83
Қазіргі экономикада шағын және орта бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды,
онда еңбекке жарамдылардың 50 пайызын астамы жұмыс істейді. Шағын бизнестің әдеттегі
формаларына франчайзинг (жеңілдік) және венчурлық (тәуелділік) фирма.
Франчайзинг – шағын жекеменшік фирмалар жүйесі. Олар тиісті сферада
және территорияда
ірі фирмалардың фабрика маркасын пайдалану туралы келісім негізінде сол компаниялардың
ӛнімдерін сатумен шұғылданады. Мұндай келісім шарттар екі жаққа тиімді болады. Бір жағынан
шағын фирмалар ірі компаниялардан тиісті болады. Екінші жағынан шағын фирмалар ірі
компаниялардан тиісті кӛмек, несие ала алады, екіншілері ӛз ӛнімдерін сатуға ақша шығармайды,
нәтижесінде ақшаларын үнемдейді.
Венчурлық фирмалар ғылыми–зерттеулерді жүзеге асырумен шұғылданатын коммерциялық
ұйымдар яғни, ғылыми жаңалықтар негізінде бизнес жасайды. Егер жаңа ӛнім сатып
алушылардың қажеттіліктеріне нарық талаптарына сай келмесе онда олар шығынға ұшырауы
мүмкін. Сондықтан венчурлық фирмалар жаңа ӛнімдердің басқа түрін ӛңдеуге кӛшуге тырысады.
Венчурлық фирмалар Қазақстанда жаңадан құрылып дамуда.
Фирма қорлараының ауыспалы айналымы мен айналысы.
Жоғарыда кӛрсетілген фирмалар шаруашылықты ұйымдастыра отырып, еңбек құралдары
мен заттарын ӛндірістік мақсатқа тұтынады, ӛндірілген ӛнімді ӛткізеді, сатады, ал ақша қорларын
жаңадан қажетті ӛндіріс құрал–жабдықтарын сатып алуға, жалақыға, мемелекет алдындағы
қарызды ӛтеуге жұмсайды.
Ӛндіріс процесін тікелей қамтамасыз ететін фирмалардың қарамағындағы материалдық және
ақша қаржылары осы фирмалардың ӛндірістік қорларын құрайды.
Ӛндіріс құрал жабдықтары осы фирмалардың ӛндірістік қоларында басты орын алады.
Ӛндіріс құрал-жабдықтарының құрамы техникалық жағынан алғанда ӛндірілген ӛнімнің және
ӛндіріс технологиясының қасиетімен анықталады. Мысалы шойынды дайындап шығару домна
пешті, темір руданы, коксты пайдаланумен байланысты, аяқ киімді дайындап шығару тігін
машиналарды, тері, шеге және т. б . қажет етеді.
Фирмалардың қарамағында қызметкерлердің әлеуметтік–мәдени қажеттерін қанағаттандыру
үшін пайдаланатын ӛндірістік емес қорлары болады. Олар тұрғын үйлерден, емдеу мекемелерінен,
шипажайлардан және демалыс үйлерінен т.б. тұрады. Ӛндіріс процесінде тікелей қатыспағанымен
олар қызметтердің ӛмірлік қажеттерін қанағаттандыруда үлкен рӛл атқарады және сонымен
байланысты ӛндіріске белгілі дәрежеде ықпал етеді.
Ӛндірістік қорлар фирманың құрал-жабдықтарының тек бір бӛлігі, ал қалған бӛлігін
айналыстағы қорлар құрайды. Айналыстағы қорлар тауарлы формада (запастағы, ӛткізілмеген
дайын ӛнімдер) және ақша қорынан тұрады (шикізат, материалдар, отын сатып алуға, жалақыға
арналған ақша қаражаты). Егер ӛндірістік қорлар тікелей материалдық игіліктерді ӛндіру
саласында болса, ал айналым қорлары ӛнімдерді сату және ақшалай есеп айырысу саласында
болады.
84
Қорлардың біртіндеп үш формасының (ӛнеркәсіп, тауарлы, ақшалай) бір-бірімен алмасуын
қамтитын үздіксіз қозғалысын
қорлардың ауыспалы айналымы дейді. Осы қозғалыста барлық
экономикалық заңдардың бір-бірімен байланысын, әрекет ету ерекшеліктерін кӛруге болады.
Ауыспалы айналыс процесінде қорлар үш сатыны қамтиды яғни, олардың бір формадан
екіншісіне
ауысуып отыруын кӛрсетеді.
А – Т
к
ж
Ж
K
...
... Ӛ ...Т
1
– A
1
Бұл жерде А фирманың ақша қоры, Қ
ж
– құрал–жабдықтары, Ж
к
– жұмыс күші, Ӛ - ӛндіріс
процесі, Т – тауар қорлары, А
1
–тауарды сатудан түскен ақша. Осы айналымдағы негізгі саты
ӛндіріс, себебі еңбек процесінде тұтыну құны мен құн ӛндіріледі. Қазір нарық қатынасына кӛшуге
байланысты ӛндірілген тауарларды уақытында ӛткізудің де маңызы ӛте зор. Ӛндірістік қорлардың
үздіксіз ауыспалы айналымда болуы экономикалық қажеттілік. Фирма қорларының ауыспалы
айналымының үнемі қайталанып
отыруы олардың айналымы деп аталады.
Айналысына қарай ӛндірістік қорлар негізгі және айналмалы олып екіге бӛлінеді. Негізгі
қорларға машина, инструменттер, ӛндірістік үйлер, станоктар, электр желісі мен құбырлар т.б.
еңбек құралдары жатады. Олар ӛзінің тозуына қарай құнын ӛндірілген ӛнімге бірте–бірте
бӛлшектеп ауыстырып отырады. Айналмалы қорларға шикізат, материалдар, отын, қосалқы
материалдар мен әр түрлі ыдыстар т.б. еңбек заттары жатады. Бұл қорлар ӛндіріс процесінде
түгел тұтынылады және құнын дайын ӛнімге бүтіндей аударады.
Ӛндірістік қорлар ӛздерінің үздіксіз айналысында ӛндіріс және айналыс сатыларынан ӛтеді.
Демек, уақыт бойынша қорлар айналымының құрамы екіге бӛлінеді: ӛндіріс және айналыс
уақыттары.
Ӛндіріс уақытына мыналар жатады: еңбек құралы мен заттарының ӛндірістік запастарда
болу; жұмыс кезеңі; еңбек затына табиғи процестердің ықпал ету қажеттілігі және ұйымдастыру
мәселелерінен тұратын уақыт мерзімдері.
Айналыс уақыты ӛндіріс құрал–жабдықтарын тауып алуға және дайындалған ӛнімді ӛткізуге
кеткен уақыттарды қамтиды.
Ӛндіріс процесінде негізгі қорларды пайдалану нәтижесінде мысалы, айталық машина,
ӛндіріс процесінде ұзақ уақыт қатыса отырып бірте-бірте тозады, ӛздерінің бастапқы тұтыну
қасиеттерін кемітеді. Бұл негізгі қорларды табиғи тозуы. Ғылыми–техникалық процесс
жағдайында негізгі қорлар табиғи тозуға ғана ұшырап қоймайды, сонымен қатар моральдық,
сапалық тозуға да ұшырайды. Моральдық тозу мынаған әкеліп соғады: жабдықтар, машиналар
және басқа негізгі қорлар табиғи тозу басталғанға дейін–ақ құнының бір бӛлігін жояды. Негізгі
қорлар қай түрде тозса да, олардың құны із түссіз жоғалып кетпейді, ол ӛндірілген ӛнімге
біртіндеп жаңа ӛнімнің құнына кӛшуін амортзация деп аталады, бұл тозған негізгі қорлардың
орнын толтыруға жұмсалады. Сондай–ақ, бұл қорлардың белгілі бір бӛлігі тозған қорларды
жӛндеу мақсатына да пайдалануы мүмкін.
Қор жинау: мәні және формалары. Инвестиция және оның тҥрлері.