Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет33/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89

 
 
93 
Ғылым тек өзінің аясымен шектеліп қалмайды, оған мәдениетпен етене 
араласу  қажет.  Философиялық  ойлар,  діни-мистикалық  ашылулар, 
суреткерлік түйсік ғылымның дамуына сөзсіз әсер етеді. 
  Ғылымның  философиялық  негіздері.  Ғылымның  мәдениеттер 
жүйесіне  енуі  ең  алдымен  оның  философиялық  категориялар  мен 
идеялардан тұратын философиялық негіздерін ұйғарады. Философияның 
негізінде  ғылым  үшін  ең  маңызды    себептер,  кездейсоқтық,  жүйелілік 
және  құрылымдық,  біртұтастық  идеялар  туындаған.  Кеңістіктік-
уақыттық  түсініктер  ғылымға  енгізілместен  бұрын  философияның 
рефлексиясы  болған.  Осы  және  одан  да  басқа  онтологиялық 
философиялық түсініктер ғылыми танымға өз әсерін тигізген.  
 Ғылымның  философиялық  негіздері  ретінде    онтологиялық, 
гносеологиялық,  әдіснамалық  және  аксиологиялық  құрамдас  бөліктерін 
атауға  болады.  Ғылымның  әр  даму  сатысында  олардың  барлығы  емес, 
тек  тиістісі  өз  ықпалын  тигізген.  Мысалы,  Жаңа  заман  ғылымы  үшін 
тұжырымдар шығаруда философиядағы әдіснамалық мәселелер маңызды 
болды. 
Ф.Бэконның, 
Б.Спинозаның, 
Г.Лейбництің 
жұмыстары 
ғылымның  әдіснамалық  негіздерін  дамытты.  ХХ  ғасырда  классикалық 
ғылым  үшін  субъект-объект  қатынасының  ерекшеліктерін  ашатын 
гносеологиялық  мәселелер  маңызды  болды.  Егер  классикалық  ғылым 
ақиқақатты  мәңгілік  өзгертетін,  тұрақты  нәрсе  деп  қарастырса, 
неоклассикалық  ғылым  ақиқаттың  абсолюттілігінің  шегі  мен 
шарттылығын,  абстрактілігін,  көрнекілігін  анықтады.    Қазіргі 
постклассикалық  емес  ғылымды  аксиологиялық  философиялық 
пайымдаулар,  құндылықтар  мен  білімнің  арақатынасы,  этикалық 
мәселелер қызықтырады.  
Философиялық әдебиеттерде ғылымның философиялық негіздерінің 
дамуы  мен  өзгеріп  отыруы  зерттеушінің  заттың  ерекшелігін  ғылымға, 
оның дәстүрлеріне, мұраттары мен ережелеріне сәйкестігін түсінуде тек 
философиялық  емес,  сонымен  бірге  арнайы  эрудициясының  да  болуын 
талап ететіндігіне назар аударады. Сондықтан философиялық негіздердің 
қалыптасуы  ғылыми  танымның  белгілі  бір  саласына  сәйкес  философия 
арқылы  жасалған  идеялардың  бейімделуімен  жүзеге  асады.  Философия 
мен ғылымның тоғысуынан зерттеу қызметінің ерекше қабаты – ғылым 
философиясы мен әдіснамасы туындайды. 
Ғылымның  әлеуметтік-мәдени  негіздері.  Мәдениеттің  ғылымға 
негіздеме болуын екі аспектіде қарастыруға болады – өркениеттік және 
мәдениеттанулық.  Өркениеттік  тұрғыда  дәстүрлі  әлеуметтік  өзгерістер 
шектеулі қарқынмен жүргізілетін қоғамда инновациялық қызмет жоғары 
құндылық  ретінде  қабылданбайды,  білімнің  де  қажеттілігі  шамалы. 
Техногенді өркениет жағдайында ғылымның дамуын көптеген жағдайлар 
туғызады,  әлеуметтік  өзгерістердің  жоғары  қарқынмен  жүргізілуі  мен 


 
 
94 
инновациялық  қызмет  жоғары  құндылықтар  ретінде  саналатын 
техногенді өркениет тіршілігінің маңызды  негізі  ғылым білімнің дамуы 
мен оны технологиялық қолданылуы болып табылады.  
Ғылымның 
әлеуметтік-мәдени 
негіздерін 
П.Сорокиннің 
«Әлеуметтік-мәдени  динамика»  атты  еңбегінде  қарастырған  үш  негізгі 
мәдениет  негізінде  идеалдық,  идеалистік,  сезімдік  айқындауға  болады. 
Ол  идеалдық  мәдениетке  Құдайдың  құдыреті  мен  бейсаналылық 
принципіне  негізделген  бірыңғайланған  мәдениет  жүйесін  жатқызады. 
Бұл мәдениетке сезімдік әлемге деген бей-жайлық немесе қарсылық тән, 
ол  туралы  білім  құндылық  болып  саналмайды.  Мәдениеттің  бұл 
жүйесінде  ғылым  тек  теологиялық  көзқарасқа  бағынышты  ретінде 
қабылданып,  қоғамдық  және  тұрмыстық  өмір,  діннің  бақылауында 
болған.  
Мәдениеттің  идеалистік  жүйесіне  Сорокин  шынайы  болмыстың 
біраз  бөлігі    бейсаналы  және  біршама  бөлігі  сезімге  негізделетін 
мәдениет  жүйесін  жатқызады.  Мәдениеттің  бұл  жүйесінде  ғылымның 
логикалық  негіздері,  тәжірибелік,  эксперименттік  негіздері  де 
дамытылады.  
Мәдениеттің сезімдік жүйесі өзінің жаңа «объективті шындық және 
оның сенсорлы мазмұны» принциптеріне біріктіріліп, негізделеді.  
Мәдениеттің  үш  жүйесіне  сәйкес  ақиқаттың  үш  түрі  анықталады. 
Идеационалды  ақиқат  –  бейсаналы  түрде,  мистикалық  тәжірибе 
негізінде, жоғарыдан берілген түйсік пен шабыттың арқасында ашылған 
ақиқат. Сорокин мұндай ақиқатты сенім ақиқаты деп атайды. Идеалистік 
ақиқат үшін ақиқат ақылдың құралдары арқылы анықталады, оны ойдың 
логикалық  және  диалектикалық  түрде  логикалық  және  математикалық 
дәлелдеулерге  қол  жеткізуі  қызықтырады.  Сезімдік  ақиқат  Сорокиннің 
ойынша  тәжірибеге  жүгінген  сезімнің  ақиқаты.  Ол  сенім  ақиқатына 
қайшылықты болады.  
Бұл  ақиқаттар  қоғамдық  жүйенің  даму  сатыларына  қарай  басым 
болып  отырады.  Сорокин  эмпирикалық  мағлұматтарды  жалпылау 
арқылы ғылымның даму қарқынын анықтай келе, сезімдік ақиқат басым 
болғанда ғылыми және техникалық ашылулардың саны өсетінін айтады. 
Мәселен,  VII-VIII  ғасырда  мәдениеттің  идеационалды  жүйесі  басым 
болғанда  жаңа  ашылулар  жүзжылдықта  төрттен  аспаған.  Ал  XVIII 
ғасырда  сезімдік  ақиқат  басым  болғанда  ғылыми  және  техникалық 
ашылулар 691-ді құраған.  
Қорыта  айтқанда,  әлеуметтік-мәдени  тұжырымдар  ғылымға  өз 
ықпалын  тигізеді:  оның  дамуына  көмектеседі  немесе  тежейді.  Бұл 
ғылымның  мәдеиеттер  жүйесіне  енетіндігін  және  дербестігіне 
қарамастан онымен санасып отыратындығын дәлелдейді.  
 


 
 
95 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Дүниенің  тұтастай  картинасын  қалыптастыру  жолындағы 
ғылым. 
2.  Дүниенің ғылыми картинасының функциялары. 
3.  Жаратылыстану методологиясының ХХ ғасырдағы эволюциясы.  
4.  Ғылым  және  ғылым  тарихындағы    жалпы  және  арнаулы 
салыстырмалы теорияның мәні. 
5.  Қазіргі  ғылым  және  ғылым  философиясындағы  пәнаралық 
синтез статусы. 
6.  Синергетика  -  дүние  картинасы:  методология  және  танымдық 
үрдіс. 
7.  Ақпараттық дәуірдегі ғылыми білімнің эволюциясы. 
8.  Ғылым  философиясы  мен  эпистемологиясының  қазіргі  кездегі 
даму үрдісі. 
9.  Кванттық 
релятивистік  теорияның  қазіргі  ғылым  үшін  
методологиялық және дүниекөзқарастық мәні. 
10.  Дүниенің  физикалық  картинасы,  қазіргі  мәні  және  ғылыми 
маңызы. 
11.  Қазіргі 
социогуманитарлық 
танымның 
пәнаралық 
ерекшеліктері. 
12.  Келешек ғылымды қалыптастырудың негізгі бағыттары. 
13.  Қазіргі постклассикалық емес ғылымның негізгі белгілері. 
14.  Постклассикалық  емес  ғылым  және  техногендық  өркениеттің 
дүниетанымдық белгілердің өзгеруі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау