ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет122/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   142

363

алдымызда созылып жатқан нақты өмір. Алайда нақты өмірдегі заттың 

сыртқы жағы, оның көрінуі, ал оның ар жағында оның ішкі мәні бар. 

Үнділік  ойшыл  және  ақын  Р.Тагор  айтқандай,  бір  немесе  басқа  затты 

оп-оңай түсінуге болады, бірақ оның ішкі мәнін түсіну ұзақ уақытты 

қажет етеді.

Бұл қарама-қайшылықты шешу үшін, Аристотель екі кітап жазады. 

Бірі – «Физика», екіншісі – «метафизика». Біріншісінде ол барлығы 

өзгеретін,  бір  күйден  екіншісіне  ауысатын,  табиғатта  болып  жата-

тын  үдерістерді,  іс-әрекеттерді  зерттесе,  ал  екіншісінде  өзгермейтін, 

жоғарғы себептеріне, яғни заттардың мәңгі, орнықты негіздемелеріне 

талдау жасады.

Осы екі әлемді ұштастыру үшін, ол философияға: мүмкіндік және 

шындық  (болмыс)  дейтін  екі  санатты  енгізді.  Инертті,  өз-өзімен 

өмір  сүретін,  бейберекет  күйдегі  мәңгілік  материя  бар-жоғы  әлемнің 

мүмкіндігі  болып  саналады.  Формаға  ие  болып  қана  ол  шындыққа, 

біздің  зерттейтін  нысанамызға  айналады.  Форма  заттың  ішкі  энте-



лехиясын,  оның  мақсат-міндетін,  қазіргі  терминдермен  айтқанда,  – 

заттың ішкі бағдарламасын жасайды.

Әлемге  осындай  көзқарас  гилеоморфизм  (грекше  «hyle»  –  ма-

терия,  «morphe»  –  форма)  деп  аталады.  Формаға  ие  болған  материя 

енді  бейберекетсіздік  емес,  –  ол  алдымызда  жатқан  нақтылық,  заңға 

сәйкестігі, тәртібі, үйлесімділігі бар әлем.

Бірақ бұл жерде біз өзгеше күрделі мәселеге тап боламыз. Егер ма-

терия  өз-өзімен  мәңгі  өмір  сүрсе,  онда  форма  қайдан  шықты?  Басқа 

жауап  таппаған  соң,  Аристотель:  «Барлық  формалардың  формасы  – 

Құдай»,  –  дейді.  Ал  онымен  мәселенің  өзі,  әлбетте,  күн  тәртібінен 

алынбайды ғой.

Ертедегі  гректер  әлемнің  түпқазығын  Жер  деп  санайды.  Ондай 

көзқарас дүниеге геоцентрлік көзқарас деп аталады. Аристарх Самос-

ский ғана әлемнің түпқазығын Күн деп санайтынын білдірді. Алайда 

антика заманында ол қолдау таппады. Қайта өрлеу дәуірінде ғана оның 

идеяларына Н.Коперник жаңа серпін берді.

2.  механистік  үлгі.  Аристотельдің  әлемге  қатысты  жоғарыда 

аталған  көзқарастары  тарихта  екі  мыңжылдық  бойы  сақталды.  Хрис-

тиан философтары (Ф.Аквинский және басқалары) оларды Құдай бол-

мысын  дәлелдеу  мақсатында  пайдаланды.  Мәңгілік  аясында  Құдай 

ғана бар, ОЛ – Шындық, Жақсылық, Әсемдік, ал жаратылған Табиғат 

әртүрлі  мүмкіндіктермен  толтырылған  болмыс  болып  табылады. 

Табиғаттың  кез  келген  заттары  мен  құбылыстарының  бұл  дүниеге 



364

келуі де, келмеуі де мүмкін еді. Олардың барлығы да өтпелі, кездейсоқ 

және жетілмеген. Ортағасырлық философтар осылай ойлады.

Ал  енді  өз-өзін  сарқып  бітірген  феодализмнің  орнына  Қайта 

өрлеу дәуірі келді, капиталистік қатынастардың негіздері қалана бас-

тады.  Теңізде  жүзу,  сауда-саттық  қарқынды  дамыды.  Теңіздер  мен 

мұхиттарда  алысқа  жүзуді  жүзеге  асыру  үшін,  астрономиялық 

білімдерді  жетілдіру  қажеттігі  туды.  Әлемнің  жаңа  ғылыми  бейнесін 

жасау қажет болды.

Н.Кузанский,  Н.Коперник  Қайта  өрлеу  дәуірінің  алдына  қойылған 

міндеттерді  сәтті  шешіп  берді.  «Аспан  денелеріне  жүгіну  туралы» 

еңбегінде  Н.Коперник  әлемнің  гелиоцентрлік  бейнесін  негіздеді. 

Әлбетте,  оның  көзқарасы  Аристотельдің  де,  бүкіл  ортағасырлық 

философияның  да  пікіріне  қайшы  келді.  «Ғаламның  ортасы  жоқ,  ол 

сансыз мүмкіндіктермен толтырылған», – деп мәлімдеді Н.Кузанский.

Қайта  өрлеу  дәуірінің  тамаша  ойшылы  Дж.Бруно  Н.Коперниктің 

идеяларын ары қарай дамытты. Ол ортасы жоқ шексіз Ғалам идеясын 

алға  тартты,  оны  Құдай  мен  Ғаламның  ұқсастығымен  негіздеді.  Бар 

Ғаламға  адамдар  қоныстанған,  ол  өмірге  толған,  ал  біздің  Күніміз  – 

Ғаламның  сансыз  жұлдыздарының  бірі  ғана.  Қазіргі  заман  адамына 

жақын осындай идеяларды Дж.Бруно жария етті. Ол адамзат тарихын-

да өз идеялары үшін жанын қиған азғантайлардың бірі болды.

Қайта өрлеудің шынайы алыбы өз perspicilium – телескопы арқы-

лы  тауларды,  Айдағы  шұңқырларды,  Юпитер  серіктерін,  Сатурн 

шеңберін көрген, тіпті Күн бетіндегі дақтарды тапқан Галилео Галилей 

болды.  Құс  жолы  іс  жүзінде  жұлдыздардың  шоғыры  болып  шықты. 

Бұл жаңалықтар оның замандастарына «Үлкен жарылыс теориясының» 

біздің  заманымыздағыдай  үлкен  әсері  болды.  Білімдердің  бұл  тұтас 

қорын Жаңа дәуірге Қайта өрлеу дәуірі берді.

Ғылымның  міндеті  Табиғат  заңдарын  ашу  ғана  емес,  –  соны-

мен  қатар  болып  жатқан  құбылыстардың  себептерін  анықтау.  Жаңа 

дәуірде Р.Декарт осылай деп санады. Әлем – Құдайдың жаратушылық 

құдіретінің  көмегімен  жасалған  өзгеше  күрделі  машина  (machine 

mundi).  Өмірдің  өзі  ойшылдарды  осындай  идеяларды  тудыруға 

итермеледі.  Капитализм  адамдарды  басыбайлылықтан  құтқарып, 

қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына жол ашты. Ал ол үшін, қоғам 

мүдделерінде  пайдалану  мақсатында  табиғат  құбылыстарын  зерттеу, 

олардың  заңдарын  ашу  қажет  болды.  Механикалық  заңдарды  пай-

даланатын  әртүрлі  машиналар  мен  құрал-жабдықтар  пайда  болды, 

олар,  өз  кезегінде,  механиканың  қуатты  дамуына  жеткізді.  Материя 




365

қозғалысының  механикалық  формаларын  математикалық  жолмен  си-

паттау мүмкіндіктері ашылды. Сондықтан да Р.Декарт физиканың кез 

келген саласының негізінде математика жатуға тиіс екенін жариялады.

Р.Декарт  әлемнің  негізінде  бір-біріне  тәуелсіз  екі  бастаманың: 

бір  жағынан,  кеңістікте  созылған  материалдық  денелер  (res  extansa), 

екінші  жағынан,  кеңістікте  орны  жоқ  ойлау  (res  cogitans)  жатқанын 

мойындайды. 



әлемнің  біршама  бүтін  механистік  бейнесі  И.Ньютонның  күш- 

жігер  салуымен  құрылды.  Оны  ол  «Табиғи  философияның  матема-

тикалық  бастаулары»  деп  аталатын  еңбегінде  негіздеді.  Өз  зерттеу-

лерінде  ол  «Hypoteses  non  fingo»  («Ғылыми  болжамдар  ойлап  тап-

паймын»)  ұстанымына  сүйеніп,  сол  арқылы  Р.Декарттың  әдістемелік 

қағидаларына  қарсы  шықты.  Егер  Р.Декарт  тудырған  әлем  бейне-

сінің  негізінде  ғылыми  болжамдар  жатса,  онда  И.Ньютонның 

негіздемелерінде тәжірибелік жолмен негізделген тұжырымдар жатты. 

Сөйтіп, XVIII ғасырда әлемнің механистік бейнесі толық қалыптасып 

болды және оны ғылыми қауымдастық таныды.

Сол заманның ғалымдарына әлемнің механистік бейнесі табиғаттың 

барлық  құпияларын  ашқандай  көрінді.  Көзі  тірісінде-ақ  И.Ньютон  өз 

ұлылығының  даңқын  көрді.  Көпшілік  адамдар  әлем  жүйесін  бір  рет 

қана құруға болатынын айтты, ал оны И.Ньютон істеді. Алайда ондай 

асыра  бағалау  өз-өзін  ақтамады.  Табиғаттың  кейбір  құбылыстарын 

әлемнің  механистік  бейнесінің  үлгілері  негізінде  түсіндіру  мүмкін 

болмады. Мысалы: «Кеңістікте жылу қалай таралады?» – деген сұрақ 

туды. Бұл құбылысты түсіндіру үшін, жылутегі (сутегі, көміртегі деген 

сияқты. – Аудармашы) ұғымы енгізілді. Жылутегі құсап, түпнегіздер – 

электрлік үлкен магниттік құбылыстар танылды.

Алайда  арылаған  сайын  ғылымда  әлемнің  механистік  бейнесін 

қанағат  тұтпау  байқала  бастады,  өйткені  жаңадан  ашылған 

жаңалықтарды,  әсіресе  XIX  ғасырдың  ортасына  қарай  жылу 

динамикасының  қарқынды  дамуына  байланысты  соның  шектерінде 

түсіндіру қиын болды.

Жаңадан ашылған жаңалықтардың ішінде доктор Р.Майердің энер-



гияны  сақтау  заңы  да  бар-тын.  Осы  заңға  сүйеніп,  А.Эддингтон 

жұлдыздардың  жану  себебін  ашатын  теорияны  ұсынды.  Ол  оны 

гравитациялық  қысымнан  көрген.  Тек  XX  ғасырда  жұлдыздар 

қойнауында  болып  жататын,  сол  кезде  протон  гелийге  айналатын 

термоядролық  әрекеттерде  орын  алатын  құбылыстың  шынайы  себебі 

ашылды.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау