Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет20/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70

 
44 
 
- эстетикалық (әдемілік); 
- ғылыми. 
Құндылық  психологиялық  тұрғыдан,  қоғам  үшін  әлеуметтік-тарихи  мәні 
бар  және  жеке  адамдар  үшін  тұлғалық  мағынасы  бар  болмыстың  белгілі  бір 
құбылыстары. Сонымен бірге құндылық қоғамның моральдық қатынастарының 
кӛріну  формасы  ретінде  әрекет  етеді.  Олай  болса,  құндылық  біріншіден,  жеке 
тұлғаның  адамгершілігі,  абыройы  және  адамның  адами  әрекеттері,  екіншіден, 
моральдық нормалар, принциптер, мұраттар, қайырымдылық, әділеттілік, бақыт 
ұғымдары. 
Психологияда «құндылық» түсінігі қоғам үшін әлеуметтік-тарихи маңызы 
бар,  «жеке  адам»  ӛмірінің  болмысын  анықтайтын  құбылыс.  Басқа  жағынан 
психологияда  құндылық  -  қоғамдағы  моральдық  қарым-қатынас  [141].  Осы 
айтылғандарға  сүйене  отырып  біз,  құндылық  біріншіден  -  жеке  адамның 
адамгершілік  қасиеті,  оның  абыройы,  әділділігі,  бақыты  болса,  екіншіден  - 
моральдық  сана,  норма,  мүдде,  принцип,  мұрат  пен  мақсат  -  деп  білеміз. 
Ӛйткені, қай кезде де адам ӛмір сүретін ортада қызмет етіп, іс-әрекет жасаса, ӛз 
қажеттілігін  ӛтеу  үшін  алдына  мүдде  мен  мақсат  қойып,  мұратына  жетуге 
ұмтылыс жасайды. Ал, мұратқа жетуде білім, ақыл - ой, шеберлік, ұстамдылық 
пен  шыдамдылық,  яғни  рухани  құндылық  негіздері  ерекше  орын  алады.  Адам 
мақсат-мұратсыз  ӛмір  сүре  алмайды.  Ал,  мақсат  пен  мұрат  ӛмір  сүрудегі  ең 
алдымен  керекті  құндылық.  Адам  ӛмірінің  ӛзегі,  ал  басқа  мақсаттар  оған 
жеткізетін  баспалдақтар  ғана.  Ал,  адамшылыққа  жеткізетін  қасиеттер  ар-ұят, 
ізгілік,  мейірімділік,  қанағат,  әділдік,  қарапайымдылық.  Сондықтан, 
«құндылық»  -  адамның  ішкі  құқы,  ізгілігі,  адамдармен  қарым-қатынасы,  іс-
әрекет  кезіндегі  кӛрсетілетін  қайырымдылығы,  тұрақтылығы,  мейірімділік 
тәрбиесі» [142] болса «құндылық» тәрбие арқылы жүзеге асады. Адамның ӛмір 
сүруі үшін руханилықтан бастап, адам ӛмірін бағалау, адамның жағымды және 
жағымсыз  қасиеттері  мен  адам  ӛмірі  мәдениетінің  негізін  қалыптастыратын 
білім мен тәрбие [21, с. 67-68]. 
Сонымен,  «құндылық»  термині  болмыстың  белгілі  құбылыстарының 
адами,  әлеуметтік  және  мәдени  мән-мағынасын  білдіру  үшін  қолданылады. 
Қоғамдағы  құндылықты  қатынастардың  аса  маңызды  элементтерінің  бірі  – 
құндылықты бағыт-бағдар. 
Т.Б.Мәшенбаев ӛзінің «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» атты 
еңбегінде:  «Құндылықты  бағыт-бағдар  –  бұл  стратегиялық  ӛмір  мұраттары 
және  жалпы  дүниетанымдық  алғы  шарт  ретінде  танылған  құндылықтардың 
адам  санасында  бейнеленуі»  -  деп  атап  кӛрсетеді  [143,  б.  31].  Құндылықты 
бағыт  тұлға  мотивтеріне  себепші,  реттеуші  маңызды  фактор  ретінде  іске 
қосылады.  Құндылықты  бағыт-бағдардың  негізгі  мазмұны  –  адамның  саяси, 
философиялық  (дүниетанымдық),  адамгершілік  наным-сенімдері,  терең  әрі 
тұрақты бейімділіктері, әрекет-қылықтары, мінез қағидалары. 
Сонымен  қатар,  құндылықтар  тұлғаның  базалық  мәдениетін  түзетін 
жекелеген элементтер ретінде қарастырылады. Атап айтқанда: 


 
45 
 
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тәрбиесі, тұлға сапасы 
ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау); 
-  ӛмір,  тіршілікке  бағытталған  құндылықтар  (адам  құқын  және  оның 
құндылық  мәнін  дәріптеу;  бақыт,  еркіндік,  ар-намыс,  әділдік-теңдік, 
туысқандық, т.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру); 
- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі және оның 
саяси  құрылымымен  танысу;  қоғамдағы  жеке  адам  проблемасын  зерттеу: 
«Мен» және қоғам, отаншылдық тәрбиесі); 
-  еңбекке  бағытталған  құндылықтар  (еңбектік  дағдыларға  үйрету)  [143,  б. 
33]. 
Қазақ  халқының  дәстүрлі  тәрбие  беру  құралдарында,  факторларында 
құндылықтармен таныстыру, меңгерту мүмкіндіктерінің мол екендігі және олар 
ұлттық мәдениеттің негізін қалайтынын педагог-ғалымдар кеңінен жазып жүр. 
Соның  бірі  -  Ә.Табылдиев  ӛзінің  ―Қазақ  этнопедагогикасы‖  еңбегінде: 
―Қазақтың  ұлттық:  имандылық,  қайырымдылық,  мейірімділік,  ізеттілік, 
инабаттылық  дәстүрлері,  меймандостық,  қонақжайлылық  рәсімдері  –  ұлттық 
мәдениеттің айқын белгілері болып табылады,‖ – дейді [33, б. 297]. Сондай-ақ, 
мәселен, кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде 
жасау  ұлттық  мәдени  рәсімдер  арқылы  орындалуын,  олардың  жүзеге 
асырылуын атап кӛрсетеді. 
Әлеуметтік  психологияда  құндылық  әлеуметтік  құбылыс,  қоғам  мен 
әлеуметтік  топтардың ӛмірлік қарекетінің жемісі. С.Л.Рубинштейн «құндылық 
–  адам  үшін  дүниедегі  мағынасы  бар  нәрсе»  [27,  с.  365]  деген  түсінік  береді. 
Яғни,  адам  тарапынан  мойындалатын  құндылық  –  оның  мінез-құлқының 
бағдарын анықтау қызметін атқара алады. 
М.Вебер  әлеуметтік  іс-әрекет  теориясында  құндылықтарды  игіліктерге 
теңестіре  отырып,  кез-келген  әлеуметтік  іс-әрекет  құндылықтарға  қатысты 
алғанда  ғана  мағыналы  болады  және  солардың  негізінде  адамдардың  мінез-
құлық  нормалары  мен  жеке  тұлғаның  мақсаты  түзіледі  деп  түйіндеді  [24,  с. 
381]. 
Мәдениет  тарихында  «құндылық»  ұғымына  тӛмендегідей  анықтама 
берілген:  «құндылықтар  –  адам  ұмтылатын  сенімдер  (пікір,  наным).  Олар 
адамгершілікке,  жалпы  қабылданған  нормаларға  және  т.б.  негізделген»  [26, 
с.6].  М.А.Дорохованың  берген  анықтамасын  біздер  қолдаймыз  және 
басшылыққа аламыз. 
Халқымыздың  құндылықтарын  -  қазақ  мәдениетін  Ресей  империясының 
мәңгүрттендіру  саясатының  әрекетін  Т.Ғабитов  тӛмендегідей  етіп  атап 
кӛрсетеді [25, б. 315]: 
1. Халықтың ӛзін-ӛзі басқару жүйесін отарлық әкімшілікпен алмастыру. 
2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу. 
3.  Миссионерлік  әрекет,  тӛлтума  жазбаша  мәдениетті  шектеу,  алфавитті 
алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау