94
1. Әлеуметтік-тұлғалық;
2. Жалпыкәсіби;
3. Арнайы құзыреттіліктер.
Сонымен біздер, «болашақ тарих пәні мҧғалімдерінің «Мәңгілік Ел»
қҧндылықтарын оқытуға даярлығы деп, мектеп оқу пәні мен оқу-тәрбие
ҥдерісіне тән қҧндылықтар жҥйесі бойынша білімі мен іскерліктерін және
оны жҥзеге асыруда сапалық қасиеттерді меңгеруін практикалық
тҧрғыдан кӛрсетуін тҥсінеміз». Бұл айтылғандар құзыреттілік шеңберінде
қарастырылады және оның құраушысы болып та табылады деп білеміз.
Аталған дайындықты жүзеге асыру ЖОО педагогикалық жүйенің ішке
жүйесінде қарастырылады. Дайындық барысында әдіснамалық тұғырлар
басшылыққа алынады.
Педагогикада тұғыр танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттің ерекше түрі,
зерттелетін үдерістің зерттеу стратегиясы, зерттеушінің ұстанымын анықтай-
тын, негізгі құндылық бағдары болып табылады [230]. В.А.Беликов әдіснама-
лық тұғырды «зерттеу затын таңдауды анықтайтын, теориялық негіздеме,
зерттеу қоры; зерттеу мақсатын, міндетін қарастыру; міндеттерді орындау және
алынған нәтижелерді бағалау үдерісі ретінде» қарастырады [231].
Зерттеулерге сәйкес болашақ тарих мұғалімдерін даярлауда тӛмендегідей
әдіснамалық тұғырлар басшылыққа алынады: аксиологиялық, ізгіліктік, іс-
әрекеттік, синергетикалық, құзыреттілік, тұлғалық-бейімділік, т.б. жүйелік,
Тақырыпқа қатысты әдіснамалық тұғырлардың арасынан аксиологиялық
тұғырға ерекше тоқталуға болады. Ол тұғырдың мәні студенттердің назарына
жалпыадамзаттық, ұлттық және кәсіби, коммуникативті сипаттағы, болашақ
маманның кәсіби педагогикалық іс-әрекетіндегі тұлғаның шығармашылығын
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құндылықтарды біріктіруімен ерекшеленеді.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын оқытудың әдістемесін
жетілдіруде басты бағдарға алынатын әдіснамалық тұғыр болғандықтан да
аксиологиялық тұғырға алдағы тарауларда кеңінен тоқталатын боламыз.
Ізгіліктік тұғыр жаңа білім беру парадигмасының дүниетанымдық негізі
болғандықтан ізгілікке бағытталған білім беру философиясы – білім беру
үдерісінің әр сатысындағы сапалы жаңарудың бағдарламасы болғандықтан да
біздің зерттеуімізге әдіснамалық ӛзек бола алады.Тұлғалық іс-әрекеттік тұғыр
да білім берудің жетекші стратегиясы ретінде тұлғаны іс-әрекеттің негізінде
педагогикалық үдеріске тартуға мүмкіндік беретін тұғыр болғандықтан да
«Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын оқу үдерісінде қолданудың әдістемесін
негіздеуге кӛмегін тигізеді деп білеміз. Ынтымақтастыққа негізделген
синергетикалық тұғырды да аталған әдістемені негіздеуде батыл қолдануға
болатындай. Шетелдік ғалымдар [232] (И.В.Мелик-Гайказян және т.б.) соңғы
кезде ақпараттық-синергетикалық тұғырдың мағынасын үдерістегі кӛпдеңгейлі
ақпарат; ақпараттық үдеріс деп күрделі үдерістің ӛзін-ӛзі ұйымдастыру тетігі
ретінде екі жағдайда қарастыра бастады.
Акмеологиялық тұғыр – бүкіл ӛзінің кәсіби іс-әрекетін жетілдіруге
бағытталатын болашақ мамандарды қалыптастыруға негізделген тұғыр.
95
Акмеология (ежелгі-грек сӛздігінде «акме» - жоғарғы нүкте, кемелдену)
дегеніміз адам туралы ғылым жүйесіндегі білімнің жаңа пәнаралық аймағы.
Акмеологияның пәні кәсібилікті шыңдайтын, мамандардың шығармашылық
қабілетінің ұзақтығына мүмкіндік туғызатын субъективті, объективті
факторларды қамтиды. Объективті факторларды студент білімнің сапасы,
субъективті факторларды оның дарыны мен қабілеті, жауапкершілігі,
құзыреттілігі құрайды. Этномәдени тұғыр – тұлғаны жалпыадамзаттық
этномәдени
қарым-қатынасқа
араластыруға
негізделеді.
Этносаралық
толеранттылық – басқа этностың бейтаныс ӛміріне, салт-дәстүріне деген
тағаттылық. Бұл тұғыр студенттердің этносаралық мәдениетін қалыптастыруға
ықпал етеді. Тұлғаның этникалық тағаттылығын қалыптастырудағы
әдіснамалық негіз ретінде Л.Выготский, А.Леонтьев, А.Лурия т.б. ғалымдардың
психикалық құбылыстарды зерттеудің мәдени-тарихи тұжырымдарын және
А.Асмоловтың тұлғаны тарихи-эволюциялық тұрғыдан зерттеу жобалары
негізге алынады.
Жүйелілік тұғыры – жүйе түріндегі зерттеудің нысанын қарастыруға
негізделген жұмыстың әдіснамалық бағдарын танытады. Б.С.Гершунскийдің
пайымдауынша, жүйе – ол тек қана жиынтық емес, ӛзара байланысқан
элементтердің бірлігі. Осыған сай «Мәңгілік Ел» идеясында нақтыланған
құндылықтар осы ӛзара байланысқан жүйе ретінде қарастырылады.
Зерттеуімізде негізге алынатын құзыреттілік тұғыр дегеніміз білім, білік және
дағды арқылы алдында тұрған мәселені ӛз бетінше шеше алатын, ӛзін-ӛзі
жүзеге асыратын тұлғалық қасиеттерді іс жүзінде қолдана алу қабілетін
танытады. Бұл тұғырдың мәні ұлттық идеяда негізделген құндылықтарды оқу-
тәрбие үдерісінде бойына сіңірген тарихшының ӛз кезегінде оқушылармен
жүргізетін жұмыстарына нақты түрде қолдануға қабілетті болып шығуы.
«Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын игеруде ізгілік ұстанымдарына
негізделген, тұлғааралық қарым-қатынас, ұлтаралық байланыс арқылы
тұлғаның сӛйлеу және тілдік іс-әрекетіне қабілетіне қызмет ететін кӛптілділік
тұғырдың да әдіснамалық мәні үлкен.
Зерттеп отырған даярлықты жүзеге асыру үшін педагогикалық жүйені
моделдеу қарастырылады. Ғалымдардың педагогикалық моделдеуге арналған
ғылыми еңбектерінің мәнін ашу [233] (Г.П.Щедровицкий [234] және т.б.)
нәтижесінде жасалған қорытынды бойынша «модель» сӛзін анықтау барысында
келесі белгілерді атап кӛрсетуге болады:
- модельдегі үдерісті, зерттелетін объектіні кӛрсету немесе қайта
қалыптастыру;
- танымдық үдерістің, объектінің орнын басу қабілеті;
- жаңа ақпаратты беру (объект туралы жаңа білім) қабілеті;
- модель туралы ақпараттан объект туралы ақпаратқа ауысу және модельді
құрудың нақты шарттары мен ережелердің болуы.
В.А.Штоффтың анықтамасы бойынша модель - «зерттеу объектісін
кӛрсете немесе қайта кӛрсете отырып, оны зерттеу объект туралы жаңа
ақпаратты беруге қабілетті, мәнімен кӛрсетілетін немесе материалдық іске
Достарыңызбен бөлісу: |