Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет29/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89

 
 
82 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Ғылымның пайда болу кезеңдеріне қандай негізгі көзқарастар 
бар? Соның ішінде көп тараған көзқарас қайсысы? 
2.  Ғылымның интуитивтік-тәжірибелік жағдайы мен 
теоретикалықтың айырмашылығы неде? Тарихтағы ғылыми 
теорияның пайда болуы неден басталды? 
3.  Ғылым тарихы: дамуы, негізгі проблемалары және сұрақтары. 
4.  Алғығылым және оның негізгі ерекшеліктері. 
5.  Миф, технология, ғылым. 
6.  Мәдениет тарихындағы ғылым генезисы. 
7.  Ғылымның әлеуметтік тарихы. 
8.  Ертешығыстағы алғығылымның ерекшеліктері. 
9.  Антикалық  ғылымның  ерекшеліктері:  бастауы,  кезеңдері, 
негіздемелері. 
10.  Ортағасыр  ғылымдарының  ерекшеліктері:  негізгі  пайымдары, 
мәдени мәні. 
11.  Жаңаеуропалық 
ғылымның  қалыптасуы  және  мәдениет 
тарихындағы маңызы. 
12.  Классикалық ғылымның бастаулары. 
13.  Қазіргі ғылымның ерекшеліктері: негізгі критерийлері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
83 
3.1 Ғылыми танымның 
         деңгейлері, 
формалары  және әдістері 
3 ТАРАУ.  ҒЫЛЫМИ  БІЛІМНІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
Ғылыми  таным  аса  күрделі 
құрылымның үнемі даму үстіндегі 
біртұтас  жүйесі,  аталған  жүйенің 
элементтері  арасындағы  өзара 
тұрақты    байланысты  білдіретін 
процесс.  Ғылыми  танымның  құрылымы  әр  ортада  әртүрлі  көрінеді 
және  өзінің  арнайы  элементтерінің  жиынтығына  сәйкес  болуы 
мүмкін.  Ғылыми  танымның  негізгі  құрылымын  қарастыра  келе, 
В.И.Вернадский  «ғылымның  негізгі,  анық  (талассыз),  мәңгілік 
қалқаны  (оның  негізгі  ұйытқысы)»  төмендегі  басты  элементтерден 
тұрады деп көрсетеді:1) Математикалық ғылымдардың барлық қыры; 
2) Логикалық ғылымдар толығымен; 3) Олардың жүйесіндегі ғылыми 
фактілер,  жіктеулер  және  ғылыми  аппаратты  қоса  алғанда  олардан 
шығарылған эмпирикалық  жалпылау. Ғылыми  білімнің  бұл тұстары 
біртұтас  ғылым  ретінде  қарқынды  дамуда  болады  және  олардың 
қамтитын  аумақтары  күн  өткен  сайын  ұлғая  береді.  Сонымен  қатар, 
В.Вернадскийдің пікірінше, біріншіден, жаңа ғылымдар толықтай осы 
элементтермен  қамтылған  және  олардың  көмегімен  құрылады; 
екіншіден,  жалпылау  мен  фактілердің  ғылыми  аппараты  ғылыми 
жұмыстың  нәтижесінде  үнемі  гоеметриялық  прогресс  бойынша 
дамиды;  үшіншіден,  ғылыми  тұрмыстың    тірі,  динамикалық,  өткенді 
қазіргі уақытпен байланыстыратын мұндай үрдісі адамның өмір сүру 
ортасына өз-өзінен  әсер етеді, ол үрдіс биосфераны ноосфераға яғни 
ақыл-ой  сферасына  айналдыратын  даму  үстіндегі  геологиялық  күш 
болып табылады. 
Ғылыми  танымның  субъектісі  мен  объектісінің  өзара  ықпалы 
тұрғысынан  қарасақ,  ғылым  өзара  бірліктегі  ең  қажет  төрт  
компоненттен тұрады. 
Ғылымның субъектісі – ғылыми танымның ең негізгі элементі 
– жеке зерттеуші немесе ғылыми қоғамдастық, ұжым, жалпы алғанда 
қоғам.  Ғылымның  субъектілері  материалдық  және  рухани 
объектілердің  әртүрлі  құбылыстарын,  қасиеттерін,  ерекшеліктерін 
және  өзара  байланыстарын  зерттейді.  Ғылыми  қызмет  зерттеуші 
субъектінің арнайы дайындығын талап етеді, дайындық барысында ол 
тарихи  және  қазіргі  концептуалды  материалдарды    және  ғылыми 
зерттеуде қолданылатын құралдар мен тәсілдерді меңгереді. 
Ғылымның объектісі– ғылыми танымның пәндік жағы, аталған 
ғылымның  немесе  ғылыми  пәннің  зерттейтін  мәселесі,  зерттеушінің 
барлық ой-танымы бағытталған нәрсе.   


 
 
84 
Ғылыми танымның пәні кең мағынада  – объектілер әлемінен 
адам  қызметі  үрдісі  кезінде  танылатын  қандай  да  бір  шектеулі 
біртұтастық,  немесе  нақты  объект,  зат  және  оның  түрлі 
ерекшеліктерінің, қасиеттерінің, байланысының жиынтығы.  
Аталған  ғылымға  немесе  ғылыми  пәнге  тән  және  оның  пәнінің 
ерекшеліктеріне негізделген әдіс-тәсілдер жүйесі. 
 
Ғылымның  тілі  –  арнайы  таңбалар  жүйесі,  табиғи  және 
жасанды  (белгілер,  символдар,  математикалық  теңдеулер,  химиялық 
формулалар т.с.с.) тіл.  
 
Жоғарыда аталғандардан басқа қырынан қарастырғанда ғылыми 
танымның тағы да төмендегідей элементтері анықталған: 
 
эмпирикалық 
тәжірибелерден 
жиналған 
фактілік 
материалдар; 
 
оны  алғашқы  концептуалы  категорияларға  жалпылау 
нәтижелері; 
 
фактілерге  негізделген  мәселелер  және  ғылыми  болжамдар 
(гипотезалар); 
 
олардан  шығарылған  заңдар,  принциптер  және  теориялар, 
ғаламның бейнесі; 
 
философиялық негіздеме
 
әлеуметтік,  мәдени,  құндылықтық  және  дүниетанымдық 
негіздер; 
 
ғылыми танымның әдістері, ережелері, мұраттары; 
 
ойлау  түрлері  және  басқа  да  элементтер,  мысалы  санадан 
тыс. 
Сонымен  қатар,  барлық  ғылыми  білімнің  құрылымында 
дәстүрлі  ғылымилық  ұғымына  кірмейтін  элементтер  де  бар: 
философиялық,  діни  ойлау  (елестету);  психологиялық  стереотиптер, 
қызығушылық  және  қажеттік  (мұқтаждық);  вербализацияға  және 
рефлекске  бағынбайтын  инеллектуалды  және  сенсорлық  дағдылар; 
қарама-қарсылықтар мен парадокстар; жеке құмарлық және адасулар. 
Осындай  жағдайларды  ескере  келе,  Вернадский  «ғылыми  ойды 
анықтайтын  және  ғылыми  нәтижелер  мен  ғылыми  қорытындыларды 
философиялық  және  діни  пікірлерден  бірден  айыратын  бір  негізгі 
құбылыс  бар.  Ол  жалпыміндеттілік  және  талассыз  дұрыс  жасалған 
ғылыми  тұжырымдар,    ғылыми  пікірлер,    ұғымдар  және 
қортыныдылар » деп жазған.  
Даму үстіндегі білім жүйесі ретінде ғылым екі негізгі кезеңнен 
тұрады – эмпирикалық және теориялық. Оларға өзара байланысты әрі 
өзіндік  ерекшеліктері  бар  таным  қызметінің  екі  түрі  –  эмпирикалық 
(тәжірибелік)  және  теориялық  (рационалды)  зерттеу  –  ғылыми 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау