Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет28/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70

 
62 
 

БОЛАШАҚ 
ТАРИХ 
МҦҒАЛІМДЕРІН 
«МӘҢГІЛІК 
ЕЛ» 
ҚҦНДЫЛЫҚТАРЫН 
ОҚЫТУҒА 
ДАЯРЛАУДЫҢ 
ҒЫЛЫМИ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
2.1  «Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтарын  оқыту  –  болашақ  тарих 
мҧғалімдері кәсіби іс-әрекетінің нысаны 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан зайырлы 
мемлекет болып табылады. Еліміздегі білім беру жүйесі де зайырлы сипатқа ие. 
Зайырлы  демократиялық  мемлекет  ретінде  халықаралық  стандарт  деңгейінде 
адам  құқықтары  туралы  Конвенцияға  қол  қойып,  әлемдік  білім  кеңістігіне 
енуіміз,  жалпыадамзаттық  білім  кеңістігінде  мәдениетті  тұлға  тәрбиелеуді 
қажет  етеді.  Мәдениет  ауқымы  кең,  күрделi,  кӛпқырлы  құбылыс.  Оны  кең 
мағынада  құндылықтар  жүйесi  деп  түсiнуге  болады  [123,  б.  74-77].  Сонымен 
қатар,  оқушы  тұлғасы  мектеп  қабырғасынан  бастап  оқыту  үдерісінде, 
құндылықтар жүйесінде пәндік, жалпы құзыреттерді меңгеру тиіс. 
Мәдениет – материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы болып 
табылады.  Мәдениет  –  қоғамдық  құндылық,  ол  үнемі  сараланып,  кӛпшіліктің 
санасында тұрақталып, ұзақ уақыт тәжірибе сынынан ӛтіп түйінделетін мұра.  
Заман  талабына  сай  бүгінгі  педагогика  ғылымының  алдындағы  басты 
міндеттердің бірі – педагогиканы жалпы әлемдік құндылық деңгейіне (адамды 
сүю  және  оның  бостандығын  сақтау)  кӛтеруге  әрекет  жасау  және  адамзаттық 
мұратты құру болып отыр. Бұл міндетті іске асыру үшін баланы табиғат және 
мәдениетпен үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін: 
- ақиқат; 
- сүйіспеншілік; 
- дұрыс әрекет ету; 
- жүзеге асырылған тыныштық; 
- қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарды білім 
беру үдерісінде ескеру керек. 
Еліміздің  Білім  және  ғылым  министрлігі  Қазақстандағы  әлеуметтік-
экономикалық  ӛзгерістер,  ғаламдану  үдерісінің  бірқатар  мәселелерді 
туындатқандығын  анықтаған  және  ол  аталған  министрлік  бекіткен  құжатта 
кӛрініс тапқан [172]. 
Білім  беру  жүйесінде  орын  алған  кемшіліктерді  жою  мақсатында  тәрбие 
тұжырымдамасында, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаттары мен 
міндеттерін  іске  асыруда  тәрбие  жұмысының  басым  бағыттары  анықталған 
[172, б. 10]: 
- жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие; 
- рухани-адамгершілік тәрбие; 
- ұлттық тәрбие; 
- зияткерлік тәрбие; 
- еңбек тәрбиесі және кәсіби ӛзін-ӛзі анықтау; 
- дене және психологиялық тәрбие, саламатты ӛмір салты; 
- экологиялық тәрбие; 


 
63 
 
- кӛпмәдениетті тәрбие; 
- кӛркем-эстетикалық тәрбие; 
- кӛшбасшылық қасиеттерді дамыту; 
- отбасы тәрбиесі. 
Аталған  тәрбие  тұжырымдамасының  тұжырымдамалық  негіздері  ретінде 
тӛмендегілер алынған [172, б. 2]: 
– Қазақстанда тұлға мінез-құлқының дұрыс мотивациялық-құндылық аясы; 
–  оқушы  жастарда  қазақстандық  патриотизмді,  азаматтық  сананы, 
толеранттылықты  және  кӛшбасшылық  қасиеттерді  қалыптастырудың  ӛсіп 
отырған деңгейін; 
–  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтардағы  мәдениет  негіздерін, 
ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; 
–  рухани  дамыған  және  жоғары  адамгершілікті  тұлға  қалыптастыруда 
отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді; 
–  ӛзін-ӛзі  дамыту  мен  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеуге  жан-жақты  саналы  түрде 
қатысуды,  табысты  әлеуметтенуді,  ӛз  бетінше  білім  алуды  және  ӛзін  жүзеге 
асыруды қамтамасыз етуі тиіс. 
Атап  ӛткендей,  тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерінің  жалпы  бағыты 
білімді,  адамгершілікті,  жігерлі,  кӛшбасшылық  қасиеттері  бар,  таңдау  жасау 
жағдайында  ӛздігімен  шешім  қабылдауға  даяр,  ынтымақтастыққа  және 
мәдениетаралық қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі 
бар,  «Мәңгілік  Ел»  -  Қазақстан-2050  Стратегиясының  басты  мақсатына  қол 
жеткізуге  белсенді  қатысатын  адамды  қалыптастыруға  бағытталғандығын 
кӛруге болады. 
Мемлекет  басшысы  оқу  үдерісінің  практикалық  жағына  жеткілікті  кӛңіл 
бӛлінбейтінін,  оқушылардың  жеке  ерекшеліктері  нашар  ескерілетінін,  оқу-
тәрбие  үдерісі  ескірген  әдістемелерге  негізделгенін,  оқу-тәрбие  үдерісінің 
тарихи  білім  сынды  маңызды  ісі  жеке  тұлғаның,  азамат  пен  патриоттың 
қалыптасуы  міндеттерін  шешуге  бейімделмегенін,  сондықтан,  оқу-тәрбие 
үдерісін  түбірінен  ӛзгерту  арқылы  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  техноло-
гияларды енгізудің, педагогтар құрамының сапасын арттырудың, алған білімін 
ӛмірлік  тәжірибелерінде,  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  пайдалана  білудің, 
оқыту  үдерісінің  тәрбиелік  жағын  күшейтудің  қажеттігіне  баса  назар  аударды 
[173]. 
«Қазақстан  тарихы  бойынша  оқу  жоспарларын,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарын талдаудан ӛткізсін, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың 
мазмұны мен пішінін ӛзгерту жӛнінде іс-шараларды жүзеге асырсын»,  - деген 
маңызды  тапсырмалар  берді  [173].  Осындай  маңызды  тапсырмаларды  тарихи 
білім  беру  жағдайында  ойдағыдай  іске  асыру  бүгінгі  күннің  басты 
мәселелерінің бірі болып саналады.  
Жүргізілген  зерттеу  жұмыстарына  сәйкес  теориялық  мағлұматтарды 
талдау  негізінде  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  құндылықтарды  оқытуға 
даярлауда  оқытудың  дидактикалық,  практикалық  бағыттылығын  күшейтудің 
әдістері  мен  тәсілдерін  іздеу  және  оны  келешекте  қолдануға  дағдыландыру 


 
64 
 
қажеттігін атай келе, ондай тәсілдерге тӛмендегілерді жатқызамыз: құндылыққа 
тән  ұғымдар  мен  категорияларды  енгізу;  оқытудың  жоба  әдісін  пайдалану; 
сабақтың  әрбір  тақырыбы  бойынша  құндылық  бағдар  беру  аспектісін  есепке 
алу;  оқу  материалдарын  бекітуге  және  білімді  практикада  қолдануға  уақыт 
мӛлшерін  арттыру;  материалдық  және  рухани  құндылықтар  мазмұнын  жүйелі 
түрде  ашу;  оқушылардың  ойлау  бейімділігі,  ӛз  бетінше  жұмыс  жасау, 
шығармашылық ізденіс, т.б. жеке тұлғалық сапаларын дамыту [174, с.185].  
Қоғамдық құндылықтардың үнемі қайта бағаланып отыруы болашақ тарих 
мұғалімінің  осындай  қоғамдық-саяси,  мәдени  ӛзгерістерді,  республика 
кӛлемінде,  әлемдік  деңгейде  аңғарып,  болып  жатқан  жаңалықтардан  хабардар 
болуын қажет етеді. Ол алынған әрбір мағлұматты ӛзіндік ой елегінен ӛткізуде 
тарихи тәжірибеге сүйенеді [175, р.79]. 
Тарихты  оқыту  тәжірибесінде  оқытушылардың  ӛткен  уақыттың  барлық 
жақтарын,  атап  айтқанда,  рухани  ӛмір,  тұрмыс,  салт-дәстүр,  дін  және  әртүрлі 
халықтардың  ӛркениетке  қосқан  үлесі  сынды  салаларын  түсініп,  жеткізуге 
деген  талпыныстары  байқалады  [176,  б.  75-80].  Сондықтан,  тарихты  оқыту 
«адам  мен  қоғам  туралы  жалпы  білім  жүйесін  құруға,  социологиялық, 
географиялық  және  психологиялық  тәсілді  қамтыған  тарихи  білім  синтезін 
пайдалануға бағытталуы қажет [177, с. 39-51]. 
Бүгінгі  күннің  болмысы  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  саналы  сезінген, 
технологиялық  үдерістерге  тез  бейімделуге  қабілетті,  мәдениет  негіздерінен 
терең білімді игерген оқушыларды тәрбиелеу қажеттілігімен анықталады. 
Сол  себепті  де,  мектептiң  қазiргi  мақсаты  –  оқу-тәрбие  үдерiсiн 
жалпыадамзаттық  құндылықтарға  негiздей  отырып,  рухани-адамгершілік 
құндылықтардың  мәнін  ашып,  оны  саналы  түрде  қолдануға  ұмтылыс  жасай 
алатын  жаңа  буын  ұрпақты  тәрбиелеу.  Осыған  сәйкес  зерттеу  жұмысының 
тақырыбына байланысты  «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытудың теориялық 
және  практикалық  аспектілерін  зерделеу  және  оны  сипаттау  қажеттілігі 
болашақ  тарих  мұғалімдерін  кәсіби  іс-әрекетіне  даярлау  үшін  анықтау  алғы 
шарт болып табылады. 
Жалпы, оқыту, оқу – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту 
үдерісі,  ӛмір  мен  еңбекке  бейімді  етіп  даярлаудың  негізгі  құралы.  Оқыту 
үдерісінде  білім  мен  тәрбие  мақсаттары  жүзеге  асырылады.  Түрлі  оқу 
орындарында  оқыту  білім  берудің  басты  жолы.  Оқыту  –  екі  жақты  үдеріс: 
мұғалім  –  білім  беруші,  оқушы  –  білім  алушы.  Оқыту  құрылымына 
оқушылардың  ӛзінің  жеке  әрекетін  және  оқу  әрекеттерін  ұйымдастыру, 
оқушылардың білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру 
және  білімді  меңгеруінің,  оқу  әрекеттерін  орындауының  сапасын  реттеу, 
бақылау,  оқыту  нәтижесін  талдау  мен  оқушы  тұлғасының  әрі  қарай  дамуын 
болжау жатады [178, б. 161]. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту мәселелерін 
зерттеуде,  біз,  жоғарыда  айтылған  ескертпелерге  сүйене  отырып, 
құндылықтарды  оқыту  үшін  оқушы  іс-әрекетінің  дамуына  бағытталған  білім 
беру үдерісі болуы қажет деп білеміз. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау