Си жоғары тіл және машина-бағдарлау тілінің қосындысы ретінде,
бағдарлаушыларды барлық машиналар ресурстарында жұмыс істеуге
мүмкіндік берді, ал ондай мүмкіндік Бейсик пен Паскаль тілдерінде жоқ еді.
Ең алғашқы үлкен және кіші ЭЕМ машиналарына жасалған бағдарлама
тілдері, кейін жеке компьютерлерге қолданылатынын айтқан жөн. Жеке
компьютерлерге «персоналки» Паскаль, Бейсик, Си, Лого ғана емес, Лисп,
Пролог – жасанды ақыл тілдеріне де қолданатын болды.
Бағдарламаны қамтамасыз ету, көп жылдар бойы операциялық және
процедуралық Фортран, Бейсик, Паскаль, Ада, Си тілдер негізінде жасалып
келді. Сондықтан, бүгінгі соларға тән және соларға ұқсас тілдер (Модула,
Форт т.б.) қолданбалы бағдарлама жүйесін жасауда басым болды. Солай
болса тұрса да бағдарлама тілдері даму барысында бағдарламаны жасаудың
кең тараған түрлерін басынан өткерді.
Классикалық операциялық немесе процедуралық бағдарламалар
бағдарламашылардан мәселені қалай шешудің толық сипаттамасын талап
етеді, яғни алгоритмнің және оның анықтамасын арнайы сипаттауы керек.
Бұл топтағы тілдердің түсінігі – оператор мен мәліметтер.
Процедуралық бағдарлама кезінде операторлар бір топқа бір топқа
бірігеді – ол процедура. Құрылымдық бағдарлама толық алғанда осы
бағдарламадан тыс шықпайды, ол тек осы бағдарламаның тек қана пайдалы
жақтарын бағдарлау технологиясына кіргізеді.
Нысан – ориентир тілі көптеген бір-біріне бағынбайтын нысандардан
тұрады. Әр нысан жеке компьютер сияқты, оларды «қара жәшік» ретінде
қолданып, оның ішкі құрылысы мен оның жұмыс істеу мүмкіншілігіне көңіл
аудармай-ақ қоюға болады.
Нысандар бағдарламасы тілінен кәсібилер арасында кең тараған ең
алдымен Си++, ал көпшілік қауымға кең тараған түрлері Delphi және Visual
Basic.
Салтанатты (ресми) тілдерді екі тармаққа бөлуге болады: логикалық
(оның өкілдері – Пролог) және функционалдық (Лисп).
Жоғарыда айтылғандарды үлкен құрылымдар топтарының тіл
бағдарламасының мынандай кестесімен беруге болады. Онда негізгі
бағдарлау методологиясы; төменгі қатарда жазбамен жазылған – топтарға
сәйкес тілдердің құрылымы.
ПРОГРАММАЛАУ
Процедуралық
Процедуралық емес
Операциялық
Құрылымдық
Нысаналық
Декларативтік
Ассемблерлер,
Паскаль,
Visual Basic,
Сурет 2. Программалау тілдерінің классификациясы
3.2. Бағдарлау технологиясының негізгі түсініктемелері
Алфавит рәміздері қай тіл бағдарламасы болмасын «құрылыс
элементтері» болып есептеледі, олар алгоритмдік мағына бермейді, алайда
олар арқылы синтаксистік жобалар тілі жасалып, ол алгоритмдік мағына
береді.
Алфавит келесі рәміздер жүйесіне сүйенеді:
-
А-дан Z-ке дейінгі латынның бас әріптері;
-
араб цифрлары 0,1,2, ... 9;
-
арифметикалық амалдар белгілері:
«+» - қосу;
«-» - алу;
«х» - көбейту;
«/» - бөлу;
«\» - бүтінді бөлу;
-
амалдардың белгі қатынастары:
«=» - тең;
«>» - көп, үлкен;
«<» - аз, кіші;
«>=» - көп немесе тең;
«<=» - аз не тең;
Фортран,
Бейсик, Си,
Модула
Си++,
Делфи
Логикалық
Функционалдық
Пролог
Лисп
«<>» - тең емес.
-
айырғыштар және басқа рәміздер:
. – нүкте;
, - үтір;
; - нүкте үтір;
: - қос нүкте.
Жоғарыда айтылған рәміздерден басқа көп кілттік сөздер қолданылады,
оларды оператор деп атайды (ағылшын сөздері).
Бағдарлау жүйесінде ең маңызды түсінік Мәліметтер болып есептеледі.
Олардың төмендегідей мәліметтер түрі болады:
-
константты
-
ауысымды (переменные)
Мәтіндік және сандық константтары болады. Екіншісі өз алдына екі
түрге бөлінеді – заттық және бүтіндік. Сандық ауысым бағдарламада нақты
сан ретінде қолданылады.
Заттық ауысым – он мыңдық немесе белгісіз және нүкте арқылы.
Нүкте бүтін не бөлшектік константтың бөлігі.
Бүтін константа – ол он мыңдық сандардың белгі не белгісіз жиынтығы.
Мәтіндік (жолдық) константа – ол әр тілдің рәміздік сәйкестігі, ол
тырнақшалар арқылы шектеледі.
Тағы да бір бағдарламалау жүйесіндегі негізгі түсінік – ол массивтер.
Массив деп – біртектес заттардың жөнге салынған әрқайсысы өз
аттарымен аталатын жекелеген индекстермен аталып, тәртіп бойынша
өзгеруі. Олардың біртектес, екі тектес, үш тектес, алпыс тектес массивтері
болады. Алайда, кең қолданылатыны бір, екі тектес массивтер. Оның
біртектес ұқсастығы математикалық конструкция да, екі тестес – ұялық
(қалып) болып есептеледі.
4-тақырып. Мәліметтер базасының жүйелік басқарылуы.
Дәріс жоспары:
1. ақпараттық жүйелер.
2. Мәліметтер базасының ақпараттық жүйедегі құрылымы.
1. Ақпараттық жүйелер
Ақпараттық жүйелер аппараттық-бағдарламалық кешендерді білдіреді,
олар ақпараттарды арнайы ұйымдастырған жүйеде сақтап, онымен әртүрлі
жағдайда қолданылатын, оны өз тұрғысынан қамтамасыз ету, ақпараттарды
(есеп беруді) дайындау болып есептеледі.
Ақпараттық жүйе мен оның кейбір принциптері және оны ұйымдастыру
ЭЕМ пайда болғанға дейінгі шыққан өзекті мәселе.
Кітапханалар, архивтер, мекенжай бюросы, телефондық анықтамалар,
сөздіктер – осының барлығы ақпараттық жүйелер. Осы ақпараттық
жүйелерді жүзеге асыру үшін әртүрлі картотектер, папкалар, журналдар,
кітапханалық картотекалар қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |