Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет30/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89

 
 
85 
танымның  негізін  қалаған  екі  формасы  және  құрылымдық 
компоненттер мен ғылыми білімнің деңгейлері сәйкес келеді.  
Эмпирикалық  зерттеулер  нақтылы  объектіге  бағытталған 
және  бақылау  мен  тәжірибе  мәліметтеріне  сүйенеді.  Бұл  деңгейде 
сезімдік  таным  басым  болды.  Мұнда  рационалды  ойлау  және  оның 
формалары  (түсінік,  талдау)  қатысады,  бірақ  олар  бағынышты  күйде 
болады.  Сондықтан  эмпирикалық  деңгейде  зерттелетін  объект  өзінің 
сыртқы  байланыстары  мен  көріністерінің  артықшылығы  тұрғысынан 
бейнеленеді.  Эмпирикалық  зерттеуде  бақылау  мен  эксперименттен 
басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты тәсілдер 
қолданылады.  Факт  эмпирикалық  зерттеудің  басты  элементі  және 
ғылыми білімнің формасы болып табылады.  
Факт  (лат.  factum  –  жасалған,  істелген  сөзінен):  а)  шындық 
түсінігінің синонимі, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарама-
қарсылық;  б)  эмпирикалық  білімді  тіркейтін  ерекше  ұсыныс,  яғни 
бақылау  мен  эксперимент  барысында  алынған  білім.  Факт  ғылыми 
білім жүйесінің нақты логикалық  құрылымына енгенде ғана ғылыми 
болады.  Н.Бор  көрсеткендей,  ешбір  факт  белгілі  бір  ұғымдар 
жүйесінен  тыс  құрала  алмайды.  Қазіргі  ғылым  әдіснамасында 
фактінің  табиғатын  тануда  екі  көзқарас  қалыптасқан  –  фактінің  әр 
түрлі  теорияларға  қатыссыз  және  тәуелсіз  екенін  көрсететін 
фактуализм  және  керісінше  фактілер  толықтай  теорияларға  тәуелді 
және  теория  өзгергенде  ғылымның  факт  қоры  түгелдей  ауысады 
дегенді алға қоятын теоретизм. Бұл мәселенің дұрыс шешімі ғылыми 
факт теориялық жүктеме ала отырып, салыстырмалы түрде теориядан 
тәуелсіз  болады,  себебі  ол  негізінен  материалды  шындыққа 
негізделген  дегенді  қабылдау  болмақ.  Ғылыми  танымда  фактілер 
жиынтығы  гипотеза  ұсынуы  мен  теория  жасаудың  эмпирикалық 
негізін құрайды. Ғылыми теорияның міндеті фактіні сипаттау, оларды 
түсіндіру,  белгілі  болмағандарын  болжау  болып  табылады.  Фактілер 
теорияны  тексеруде,  дәлелдеуде  және  терістеуде  маңызды  рөл 
атқарады:  фактіге  сәйкес  келу  ғылыми  теорияға  қойылатын  басты 
талап. Теория мен фактінің сәйкесіздігі білімнің теориялық жүйесінің 
аса  күрделі  кемшілігі  деп  есептеледі.  Дегенмен,  егер  теория  бір 
немесе бірнеше фактілерге қарсы келсе, оны терістелген деп санауға 
болмайды,  өйткені  мұндай  қарсылық  теорияны  дамыту  немесе 
эксперименталды құралдарды жетілдіру кезінде жойылуы мүмкін.  
Теориялық  зерттеу  ғылымның  түсінік  (ұғым)  аппаратының 
дамуымен,  жетілдірілуімен  байланысты  және  шындық  болмыстың 
байланысын,  заңдылықтарын  жан-жақты  тануға  бағытталады. 
Ғылыми  танымның  бұл  деңгейі  білімнің  рационалды  формаларын  – 
ұғымдарды,  теорияларды,  заңдар  мен  басқа  да  ойлау  формаларын 


 
 
86 
кеңінен пайдаланумен сипатталады. Ал сезімдік таным қосалқы, яғни 
таным  процесіне  бағынышты  болады.  Теориялық  таным  құбылыстар 
мен  процестерді  олардың  әмбебап  ішкі  байланыстары  мен 
эмпирикалық  зерттеулер  мәліметтерін  рационалды  түрде  өңдеу 
нәтижесінде қол жеткізген заңдылықтар арқылы көрсетеді.  
Теориялық  зерттеуді  ғылыми  білімнің  жоғары    әрі  ең  дамыған 
формасы  ретінде  қарастыра  келе,  оның  проблема,  гипотеза,  теория 
сияқты құрылымдық компоненттерін көрсетуге болады.  
Проблема – теориялық зерттеудің формасы, оның мазмұнын әлі 
адам  танып,  білмеген  нәрсе  қамтиды.  Проблема  таным  процесі 
кезінде  пайда  болатындықтан  ғылыми  танымның  формасы  емес,  екі 
негізгі  нәрсені  қаулы  және  шешімді  қамтитын  процесс  болып 
табылады.  Адам  танымының  даму  жолының  барлығы  алдымен  бір 
проблеманың  шешу  жолын  табу,  одан  соң  жаңа  проблемаларды 
анықтау ретінде көрінеді.  
Гипотеза  –  теориялық  білімнің  формасы,  ғылыми  теорияның 
фактілер негізінде жасалған болжамдардан тұратын, шынайы мәні әлі 
анықталмаған  және  дәлелдеуді  қажет  ететін  құрылымдық  элементі. 
Ғылыми гипотеза әрқашан нақты қандай да проблеманы шешу үшін, 
жаңа  эксперименталды  мәліметтерді  түсіндіру    немесе  теориядағы 
қайшылықтар  мен  эксперименттің  теріс  нәтижелерін  жоққа  шығару 
мақсатында  ұсынылады.  Гипотезаның  ғылыми  білімнен  алар  орнын 
көптеген  атақты  философтар  мен  ғалымдар  атап  өткен  болатын. 
Атақты  британ  философы,  логик  және  математик  А.Уайтхед  жүйелі 
ойлау  кейбір  арнайы  қосымшалы  жалпы  жағдайларға  арналған 
гипотезаларды 
пайдаланбай 
алға 
баспайтындығын 
айтқан: 
«Жеткілікті  дамыған  ғылым  екі  жағдайда  алға  басады.  Бір  жағынан, 
білімнің  дамуы  жұмыста  пайдаланатын  басты  гипотезаны  анықтау 
әдісінде  байқалса,  екінші  жағынан,  осы  гипотезаларды  түзету 
жұмыстары  жүргізіледі».  Теориялық  білімнің  формасы  ретінде 
гипотеза  оның  туындауы  мен  негізделуіне  қажет  кейбір  міндетті 
шарттарға  сай  болуы  керек:  ғылымда  қабылданған  заңдарға,  өзі 
түсіндіруге  тиіс  мәселе  төңірегіндегі  факті  материалдарына  сәйкес 
болуы  керек,  формалды  логика  заңдарына    қайшы  келмеуге  тиіс, 
қарапайым әрі дәлелдеуге немесе терістеуге келетін болуы керек.  
Теория  ғылыми  білімнің  ең  дамыған  және  күрделі  формасы. 
Ғылыми білімнің басқа формалары  – ғылымның заңдары, жіктеулер, 
топтастырулар, алғашқы түсіндіру сызбалары теорияның туындауына 
алғы шарттар жасайды. Сонымен қатар, олар көп жағдайда теориямен 
бірге  өмір  сүреді,  ғылым  жүйесінде  оған  ықпал  ете  отырып,  тіпті 
құрылымдық элементі ретінде   теорияға да кіреді. Ғылыми білімнің 
басқа  формаларынан  теорияның  өзіндік  ерекшелігі  ол  болмыстың 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау