Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет44/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70

 
98 
 
Болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  даярлау  үдерісінде  танымдық  және  іс-
әрекеттік  компоненттер  мазмұны  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  мектеп 
қабырғасында  оқыту  үшін  біздің  ойымызша  тӛмендегілерді  қамтуы  тиіс  деп 
білеміз: 
- отанға және ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу; 
-  тарихи  және  мәдени  мұраны  құрмет  тұту  (тарихи  білім  мен  тарихи 
сананы бойына сіңіру); 
-  ұлттық  және  рухани  құндылықтарды  айыру  және  оларды  қорғау  мен 
құрмет тұтуды мақсат ету; 
- бірлікті жоғары қоюды тәрбиелеу; 
- абыройлы болуды мақсат ету; 
-  «тәуелсіздік»  ұғымын  терең  сезіну  және  оны  қорғауға  ұмтылысын 
тәрбиелеу; 
- діни тағаттылыққа сенімді кӛзқарасты орнату; 
- бейбітшіліктің мәнін түсіну және құрмет тұту; 
- еңбексүйгіштікке баулу. 
Зерттеуге  қатысты  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдері  ұйымдастыру-
әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыруы тиіс деп білеміз, олар: 
- оқиға және тарихнамалық мәтінді талдау; 
- құжаттармен жұмыс жасау; 
- фильм кӛрсету; 
- тарихи жерлер мен музейлерге саяхат жасау; 
- биографиялық зерттеу жүргізу; 
-  үлгі  болу  сияқты  түрлі  құндылықтарды  оқыту  әдістерін  қолданумен 
жүзеге асыратындығы белгілі болып отыр. 
Зерттеулерге  сәйкес  болашақ  тарих  мұғалімдерінің  әдістемелік 
даярлығының  негізін  –  педагогикалық  іскерліктер  түзеді  деп  білеміз.  ЖОО 
болашақ  тарих  мұғалімдерінде  педагогикалық  іскерліктің:  зерттеушілік, 
құрастырушылық, ұйымдастырушылық, ақпараттық, коммуникативтік іс-әрекет 
түрлерінің  қалыптастырылуына  басымдық  беру  қажет.  Бұл  дегеніміз 
педагогикалық  іскерліктердің  басқа  түрлерін  назардан  тыс  қалдыру  дегенді 
білдірмейді. Оларға қысқаша тӛмендегідей сипаттама беруге болады: 
-  зерттеушілік  –  оқу  материалдарын,  оқушылардың  ерекшеліктерін 
зерделеу, пайдаланатын оқу жұмыс құралдары мен әдістерін болжау, т.б. 
-  құрастырушылық  –  оқу  және  тәрбие  жұмыстарын  жоспарлау,  оқу 
материалдарын талдау және жинақтау, іріктеу және күрделі оқу материалдарын 
дидактикалық тұрғыдан қайта ӛңдеуді жүзеге асыру, т.б. 

ұйымдастырушылық 
– 
оқушылардың 
әртүрлі 
іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру, олардың белсенділігін дамыту, бақылауды жүзеге асыру, т.б. 
-  ақпараттық  –  оқу  материалдарын  оқушыларға  түсінікті  етіп  жеткізу, 
ақпаратты тарату құралдарын дұрыс іріктеу, т.б. 

коммуникативтік 
– 
оқушылармен 
қарым-қатынасты 
орнату, 
қатынастарды реттеу, педагогикалық ықпалдың нәтижесін алдын ала кӛре алу, 
т.б. 


 
99 
 
Зерттеу жұмысы бойынша теориялық-әдіснамалық тұғырларды назарға ала 
отырып,  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерінің  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқытуға  даярлығын  құраушы  компоненттер  құрамы  мен  оның  ӛлшемдерін 
анықтауды және оларға сипаттама жасауды дұрыс деп таптық (6 - кесте). 
6  -  кесте  -  Болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерінің  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқытуға даярлығының құрылымы 
 
Құраушылар 
Ӛлшемдер 
Кӛрсеткіштер 



Мотивациялық-
құндылық 
Мотивтер бағыттылығы; 
ӛзін-ӛзі жетілдіруге 
ұмтылысы. 
1. Құндылықтарды меңгеруге және оларды 
оқытуға мотивінің және қызығушылығының 
болуы; 
2. Ӛзіндік білім алуға ұмтылысы;  
3. Тарих пәні мұғаліміне тән жеке тұлғалық 
әлеуетін жүзеге асыруы. 
Танымдық 
(когнитивті) 
Психология, педагогика, 
арнайы пән (тарихи 
білімі) әдістеме 
бойынша білімдерін 
меңгеруі.  
1. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын білуі мен 
түсінуі; 
2. Құндылықтарды оқыту бойынша алған білімді 
практикада қолдануы. 
Іс-әрекеттік  
Педагогикалық 
іскерліктерді, оқу 
жұмыстарын 
ұйымдастыру 
іскерліктері мен іс-
әрекет тәсілдерін 
меңгеруі. 
1. Тарих пәні мазмұнына сәйкес «Мәңгілік Ел» 
құндылықтарын оқытуды жобалау іскерлігі; 
2. Құндылықтарды оқытуда субъектілердің 
бірлескен іс-әрекетін және тұлғааралық ӛзара 
әрекетті ұйымдастыру іскерлігі; 
3. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуда 
әдістемелік іс-әрекеттерді жүзеге асыруы. 
Рефлексивті-
бағалау 
Ұйымдастырылған оқу 
жұмыс түрлеріне, іс-
әрекеттерге баға беру 
1. Талдау жасауы. 
2. Баға беруі. 
3. Жетілдіруді жобалауы. 
 
6-кестені  басшылыққа  ала  отырып,  ЖОО  болашақ  тарих  пәні 
мұғалімдерінің дайындығының деңгейі анықталады. Зерттеу жұмысы бойынша 
біздер үш деңгейді дұрыс деп білеміз. Олар: жоғары, орта және тӛмен. 
Жоғары  деңгей:  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарына  қызығушылығы  жоғары; 
құндылықтарды  оқыту  іс-әрекеттерін  меңгеруге  мотиві  мен  қызығушылығы 
айқын  кӛрініс  табады;  құндылықтарды  зерделеуді  меңгерген  және  оларды 
оқытуда  педагогикалық  іскерліктерді  шығармашылықпен  жүзеге  асырады; 
құндылықтар  бойынша  ӛзіндік  білім  алуға  және  ӛзін  дамытуға  ұмтылысы 
жоғары. 
Орта  деңгей:  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарына  қызығушылығы  жеткілікті 
жоғары;  құндылықтарды  оқыту  іс-әрекеттерін  меңгеруге  мотиві  мен 
қызығушылығының  кӛрінісі  айқын  және  тұрақты  емес;  құндылықтарды 
зерделеуде ӛзіндік дербестігі жеткіліксіз және оларды оқытуды жүзеге асыруда 


 
100 
 
 
педагогикалық іскерліктері жеткілікті деңгейде; құндылықтар бойынша ӛзіндік 
білім алуға және ӛзін дамытуға ұмтылысы орта. 
Төмен деңгей: «Мәңгілік Ел» құндылықтарына қызығушылығы тӛмен және 
олардың  мәнін  толық  мәнді  ұғынбайды;  құндылықтарды  оқыту  іс-әрекеттерін 
меңгеруге мотиві мен қызығушылығы жеткілікті емес; құндылықтардың мәнін 
зерделеуді меңгеруі толық емес және оларды оқытуда әдістемелік дайындығын 
құраушы  педагогикалық  іскерліктері  тӛмен;  құндылықтар  бойынша  ӛзіндік 
білім алуға және ӛзін дамытуға ұмтылысы айқын емес. 
Зерттеуімізде  теориялық  модельдеу  әдісін  басшылыққа  алып,  болашақ 
тарих  пәні  мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлау 
моделін 3-суреттегідей кӛреміз. 
3-суретте  кӛрсетілген  теориялық  моделді  жүзеге  асыру  үшін  біздер 
бірқатар педагогикалық шарттар орындалуы керек деп білеміз. 
Шарт – объектінің ӛмір сүруінің немесе әрекет етудің керекті базасы, негізі 
ретінде  кӛрінеді.  Педагогика  ғылымында  шарттарды  объективті  және 
субъективті  деп  ажыратады.  Философтар  шарттарды  қажетті  және  жеткілікті 
деп  бӛліп  қарастырады.  Шарт  оқиға  салдарының,  заттар  ӛзгеруінің  және 
әлемнің объективті құбылысын анықтаушы ретінде қарастырылады [237]. 
Зерттеу  объектісіне  байланысты  заңдар  тек  қана  анықталған  шарттар 
болғанда  ғана  әрекет  етеді,  ал  шарттар  болмаған  жағдайда  заңдар  да  әрекет 
етпейді,  яғни  шарт  –  заңның  әрекет  етуінің  қажетті  базасы  болып  табылады 
[238, с. 76-81]. 
Педагогика  ғылымында шарттар  объективті  және  субъективті деп  ажыра-
тылады. Объективті шарттар мұғалімге байланысты емес, оған [98, б. 80-81]: 
- мемлекеттік  оқу-әдістемелік  құжаттар,  (элективті  курс,  педагогикалық 
тапсырма); 
- оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктері; 
- мектептің жұмысы және оны қоршаған ортаның нақты жағдайы қатысты 
болып табылады. 
Субъективті шарттарға: 
- мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен шеберлігі (семинар); 
-  оқыту  мен  тәрбиелеу  жӛніндегі  заңдар  мен  білімдер, оларды  практикада 
қолдану ептілігі (интербелсенді әдіс); 
- оқу және тәрбие процесіне жағымды жағдайды мұғалімнің жасау және 
- тәрбиеленушілермен дұрыс қатынасты орнатуы жатады.  
Пeдaгoгикaлық  шapт  бiлiм  бepу  opтacының  нeгiзгi  фaктopлapының, 
үдepicтepiнiң  жәнe  құбылыcтapының  caпaлы  cипaттaмacын,  oбъeктивтi 
мүмкiндiктepi,  пeдaгoгикaлық  үдepicтiң  мaқcaтқa  бaғыттaлып  құpылғaн  жәнe 
бiлiм  бepу  opтacындa  icкe  acaтын  күйiнiң  жиынтығын,  aтaлғaн  үдepicтiң 
ықпaлдылығын  apттыpaтын,  қoйылғaн  пeдaгoгикaлық  мiндeттepдi  шeшудi 
қaмтaмacыз  eтeтiн  ic-шapaлap  кeшeнiн  aйқындaйды  [239].  Пeдaгoгикaлық 
шapттapды  айқындауда  бiлiм  бepу  мiндeттepiн  шeшугe  ықпaл  eтугe  apнaлғaн 
зepттeулepдi  тaлдaу  нәтижесі  мен  ғaлымдapдың  кӛпшiлiгiнің  пікірі  бойынша 
нeгiзгi тӛpт типкe бӛлeтiндiгi aнықтaлған: 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау