Экономика және қҰҚЫҚ


Тақырып № 7. Х1Х- ғ. соңы және ХХ- ғасыр



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет26/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61

 
79 
Тақырып № 7. Х1Х- ғ. соңы және ХХ- ғасыр 
Батыс философиясы. 
 
1.  Иррационализм  туралы  түсінік  және  олардың  негіздеу 
формалары. 
2. Экзистенциализм және олардың бағыттары. 
3.  Позитивизм  және  оның  формалары.  Неопозитивизм 
туралы түсінік. 
4. 
XX-ғасырдың 
жаңа  философиялық  ағымдары  – 
структурализм, сыни рационализм және герменевтика. 
 
1.  Иррационализм  туралы  түсінік  және  олардың  негіздеу 
формалары. 
ХХ  ғасырда  Батыс  елдерінде  ғылыми  –  техникалық, 
технологиялық  революциялар  ӛрістей  түсті.  Әлеуметтік  саяси, 
рухани ӛзгерістерге байланысты қоғамдық ӛмір күрделеніп, қоғам 
дамыған  сайын  ӛмірде  қарама-қайшылықтар  күшейе  берді.  . 
Глобалды (ауқымды) мәселелер шиеленісті. Адамзат пен ӛркениет 
алдында  шешімі  қиын  мәселелер  пайда  бола  бастады.  Діни, 
ұлттық, этникалық мәселелерді шешуде қоғам дәрменсіздікке тап 
болды. 
Мұндай  қоғамдық  дағдарыс  жеке  адамның  жаттануын 
туғызды.  Себебі  қоғам  жеке  адамның  ішкі  дүниесі  мен  оны 
мазалаған  мәселелерге  мән  бермеді.  Ал,  бұрынғы  философиялық 
жүйе  ХХ  ғасыр  адамын  толғантқан  сұрақтарға  жауап  беруге 
дәрменсіздік  танытты.  Соның  салдары,  тоталитарлық  режимдер 
қалыптасуы немесе қирауы, мәдениеттің және адамдардың бүгінгі 
мен ертеңгі, болашағы туралы мәселелер – осы ойлар тӛңірегінде 
түбегейлі  ӛзгерген  ойлар  қалыптасып,  осыған  сәйкес  қоғамда 
кӛптеген  философиялық  ағымдар,  мектептер  дүниеге  келді.  Осы 
философиялық ағымдардың кейбіреулеріне тоқталсақ. 
XX- ғасыр философиясының ағымдарының бірі иррацонализм 
болды.  Латын  сӛзі  аударған  мағынасы  –  ақыл  жетпейтін  дегенді 
білдіреді.  Негізгі  ӛкілдері  –  М.Шелер  (1874-1928)  О.Шпенглер 
(1880-1936).  Иррационализм  негізінде  рациолизмге  қарсы  тұрады. 
Олардың ілімі бойынша, табиғат пен қоғам ӛмірі ақылға қонбайды. 


 
80 
Адамның ақыл-ойы шындық дүниені қандай болса, дәл сондай етіп 
түсіндіре  алмайды  деп  таным  процесінде  адамның  ролін 
тӛмендетуге  тырысты.  Ол  қазіргі  замандағы  идеалистік 
философияда  ӛз  үстемдігін  орнатып  отыр.  Олар  иррационализмді 
негіздейді. 
Иррационалистер дүниені құблыстардың кездейсоқ жиынтығы 
деп  санайды.  Олардың  пікірінше,  ақыл  мен  ғылым  материалдық 
дүниенің  дамуы  зандылығы  алдында  дәрмексіз  болғандықтан, 
біздің дүние жӛніндегі біліміздің, абсолютті ақиқаттың құндылығы 
жоқ. 
Иррационализм – ғылымды теріске шығармайды, оның дүние 
танудағы  күші  мен  мүмкіндігіне  сенеді.  Бірақ,  ғылым  дамуының 
қатал шеңберін белгілейді. Олар ғылым – адам ақылының жемісі, 
ол  ӛзінің  дамуына  қарамастан,  антика  дүниесінде  қандай  болса, 
ӛзгеріссіз  дәл  сол  дәрежесінде  қалып  отыр  дейді.  Ғылымды 
неорганикалық  материя,  демек,  ӛлі  табиғат  саласында  ғана 
пайдалануға болады. Яғни, рационалды (ақыл – ой) танымы дүние 
ӛзгермелі  болғандықтан  түсіндіре  алмайды  екен.  Олардың 
ойынша, дүниені танып білудің қайнар кӛзі – инстинкт, интуиция, 
сезім. 
Интуиция  –  иррационализмді  негіздеу  формаларының  бірі. 
Латын сӛзі, қазақша байқау, кӛру, яғни іштей сезу деген мағананы 
білдіреді.  Таным  саласында  сезімдердің  маңыздысын  кӛру.  Кӛру 
дегеніміз  тура  немесе  тікелей  білу.  Интуиция  деп  осылай  тура 
білуді  айтамыз.  Мұның  кӛмегімен  адам  шындық  дүние  туралы 
түсінік  алады.  Интуиция  инстинкттің  рӛлін  жоғары  қояды. 
Интуитивизм  ӛкілдері  интуицияны  сезімдік  және  рационалистік 
танымға қарсы қояды. Олардың пікірінше, интуиция  – танымның 
иррационалдық  әрекеті.  Мұнда  субъект  пен  объекттің, 
материализм  мен  идеализм,  рационализм  мен  иррационализм, 
ақыл  мен  таным  арасындағы  қарама  –  қарсылық  жойылады. 
Осылай  логикалық  ойлау  рӛлін  кемітеді.  Таным  теориясының 
практикалық  маңызын  елемейді.  Философияның  міндеті  –  таза 
ойлау  деп  түсіндіреді.  Ауқымы  жағынан  кең  мәнділікті  ғана 
қарастыратын, ӛте жоғары сатыда тұратын ғылым деп есептеледі. 
(М.Шелер).  Осылайша  философияны  ғылымнан,  ӛмірден  бӛліп, 
мистицизмге жол ашады. Осының бәрі адамдардың дәрменсіздігін 


 
81 
кӛрсететін  ӛмірді  ӛзгерте  алмайды  деп,  ақыл  –  ойдын  ролін 
кемітіп, пессимистік ойға бой ұрғызады. 
Иррационализмді  негіздеудің  тағы  бір  формасы  релятивизм. 
Латын сӛзі, ӛткінші деген мағананы білдіреді. Олардың айтуынша, 
дүние  ӛткінші,  салыстырмалы  сипаты  бар,  табиғатта,  ӛмірде 
тұрақтылық  жоқ,  бәрі  ӛзгеріп,  жаңарып,  дамып,  сосын  жойылып 
отырады.  Релятивизм  ғылымның,  біздің  біліміздің  дәрменсіздігін, 
әлсіздігін 
дәлелдеуге 
тырысады. 
Абсалюттік 
ақиқатты 
мойындамайды. 
Ал, қоғамдық процестер дамуы иррационалдық «ӛмір екпіні», 
«опат  болуды  күту»  күштерімен  бағытталады.  Мысалы: 
Шпенглердің  ойынша,  Батыс  мәдениеті  ӛркениеттің  белгілі  бір 
сатысында, ӛзінің жойылуына, опат болуына алып келеді. 
2. Экзистенциализм және олардың бағыттары. 
Иррационализмдің  кейбір  идеяларын  жалғастырған,  қазір 
заманның  философиялық  бағыттарының  бірі  –  20–шы  жылдары 
қалыптасқан  –  экзистенциализм  болды.  Латын  сӛзі,  қазақша 
тіршілік  ету,  ӛмір  сүру  деген  мағынада.  Экзистенциализм  ӛз 
философиясының бастауын дат философы С.Кьеркегордан алады. 
Оның  айтуынша,  адам  –  ӛз  ӛмірінің  себепкері,  құдайдың 
алдындағы  тіршілік  иесі.  Экзистенциализм  Германияда  пайда 
болып,  кейін  Францияға  таралады.  Оның  негізін  салушы,  неміс 
философы  Хайдеггер.  Оның  «Болмыс  және  уақыт»,  «Метафизика 
дегеніміз  не»,  «Ақиқат  мәні  туралы»  атты  еңбектері  бар. 
Экзистенциелизм басқа да ӛкілдері К.Ясперс, Ж.Сартр, Г.Марсель, 
Л.Шестов, Н.Бердяев. 
Негізінен экзистенциализм 3 бағыттағы ілімдерден құралған. 
1-  бағыт  М.Хайдеггердің  болмыс  туралы  ілімі  негізінде 
қалыптасқан  экзистенциализм.  Адам  таным  арқылы  болмысты 
іздестіріп,  түсінуге  тырысады,  сӛйтіп,  оның  ӛзі  адам  мәніне 
айналады.  Болмыс  туралы  ойлар  адам  болмысы  туралы  мәселеге 
ауысады. 
 
 2-бағыт К.Ясперстің экзистенциялық нұрландыру идеясы. 
Болмыс  шешілмейтің  сұрақтар,  басты  назарды  адам  болмысына 
аударып, оның ӛмір сүру тәсілін айқындауға тырысады. 
 
 3-бағыт  Ж.Сарт  ілімі  –  жалпы  «ӛмір»  мәселесіп 
қарастырмай,  «жеке  адам  ӛмір  сүру»  (экзистенция)  мәселесі 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау