354
Сонымен бірге өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерін
жариялаған автор ғылыми қауымдастықтың көзқарасын күтеді,
еңбегінің танылатынына үміт артады. Ғылыми қауымдастық оның
еңбегінің нәтижелерін оң бағалаған жағдайда, ол қанағаттану сезіміне
бөленіп, енді жаңа шығармашылық ізденістерге шабыттана кіріседі.
Ал егер оның еңбегіне теріс баға берілген жағдайдың өзінде де ол
берілген бағамен келісуге, өз зерттеулерінің нәтижелерін қайта-қайта
қарап, өзінің дұрыстығына сенімді болса, оны жаңа жарияланым-
дарында ғылыми қауымдастыққа тағы бір рет дәлелдеуге тырысуға
тиіс. Сөйтіп, сын ғылымның негізгі құндылықтарының біріне ай-
налады. бұрмалаушылық (жалғандыққа тексеру) шарасын ғылыми
жетістіктердің шынайылығының белгісі ғана емес, оларды ары қарай
жетілдірудің де белгісі деп санайтын К.Поппердің пікірімен келісуге
болады.
Конференцияға немесе ғылыми семинарға ұсынылған монография,
мақала немесе баяндама болсын, басылымға берілмес бұрын, ғылыми
сараптамадан өтеді. Өкінішке қарай, басылымға берілген бір неме-
се басқа мақаланың жоғары деңгейіне қарамастан, рецензенті басқа
«ғылыми мектептің» өкілі болып шықса, автор кейде теріс пікірге тап
болатын жағдайлар кездеседі. Тағы бір шектен асқандық – рецензияның
формальды іске айналып, оны зерттелетін мәселеден хабары жоқ
ғалымның жазуы («буровщина»).
Бұл жерде енді ондай ғалымның жоғары дәрежесі, атағы болса
да, оның моральдық-адамгершілік бейнесі туралы мәселе көтеріледі.
Әсіресе кәсіби біліктіліктің болмауы көбінесе әртүрлі ғылыми
зерттеулердің әділ, нақты бағаланбауына әкеліп соқтырады. Бұл ғана
емес, қоғамдық құбылысқа кәсіби біліктіліксіз берілген баға елеулі
саяси қателіктерге ұрындырады, қудалауға түскендердің жанын жара-
лап, қоғамға жалған мағлұматтар берілуіне себеп болады.
Нағыз... ғалымға, – деп жазды микробиолог және эпидемолог
Н.Ф.Гамалея, – ашкөздік мен жауыздық іс-әрекет жат. Оған шындықты
іздеу, отанға, халыққа қызмет ету – бәрінен қымбат. Біздің болмы-
сымызда барлық жеке пайда, ұлылық артқа ысырылады. Біз үшін
жұмысымыздағы бастысы материалдық игілік емес, – ғылыми
жаңалықтың халыққа, отанға әкелуі мүмкін пайдасы» ( Симфония ра-
зума. – М., 1976. – 320-бет).
Әлемде жоғары білімнің жылдам дамуы – көптеген ғалымдардың
Жоғары мектептің ұстаздары, жастардың тәлімгерлері болуына
келтірді. Оның үстіне, талантты жастарды даярлау – ғылым үшін
355
маңызды мемлекеттік іс болып табылады. Олай болса, студенттерге,
магистранттарға, аспиранттарға білімдердің белгілі бір ауқымын бе-
румен іс бітпейді. Ақпараттың электрондық құралдарының қарқынды
дамуы жағдайында ішкі түйсігі алғыр адам ол білімдерді өз бетінше,
дербес ала алады. Ұстаз-тәлімгердің негізгі ісі – жастарды қажетті
ақпаратты өз бетінше алуға баулу; сөйлесу, тәрбие, жастармен жеке
жұмыс жүргізу арқылы оларға ғылым рухын, онда қалыптасқан
дәстүрлерді, адамгершілік құндылықтарды беру болып табылады.
Жоғары оқу орындарында оқитын жастардың моральдық бейнесін
қалыптастыруда: өзінің өмірлік құндылықтары, ғылымда алатын орны
бар, өмір салты арқылы адамдар оған ұқсауға ұмтылып, айналасы-
на жиылатын жарқын Тұлғаның үлгісіне айналған тәлімгер-ұстаз
шешуші рөл атқарады.
Бұл жерде «ақыл үйрету», жалаң постулаттарға сілтеме жасаудың
әдетте нәтижеге жеткізбейтінін, тіпті әуелі білім алушылардың сана-
сына теріс әсер ететінін айтқан дұрыс.
Адамгершілікке тәрбиелеудің келесі бір тиімді жолы – ол ғылым
тарихында із салған атақты ғылым қайраткерлерінің (Аристотель, Әл-
Фараби, Н.Коперник, Дж.Бруно, А.Сахаров, Қ.Сәтбаев және басқалары)
өмірі мен қызметі. Олардың өмірбаянын, шығармашылығын оқып
білу жастарды бейжай қалдыра алмайды. Олар – жас ғалымдардың
нағыз Ұстаздары. Әлемдегі бірде-бір жетілген компьютер Ұстаз-
тәлімгердің рөлін алмастыра алмайды, өйткені моральдық тәрбие – ол
жүректен-жүрекке өтетін үдеріс, ал жансыз машина адамға тек қажетті
мағлұматты береді немесе оны өңдейді.
Қазіргі заман ғылымының тамырлары Қайта өрлеу дәуіріне
кететіні жұртқа мәлім. Ғылымда «Коперник төңкерісі» деген атқа ие
болған жаңалық сол заманның ғылыми бейнесін 180 градусқа бұрды.
Жүзжылдықтар бойы адамдардың санасында терең орнығып қалған
әлемнің геоцентристік бейнесі күл-талқан болып, ал гелиоцентристік
бейнесі «жарылған бомбадай» әсер етті. Егер Орта ғасырларда ғылым
деп алдымен алхимия, магия, оккультизм және басқалары түсінілсе,
солармен айналысқан адамдардың іс-әрекеттері қоғамдық санаға ене
алмаса, енді жағдай түбегейлі өзгерді: ғылым қоғамдық сананың
маңызды бөлшегіне айналды. Әлбетте, бұл жол «раушан гүлдерімен
безендірілмеді», керісінше, ауыр зардаптарды бастан кеше отырып қана
ғалымдар өздерінің ашқан ғылыми жаңалықтарының нәтижелерінің
танылуына қол жеткізді. Г.Галилей озбыр қуғын-сүргінге ұшырады,
Дж.Бруно отқа өртелді, Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
356
миллиондаған діндарлар тарапынан қатаң сынға ұшырады, К.Маркс өз
елінен қуылды және тағы басқа мысалдарды келтіруге болады.
Тек XVIII ғасырда ғана Ағартушылар ғылым деңгейін сол
заманның бұрын-соңды болмаған биігіне көтеріп, Құдайға деген
соқыр сенім мен надандық қана қоғамдағы барлық жамандықтың
себебі екеніне сендірді. Олай болса, халықты ағарту, оның білімінің
деңгейін көтеру арқылы ғана әділетті, ақыл-парасатқа негізделген
қоғам құруға болады.
XIX ғасырда Ұлы Француз революциясының зардаптарынан естері
ауа шошыған еуропалықтар Ағартудың маңызын басқаша бағалай баста-
ды. Алайда тарихтың беталысын, адамдардың ғылымның өркендеуіне
деген үміттерін тоқтату мүмкін емес еді. Содан кейін ғылымның
серпінді дамуы адамдардың жандарына алқызыл-романтикалық
қиялдар ұрығын сеуіп, XX ғасырдың екінші жартысында әртүрлі
«сциентистік» және «технократтық» тұжырымдамаларға келтірді.
Алайда XX ғасырдың соңғы ширегінде ғылымның игілік қана емес,
оның табиғатта және қоғамда теріс зардаптарға да соқтыруы мүмкін
екені түсінікті болды. XXI ғасырдың адамына ғылымның бір өзінің
адамзаттың барлық қиындықтары мен мәселелерін шеше алмайтыны,
дүниетанымның толыққанды негізі бола алмайтыны айдай айқын. Ол
үшін қоғамдағы барлық мәдениет формалары мен институттарының
әлеуметтің адамгершілікті санасын қалыптастыруға қатысуы керек.
Күннен-күнге күрделеніп келе жатқан бүгінгі қоғамда ғалымдардың
сарапшы немесе кеңесші ретіндегі маңызы артып келеді. Бұл мем-
лекет деңгейінде қабылданатын: әлеуметтік, саяси, экономикалық,
халықшаруашылықтық тағдыршешті шешімдермен тығыз байланыс-
ты. Өкінішке қарай, көптеген жылдар бойы әртүрлі деңгейдегі тех-
нократизм вирусына шалдыққан мемлекеттік шенеуніктер маңызды
шешімдерді қоғамда болып жатқан күрделі, кейде қарама-қайшы
үдерістерді өздері қалай түсініп, қабылдайтындықтарына сүйене
отырып қабылдаған. Кейінгі жылдары ғана істің беті түзеліп келеді.
Ақырында, шенеуніктер заңдардың және қабылданатын бір немесе
басқа мемлекеттік шешімдердің сапасына сол саламен айналысатын
кәсіби мамандардың, сол саланы зерттеуші ғалымдардың жоғарғы
деңгейдегі билеушілермен біріге отырып жұмсаған күш-жігерлері
арқылы ғана қол жеткізуге болатынын түсіне бастағандай.
Ғылым жетістіктерін жұртшылық арасында насихаттау да
ғалымдардың бірінші кезектегі міндеті болып табылады неме-
се, Д.И.Писаревтің сөзімен айтқанда, «ғылымды көпшілікке тара-
Достарыңызбен бөлісу: |