79
Қорыта айтатын болсақ, микроэкономикалық талдауда икемділіктің ӛте үлкен маңызы бар.
Кәсіпкерлік практикасында икемділікті талдау жеке тауарлардың ӛндірілуі мен кӛлемін
анықтауға,
тұтынушылар іс-әрекетін білуге, фирманың баға саясатын жоспарлауға, фирма түсімінің
максимальды болуының кӛп мерзімді және қысқа мерзімді стратегиясын құруға т.с.с. кӛмектеседі.
6.Тақырып. Нарық экономикасындағы фирма – ҧйымдастырудың негізі ретінде.
1.Кәсіпкерлік және оның түрлері
2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлерінің артықшылықтары
мен кемшіліктері
3.Акция және оның түрлері
Кәсіпкерліктің мәні, субъектілері және объектілері.
Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық ӛзгерістерді жүзеге асыру кӛп жағдайда
кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болады. Кәсіпкерліктің экономикалық мәнінің мазмұны
шаруашылық іс-әрекеттің әртүрлі жақтарын сипаттаудан кӛрініс алады.
Кәсіпкерлік ӛз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. «Кәсіпкерлік», «кәсіпкер»
ұғымдары ежелгі арабтарда пайда табу, кіріс, мамандық, тіршілік, шаруашылық мағынасында
орын алған. Атақты араб ғұламасы Ибн-Халдун кәсіпкерлікті адамдардың ӛз мүмкіндігі мен адал
еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс-әрекеті деп бағалаған.
Кәсіпкерлік мәселесіне экономикалық теория XVIII ғасырлар кезеңінде кӛңіл аудара
бастады. Мәселен А.Смиттің пікірі бойынша кәсіпкер – ол меншік иесі ретінде пайда болу және
бір коммерциялық идеяны жүзеге асыру үшін тәуекелге бара алатын адам, сондай–ақ ол ӛзі
ӛндірісті жоспарлайды, ұйымдастырады және оның нәтижесіне иелік етеді деп түсінген. Ал
Ж.Б.Сэй кәсіпкерді ӛндіріс факторларын қиыстыра (ұштастыра) алатын эконмикалық агент
ретінде қарастырған.
Қазіргі экономикалық ғылым кәсіпкерді жаңа мүмкіншіліктерді іздейтін және оны жүзеге
асыратын, жаңа тұтынушыларға қызмет кӛрсетудің жаңа әдістерін таба алатын, бастауын және
қалай жүргізуді білетін, ӛз қалауынша тәуекелге бара алатын, инициативаны толық пайдаланатын
субъект ретінде қарастырады. Кәсіпкерлік шаруашылық жүргізудің түрі ретінде қарастырады.
Кәсіпкерлік шаруашылық жүргізудің түрі ретінде экономиканың барлық сферасында мемлекеттік
секторынан басқа, адамдардың әрекет ету ӛрісін (сфера), яғни дайын ӛнім ӛндіру немесе қызмет
кӛрсетуді қамтиды. Мысалы ӛндірістік, сауда, инновациялық және адамдардың басқа әрекет ету
ӛрісі жатады.
Қоғамдағы кәсіпкерліктің табысты болуы келесі экономикалық жағдайларға: күшті жеке
меншік секторының, бәсекелестік ортаның, монополияға қарсы заңдардың болуына, шағын және
орта бизнесті мемлекеттің қолдауына байланысты болады.
Кәсіпкерліктің іс-әрекеті – кәсіпкерліктің тұлғалары жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар
(акционерлік қоғамдар, арендалық ұжымдар, кооперативтер және мемлекет) бола алады. Бұл
жерде біз кәсіпкерлік пен меншік субъектілері арасындағы тікелей байланыстардың барын
байқауымызға болады. Бірақ та кәсіпкерді меншіктің субъектісі ретінде қарастырғанда, кез келген
меншік иесі кәсіпкер бола алмайтындығын ескеруіміз керек. Іс-әрекетпен шұғылданатын кәсіпкер
әрқашанда меншіктің субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, меншік иесі кәсіпкер болмаса
да табыс алуы мүмкін (меншік иесінің арендатордан алатын табысы).
80
Шаруашылық субъектілердің кәсіпкерлік іс-әрекеті әртүрлі ӛндіріс факторларын пайдалану
арқылы ӛнім ӛндіруін және тиісті табыс табуға бағытталған.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері.
Шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде кәсіпкерліктің бірнеше белгілері бар. Оның негізгі
белгісіне шаруашылықпен айналысатын субъектілердің дербестілігі мен тәуелсіздігін жатқызуға
болады.
Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісі кәсіпкерге заңдарға қайшы келмейтін іс-әркет жасауына
еркіндік береді. Яғни, ақша қаржысы және бір істі бастайтын деген ниеті бар адамдар меншіктің
белгілі бір формасына негізделген ӛз ӛндірісін (жеке немесе ұжымдық) ұымдастыруына құқылары
бар. Сондай-ақ, нарықтан қанша және қандай ӛндіріс факторларын сатып алатындығын, қанша
және қандай мӛлшерде ӛнімдерді ӛндіретінділігін, кімге және қандай бағамен сататындығын
кәсіпкер нарықтың конъюктурасына қарай дербес ӛзі шешеді.
Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісін абсолютті түрде түсінуге болмайды. Кәсіпкердің
дербестілігі әрқашанда нарық экономикасының заңдылықтарымен шектеліп отырылады.
Дербестілік экономикалық ынталық принципі мен тікелей байланысты. Кәсіпкерліктің бұл
белгісі кәсіпкерді табысты барынша кӛп алуға ынталандырады және кәсіпкерліктің дамуының
негізгі қозғаушы факторы болып табылады. Кӛп жағдайда осы мол табысты алу үшін ӛндіріс
ұйымдастырылады және оның кӛлемі ұлғайтылады. Сонымен қатар, кәсіпкер нарықтық
экономиканың негізгі субъектісі ретінде ӛзінің ерекше мүддесі үшін, қоғамдық мақсатқа жету
жұмыс істейді-бұл товар ӛндірісінің диалектикасы. (бұл жағдайға кезінде А. Смит назар аударған).
Мысалы Г.Форд кезінде автокӛлік шығара бастағанда, ол бара-бара автокӛлік империясын
құрғаны бәрімізге мәлім.
Кәсіпкерлікке шығармашылық ізденіс, жаңашылдық белгілері тән. Себебі шиеленіскен
бәсеке жағдайында ешнәрсені ӛзгертпей тек бағаны ӛсіру есебінен пайда аламын деуге болмайды.
Бәсеке күресінде ӛнімнің сапасына, оның ассортиментіне кӛп кӛңіл бӛлгендер ғана және ӛнімді
неғұрлым аз шығынмен ӛндіргендер ғана жеңіп шығады. Ол үшін тауар ӛндірушінің назарында
жаңа
технология, ӛндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатардағы әдістері болуы керек.
Кәсіпкерліктің тағы бір белгісі – шаруашылық тәуекелділік пен жауапкершілік. Бұл екі ұғым
бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен тәуекелділік белгісіздікті білдіреді. Себебі тәуекелге
барған кәсіпкер ӛз ісін алдын ала болжауға мүмкіншілігі болмайды, ӛйткені кәсіпкер бір іс-әрекет
туралы шешімді тез арада қабылдауы керек. Мұндай жағайда кәсіпкер нарықтағы жағдайды
қаншалықты мұқият есептегенімен балық факторларды алдын ала толық ескере алмайды. Себебі
тәуекелдікке бел байлаған кәсіпкер нарық конъюктурасын алдын тәуекелдіктің дәрежесін
экономикалық бағалау ӛте қиынға түседі немесе мүмкін болмайды. Ал жауапкершілік
шаруашылық ӛмірде нақты кӛрініс алады, оны тиісті кӛрсеткіштер арқылы бағалауға болады.
Кәсіпкерліктің осы белгісі кәсіпкердің іскерлігіне, қиындықтарға қарсы тұра алатындығына,
бәсекелесе білетіндігіне негізделген.
Кәсіпкерліктің экономикалық табиғатына толық сипаттама беру үшін, кәсіпкердің
экономикалық ойлау қабілетін ескеру керек. Кәсіпкерді ӛнертапқышпен салыстыруға болады.
Кәсіпкер ӛнертапқышқа қарағанда ашқан жаңалықпен ғана шектеліп қана қоймай, ол оны