Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет31/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54

81 
 
парктики жүзінде тез арада пайдалануды және қысқа мерзімде тиісті нәтиже алуға тырысады. Ол 
үшін кәсіпкердің сол салада тиісті арнайы білімі болуы керек, сондай–ақ нарық экономикасының 
заңдылықтары туралы хабары болуы тиіс.  
 
Кәсіпкерлікті  ҧйымдастырудың  негізгі  формалары 
Нарықтық  экономиканың  негізгі  экономикалық    буыны  (агенті)  фирма  болып  табылады. 
Фирма  –  иелігіне  бірнемесе  бірнеше  кәсіпорындары    бар  және  пайда  алу  мақсатында 
қызметкӛрсету  және  тауар  ӛндіру  үшін  ресурстарды  пайдаланатын  ұйым.  Фирмаларды  жіктеу 
үшін әр түрлі белгілер негізге алынады. Олар кӛп жағдайда екі белгі негізінде жіктелінеді: меншік 
формасы  және  фирманың  кӛлемі  негізінде.  Меншіктің  әр  түрлі  формалары  кәсіпкерліктің 
ұйымдық-құқықтық формаларының пайда болуының және дамуының негізі болып табылады.  
Меншіктің  формаларына  қарай  кәсіпкерліктің  келесі  ұйымдық–құқықтық  формаларын 
кӛрсетуге болады. Олар мыналар : жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар, серіктестік, акционерлік 
қоғам (корпорация).  
Жеке  меншіктегі  кәсіпкерлік  фирма  деп  бір  адамның  иелігіндегі    бизнесті  айтамыз,  яғни 
фирманың  мүлкі  бір  адамның  меншігінде  болады.  Сондай-ақ,  жеке  меншіктегі  кәсіпкерлік 
фирмалар  жеке–дара  кәсіпкерлікпен  айналысатын,  бизнестен  түскен  пайданы,  табысты  толық 
иемденетін,  сонымен  бірге  оның  бар  ауыртпалығын,  жауапкершілігі  мен  тәуекелшілігін  ӛз 
мойнымен кӛтеретін жекеленген адам немесе жеке жанұя. Егер фирма нашар жұмыс істесе немесе 
күйресе,  фирма  иесі  заң  талаптарына  сәйкес  ӛз  міндеттерін  ӛзінің  барлық  жеке  мүлкімен  жауап 
берді. Яғни, бұндай фирмаларда шексіз, толық мүліктік жауапкершілік болады.  
Жеке  меншіктегі  кәсіпкерлік  фирмаларды  ұйымдастыруға  кӛп  қаржы  кетпейді.  Жеке 
фирмалардың кемшіліктері  қаржы кӛздерінің шектеулігінде және тез күйреп кетуіне байланысты 
коммерциялық банктер кӛп мӛлшерде несие бермейді. Олар заңды құқығы бар мекемелерге (заңды 
тұлға)  жатпайды,  сондықтан  олар  тек  табыс    салығын  ғана  тӛлейді.  Корпорация  тӛлейтін 
салықтарды  тӛлемейді.  Бұндай  фирмалар  кӛп  жағдайда  сауда  және  қызмет  кӛрсету  салаларында 
кеңінен қолданылады.  
Кәсіпкерліктің  тағы  бір  түрі  серіктестік    қоғамдар  –  бірнеше  адамдардың  меншігіндегі 
фирмалар.  Олар  серіктестік  мүшелерінің  осы  фирмаға  қосқан  мүліктерінің  үлесі  негізінде 
құрылады және пайызының  (үлесінің) кӛлеміне байланысты, түскен пайдадан ӛз үлестерін алып 
отырады. Егер оның бір мүшесінің пайызы (үлесі) бүкіл фирма капиталының 10 пайызын құраса, 
онда  ол  фирманың  таза  пайдаының  10  пайызын  иеленуге  құқылы.  Серіктестіктердің  міндетті 
шарттарының бірі олардың мүшелерінің арасында ӛзара келісімінің болуы.  
 Серіктестіктердің  экономикалық  қатынастарына  байланысты:  жауапкершілігі  шектелмеген 
 
(толық) және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бӛлінеді.  
Толық  серіктестік  ұжымының  барлық  мүшелері  фирма  міндеттемелері  бойынша  толық 
жауапкершілікте  болады.  Фирманың  пайдасы  құрылтайшылардың  жарғылық  үлесіне  қарай 
бӛлінеді.  Егер  толық  серіктестік  сәтсіздікке  ұшыраған  жағдайда,  оның  мүшелері  фирманың 
барлық қарыздарына ӛз пайызының кӛлеміне қарамастан бүкіл мүліктерімен жауап береді.  
Сонымен  қатар,  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктердің  мүшелері  керісінше,  ӛздерінің 
серіктестікке қосқан мүліктерінің үлесіне байланысты (шеңберінде) ғана жауап береді. Сондықтан 


82 
 
да,  жауапкершілігі  шектеулі  барлық  елдерде  кеңінен  қолданылады.  Серіктестіктің  жарғысында 
серіктестікті  басқару  органдарының  құзіреті,  олардың  шешімдер  қабылдау  және  серіктестіктер 
атынан әрекет жасау тәртібі белгіленеді. ЖШС жалпы жиналысының құзіретіне жататындар: 
1) серіктестіктің жарғысын ӛзгерту; 
2) атқарушы органдарын құру және кері шақыру; 
3) жылдық есебімен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен зиянын бӛлу;  
4) серіктестіктің қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару; 
5)  серіктестің  тексеру  комиссиясын  сайлау.  Бұл  мәселе  серіктестің  атқарушы  органының 
шешуіне берілмейді.  
Акционерлік  қоғамдар  –  бұл  да  кәсіпкерлікпен  айналысатын,  заңды  тұлғалардың  бірі. 
Акционерлік  қоғамдардың  иесі  және  оны  басқарушы,  осы  фирманың  акциясын  сатып  алған 
азаматтар болып табылады. Акционерлік қоғамның капиталы – акцияларды шығару мен оны сату 
арқылы құрылады. Акция иесі осы компанияның пайдасының бір бӛлігін дивиденд ретінде алуға 
құқылы.  Әрбір  акция  оның  иесіне  акционерлер  жиналысында  бір  дауыс  береді.  Акционерлік 
қоғамды  басқару  мүмкіндігін  беретін  акцияның  51  пайызы  бақылау  пакеті  деп  аталады. 
Акционерлік қоғам басшылығы жыл сайын алынған пайданың бір бӛлігін дивиденд түрінде, ал бір 
бӛлігін  ӛндірісті  кеңейтуге  жұмсайды.  Дивиденттер    акцияның  құнына  байланысты  процент 
түрінде  беріледі.  Мысалы  бір  акцияның  номиналды  құны    1000  теңге  дивиденд  5  пайыз 
мӛлшерінде  болса,  онда  акция  иесі  бір  акцияға  50  теңге  алады.  Егер  акционерлік  қоғам  жыл 
аяғында  шығынмен  шықса,  онда  дивидендттер  тӛленбейді.  Акционерлік  қоғам  жауапкершілігі 
шектеулі  компаниялардың  қатарына  жатады.  Акционерлік  қоғамның  мүшелерінің  жауакершілігі 
акционерлік қоғамға кіру үшін салынған қаражат шеңберімен шектеледі.  
Акционерлік  қоғамның  акционері  кез–келген  уақытта  ӛз  акциясын  басқа  біреуге  сатып, 
қоғамнан шығуына болады.  
Ұйымның форма жағынан акционерлік қоғамдар ашық немесе жабық түрде болуы мүмкін. 
«Жабық»  акционерлік  қоғамда  акциялар  бірнеше  құрылтайшылардың  иелігінде  болады,  қор 
биржасында  сатылмайды.  Ал  «ашық»  акционерлік  қоғамның  акциялары  қор  биржасында  еркін 
түрінде сатылады және сатып алынады. 
Кәсіпкерлік  салада  қызмет  ететін  фирмалар  сондай-  ақ,  кӛлемі  (үлкенділігі)  бойынша 
жіктелінеді: Соған байланысты фирмалар шағын, орта және ірі болып бӛлінеді.  
Фирманың  кӛлемі,  оның  технологиялық  ерекшелігіне  байланысты  болады.  Мысалы  кейбір 
салаларда  капитал  сыйымдылығы  жоғары  болғандықтан  онда  ӛндіріс  кӛлемі  де  ірі  болады.  Ал 
экономиканың  басқа  салалары  үшін  фирманың  кӛлемінің  ірі  болғаннан  гӛрі  шағын  болғаны  ел 
экономикасының дамуына едәуір маңызды ықпал етеді.  
Қазіргі  кезде  шағын  және  орта  бизнес  саласында  фирмалар  кӛлемі  жағынан  әр  түрлі 
кӛрсеткіштер  негізінде  жіктеледі.  Мұндай  кӛрсеткіштер  қатарына  фирмаларда  жұмыс  істейтін 
адамдар  саны,  жарғылық  капитал  кӛлемі,  активтер  мӛлшері,  фирманың  табыстарының  мӛлшері 
жатады.  Осылардың  ішіндегі  ең  басты  кӛрсеткіш  фирмадағы  жұмыс  істейтін  адамдардың  саны 
мен жылдық капитал айналымы болып табылады.  


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау