Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет36/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54

92 
 

қазыналық  облигациялар  (АҚШ  федералдық  ӛкіметінің  ұзақ  мерзімді  саясатын 
қаржыландыруға арналған); 

мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары (әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру 
үшін шығарылады); 

муниципалды облигациялар(жергілікті билік органдары шығарады); 

корпорациялардың  акциялары  және  облигациялары  (жеке  меншік  фирмалардың  құнды 
қағаздары ) жатады. 
Капитал – нарық субъектілерінің ақша ресурстарынан құрылады. Ал оны пайдаланатындар 
фирмалар,  үй  шаруашылықтары.  Капитал  жинақтаушылар  мен  оны  пайдаланушылардың  ара 
қатынастары  кӛптеген  делдалдық  қаржы жүйесі: коммерциялық  банктер,  инвестициялық қорлар, 
брокерлық кеңселер және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Олардың негізгі қызметтері қоғамдағы 
уақытша  бос  ақшаларды  шоғырландыру  және  оларды  капиталды  пайдаланатындар  арасында 
таратып  үйлестіру  болып  табылады.  Капиталды  пайдалану  әр  түрлі  формада  беріледі:  
корпорацияның облигациясын сатып алу немесе фирмаларға тікелей тӛленетін пайыз маңызды рӛл 
атқарады.  
Пайыз (капиталдың бағасы) оған сұраныс пен ұсыныс ара қатынасы арқылы реттеледі және 
капиталды  қолданғаны  үшін  тӛлем  пайыз  нормасы  арқылы  кӛрінеді,  ол  қарыз  капиталынан 
алынған  (мысалы  10  мың  тенге)  жылдық  табысты  барлық  қарыз  капиталына    (100  мың  тенге) 
қатысы арқылы ӛлшенеді .  
10 мың / 100мың * 100 % = 10 % 
Капитал  экономикалық  игіліктің  жоғары  мӛлшерін  ӛндіру  мақсатында  алынатын  кез-
келген ресурс. Қосымша құн әкелетін құн. Болашақта белгілі бір тауар мен қызметтер ағымын алу 
ӛндірістік процесте ұзақ мерзімде пайдаланатын ресурс қорының, яғни капиталдың болуын қажет 
етеді.  Капитал  негізгі  формалары  физикалық  немесе  материалдық–заттай  (машина,  ғимарат, 
құрылғылар, шикізат, материал және т.б.) және адам капиталы (жалпы және арнайы білім, еңбек 
машықтығы, ӛндірістік тәжірбие). 
Пайыз - қарызға алынған ақша немесе материалдық құндылықтар деп пайдаланғаны үшін 
қарыз алушының несие берушіге тӛлеуі тиіс ақша мӛлшері. Пайыздың құрылу кӛзі кәсіпкер қарыз 
капиталын  пайдалану  процесінде  алған  пайдасының  бӛлігі  болып  табылады.  Қарыз  капиталы 
банкте  жеке  тұлға,  кәсіпорын,  мекемелердің  депозиттік  есепте  сақталатын  ақшалай  ресурстың 
есебінен  құрылады.  Банк  бұл  ақша  қаражатын  кәсіпкерге  қайтарым  және  пайыз  тӛлеу 
шарттарында  қарызға  береді.  Қарыз  капиталы  (пайызы)  сұраныс  пен  ұсыныс  арақатынасымен 
анықталады  да  пайыз  нормасы  арқылы  кӛрінеді.  Пайыз  нормасы  қарыз  капиталы  бойынша 
алынған жылдық табыстың барлық қарыз капиталына қатынасы ретінде анықталады. Пайызға әсер 
ететін  факторлар:  тәуекелділік,  қарыз  кӛлемі,  салық  мӛлшері,  қарыз  капиталы  рыногының 
монополиялану деңгейі. 
Процент нормасына келесі факторлар әсер етеді: 

тәуекелділік. Қарыздың қайтарылмау мүмкіндігі жоғары болған сайын соғұрлым қарыз 
беруші жоғары (қарыз) пайыз алып отырады.  

жеделдік. Қарыз мерзімі ұзартылған сайын пайыз нормасы да жоғары болады.  

қарыз мӛлшері. Берілетін қарыздың мӛлшері аз болса, пайыз соғұрлым жоғары болады. 
Себебі ірі және ұсақ қарыздардың әкімшілік шығындары ұқсас болады.  
Процент  нормасына  инфляция  деңгейі  де  әсер  етеді.  Сондықтан  инвестиция  туралы  шешім 
қабылданғанда  пайыздың  номиналды  және  нақты  ставкалары  анықталады.  Номиналды 
пайыздық ставкасы  – ол ағымдағы қарыз капиталының құны бойынша анықталатын пайыздық 


93 
 
ставкасы.  Нақты  пайыздық  ставка  –  ол  инфляция  деңгейін  есепке  алғандағы  номиналды 
пайыздық ставкасы. Мысалы, номиналды пайыздық ставка 20% ал алғандағы уақыттағы инфляция 
деңгейі    -  10%  тең  болады  десек,  бұл  жағдайда  кәсіпкер  қарызға  500  мың  теңге  алса,  онда  ол 
жылдың  соңында  банкіге    600  мың  теңге  қайтаруы  керек.  Бірақ  инфляцияның    10%    ӛсуіне 
байланысты  600  мың  теңгенің  тӛлеу  қабілеті  жылдың  соңында  10%  тӛмендеп,    50  мың  теңгеге 
кемиді. Сондықтан капитал қарызға берілгенде міндетті түрде инфляция деңгейі ескеріледі.  
Жер – ауыл шаруашылығының негізгі факторы ретінде. Жер рентасы және оның тҥрлері. 
Ӛндіріс  проценттің  тағы бір факторы  – жер  болып  табылады.  Жер  ұғымына  жердің  ӛзімен 
қатар,  жердің  үстіндегі  немесе  жер  астындағы  табиғи  байлықтар  да  жатады.  Жермен  адамның 
тіршілік  жағдайы  тікелей  байланысты  екені  бәрімізге  мәлім.  Ол  адам  ӛмірінде  әр  түрлі  рӛл 
атқарады.  Егер  ӛнеркәсіпте  жер  кәсіпорындарға  тұрған  орны  ретінде  ғана  болса,  ал  ауыл 
шаруашылығында  ол  негізгі  фактор  болып  табылады.  Бұл  фактордың  ауылшаруашылығында 
кӛптеген  ерекшеліктері  бар.  Соның  ішінде,  ең  негізгісі  ретінде  жердің  шектеулілігі,  яғни  оның 
кӛлемін  кӛбейтуге  келмейтінділігі  және  жаңадан  ӛндіруге  мүмкін  еместігін  атауға  болады.  Жер 
ресурстары шектеулі болғандықтан сондай – ақ, жерсіз (бәрде–бір әрекет) адам ӛмір сүруі мүмкін 
еместігімен байланысты жерге меншік,  меншіктің ең табысты және маңызды түрлеріне жатады. 
Меншіктің  бұл  түрі  экономиалық  жағынан  кӛп  жағдайда  жалға  беру  және  рента  формасында 
табыс алу арқылы жүзеге асырылады.  
Ренталық  қатынастар  жерге  жеке  меншік  иелері  мен  жалгерлердің  арасында  жерді  және 
басқа табиғи ресурстарды пайдаланғанынан түскен табыстарды бӛлу туралы пайда болады. Соның 
нәтижесінде  табыс  екі  бӛлікке  бӛлінеді.  Табыстың  бір  бӛлігі  пайда  түрінде  жалгерге  тисе, 
екіншісін үстеме пайда түрінде жер иесі алады. Жер иесі алатын табыстың бӛлігін  жер рентасы 
деп атайды. Жер рентасы жалгердің жер иесіне тӛлейтін жалгерлік тӛлемі формасында алынады. 
Жалгерлік  тӛлеміне  рентамен  қатар,  жалға  бергенге  дейін  жер  учаскесіндегі  салынған 
құрылыстардың амртизациясы, жерді ӛңдеуге жұмсалған капиталға пайыз кіреді.  
Ренталық  қатынастардың  халық  шаруашылығының  әр  түрлі  салаларында  (ауыл 
шаруашылық, құрылыс және т.б.) пайда болуының маңызды себептері жоғарыда кӛрсеткеніміздей 
жердің  ерекшеліктерімен  байланысты.  Жер  экономикалық  ресурс  ретінде  еңбек  процесінің 
нәтижесі  емес,  сондықтан  оның  құны  болмайды.  Әр  түрлі  учаскелердің  құнарлығы  бірдей 
болмайды және тұрақты орналасуымен сипатталады. Бірақ жердің басты ерекшелігі оны кӛбейтуге 
келмейтіндігінде  және  шектеулілігінде.  Сол  себепті,  жердің  шектеулілігіне  байланысты  оның 
ұсынысы абсолютті икемсіз болады. Бұл жер нарығында жерге тек сұраныс қана активті (белсенді) 
екендігін  кӛрсетеді.  Оны  келесі  графиктен  кӛруге  болады.  Егер    абцисса  осінде  жердің  кӛлемін 
(гектар), ордината осінде рентаны  (арендатордың ай сайын әр гектар үшін тӛлейтін ақша сомасы), 
онда графикте ұсыныстың қисық сызығы S ордината осіне параллелді  (салыстырмалы)  болады.  
Экономикалық рента деп ұсынысы қатаң түрде шектелген ресурс ақысын айтамыз. 
                                            S     
                        R
1
                          E
1
 
 
                        R
0
                          E
0
          D
1
     


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау