Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет24/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61

 
73 
құдайдың  жоқ  екенін  дәлелдейді.  Фейербахтың  ойынша, 
философия  мен  дін  бір-біріне  қарама-қарсы.  Діннің  негізінде  – 
сыртқы  күштерге  сенім  жатса,  философия  негізінде  –  білім, 
заттардың табиғатын ашуға ұмтылыс жатады. Бұл дүниеде табиғат 
пен  адамнан  басқа  еш  нәрсе  жоқ.  Құдай  –  бұл  тек  адамдардың 
ӛздері  ойлап  шығарған  қияли  бейнелеу.  Философия,  оның 
пікірінше,  табиғаттан,  оның  бір  бӛлігі  болып  табылатын  адамнан 
басталады.  Материя  алғашқы,  табиғат  объективті  ӛмір  сүреді.  Ол 
шындық  ӛмірдің  негізі.  Ал,  адам  сол  табиғат  жемісі  деп  қарады. 
Табиғатты  түсінуде,  Фейербах  дәйікті  материалист  болды.  Ол 
бұрынғы  материализмнің  механикалық  сипатын,  ӛріссіздігін 
сынады.  Фейербах  материяны  біртекті  деп  қарап,  механикалық 
тұрғыдан түсінуден бас тартты. Материя ӛмір сүру формаларынан 
әр  –  алуандығын  мойындады.  Оның  адам  сезім  мүшелерімен 
қабылдайтын түрлі салалары бар екендігін айтты. 
Фейербах, дүниені тануға болады деген пікірді қорғап, таным 
мәселесіне кӛптеген жаңа пікірлер айтқан. Таным субъектісі нақты 
адам.  Адам  табиғатты,  нақты  заттарды  сезеді,  адамсыз,  адамнан 
тыс таным болу мүмкін емес. Адамның ерекше ӛзгешелігі – оның 
табиғатты  шын  мәнінде  сезуге  қабілеттілігі  дейді.  «Біз  танып 
білмегенді, келер ұрпақ, буын танып біледі» деп кесімді айтты. 
Сезіну – бізді қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың 
бейнесі деп санайды. Адам сезетінін ӛзінің басы арқылы ойлайды. 
Таным  процесі  сезімдік  танымнан,  түсінуден  басталады.  Түйсік 
адамдарды  сыртқы  дүниемен  байланыстырады.  «Менің  түйсігім 
субъективті, ал, оның негізі, себебі объективті» – дейді Фейербах. 
Сезімдік таным бірінші сатысы. Бұдан соң сезім деректерін ақыл-
ой қорытады. 
Фейербах  ойлаудың  болмысқа,  рухтың  табиғатқа  қатынасы 
туралы  философияның  негізгі  мәселесін  материалистік  тұрғыдан 
шешті. Бұл -Фейербах материализмінің маңызды жағы, философия 
тарихына  сіңірген  еңбегі  деуге  болады.  Сондай-ақ,  оның 
материализмінің  кемшіліктері  болды.  Ол  диалектиканы  түсінбеді. 
Гегель  диалектикасын  кӛрмеді.  Материализмді  диалектикамен 
ұштастыра алмады. Гегель идеализмін сынап, оның диалектикасын 
бірге алып тастады. Диалектиканы жалпыға бірдей сипатын түсіне 
алмады.  Сондықтан,  оның  материализмі  метафизикалық  ойлау 
шеңберінде  қалып  қойды.  Оның  материализмі  қияли  сипаттағы 


 
74 
материализм болып қалды. Танудың мәні, оның мақсаты практика 
екеніне  жете  мән  бермеді.  Тағы  бір  кемшілігі  –  материализмінің 
антропологиялық  сипатта  болғандығы.  Ол  адамды  таза 
биологиялық  тұрғыдан  қарастырды.  Оның  әлеуметтік  жағын, 
қоғамдық ӛмірмен байланыстыра алмады. Оны бӛліп алып қарады. 
Адам мен қоғамды тарихи тұрғыдан қарау оған жат болды. 
Фейербах,  адам  мәнін  рухани  күшке  айналдырып,  бұл  күшті 
адамдар  арасындағы  қарым-қатынастарды  шешуші  негіз  деп 
қарады.  Дүниенің  үстінде  тұратын  жоғарғы  күш  «құдай»  дегенді 
теріске шығарып, адамның ӛзін сол құдайға айналдырды. Осыған 
сүйене  адамдар  бақытты  болғысы  келсе,  бірін-бірі  жақсы  кӛруге 
тиісті деп түсінді. «Құдайға деген сүйіспеншілік» дегеннің орнына 
«адамға деген сүйіспеншілік» деп ауыстыру керек деген. 
Жан  мен  дене  бір-бірінсіз  ӛмір  сүре  алмайды.  Дене  ӛлгенде 
жан  да  ӛледі,  о  дүниеде  ешқандай  ӛмір  жоқ.  Сондықтан  адамдар 
осы дүниеде қалай жақсы ӛмір сүру жолдарын іздестіруі керек. 
Фейербах  қоғам  құбылыстарын  түсіндіруде  идеалистік 
позицияда  қалды.  Материалистік  кӛзқарасты  қоғам  тарихына 
қолдана  алмады.  Қоғамдық  дамудың  материалдық  негізін  кӛре 
білмеді.  Дегенмен,  Фейербах  материализмі  ӛзінің  кемшіліктеріне 
қарамастан,  философиялық  ой  дамуына  үлкен  үлес  қосты.  Орыс 
революцияшыл  демократтарының  кӛзқарасына  үлкен  әсер  етті. 
Гегельдің  диалектикасы  мен  Фейербахтың  материализмі  маркстік 
философияның қалыптасуының теориялық негізі болды. 
Маркстік  философияның  пайда  болуының  алғышарттары. 
Маркстік 
философияның 
пайда 
болуының 
әлеуметтік 
алғышарттары ӛнеркәсіптік жұмысшы табының қалыптасуы және 
оның  революциялық  санасының  ӛсуі  болып  табылады. 
Ӛнеркәсіптік капитализмнің дамуы барысында жұмысшы табы ең 
ұйымшыл, біріккен қоғамдық күшке айналды. Сондай-ақ, маркстік 
философияның пайда болуының ғылыми алғышарттары да болды. 
Олар  тӛмеңдегідей  ғылыми  жаңалықтар  еді.  Тірі  организмдердің 
клеткалардан  тұратыны  адам  мен  жалпы  табиғаттың  бірлігін 
кӛрсетті.  Энергияның  сақталу  заңы  материя  қозғалысының 
мәңгілігін  және  құрып  кетпейтінін,  қозғалыс  түрлері  мен 
энергияның  бір-біріне  алмасып  отыратынын  дәлелдеді.  Бұл  – 
дүниенің материалдық бірлігін айқындауға мүмкіндік берді. 


 
75 
Ч.Дарвин  ашқан  биологиялық  эволюция  теориясы  жанды 
табиғаттың  даму  негізі  ішкі  қарама-қайшылықтың,  процестердің, 
құбылыстардың  күресі  деп  атап  кӛрсетті.  Д.И.Менделеев  ашқан 
химиялық  элементтердің  периодтық  жүйесі  органикалық  дүниеге 
де  диалектиканың  жалпы  зандылықтары  тән  екенін  айқындап, 
дәлелдеп  берді.  Ғылым  материализмді  танымның  диалектикалық 
тәсілімен біріктіру қажеттігін кӛрсетіп берді.. 
Маркс  философиясының  пайда  болуының  ең  үлкен  алғы 
шарттарының бірі – бүкіл адамзаттың философиялық білімінің кең 
ӛріс алып дамуы еді. Оның ішінде Маркстік философияға тікелей 
әсер  еткен  жоғары  да  айтылғандай  немістің  классикалық 
философиясы,  Гегельдің  еңбектерінде  кең  түрде  және  жан-жақты 
қарастырылған танымның диалектикалық тәсілін атап ӛту орынды. 
Бірақ,  Гегельдің  диалектикасы  идеализм  негізінде  жасалған  еді. 
Фейербах  Гегельдің  идеализмін  түгелдей  терістей  отырып, 
диалектиканы  да  жоққа  шығарады.  Гегель  диалектикасы  мен 
Фейербах  материализмі  Маркске  дейінгі  философияның  ең 
жоғарғы жетістіктері болды. 
Маркс  1842  жылға  дейін  идеалистік-гегельдік  кӛзқарас 
шеңберінде  болды.  Осы  жылдан  бастап  ол  революциялық 
демократизм  жолына  түсе  бастады.  1843  жылы  Маркс  ӛз 
еңбектерінде  барлық  әлеуметтік  қайшылықтардың  негізінде 
мемлекет пен азаматтық қоғамның арасындағы қарама-қайшылық 
жатыр  деген  қорытындыға  келеді.  Маркстің  рухани  дамуындағы 
үлкен  орын  алатын  еңбегі  «1844  жылғы  экономикалық-
философиялық  қолжазбалары».  Бұл  қолжазбалардың  негізі  – 
адамзаттың  антропологиялық  қалыптасуы  мен  дамуындағы 
материалдық ӛндірістің, еңбектің шешуші рӛлі туралы идея болды. 
Ф.Энгельс  материалистік  жолға  ӛзіндік  жолмен  келді. 
Бастапқы кезде Энгельс те Маркс сияқты Гегель философиясының 
ықпалында  болды.  Алайда,  Энгельс  Гегель  философиясының 
идеалистік  жүйесі  мен  диалектикалық  тәсілінің  арасындағы 
қайшылықтарды  аша  алды.  Ол  Фейербах  гуманизмінің  әсерімен 
диалектикадан  азаттық  күрестің  туын  жасауға  ұмтылды.  Энгельс 
пролетариаттың тек ашықтан-ашық қимылы ғана жұмысшы табын 
және бүкіл адамзатты азаттыққа жеткізе алады деген қорытындыға 
келді. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау