Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет41/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89

 
 
114 
осы  екі  ағымның  өзара  тіршілік  ету  және  қақтығысымен  байқалады. 
Циклдің  ерекшелігі тәртіп  және хаостың бинарлық оппозициясы тиімді 
нәтижелердің көптігімен сипатталады: бұл негіздің сақталуымен өзгеруі 
де,  одан  бас  тартуда  (мысалы,  тәртіп  көп  немесе  хаос  көп)  және  сол 
қарама - қарсылықтың жаңа негізде үмітсіздігі (мысалы, уақыт басқа да, 
ал  тәртіп  сол  қалыпта).  қосымша  қатынас  ұйымдасқан  бірлестікке 
құрылымдалмаған  күш  және  қалдықтық  құрылымдардың  кіруі,  яғни 
бірлескен бүтінге одан тыс элементтердің кіруі. 
Өзіндік  ұйымдасқан  синергетикалық  жүйені  меңгеру  үшін  жаңа 
ғылыми 
ізденістің 
стратегиясы 
қабылданған. 
Ол 
дамудың 
баламалылығын  тудыратын  құрылым  ежелгі  салалық  графикке 
негізделеді. Бірінші бағыттағы дамудың болашақ траекториясын таңдау 
оған  кіретін  элементтердің  локалді  өзгерістердің  кездейсоқ  факторлар 
және энергетикалық әсер етудің шығыстық шарттарына тәуелді. Логика, 
методология  және  ғылым  философиясы  жөніндегі  Халықаралық 
конгресте (1995 ж. тамыз Флоренция) И. Пригожин Әмбебапқа қатысты 
кванттық өлшем идеясын ұсынады. 
Ғылыми  ізденістің  жаңа  стратегиясы  жүйе  мен  оның  құрамдас 
бөліктерінің қағидалы қайталанатын жүріс - тұрысын бір траекториядан 
басқасына  секіру  мүмкіншілігі  және  жүйесін  жоғалту  есепке  алу  керек. 
Жүйе  өзі  өткенін  ұмытса  ол  аяқ  астынан  және  айтарлықсыздай  әрекет 
етеді.  Бағытталған  өзгерістердің  дағдарыс  нүктелерінде  салаға  бөліну 
жүру  мүмкін.  Бұл  процесс  осындай  жүйелердің  қызмет  етуіндегі 
эволюцияланудың көпсанды комбинациясына жауапты. 
  Мұндай  методологиялық  көзқарасты  британдық  тарихшы  А. 
Тойнби  жалпы  өркениеттік  даму  процесіне  қатысты  қолданған.  Оның 
ойы 
бойынша 
өркениеттің 
басқа 
түрлері 
жоққа 
шығарылмайды.Тарихшының  ойынша  21  өркениет  бар.  Жалпы 
өркениеттік өсу формациялық бөлудің бірыңғай схемасына бағынбайды. 
Тарихи  процесс  өркениеттік  дамудың  көптүрлігін  көрсетеді  және  бір 
қоғам өкілдері тарихи оқиғаға әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері бірден 
өледі,  басқалары  тірі  қалады,  бірақ  олар  кейін  ештеңеге  жарамсыз 
болады; ал соңғылары осы сияқты мықтылардың артынан ереді. (Тойнби. 
А. Постижение истории М., 1991. 85 бет.) Тәуелсіз өркениет генезисі осы 
түрдегі бұрынғы қоғамнан құрылымдығы бойы алумен байланысты емес, 
ол  бастапқы  түрдегі  қоғам  мутациясы  немесе  қолданбалы  қоғам 
мутациясы процесімен байланысты. Қоғам  құлдырауы  әртүрлі тәсілмен 
және  әртүрлі  жылдамдықпен  жүреді.  Олар  дене,  ағаш  кесегі,  ал 
кейбіреулері желдегі тас тәрізді құлдырайды.  А.Тойнби ойынша, қоғам 
жеке  индивидтер  белсенділігінің  тоғысқан  жері  дейді.  Олардың 
генеалогиясы-тарихты  жасайтын  өмірлік  күш.  Тарихшының  бұл 
көзқарасы  посткласикалық  емес  методологияның  ең  жетекші 


 
 
115 
ережелерінің бірімен сәйкес. 
  Әлемнің  өзіндік  ашықтығын  шынайылықтың  кванттанудың  көп 
түрлі тәсілі, материяның түрлі сахналық - құрылымдық жиынтығы деуге 
болады.  Өзіндік  ұйымдастырушы  синергетикалық  жүйені  меңгеру 
стратегиясы  бифуркация,  флуктуация,  хаосомдылық,  диссипация, 
атракторлар, 
қисықсызықтар, 
анықталмағандық 
ұйымдармен 
байланысты.  Олар  категориалдық  мәртебеге  ие  болып,  барлық  типтегі 
жүйелердің  жүріс  -  тұрысын  түсіндіруге  қолданылады:  ағзаға  дейінгі, 
ағзалық,  әлеуметтік,  әрекеттілік  этникалық,  рухани,  және  т.б.  теңдіктен 
жағдайларда  бифурациялық  механизм  қызмет  етеді.  Ол  екіге  бөлінуі 
және  дамудың  жағыз  еместік  нүктесінің  бар  екендігін  білдіреді.  И. 
Пригожин  ойынша  бифуркациялық  процестер  жүйенің  әрбір  жағдайы 
күрделенуін  куәләндырады.  Н.Моисеев  әлеуметтік  жүйенің  әрбір 
жағдайы  бифуркационды  дейді.  Антропогенездің  ғаламдық  өлшемінде 
адамзат  дамуы  екі  бифуркацияны  басынан  өткізеді.  Бірінші,  палеолит 
дәуірінде  болған  және  ол  биәлеуметтік  шектеуші  заң  -  «өлтірме»  деген 
табу  жүйесін  бекітуге  әкеледі.  Екіншісі  неолитте,  геологиялық  нысаны 
кеңейтуімен  байланысты:  жер  өңдеу  және  мал  шаруашылығын 
меңгерумен (Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера. М.,1990.с.78) 
  Флуктуация  келіспеушілік  дегенді  білдіреді  және  екі  үлкен 
сыныпқа бөлінеді:сыртқы қоршаған ортадан туындайтын флуктуациялар 
өте мықты болып, жүйені толығымен алып, оған өз толқынын беріп және 
оның  өмір  сүру  режимін  өзгерте  алады.  Олар  жүйені  өзіне  қатысты 
тәртіп  типінен  шығарады,  бірақ  міндетті  түрде  хаосқа  немесе  басқа 
тәртіп деңгейіне не деген сұрақ туады. 
  Қарсылық көрсету жүйесі   - дисспативті деп аталады. Істің мәніне 
қарай бұл жүйенің флуктуация кезіндегі жүріс-тұрысының сипаттамасы. 
Дисспативтік  жүйенің  негізгі  қасиеті  кез-келген  әрекетке  әсер  ету 
сезімділікті және осымен байланысты төтенше теңсіздік. 
  Ғалымдар аттрактор деп аталатын құрылымды бөліп көрсетеді. Ол -
көптеген элементтер тартылатын орталық тәрізді. Мысалы, бірнеше көп 
адамдар  тобы  жиналғанда  өз  бағытымен  ары  қарай  қозғалуға  жағдай 
болмай,  соларға  қарсы  кете  алмайды.  Оның  траекториясының  қисығы 
жиналған  топ  жағына  мойын  созады.  Өмірде  оны  қызығушылық  дейді. 
Ал өзіндік ұйымдасуы теориясында мұндай процесс жинақталу жүйесіне 
қарай  сырғу  деп  аталады.  Аттракторлар  өз  айналасына  стохастикалық 
элементтерді  тартып  жинақтайды,  осылайша  орта  құрып  тәртіп 
қатысушы болады. 
  Жаңа  парадигманың  негізгі  бағыты  тұрақсыз  тең  емес  жүйе 
белгілейтін  болашақтың  шынайы  референті  жоқ  деп  тұжырымдайтын 
онтологиялық  анықталмағандық  феноменін  зерттеу  қажеттілігімен 
қақтығысады.  XX  ғ.  ортасында  анықталмағандық  бірнеше  батыс 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау