Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет23/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70

 
51 
 
ұлықтаған  ел  ретінде  әлемдік  қауымдастықтың  алдыңғы  легіне  шығарды. 
Осындай  табыстарға  жету  бүкіл  қоғамды  ұлттық  идеяларға  тас  түйін 
жұмылдыра алудың нәтижесі еді. 
Зерттеулерге сәйкес «құндылық» ұғымының мәніне терең талдау жасадық.  
«Мәңгілік Ел» идеясының негізін құндылықтар түзеді. «Идея» мен «құндылық» 
ұғымдары  бірін  бір  толықтыратын  және  идеяның  ӛміршеңдігін  түзетін 
құндылықтар деп білеміз. «Идея» ұғымына берілген анықтамалардың кейбірін 
тӛменде келтірдік. 
Н.Ә.Назарбаев  «Ұлттық  идея  ол,  ең  алдымен,  ӛзінің  ұлттық  тұтастығын 
айқын  түсінуге  негізделеді.  Ұлттық  идея  қоғамның  ӛз  ішінде  пісіп-жетіледі. 
Онда  сырттан  таңылған  сипат  болмайды.  Ұлттық  идея  идеология 
жәдігӛйлерінің  ашқан  жаңалығы  емес,  миллиондаған  адамдардың  ӛздерінің 
ұлттық  міндеттерін  түсінуінің  жемісі  болып  табылады.  Ұлттық  идеяны 
қалыптастыруымыз  ӛзіміздің  тӛл  тарихымызды  жаңаша  ұғыну  негізінде  ғана 
мүмкін болмақ» [150] деп ұлттық идеяның мәні мен мазмұнын атап кӛрсеткен. 
Бүгінде  жоғары  мектептердің  мақсаты  -  жас  ұрпақ  бойындағы  жоғарғы 
адами  құндылықтарды  дамытуды,  ізгілікке,  мейірімділікке,  қайырымдылыққа, 
инабаттылыққа  және  әдептілікке  баулуды  кӛздейді.  Ал,  жастардың  рухани-
адамгершілік  қасиеттері  адамгершілік  түсінік  пен  адамгершілік  мінез-
құлықтың,  яғни,  адамгершілік  қарым-қатынас  пен  іс-әрекеттің  тұтастығы. 
Қазіргі білім мен тәрбие берудің мазмұны:  
- еркін тұлғаны тәрбиелеу; 
- рухани тұлғаны тәрбиелеу; 
- ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу, яғни, жеке тұлғаны тәрбиелеп 
жетілдіру мәселесін рухани ізгілікке, ұлттық дәстүрге, дәстүр сабақтастығына, 
біртұтастыққа, жүйелілікке байланыстыра қарастыруды қамтыған [123, б. 162-
164]. 
Қазіргі жаһандану заманында дамыған қоғамның жетекші идеясы, жоғарғы 
ізгіліктік  мәні  –  әр  адам  тұлғасын  ең  жоғарғы  құндылық  ретінде  қарастыруы. 
Гуманизм  адамның  ӛмірлік  ұстанымы,  ол  адамның  қасиеттерін  сақтап  қалуға, 
тек  жағымды,  жақсы  істер  істеуге  бағыттайды.  Бұл  мәселе  педагогика 
тарихында  «білім  беруді  гуманитарландыру»  ісімен  жүзеге  асырылғандығы 
белгілі. 
Ізгілендіру  -  қазіргі  қоғам  дамуының  ең  маңызды  бағыты.  Білім  берудегі 
гуманизм  әр  жеке  тұлғаның  мәдениет  әлемінде  ӛзін-ӛзі  таныта  алуына,  еркін 
түрде  ӛз  орнын  анықтай  алуына,  жақсылық  пен  жамандықты,  дұрыс  пен 
бұрысты,  ӛмірдегі  мәнді  және  мәнсіз  нәрселерді  саналы  түрде  таңдай 
алуларына ықпал жасап, септігін тигізуге бағытталған [151, б. 193]. 
Құндылықтар – ӛркениет ӛлшемі деген философиялық түсінікті білім беру 
мекемелерінде  жүзеге  асыру,  насихаттау  жұмыстарын  қазіргі  жастардың 
кӛзқарасы,  талғамын  негізге  ала  отырып,  ұтымды  әдіс-тәсілдермен  жүргізудің 
нәтижелі болары сӛзсіз.  
Студент  жастардың  ұлттық  құндылықтар  туралы  ғылыми  түсініктері 
гуманитарлық  пәндер  мазмұны  арқылы  толыға,  жетіле  түседі  [152]  десек, 


 
52 
 
кәсіби  тарих  пәндерінің  мазмұны  ұлттық  құндылықтарды  жүйелеп  оқытуда 
орасан зор танымдық-тәрбиелік ресурстарға ие екендігіне кӛз жеткіземіз. 
Болашақ маманның құндылық дүниесінің қалыптасуына ЖОО оқу-тәрбие 
үдерісі  әсер  етеді.  Рухани-адамгершілік  құндылық  идеяларының  негізі  – 
ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың жазба мұралары, ауыз әдебиеті т.б. 
арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  тарап  отырған.  Болашақ  мамандық  иесін  терең 
біліммен  қаруландырумен  қатар,  биік  имандылық  қасиеттерді  бойына  сіңіру 
және ӛздері ӛмір сүретін қоғамға сай етіп тәрбиелеу арқылы рухани құндылық 
дүниесін 
қалыптастыруға 
болады. 
Философиялық 
және 
әлеуметтік 
әдебиеттерде  құндылық  мәселесі  ХХ  ғ.  60-жылдарының  басынан  бастап 
талданады.  ХХ  ғ.  80-жылдарындағы  зерттеулерде  құндылықтар  мен 
қызығушылықтардың  ӛзара  әсері  адамгершілік  мәдениетінің  жүйелілік 
элементтері ретінде қарастырылады [123, б. 244-247]. 
Қалыптасқан  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  барша  Қазақстан  халқы 
үшін  маңыздылығы  ғылыми-әдіснамалық  қағидалар  арқылы  айқындалған. 
«Ұлттық идея» ұғымының мәні кӛптеген зерттеулерде анықталған [85; 154]. 
- ұлттық  идея  қандайда  бір  халықтың,  этностың  немесе  ұлттың  ӛмір  сүру 
мәнін айқындайды. Ӛз болашағын құрайтын кез келген мемлекет немесе қоғам 
осы  жағынан  ӛз  ұлттық  идеясына  сүйенуі  қажет.  Ӛз  ұлттық  идеясын  дұрыс 
қалыптастырмаған  қоғам  құриды,  міндетті  түрде  ӛз  жолынан  таяды.  Сол 
себепті  ол  дұрыс  бағыт  алса,  онда  ұлт  үшін  шешуші,  тарихи  және  жасампаз 
фактор болады [153, с. 38]; 
-  нағыз ұлттық  идея  –  бұл  жетілу,  әсіресе,  халықтың  бүкіл  рухани  жетілу 
идеясы.  Бұл  идея  -  ерекше  әмбебап  идея.  Осы  тұрғыда  ұлттық  идея  ұғымын 
халық  ӛмірін  орнықтыру  қағидасы  ретінде  қарастыруға  болады.  Бұл  халық 
ақылына,  парасатына  сәйкес  келетін  ӛмірді  орнықтыру  қағидасы.  Бұл  қазіргі 
буынның болашақ туралы армандарымен  астасып жатады. Бұл халықтың ӛмір 
сүруін  қамтамасыз  ету  принципі  ретінде  туған  Жер,  байлығын  ұқыпты 
пайдаланумен байланысты [154, с. 124] болып келеді. 
Сондай-ақ, ұлттық идея халықты ұйыстыруға бағытталған дүниетанымдық 
сипаттағы  бағыттардың,  құндылықтар  мен  мұраттардың  кешені,  қоғамның 
тұрақты  әлеуметтік  экономикалық  дамуы,  мемлекеттің  қауіпсіздігі  мен 
тәуелсіздігін нығайту болып табылады. Ұлттық идеяны жай ғана ойдан жасауға 
болмайды.  Оның  бӛліктері  ұлттың  болмыс  келбетін  білдіретін  ұлттық  сана 
сезімнің  терең  қатпарында  жатыр,  оның  мағынасы  философияда,  тарихта, 
ғылымда, поэзияда, әдебиетте, музыкада, бейнелеу ӛнерінде, биде халық тілінде 
[155;  156]  кӛрініс  табады.  Осындай  теориялық  негізге  сүйеніп,  қазіргі  уақыт 
талабына  сай  жүйелеп  ұсынылған  ұлттық  идеяның  ЖОО  және  мектепте, 
балабақшада  оқу-тәрбие  жұмыстары,  топтық,  тұлғалық  қарым-қатынастар 
арқылы жүзеге асырылатынын кӛруге болады. 
Тарих 
ұлттық 
идеясы 
мен 
идеологиясы 
бар 
мемлекеттің 
идеологияландырылмаған  мемлекеттен  анағұрлым  күшті  екендігін  растайды. 
Идея  жетістік  стратегиясы  ретінде  әсер  етеді.  Шығыс  даналығы  айтқандай 
«егер  қайда  жүзеріңді  білмесең,  онда  саған  ешқандай  ілеспе  жел  кӛмектесе 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау