Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет55/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70

 
123 
 
 
-  кейс  әдісі,  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  ӛмірлік  жағдаяттарды 
талқылауға даярлау үшін. 
Келесі тақырыпта біздер, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ 
тарих мұғалімдерінің даярлығы бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент 
жұмыстарын  баяндайтын  боламыз.  Оның  мазмұнында  зерттеудің  теориялық 
ұстанымдарының жүзеге асырылуы қамтылады. 
 
3.2  «Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтарын  оқытуға  болашақ  тарих 
мҧғалімдерін  даярлаудағы  тәжірибелік-педагогикалық  жҧмыстарының 
нәтижелері 
Болашақ  тарих  мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға 
даярлау  бойынша  зерттеу  жұмысына  байланысты  тәжірибелік-экспериментіне 
Қожа  Aхмет  Яcaуи  aтындaғы  Xaлықapaлық  қaзaқ-түpiк,  М.Әуeзoв  aтындaғы 
Oңтүcтiк  Қaзaқcтaн  мeмлeкeттiк  университеті  мен  Оңтүстік  Қазақстан 
мемлекеттік  педагогикалық  институтынан  126  білім  алушы  қатынасты. 
Эксперимент тобына - 64, бақылау тобына - 62 білім алушы қатыстырылды. 
Зерттеу  жұмысының  2.2  тақырыпшасында  болашақ  тарих  мұғалімдерін 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлығын  эксперимент  жүргізу  үшін 
кӛрсеткіштер, ӛлшемдер  анықталған болатын.  Біздер  анықталған мәліметтерге 
байланысты анықтау экспериментін жүзеге асырдық және алынған мәліметтер 
тӛмендегідей сипат алды (7 - кесте). 
 
7 - кесте - Анықтау экспериментінің нәтижелері 
 
Қалыптастырылу 
деңгейлері 
Анықтау эксперименті 
Эксп.тобы (64) 
Бақ.тобы (62) 

Адам 

Адам 
Жоғары  
7,8 

8,1 

Орта  
39,1 
25 
41,9 
26 
Тӛмен  
53,1 
34 
50,0 
31 
 
7-кестеге  сәйкес  тӛмендегідей  пікір  айтуға  болады.  Екі  топтада  жоғары 
деңгей шамалас болды, яғни жуық шамамен 8 %-ды құрады. 
ЖОО  практикасы  біз  зерттеп  отырған  сапалық  қасиеттерді  ӛз  деңгейінде 
қалыптастырмайтыны анықталды. 
Болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерінің  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқытуға даярлығын қалыптастыру мәселелерін теориялық зерттеумен, моделін 
ғылыми  негіздеумен  қатар,  зерттеуде  даярлықтың  қалыптастырылуының 
сапасын  бағалау  мақсаты,  міндеттерін,  мазмұнын  анықтау  және  болашақ 
тарихшы  мұғалімдердің  оқушыларда  құндылықтарды  оқытуға  даярлау 
әдістемесін эксперимент жолымен тексеру қажет болды. 
Тәжірибелік-педагогикалық  жұмысының  мақсаты  болашақ  тарихшы 
мұғалімдерді «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға даярлығын қалыптастыру 
тиімділігін тексеруге бағытталды. 


 
124 
 
 
Эксперименттік  зерттеуді  ұйымдастыру  үш  кезеңде  жүзеге  асырылды: 
анықтау,  қалыптастыру  және  бақылау.  Эксперимент  жұмысының  барлық 
кезеңдері  ӛзара  байланысты  және  зерттеудің  жалпы  мақсатына  бағынады. 
Дегенмен  де,  олардың  әрқайсысының  ӛзінің  міндеттері,  мазмұны  және 
нәтижелері бар. 
Жүргізілген  анықтау  экспериментінің  мақсаты:  болашақ  тарих  пәні 
мұғалімдерінің құндылықтарды оқытуға даярлығы жағдайын ӛлшеу. Бұл кезең 
білім  беру  практикасындағы  мәселе  жағдайын  анықтауға  бағытталады. 
Жүргізілген  анықтау  эксперименті  нәтижесінде  қалыптастыру  экспериментін 
зерттеу және ұйымдастыру үшін бастапқы материалдар жинақталды, талданды 
және басшылыққа алынды. 
Қалыптастыру 
экспериментінің 
мақсаты 
ұсынылған 
базалық, 
мамандандыру  пәндері  бойынша  алған  құндылықтарды  оқытуға  даярлығын 
қалыптастыру. Зерттеу жұмысына сәйкес әзірленген модель негізінде болашақ 
тарихшы  мұғалімдердің  құндылықтарды  оқыту  даярлығын  қалыптастыру 
үдерісін  жүзеге  асыру.  Оның  міндеті  зерттеу  болжамын  тексеру  және 
басшылыққа алу немесе терістеу болып табылады. 
Эксперимент  жұмысының  бақылау  кезеңінде  болашақ  тарихшы 
мұғалімдердің  құндылықтарды  оқытуға  даярлығының  қалыптастырылған 
деңгейі  анықталды.  Осыған  сәйкес  эксперимент  және  бақылау  топтарындағы 
болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  құндылықтарды  оқытуға  даярлығын 
қалыптастыру  деңгейіндегі  сандық  және  сапалық  айырмашылықтар 
айқындалды. 
Тәжірибелік-педагогикалық  жұмыс  мақсаты  негізінде  оның  негізгі 
міндеттері қалыптастырылды: 
1)  эксперимент  базасын,  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерінің 
құндылықтарды  оқытуға  даярлығы  қалыптастырылғанының  ӛлшемдері  мен 
деңгей кӛрсеткіштерін анықтау; 
2)  зерттеліп  отырған  даярлықты  қалыптастыру  үдерісінің  сапасын 
қамтамасыз ететін формалар мен әдістерді негіздеу және әзірлеу; 
3)  оқу  пәні  мазмұнының  оқу-тәрбие  үдерісінде  болашақ  тарих 
мұғалімдерінің  құндылықтарды  оқытуға  даярлығын  қалыптастыруға  ықпал 
ететінін тексеру; 
4)  эксперимент  нәтижелерін  талдау  және  оларды  тұжырымдаумен 
сипаттап жазу. 
Жүргізілген  анықтау  эксперименті  болашақ  тарих  мұғалімдерінің 
құндылықтарды  оқытуға  даярлығының  қалыптастырылғандығын  белгіленген 
ӛлшемдер  мен  деңгейге  байланысты  анықтауға,  керекті  инструменттерді 
іріктеуге  бағытталды.  Бұл  мәселе  бойынша  жүргізілген  жұмыстар  2.2 
тақырыпта қарастырылды. 
Тәжірибелік  жұмыстың  қалыптастыру  кезеңі  анықталған  оқыту 
мазмұндары  (әдістемелік  пәндерге  енгізілген  педагогикалық  тапсырмалар) 
арқылы  қарастырып  отырған  сапаға  әсері,  болашақ  тарихшы  мұғалімдердің 
құндылықтарды  оқыту  даярлығының  құраушысы  болып  табылатын 


 
125 
 
 
мотивациясын,  білімін,  іскерлігін  және  тұлғалық  сапалық  қасиеттерін 
қалыптастыруға арналды. Осы кезеңде болашақ тарих мұғалімдерінің белсенді 
іс-әрекеті  ұйымдастырылып,  ӛздерінің  де  ұлттық  құндылықтар  мен  оларды 
оқытуға  даярлығын  қалыптастыруға  мүдделі  екендігін  сезінуіне  ықпал 
күшейтілді.  Білім  беру  мекемелерінде,  оның  ішінде  мектептегі  педагогикалық 
практикалар  кезінде  болашақ  тарих  мұғалімдерінің  құндылықтарды  оқытуға 
даярлығын  қалыптастыруға  бағытталған  жұмыстарға  назар  аударып,  ӛзіндік 
үлесін  қосуға,  тәжірибелі  мұғалімдердің  оқу  жұмыстарына,  сабақтарына 
қатысып,  пікір  алмасуға,  олардан  үйренуге  мүмкіндік  жасалды.  Болашақ 
тарихшы  мұғалімдердің  дәрісханалық  оқу  жұмыстарына,  арнаулы  курстарда 
семинарларға, практикалық сабақтарға белсенді қатысып, ӛз бетінше дайындық 
жұмыстарына, теориялық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік жасалды. 
Болашақ  тарихшы  мұғалімдердің  құндылықтарды  оқытуға  даярлығын 
қалыптастырудың  ерекшеліктерін  зерттеу  кәсіби  іс-әрекетке  болашақ 
мұғалімдердің  мотивациясы  деңгейімен,  оқу-әдістемелік  даярлығының 
болуымен,  педагогикалық  іс-әрекетте  ӛзін  дамыту,  ӛзін  жетілдіру  ұмтылысы 
дәрежесімен  сипатталатын  құраушыларды  талдаумен  басталды.  Мотивация 
құраушыларының  қалыптасқандығының  деңгейін  анықтау  үшін  әдістеме 
бойынша 
зерттеу 
жүргізілді, 
берілген 
құраушылардың 
кӛрсетілген 
кӛрсеткіштерінің бәрі қамтылды. 
Болашақ  тарихшы  мұғалімдердің  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  мен 
оларды оқыту бағыттылығын зерттеу және факторларды бӛліп алу үшін кәсіби 
педагогикалық  іс-әрекетті  жүзеге  асыруда,  қажеттілігін  анықтауда  сауалнама 
алынды. Олардағы негізгі сұрақтар қосымшада берілді (қосымша Б). 
Зерттеу  жұмысы  барысында,  қалыптастыру  экспериментінде  автордың 
әзірлеген  оқу  құралы  пайдаланылды.  Ұсынылған  оқу-әдістемелік  құралды 
практикалық  қолдану  мүмкіндігі  қарастырылды.  2.2  тақырыпта  әзірленген 
теориялық  модельге  сәйкес  «Жаңа  және  қазіргі  замандағы  Қазақстанның 
тарихы»,  «Тарихнама»  және  «Тәуелсіз  Қазақстанның  тарихы»  курстарының 
тақырыптары бойынша педагогикалық тапсырмалар әзірленіп, оқу жұмыстары 
барысында  қолданылды  (тӛменде  олар  бойынша  материалдар  қосымша 
беріледі). Зерттеудің негізгі мақсаты болашақ тарих мұғалімдерінің әдістемелік 
даярлығын  жетілдіру  болғандықтан  педагогикалық  тапсырмалардың  дені  осы 
бағытта болды.  
Болашақ  тарих  мұғалімдерінің  құндылықтарды  оқытуға  даярлығын 
қалыптастыруға бағытталған оқу материалдарының жеткіліксіздігінен біздер  –
«Тарихты  оқыту  әдістемесі»  пәні  бойынша  курс  мазмұнына  сәйкес  семинар 
ұйымдастырдық. 
Ұйымдастырылған семинарда тарих пәні бойынша сабақ тақырыптарында 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  жан-жақты  талқылау,  әңгіме-кеңес,  дӛңгелек 
үстел,  диспут,  интеллектуалдық  жарыстар,  іскерлік  ойындары,  дидактикалық 
ойындар,  рефератты  талқылау,  оқу-жаттығуды  қосымша  орындау,  т.б.  түрінде 
ӛткізілді. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау