғары деңгейде болса, кейін ӛндіріс
кӛлемі ұлғайған сайын, ӛндіріс шығындары тӛмендеп минимумға дейін жетеді. Одан кейін ӛндіріс
кӛлемі ӛскен сайын ӛндіріс тиімділігі тӛмендеп отырады, яғни қайтарым кему заңы әрекет ете
бастайды. Осы заңның әрекетінің салдарынан қисық сызығы ӛрге қарай жылжып, әрбір қосымша
ауыспалы ресурстар ӛндіріс кӛлемін аз мӛлшерге ӛсіріп отырады. Сол себептен бұл жағдайда
фирма ӛндірістің қай кӛлемінде қосымша шығындар ең аз болатындығын анықтап алуы қажет. Ол
үшін тек орташа шығындарды ғана емес, сондай–ақ шектік шығындарды да ескеру керек.
Шектік шығындар (MC) – қосымша ӛнімді ӛндіру үшін жұмсалатын қажетті қосымша
шығындар.
MC=ΔVC/ΔQ
Шектік шығындарды анықтағанда тек ауыспалы шығындар ғана ескеріледі, тұрақты
шығындар қосымша ӛнімді ӛндіруге ықпал етпейді, сондықтан ол ескерілмейді. Шектік шығынды
анықтау кәсіпкер үшін ӛте маңызды мәселе болып табылады, себебі ӛнім кӛлемінің ӛсуі
шығынның қай кӛлемімен байланысты екендігін және ӛндірісті ұлғайтуды, ӛндірістің қай
кӛлемінде тоқтату керектігін анықтауға мүмкін болады. Яғни кәсіпкер әрбір қосымша ӛндірілген
ӛнім қосымша кірісті ӛсіргенге дейін ӛндірісті ұлғайтады. Сондықтан шектік шығындар, шектік
табыстан тӛмен болғанға дейін фирма ӛндірісті ұлғайта алады.
Трансакциялық шығындар – бұл фирманың ақпаратты жинауға, келіссӛз жүргізуге және т.б.
кеткен шығындары. Трансакциялық шығындардың басты ерекшелігі олардың тікелей ӛндіріс
процесіне қатысы жоқтығында.
Жалақының мәні, оның негізгі формалары.
Меншік иелері арасында ӛндіріс факторларынан алынатын табыстарды бӛлу маңызды
әлеуметтік экономикалық мәселе. Мұндай факторларға еңбек, жер, капитал жатады. Осы
факторларға сәйкес жеке шаруашылық субъектілері шеңберінде табыстардың негізгі формалары
түрінде жалақы, пайда, пайыз және жер рентасы қалыптасады.
Қай экономикалық жүйе болмасын табыстардың кӛпшілігі жалақы формасында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |