176
тұсындағы «сарай ағартуы» деп аталатын) дейін ықпал етті. Бірақ XIX
ғасырдың ортасына дейін ағарту идеялары дербес бағытта қалыптасып
үлгірмеген-ді.
Алайда ол идеялардың кейбір жекелерін біз енді орыс шіркеуі
қызметшісі, белгілі дінтанушы, жазушы Феофан прокопович (1681-
1736) еңбектерінен табамыз. Ол Петр I-дің серіктесі ғана емес, оның
реформаларының басты идеологы да болды. Келесі ойшылдардың бірі
Я.п.козельский (1728-1794) крепостнойлыққа қарсы шығып, әділетті
қоғамдық құрылыс идеясын дамытқан болса, а.п.куницын (1783-
1840) – заңгер, цензура «христиан шындығына» қайшы келеді деп
алып тастаған, екі бөлімнен тұратын «Табиғи құқық» кітабының авто-
ры болды. Олар сол уақыттың өзінде-ақ дүниетанымның ағартушылық
тұрпатына салыстырмалы түрде жақын келді.
Сол кезеңдегі орыс ғылымының аса жарқын өкілі – жаратылыс-
танудың ұлы зерттеушісі, философ, тарихшы, ақын, Мәскеу уни-
верситетінің негізін қалаушы (1755) м.В.ломоносов (1711-1765) бол-
ды. Білімдердің әртүрлі: химия, физика, геология, астрономия сияқты
салаларындағы бірқатар ұлы жаңалықтар – соның еншісі. Сонымен,
ол заттардың құрылысы туралы молекулярлық түсініктерді дамытты,
материя мен қозғалысты сақтау қағидасын құрды, химиялық агент-
тер қатарынан флогистонды шығарып тастады, түс туралы ілімді
алға шығарды, Шолпан жұздызындағы атмосфераны ашты, Жердің
құрылысын суреттеді, көптеген пайдалы қазбалар мен минералдардың
шығу тегін сипаттап жазды, металлургия бойынша басшылыққа алы-
натын нұсқаулықты және т.б. жарыққа шығарды. Ломоносов Солтүстік
теңіз жолын зерттеудің, Сібірді игерудің маңыздылығын атап көрсетті.
Ломоносовтың еңбектері орыс философиясындағы жаңа бағытты
айқын белгілеп берді. Өзінің дүниетанымы бойынша ол дүниенің жара-
тылуын уақыт қойнауына кейін шегерген деист болды, Жаратушының
табиғатқа қазіргі күйінде қандай да бір әсері болатынын көруден бас
тартты. Бұл зерттеу жұмыстары мен ғылыми ізденістер үшін кең
мүмкіндіктер ашты.
Ағартушылық идеялар жазушылар: Г.Р.Державин, И.А.Крылов,
Д.И.Фонвизин шығармаларында көрініс тауып, іске асты. Бірақ орыс
ағартушылығының аса көрнекті өкілдері н.и.новиков (1744-1818),
а.н.Радищев (1749-1802) болды.
Н.И.Новиковтің адамдардың сословиеден тыс теңдігі туралы жалпы
идеяларымен біріккен сатиралық «Жатыпішер» және «Суретші» деген
177
кітаптарды жариялау арқылы атағы шықты. «Орыс жазушылары ту-
ралы тарихи сөздіктің тәжірибесі» (1772), «Ертедегі Ресей кітапханасы
немесе ертедегі әртүрлі шығармалар жинағы» және тағы басқа да
еңбектері ағартушылық мақсат көздеп жазылған.
Діни-адамгершілік рухындағы «Таңғы сәуле» журналында адамның
өз-өзін танып білуі және құдайтану жолдары қарастырылды, тұлғаның
қадір-қасиеттері туралы қағидалар негізделді.
Новиковтің бар қызметі крепостнойлық құқыққа қарсы бағытталды.
1792 жылы патшайым Екатерина II Шлиссельбург қамалына жабуға
бұйрық беріп, сол жерде ол өмірінің азапты төрт жылын өткізді.
...1790 жылдың 26 шілдесінде Екатерина II барлық әдебиет және
публицистика жаңалықтарынан әрдайым хабардар болып отыру-
ды қалап, күнді кітаптарды қарап шығудан бастады. Қолына оған
белгісіз автор а.Радищевтің Зотов дүкенінде сатылып жатқан «пе-
тербургтан мәскеуге саяхат» деген кітабы берілді. Оқи бастағаннан-
ақ патшайымның беті біресе қызарып, біресе сұрланды: ол автордың
қарапайым халықтың өміріне аяушылықпен қарайтынын, самодержа-
вие мен крепостнойлықты әшкерелеуші болып әрекет еткенін анық
түсінді. Кітапты оқып шығып, ол: «Мынаны жазған адам – Пугачевтан
да асып кеткен бүлікші!» – деп айғайлады.
Төрт күннен кейін А.Н.Радищев Петропавл қамалындағы Алек-
сеев түрмесіне қамалды. «Осы кітабындағы ниет-пиғылдарын іске
асыруда Радищевтің сыбайластары болмады ма екен», – деген ой пат-
шайымды қатты мазалады. Радищев теріс жауап берді. Бірақ басына
түскен тағдырын аз да болса жеңілдету үшін, «кінәсін мойындап»,
«өкінген» болды. Кейіннен, айдауда болғанда, оның өзін Галилеймен
салыстырғаны жайдан-жай емес. Айдауда жүріп, Радищев:
«Сенің білгің келе ме:
Кіммін мен? Немін? Қайда барамын?
Мен – солмын: бұрын болған да,
өмір бойы болатын да.
Мал емес, ағаш та емес, бірақ адаммын!» – деген атақты өлеңін,
сондай-ақ «Адам, оның өлімі және ажалсыздық» деп аталатын
философиялық трактатын жазды.
Философиялық көзқарастарында Радищев «тәжірибе – барлық
табиғи танымдардың негізі» деген қағиданы ұстанды. Француз
сенсуализмі рухында ол: «Сен тән органы арқылы ойлайсың, тәнсіз
бірдеңені көз алдыңа қалай елестете аласың?» – деп жазды. Ол сезімдік
тәжірибені ақыл-ой тәжірибесінен ажыратып қарайды. Бірақ ары
178
қарай ол: «Біздің танымымыздың барлық күштері әртүрлі болып өмір
сүрмейді, бұл таным күші біртұтас және бөлінбейді», – дейді. Кейіннен
өзі «баспалдақ заңы» деп атаған үздіксіздік заңы туралы ілімінде ол
біртіндеп іске асушылықтың болатынын атап көрсетеді. Осының бәрі
өзінің гносеологиялық көзқарасында Лейбництің монадалар туралы
негізгі идеясын құптамағанмен, Радищевтің одан алшақ кетпегенін
білдіреді.
Антропологияда Радищев адамды бүкіл әлеммен байланыстыра-
ды. Оның пікірінше, «адамның ерекше қасиеті – жетілуде де, бүлінуде
де оның шексіз мүмкіндігінің болуы». «Табиғи құқық» идеясын қызу
бөлісе отырып, «табиғат құқығы ешқашан түгесілмейді» деп санап,
ойшыл адам бойындағы шынайы табиғилықты ақтайды.
1793 жылы патша Павел I оны айдаудан қайтарып, Калуга
облысының Немцово селосында орнығуға, бірақ полиция бақылауында
болуға ұйғарым шығарады. Радищевтің Ресейдегі даңқы өсті. Патша
тағында Павел I-ді ауыстырған Александр I Радищевті Заңдар жасап
шығару жөніндегі комиссияға тартады. Әңгіме патша халыққа уәде
берген конституциялық реформа туралы еді. Радищев бұл жұмысқа
құлшына кірісті, бірнеше жоба әзірледі, бірақ оның бірде-біреуі
қабылданбады. Бұл оның қандай да бір алға ілгерілеушілік болады де-
ген үміті мен сенімін күл-талқан етті. 1802 жылдың 11 қыркүйегінде
Радищев өмірмен қош айтысуға бел буып, у ішіп қайтыс болады.
Әлбетте, А.Н.Радищевтің өмірлік ерлігі, оның Ресей тағдыры үшін
күйзелгені – ағартушылық идеяларды таратуда үлкен рөл атқарды.
Дегенмен Орыс ағартушылығының негізін салушы – кемеліне
келген ағартушылықты ұстанған Виссарион григорьевич белин-
ский (1811-1848) болды. Ұлы орыс сыншысы бола отырып, ол Шеллинг
пен Гегель идеяларының әсерімен философиялық эстетика негізінде
жан-жақты әдеби сын құруды көздеді. Шынайы болмысты сынау
мақсатында Белинский орыс әдебиетінің нақты бағыты – «табиғи мек-
теп» деп аталатын бағыттың қағидаларын әзірледі.
Орыс ағартушылығының қарқынды дамуы XIX ғасырдың 60
жылдарына тұспа-тұс келеді. Ағартудың кемеліне келген неме-
се классикалық формаларын әдеби, философиялық, этикалық және
эстетикалық мұрасы әлемдік мәдениеттің алтын қорына енген ни-
колай гаврилович Чернышевский (1828-1889) сияқты алыптың
шығармашылығынан көруге болады. Ол антропологизм ұстанымдарын
нық ұстанып, адамзаттың барша дамуының себепшісін социализм деп
санады.
Достарыңызбен бөлісу: |