349
көре алмайды, яғни атақты Протагордың «заттар өлшемі» бола алмай-
ды. Ген зертханасында ақ халат киген, бүкіл адамзатты құртуға дайын
мизантроп – адамды өлердей жек көретін сарамас отырғанын елестетіп
көрейік. Ол ғаламдық эпидемияға әкеліп соқтыруға қабілетті вирустың
жаңа түрін шығарған. Адамгершілік тұрғыда бүтін, мығым адам ғана
өз шығармашылығында «заттар өлшемі» бола алады. Міне, сондықтан
да бүгінгі күні ғылым мен моральдың өзара қарым-қатынасы таным
теориясының басты мәселесіне айналды.
Егер өнер мен моральдың өзара қарым-қатынасын алып қарасақ,
онда бұл жерде де соған ұқсас жағдайды көреміз. Адамгершілік
ізденістермен, Жаратушының көріпкелдігімен толыққан өнер ғана
құнды болмақ. Ождансыз сұлулық адам рухын бағындыруға дәрменсіз.
Кез келген діннің құндылығы да оның жалпыадамдық адамгершілік
қасиеттерді насихаттай отырып, халықтың рухани бірлігін
қолдайтындығында. Әрбір дін моральдық құндылықтардың бастауын
Құдайдың жаратушылық құдіретімен байланыстырады. Діни жүйеден
оның моральдық кодексін алып тастап көріңізші, сонда оның сандырақ
мифтердің қырық құрақ бірдеңесіне – конгломератына айналғанын
көресіз.
Егер философияның қоғамның рухани өміріндегі рөлін алып
қарасақ, жеке ғылымдардың жетістіктеріне қаныққан оның санаттық
жиынтығы өткен ғасырларға қарағанда, анағұрлым байи түскенін
байқаймыз. Бірақ біз Платонмен және Аристотельмен, Әл-Фараби
және Аквинскиймен, Гегель және Шопенгауэрмен салыстырғанда,
болмыстың метафизикалық терең тұңғиығын түсінуде қаншалықты
ілгері жылжыдық? Өкінішке қарай, соншалықты алыс емес.
Сонымен қатар ойшылдың бір немесе басқа адамгершілік
ұстанымының нәтижесінде философиялаудың, универсумға «өз ойын
қосудың» және оны «жан-тәнімен сезінудің» әртүрлі формалары пайда
болды, өйткені әлемдік тарихта болмыстың терең қойнауларын риясыз,
әділ зерттеп білетін ойшыл болмаған және болашақта, сірә, болмай-
тын да шығар. Бұл тұрғыда нақ осы моральдық сана бізге «болмыстың
өзінің шексіз мұхитына іштей бойлауға көмектеседі... «бірдеңені бас-
тан кешу», «сезіну» – яғни ортақ өмірде нысанмен бірігіп кетуге бай-
ланысты оны ішінен танып білу деген сөз (С.Л.Франк. Духовные осно-
вы общества. – М., 1992. – 11-бет).
Қоғамның тұтастығын сақтайтын сыртқы бекіткіштері ретінде
әрекет еткенмен, саясат пен құқық та, егер оларда моральдың ең аз деген
талаптары (minimum minimorum) болмаса, қоғамдық қатынастардың
350
тиімді реттегіштері бола алмайды. Олай болса, биліктер қоғамды тіпті
де басқара алмайды, ал бір немесе басқа құқықтық актілер орындал-
майтын болады.
Моральдық сана барлық руханилықтың негізінде жатыр. Бірақ
бұл жерде мораль жүйесінің өзі туралы күрделі сұрақ туады.
Мыңжылдықтар бойы оның негізі болып Құдайдың жаратушылық
құдіреті саналып келді. Белгілі болғандай, еуропалық ағартушылар
Жаңа заманда негізгі христиандық постулаттарды жан-жақты және
өткір сынға ұшыратып, Ф.Ницшенің: «Құдай өлді!» – деп жар салуына
түрткі болды.
Алайда ондай тұжырым жасауға ерте еді. Құдай идеясы өлген
жоқ, өйткені онда адамдардың барлық маңызды күштері және руха-
ни талпыныстары шоғырланған-ды. Керісінше, бүгінгі күні, мыса-
лы, рухани ізденістердің ұшқындарын, Құдайға бет бұруды көреміз.
Бұдан көбінесе қазіргі заманның руханилықтан алшақтауына, та-
уар фетишизміне, әлеуметтің ары қарай атомдануына, өзімшілдіктің
және оқшауланудың, діни төзімсіздіктің артуына қарсылық білдіру
байқалады.
Тарихтың, адам жүрегіндегі сияқты, «қисынды түрде түсіну
қиын өз логикасы бар» (Б.Паскаль). Оның даму үдерісі, бір жағынан,
қашанда әртүрлі халықтардың жекешеленуімен, әр ұлттың өзінше
оқшаулануымен, екінші жағынан, қатаң саяси күрес жағдайында
өмір сүруді сақтап қалу мақсатында бірігуге ұмтылумен ілесе, қатар
жүріп отырды. Бұл үдеріс дінді де айналып өткен жоқ. Өне бойғы
бөлшектену, жік-жікке бөліну және бірігу, жаңа конфессиялар мен
деноминациялардың құрылуы тарихи нақтылыққа айналды. Барлық
әлемдік және ұлттық діндердің тарихын еске алудың өзі жеткілікті.
Бұл – діни ағымдардың, мектептердің, ортодоксальдық бағыттардан
бөлініп шыққан тармақтардың құрылуы. Адамзат қашанда әртүрлі
ойлаушылықты оқшау көретін немесе 1881 жылы-ақ А.С.Пругавиннің
Орыс православие шіркеуіндегі жікке бөлінушілікті жазғанындай,
«өне бойы «дұрыс сенім үшін» деп, рухани және ақыл-ой азығын
іздеумен-ақ халықтың ойы әр жаққа шашырап болды...». Ал бар тарих
қуғын-сүргіннің де, жазалау ошақтарының да, бас шабуға қойылған
кеспелтектің де, аяусыз қинаудың да зиян мен қантөгіс қарсылықтардан
басқа ештеңеге келтірмегенін көрсетті, өйткені сенімге тыйым салу – ол
Күнге сәуле шашуға тыйым салумен парапар. Осы туралы ойланайық!
Белгілі психотерапевт В.Франкл «Психотерапия және дін» деген
мақаласында діндердің әртүрлілігін тілдердің әртүрлілігімен салыс-
351
тырды. Ешкім де өз тілін басқа тілден артық деп айта алмайды: кез
келген тілде адам шындыққа келе алады және кез келген тілде оның
жаңылысуы және тіпті алдауы мүмкін. Сондай-ақ кез келген діннің
көмегімен ол Құдайды – біртұтас Құдайды таба алады. Сондықтан бар
күш-қайратты жұмсап, сенімге төзбеушілікке немесе «буровщинаға»
қарсы күресу керек.
Ұлы ойшыл И.Кант өзіндік мораль негізін құруға әрекеттенді: оны
адамнан бойындағы бар ерік максимасы
1
жалпыға бірдей заңдарды да
білдіретін іс-әрекеттерді талап ететін «қатаң бұйрық» деп атады. Оның
үстіне, И.Кант бұл априорлық ұстанымды адамның табиғи сезімдік
бейімділіктерінен қатаң қорғаштады. Оның пікірінше, іс-әрекет
қатаң бұйрық талаптарына құрметпен қарай отырып жасалғанда ғана
моральдық болмақ. Осындай шектен шыққан ригоризм (салқынқанды
пайымдылық) ол максиманы нақты өмірде іс жүзіне аспайтын етеді.
XX ғасырда Батыс ойшылдары «табиғат құқықтары» идея-
сын (Э.Фромм) және «өмірдің барлық формалары алдында аса
зор құрмет көрсету» идеясын (А.Швейцер) ұсынды. Осындай
қырынан алғанда, адамның мәнге ие күштерін ашып көрсетуге се-
беп болатын «Жақсылық», «Игілік» мәселесі өмір қуанышын сезінуге
жеткізсе, ал «Жамандық» адамның гүлденуіне, оның таланттары мен
дарындарының ашылуына кедергі келтіреді, күнәһарлық – ол адамның
өзі үшін жауапкершілігінің болмауы (Э.Фромм).
Адам – өмірдің ең жоғарғы мәні. Бірақ өмірдің өзі Жердің үстіңгі
бетінде болып жататын биологиялық, психологиялық, жан-дүниелік
және рухани үдерістерді қамтиды. Бұл – бірегей ғаламдық оқиға. Сон-
дықтан «Жақсылық» – адамның ғана емес, өмірдің барлық форма-
ларының сақталуы және ізгілікке айналуы болса, ал «Жамандық» –
өмір формаларын қорлау және құрту (А.Швейцер).
Мүмкін, бұл идеялар болашақ моральдың негізіне айналар. Оны
уақыт көрсетеді.
3.2. ғалымның адамгершілік жауапкершілігі жайында
Қазіргі заман әдебиетінде ғылымның қай қырларын моральдық
тұрғыда таразылауға жатқызуға болатыны туралы бірыңғай пікір жоқ.
Сондықтан өз пікірімізді білдірейік.
1
Максима (лат. – негізгі, биік, жоғарғы) – адам ұстанатын басты адамгершілік қағида
сияқты қанатты сөздің бір түрі; әдетте, өсиет түрінде айтылатын нақыл сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |