ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет116/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   142

346

ертедегі тәтті өмірге ынтық болғандарды артқа тастап, тіпті басып озды. 

Отбасы  әдет-ғұрыптарының  бұзылуы,  «азаматтық  неке»,  «біржынысты 

сүйіспеншілік»  дегендер  санының  артуы  қазіргі  заманғы  адамзаттың 

терең рухани-адамгершілік тоқырауының белгілері болып табылады.

«Ашықтық» жағдайында, қоғамның барлық қырларын «кешіктіріп 

жаңашаландыру» дегеннің іске асуы барысында қазақстандық әлеумет 

жетістіктерге ғана емес, шығындарға да жеткізетін «сыртқы» ықпалдың 

әлеуетін  сезініп  отыр.  Дамыған  елдер  өмірінің  жоғарыда  келтірілген 

теріс  мысалдары,  өкінішке  қарай,  аз  болса  да,  біздің  қоғамымыздың 

өмірінде  де  көрініс  беріп  қалады.  Сол  себепті  мыңжылдықтар  бойы 

қалыптасқан  адамгершілік  ұстанымдарын  сақтау  –  адамдарымыздың 

орнықты  өмірін  және  жақсы  моральдық  жай-күйін  қамтамасыз  ету 

үшін өмірлік маңызды болып саналады.

Осындай жағдайда білім – рухани құлдыраудың өсу үдерісін тоқтата 

алатын,  адамның  шығармашылық  дарынын  көрсетуге  мүмкіндік 

беретін, өмірге гуманизм және жалпыадамдық құндылықтарды енгізе 

алатын аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дамып келе 

жатқан  әлеуметтік-экономикалық  ахуал  білім  беру  жүйесінен  оқыту 

сапасын  жақсартуды  ғана  емес,  сонымен  қатар  білім  беруден,  кәсіби 

дағдыларға  баулудан  ғана  тұрмайтын,  сондай-ақ  басқа  –  моральдық-

этикалық құндылықтарға тәрбиелеу мақсаты бар білім беру жүйесінің 

барлық қызметтерін қайта қарауды қажет етеді.

Болашақ  мамандардың  терең  рухани-адамгершілік  дайындығынсыз 

жалаң  сциентизмнің  «бірөлшемді  адам»  (Маркузе)  қалыптастыруға 

жеткізетінін түсіну керек. Ал сонымен қатар дінтану, этика және эстетика 

сияқты пәндердің тек гуманитарлық факультеттерде ғана оқытылатынын 

айтқанымыз  жөн.  Сондықтан  бұл  әрекетіміздің  мәселенің  өзін  шеш-

пейтінін  білсек  те,  жақын  болашақта  оқытылып  жатқан  әлеуметтік-

гуманитарлық  пәндердің  рухани-адамгершілік  әлеуетін  мүмкіндігінше 

мол пайдалануға тырысудан басқа ештеңе қалмайды. 

Қоғамның рухани өмірінің күрделілігі сонша, бұл жерде саясаттың 

«бұралаң  жолдары»  жарамсыз  болмақ.  Құқықтың  мүмкіндіктері 

де  шектеулі.  Сондықтан  рухани  қайта  өрлеу  –  ол  зиялы  қауымның, 

қоғамның барлық көзі ашық күштерінің ісі. Көптеген мыңжылдықтар 

бойы ең бір ақылды, жарқын ойшылдар, пайғамбарлар мен әулиелер өз 

ілімдерін құрды және бар күш-қуаттарын сарп етіп, соларды насихатта-

ды. Алайда қиындығы мол жолда адамзат оншалықты қабілетті шәкірт 

болмай  шықты.  Бірақ  жасқа  да,  кәріге  де  рухани  жетілу  кеш  емес, 

әсіресе  адамзат  терең  рухани-адамгершілік  тоқыраудың  құрсауында 

қалған қазіргі уақытта тіпті те кеш болмауға тиіс.



347

3-тарау. ғылымның ЭтикалыҚ мәселелеРі

3.1. мораль философиясы туралы

 

Ешкім  де,  шамасы,  адамның  ішкі  әлемінде  жақсылық,  ар-ождан, 



борыш,  қадір-қасиет  сияқты  моральдық  құндылықтар  болатынын 

теріске  шығара  қоймас.  Жан  дүниесінде  моральдық  құндылықтарды 

сақтау  үшін,  адам  көп  нәрседен  айырылуға,  бас  тартуға  әзір.  Біздің 

көзқарасымыз  бойынша,  моральдың  өзегін  «қоғам  мен  тұлғаның» 

өзара  қарым-қатынастары  құрайды,  өйткені  адам  басқалармен  сан 

түрлі қатынастарға түсе отырып өмір сүреді, ал бұл оның әлеуметтігін 

көрсетеді.  Бұл  жерде,  сірә,  адамдардың  ережелер,  нормалар,  мақсат-

мұраттар түріндегі миллион рет қайталанатын мінез-құлық әрекеттері 

қорытындыланатын  моральдық  сананың  нормативтік  табиғатын  атап 

көрсету  керек  шығар.  Моральдық  сана  шындық-болмысты  алдыға 



оза отырып көрсетеді, оның талаптары күн сайын болып жататын іс-

әрекеттердің шектерінен шығып, бізді қалай болуға тиіс деген салаға 

бағыттайды.

Моральдың  ерекшелігі  –  қоғамның  тіршілік  қарекетінде  мораль 

ықпалын сезінбейтін бірде-бір саланың жоқтығы болып табылады. Ол 

барлығына  енеді  және  бәрін  қамтиды.  Міне,  сондықтан  да  саясат-

тан  бастап,  күнделікті  ұсақ  іс-әрекеттерге  дейін,  барлығы  да  мораль 

тезіне  ұшырайды.  Моральдың  аксиологиялық  (құндылықтық)  жағы 

да осында. Норма арқылы біз өзіміздің және өзгенің мінез-құлқын, іс-

әрекетін әлдебір құндылық сияқты бағалау мүмкіндігіне ие боламыз. 

Моральдық  құндылықтар  адамның  маңызды  қасиеттерін  құрайды. 

Сондықтан  адамның  бір  немесе  басқа  моральдық  құндылықтарды 

таңдауы  және  оларды  өзінің  ішкі  жан  дүниесіне  айналдыруы  оның 

өмірлік бағыт-бағдарларын, жалпы алғанда, өмір салтын айқындайды.

Моральдық  нормалар  жалпылама,  көпшілікке  бірдей  талаптар 

қояды.  Бірақ  өмір,  адамдар  арасындағы  нақты  қатынастар  оларға 

өзгертулер,  түзетулер  енгізеді.  Мысалы,  батырлық  және  батылдық  – 

жалпы  көзқарас  тұрғысынан  алғанда,  тамаша  құндылықтар.  Қиын-

қыстау  жылдарда  әрбір  азамат  өз  Отанын  қорғау  жолында  осы 

қасиеттерін  көрсетуге  тиіс.  Алайда  батылдық  парақордың  немесе 

қанішердің  де  қасиеті  болуы  мүмкін.  Кезінде  Гитлер  неміс  халқына 

«оларды  ар-ождан  сияқты  тауқыметтен  азат  ететінін»  жариялаған. 

Күні  бүгінге  дейін  адамзат  фашистердің  жасаған  озбырлығын  ұмыта 

алмайды.  Осындай  бағаны  өзінің  туған  халқын  таптық  ұстаным 




348

бойынша  ыдыратып,  миллиондаған  адамды  аяусыз  қуғын-сүргінге 

ұшыратқан  кеңестік  тоталитаризмге  де  беруге  болады.  Әлемдік 

қасіретті  тәжірибе  көрсеткендей,  тоталитаризм  және  жалпыадамдық 

моральдық құндылықтар бір-бірімен салыстыруға жатпайды.

жалпыадамдық  адамгершілік  құндылықтар,  бір  қарағанда, 

қарапайым  болып  көрінуі  мүмкін,  алайда  олар  адамзаттың  қазіргі 

заманғы  өмірінде  орасан  үлкен  рөл  атқарады,  өйткені  бірлік, 

төзімділік, өзара татулық негізінде ғана жамандыққа тосқауыл қойып, 

келіссөздер, келісімдер, өзара жол беру арқылы мемлекеттер ядролық 

ақырзаманнан  және  экологиялық  апаттардан  құтыла  алады.  Адамдар 

арасындағы қарым-қатынастарда да адалдық пен төзімділік, басқаның 

қуанышы мен қайғысын бөлісу, аяушылық білдіру, үлкендерге құрмет, 

ата-ананы риясыз қастерлеу және басқа да адамгершілік құндылықтар 

аса қажет.



моральдық  құндылықтар  руханилықтың  түпқазығын,  өзегін 

құрайды.  Бұл  жерде  біз  XX  ғасырдың  ұлы  гуманисі  А.Швейцермен 

толық келісеміз. Адамзаттың шынайы өрлеуі оның техникалық даму-

ында, сыртқы ортаны түрлендіріп өзгертуінде жатқан жоқ, ол адамның 



ішкі  өмірін  тұрақты  жаңартуда,  моральдық  жетілуде  жатыр.  Оған 

көз жеткізу үшін, моральды рухтың басқа көріністерімен салыстырып 

көрейік.

Рухани  өмірге  талдау  жасай  келе,  батыс  дәстүрі  оның  өзегін 

адамның танымдық мүмкіндіктерінен көреді. Рас, XX ғасырда адам-

зат микроәлем құпияларына ене отырып, ғылымда ғажап жаңалықтар 

ашып,  оларды  өз  мақсаттарына  пайдалана  алды.  Сонымен  бірге  олар 

«танушы адамның» «жынын қақты», өркөкіректігін, тәкаппарлығын 

басты. Неге? Себебі, әлдебір ғылыми жетістікті өмірге енгізе, олардан 

әлдебір  игіліктерді  ала  отырып,  адамзат  ешқандай  компьютердің  бо-

луы мүмкін теріс зардаптарын солар арқылы есептеп шығара алмайды. 

Біздің көз алдымызда техносаланың қысымымен өзгеріп жатқан климат, 

тірі табиғаттың бұзылуы осыны көрсетіп тұрған жоқ па? моральдық 

құндылықтарға  негізделмеген  жалаң  рационализм  адамзатты 

бейберекеттіктің  құрдымына  кетіріп,  оның  өз-өзін  құртуына  әкеліп 

соқтырады.  Бұл  бүгінгі  күні  айдай  анық  болып  отыр.  Адамгершілік 

құндылықтарды сыртқа тебетін «бәрін білгіш адам» туралы да осыны 

айтуға болады. Ол – ождансыз және компьютерге көбірек ұқсайды. Ол 

тірілткіш сәулелерін шашатын Күн емес, – салқын және солғын жарық 

беретін Ай. Адамгершілік тұрғыда кембағал адам, қаншалықты арнайы 

білімдері болса да, өмірдің бір қарағанда байқалмайтын нәзік қырларын 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау