Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет40/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54

101 
 
саясаты жүзеге асырылады. Осындай саясаттың екі түрін:  монетарлық және  фискалды саясатын 
атап  ӛтеуге  болады.  Біріншісі  қоғамның  экономикалық  мақсатына  валюта  және  ақша–несие 
жүйесін реттеу арқылы жетуді кӛздесе, ал екіншісі салық жүйесі арқылы жүзеге асыруды кӛздейді. 
Макроэкономикалық  саясаттың  негізгі  міндеті-нарық  экономикасының  тиімділігін  арттыру 
және әлеуметтік бағытта жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты 
осы міндеттерді шешу барысында келесі негізгі мақсаттарды кӛздейді :  

экономикалық ӛсудің тұрақтылығын және тиімділігін

толық жұмысбастылықты; 

бағаның жалпы деңгейінің тұрақты болуын

әлеуметтік әділеттілікті; 

елдің сауда және тӛлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуді.   
Экономикалық  саясаттың  түпкі  мақсаты  адам  басына  шаққандағы  қоғамдық  ӛнімнің  ӛсу 
қарқынын кӛбейту болып табылады. 
Қоғамдық  ӛндірістің  нәтижесі  және  олардың  жалпы  ҧлттық  ӛнім  (  ЖҦӚ  ) 
кӛрсеткішіндегі кӛрінісі. 
Ұлттық  экономиканың  нәтижесін  ӛлшеу  үшін  түрлі  макроэкономикалық  кӛрсеткіштер 
қолданылады,  олардың  жиынтығы    “ұлттық  есеп  жүйесі‟‟  деп  аталады.  Ұлттық  есеп  жүйесі 
экономиканың  негізгі  секторларының  арасында  болатын  қатынастардың  сандық  кестесі  түріне 
негізделеді.  Олар  экономикалық  әрекеттерді  және  шығындар  мен  кірістерді,  ӛндіріс  арасындағы 
байланыстарды  сипаттауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  ұлттық  есеп  жүйесі  халықаралық 
салыстыруды, мемлекетаралық қатынастарды жеңілдетеді. 
     Ұлттық  есеп  жүйесі  бойынша,  негізгі  макроэкономикалық  кӛрсеткіштерге  жалпы  ұлттық  
ӛнім (ЖҰӚ), жалпы ішкі ӛнім (ЖІӚ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық ӛнім (ТҰӚ), ұлттық  байлық 
жатады . 
     Бұл кӛрсеткіштердің ішінде ең негізгісі жалпы ұлттық ӛнім болып есептелінеді. ЖҰӚ шет 
елде    және  ұлттық  территория  шеңберінде  сол  елдің  азаматтары  бір  жыл  ішінде  ӛнідрген  түпкі 
ӛнімдердің  барлық  кӛлемінің  нарықтық  құнымен  анықталады.  Мұнда  мына  жағдайды  ескеру 
қажет: түпкі ӛнімге тек тұтынуға арналған тауарлармен қызметтер ғана жатады. Ал қайта сатуға, 
ӛңдеуге  арналған  тауар  мен  қызметтер  ЖҰӚ  есептегенде  есепке  алынбайды.  Бұл  тауар  мен 
қызметтердің  құндары  (аралық)  екі  рет  есепке  алынып,  ЖҰӚ  дұрыс  бағаланбайтын  болады.  Екі 
рет  есептеуді  болғызбау  үшін  қосылған    құн  кӛрсеткіші  мүмкіндік  береді.  Қосылған  құн  –  ол 
фирманың  нарық  бағасымен  ӛндірген  ӛнімнің  ӛнімді  ӛндіруге  жұмсалған  материалдары  мен  
шикізаттардың  құндарының  айырмасы,  яғни  қосылған  құн  жалпы  ұлттық  ӛнімді  айтарлықтай 
толық сипаттайды. Осы пікірді келесі мысал арқылы кӛрсетейік. Мысалы,  жүннен тоқылған мата 
тұтынушының қолына тигенге дейін бес ӛндіріс сатысынан ӛтеді екен .     
   
Ӛндіріс сатылары  
Ӛнімнің 
сату 
бағасы 
(теңге) 
Қосылған 
құн 
(теңге) 
1. 
А  фирмасы  -  қой 
ӛсіретін ферма  
2. 
Б    фирмасы,  жүнді 
ӛңдейтін кәсіпорын 
3. 
В    фирмасы  - 
600 
 
600 (600 – 0) 
 


102 
 
жүннен 
мата 
жасап 
шығаратын кәсіпорын 
4. 
Г 
 
фирмасы 

матаның 
кӛтерме 
сауда 
нарығы  
5. 
 Д 
  фирмасы  - 
матаның 
бӛлшек 
сауда 
нарығы  
6.  Сауда  –  саттықтың  жалпы 
құны.  
7.  Қосылған  құн  (жалпы 
табыс ) 
1000 
 
 
1250 
 
 
1750 
 
 
2500 
 
7100 
 

400 (1000 – 600) 
 
250 (1250 – 1000) 
 
 
 
500 (1750 – 1250) 
 
 
750 (2500 – 1750) 
 

 
2500 
      
Кестеде  кӛрсетілгендей  А  фирмасы  -  қой  ӛсіретін  ферма,  жүнді  ӛңдейтін  кәсіпорынға,  Б 
фирмасына  жүнді  600  теңгеге  жеткізіп  береді.  А  фирмасы  жүнді  сатқаннан  түскен  600  теңгені 
жалақыға,  рента  тӛлемдеріне,  процентке  және  пайдаға  бӛледі.  Б  фирмасы    жүнді  ӛңдеп,  В 
фирмасына  1000  теңгеге  сатады.  Б  фирмасы  фирма  В–дан  алған  ақшасының  600  теңгесін  А 
фирмасына, ал қалған 400 теңгені фирма Б жалақы тӛлеуге, рента тӛлеуге, ресурстар сатып алуға 
жұмсайды.  Мата  ӛндіру  процесінің  қалған  сатылары  жоғарыда  кӛрсетілген  кестедегідей  жүзеге 
асырылады. 
     
Жоғарыда  келтірілген  мысал  бойынша,  ЖҰӚ  анықтағанда  ӛндірілген  матаның  құнының 
қай  бӛлігін  есепке  алу  керек  деген  сұрақ  туады.  Әрине,  тек  2500  теңгені,  яғни  түпкі    (соңғы) 
ӛнімнің  құнын  есепке  алу  керек.  Егер,  біз  барлық  аралық  ӛнімдердің  құндарының  қосындысын 
ЖҰӚ кӛрсеткішіне қосатын болсақ, онда ЖҰӚ кӛлемі 7100 теңгеге дейін кӛтеріледі, біз бұл жерде 
матаның құны бірнеше рет есептен ӛткенін кӛреміз. Сондықтан, бұл жерде тек 2500 теңгеге  ғана 
жаңа құн жасалды. Яғни, ЖҰӚ есептегенде әр фирманың қосқан құны мұқият ескерілуі қажет. Бұл 
жалпы ұлттық ӛнімнің кӛлемін дүрыс есептеу үшін қажет. 
     
Дегенмен,  қосылған  құнның  мӛлшері  ЖҰӚ  барынша  объективті  сипаттағанымен  бұл 
кӛрсеткішті  есептеу    үшін  басқа  үш  әдіс  қолданылады:  шығындар,  табыстар  және  ӛндіріс 
бойынша.  Шығындар  бойынша  есептелінген  ЖҰӚ  жеке  және  ӛндірістік  тұтынуға  кеткен 
шығындардың ел үшін жалпы сомасы болып табылады.  
     
ЖҰӚ кӛрсеткішінің құрылымы келесі шығындар бйынша есептелінеді: 
1)  халықтың материалдық игіліктерді сатып алу үшін жұмсалған шығындары (С); 
2)  ұлттық экономикаға тартылған жалпы инвестиция, фирманың негізгі капиталды кӛбейтуге 
жұмсалған шығындардың сомасы (I); 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау