Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет31/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89

 
 
87 
белгілі  бір  саласындағы  кездесетін  байланыстар  мен  заңдылықтар  – 
аталған теорияның объектісі туралы тұтас көрініс болуында. Ғылыми 
теорияға 
Ньютонның 
классикалық 
механикасы, 
Дарвиннің 
эволюциялық 
теориясы, 
Эйнштейннің 
сәйкестік 
теориясы. 
Эйнштейннің  пікірінше,  кез-келген  теория  төмендегі  белгілерге 
(критерийлерге)  жауап  беруі  тиіс:  тәжірибе  мәліметтеріне  қарсы 
шықпау;  тәжірибе  жасалған  материалдар  бойынша  тексеруге  келетін 
табиғилығымен;  логикалық  қарапайымдылығымен  ерекшелену; 
неғұрлым  анықталған  жағдайдан  тұру;  көріктілігімен,  сұлулығымен, 
үйлесімділігімен  ерекшелену;  қолдану  аясының  кең  болуы;  жаңа, 
жалпылама  теорияларды  жасауға  жол  сілтеу.  Өзінің  құрылысына 
қарай  теория  іштей  бөлінген  (дифференцияланған),  бірақ  бір 
элементтің екіншіге логикалық жағынан тәуелді болатын және теория 
мазмұнының кейбір пікірлер мен ұғымдар жиынтығы, арнайы логика-
әдіснамалық  ережелер  арқылы    шығарылатындығын  сипаттайтын 
біртұтас білімдер жүйесін құрайды.  
Ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық деңгейлері бір-
бірімен  тығыз  байланысты.  Эмпирикалық  зерттеулер  бақылау  мен 
эксперимент  арқылы  жаңа  мәліметтер  ала  отырып,  теориялық 
зерттеудің дамуын ынталандырады, оларға жаңа міндеттер жүктейді. 
Теориялық  зерттеулер  ғылымның  теориялық  мазмұнын  дамыта, 
нақтыландыра түсіп, фактілерді болжау мен түсіндірудің болашағын, 
жаңа  жағын  көрсетеді,  эмпирикалық  зерттеуді  бағыттап  отырады. 
Ғылым  біртұтас  динамикалық  жүйе  ретінде  тек  жаңа  эмпирикалық 
зерттеулермен  байып,  оларды  теориялық  құралдар  жүйесі,  таным 
формалары  мен  әдістерінде  пайдалана  отырып  қана,  сәтті  дамуы 
мүмкін.  Ғылым  дамуының  белгілі  бір  сатысында  эмпирикалық 
зерттеу  теориялық  зерттеуге  өтеді  және  керісінше.  Бұл  ұғымдардың 
біреуін дамыту үшін екінішісін тежеуге болмайды.  
Ғылымда  шынайы  білімді  алу  мен  негіздеу  түрлі  ғылыми 
әдістер арқылы жүзеге асырылады.  
Әдіс  (гр:  metodos  –  зерттеу  жолы  немесе  таным)  –  іс-әрекетті 
практикалық  және  теориялық  жағынан  меңгеру  ережелері,  тәсілдері 
және  операцияларының  жиынтығы.  Ғылыми  білімдегі  әдістің  негізгі 
қызметі – белгілі бір объектіні тану үрдісін іштей ұйымдастыру және 
бақылау.  
Әдіснама  әдістер  жүйесі,  жалпы  әдістер  теориясы  ретінде 
анықталады.  Қазіргі  әдістер  жүйесі  ғылымның  өзі  сияқты  сан  алуан. 
Ғылым  зерттейтін  объектілердің  мазмұны  жаратылыстану  және 
әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  әдістерін  бір-бірінен  айыратын 
белгі  рөлін  атқарады.  Өз  кезегінде  жаратылыстану  ғылымдарының 


 
 
88 
әдістері  іштей  өлі  табиғатты  және  тірі  табиғатты  зерттейтін  әдістер 
болып бөлінеді.  
Әдістің  сипаты  көптеген  факторлар  арқылы  анықталады: 
зерттеу  нысанымен,  қойылған  міндеттің  жалпылығы,  жинақталған 
тәжірибе,  ғылыми  білімнің  даму  кезеңдерімен  және  т.б.  Ғылыми 
білімнің  бір  саласына  пайдаланған  әдіс  басқа  салада  көздеген 
мақсатқа  қол  жеткізуге  көмек  бере  алмауы  мүмкін.  Ғылыми  пәннің 
қалыптасу  дәуірінде  қолданылған  әдістер  ол  дамыған  сайын  аса 
күрделі  және  жетілдірілген  әдістерге  орын  босатады.  Дегенмен 
көптеген жетістіктер бір ғылымда жоғары нәтиже көрсеткен әдістерді 
басқа  саладағы  ғылыми  білімге  ауыстырып  қолданудан  шыққан 
болатын.  Мысалы,  биологияда  физика,  химия  жүйелерінің  жалпы 
теориясының  әдістері  сәтті  қолданылуда.  Математикалық  әдістер  де 
түрлі  ғылым  саласында  қолданылып,  жақсы  нәтиже  көрсетті.  Демек, 
қолданатын әдістер негізінде екі қарама-қарсы үрдіс дифференциация 
және интеграция жүзеге асады.  
Ғылым  теориясында  және  танымның  ғылым  әдіснамасында 
әдістерді  түрліше  жіктейді.  Мәселен,  В.Канке  ұсынған  ғылыми 
әдістер жіктемесінде төмендегідей әдістер көрсетілген: білімді белгілі 
объектіден  белгісізге  өткізетін  және  ғылыми  ашылулар  мәселесімен 
тығыз  байланысты  индуктивті  әдіс;  жаратылыстанудағы  ғылыми 
түсініктің  ережелерін  анықтайтын  және  ғылым  түсініктің  шынайы 
жағдайға  сәйкестігін  анықтауға  негізделген  гипотетико-дедуктивті 
әдіс;  логикалық  және  математикалық  талдаулардың  ережелерін 
анықтайтын  аксиомалық  және  конструктивті  әдіс;  әлеуметтік-
гуманитарлық  білімде  жиі  қолданылатын  құбылысты  түсіну 
(интерпретация),  зерттеуші  мен  мәдениет  әлемі  арасындағы 
құндылықты байланыс құруға негізделген прагматикалық әдіс. 
  жалпы  әдістер:  анализ,  синтез,  абстракциялау,  салыстыру, 
индукция, дедукция, аналогия және т.б. да анықталған. 
  арнайы,  яғни  ғылымда  қолданылатын:  ғылыми  бақылау, 
эксперимент, 
идеализация, 
формализация, 
аксиомализация, 
абстракциядан нақтылыққа ауысу және т.б. 
  тәжірибелік, 
яғни 
ғылыми 
танымның 
заттық-сезімдік 
деңгейінде қолданылатын: бақылау, өлшеу, тәжірибелік эксперимент. 
  логикалық:  дәлелдеу,  терістеу,  түсіндіру,  салдарын  анықтау, 
жақтау. 
Бақылау, өлшеу, тәжірибелік эксперимент эмпирикалық әдістерге 
де  жатады.  Идеализация,  ойлау  эксперименті,  абстракциядан 
нақтылыққа  өту  сияқты  әдістер  теориялық  болып  табылады. 
Әдістердің  бірі  білімді  негіздеуге  арналса  (эксперимент,  дәлелдеу, 


 
 
89 
3.2  Ғылымның  
әдіснамалық негіздері 
 
түсіндіру,  интерпретация),    енді  бірі  жаңалықтар  ашуға  бағытталған 
(бақылау,  индуктивті  жалпылау,  аналогия,  ойлау  эксперименті). 
Жалпы алғанда әдіснамалық жағдай және принциптер қазіргі ғылыми 
білімнің  инструменталдық  (құралдық)  және  технологиялық  негізін 
құрайды.  
Қорыта  айтқанда,  ғылыми  таным  субъект  және  объект 
қатынасынан  тұрады;  өзінің  арнайы  тілі  бар;  түрлі  деңгейлері, 
формалары және әдістері бар: эмпирикалық зерттеулер (ғылыми факт, 
бақылау,  өлшеу,  эксперимент);  теориялық  зерттеулер  (проблема, 
гипотеза, теория). 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Ғылымның философиялық негіздемелері: көзқарас эволюциясы. 
2.  Ғылыми білімнің дамуындағы әлеуметтік факторлар. 
3.  Ғылымды талдаудағы логика эпистемологиялық қадам. 
4.  Ғылыми танымның негізгі деңгейлері. 
5.  Ғылым лингвистикалық жүйе ретінде. 
6.  Ғылыми танымның құралы ретіндегі ғылым тілі. 
7.  Қазіргі ғылымдағы рефлексия мен ұғыну рөлі. 
8.  Ғылымы білімнің әдістері. 
9.  Таным 
әдістері  мен  құралдарының  әрбір  ғылымдардағы 
ерекшелігі. 
10. Формализация теориялық танымның әдісі ретінде. 
11. Индукция ғылыми танымның әдісі ретінде. 
12. Дедукция ғылыми әдісі ретінде. 
13. Методология және жүйелілік қадам. 
14. Әлеуметтік таным және оның методологиялық негіздері. 
 
Ғылым  бір  жағынан  дербес,  екінші 
жағынан  мәдениет  жүйесіне  кіреді.  Бұл 
ерекшеліктер  оның  негіздемелерімен 
байланысты.  Ғылымның  негізінің  төмендегідей  компоненттері 
анықталған:  әдіснамалық,  ғылыми  қызметтің  мұраттары  мен 
ережелері,  ғаламның  ғылыми  бейнесі,  философиялық  негіздер, 
әлеуметтік-мәдени  негіздер.  Алғашқы  үш  компонент  ғылымның 
дербестігін,  басқа  рухани  мәдениеттің  формаларынан  ерекшелігін 
сипаттаса,  соңғы  екі  компонент  ғылымның  мәдениеттер  жүйесіне 
енетіндігін аша түседі. 
Ғылым  өзінің  әдіснамалық  негіздемелеріне  сүйене  отырып 
дамығанда  ғана  дербестікке  ие  болады.  Ғылым  дамуының  алғашқы 
сатысында  негіздеме  ретінде  философиялық  тұжырымдар  алынған. 
Осындай жайт Ежелгі Грек ғылымына тән болды. Антикалық мәдениетте 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау