zangazet@maiI.ru
№47 (3072)
22 маусым 2018
5
АЛҚА
(Соңы. Басы 1-бетте)
Ерлан СЕРЖАНОВ:
– Бізде де жағдай осындай. Матери-
ал қай тілде келеді, сол тілде жауап бе-
реміз. Алматы қалалық прокуратурасын-
дағы ішкі құжаттардың бәрі қазіргі күні
мемлекеттік тілде жүргізіледі. Азаматтар
қазақ, бірақ, сот өндірісі ресми тілде.
– Қалай ойлайсыздар, мүмкін
мем лекеттік тілді білмейтіндердің
мем лекеттік қызметке алынбайты
нын заңдастыру керек шығар?
Асхат РАХИМОВ:
– Мемлекеттік қызметкерлердің
бәрі қазақ тілін біледі. Мектепте, жоға-
ры оқу орнына түсерде, мемлекеттік
қызметке кірерде де қазақ тілінен
сынақ тапсырады. Мемлекеттік тілдің
өркендеуі тек мемлекеттік қызметкер-
лерге байланыс ты емес.
Жанат БЕКЖАНОВ:
– Қазақ тіліне қажеттілік тудыр-
майынша, 20 жылдан кейін де осы қа-
лыпта отырарымыз анық. Сондықтан,
әкімшілік-әміршілдік тетікті қолда-
натын уақыт жетті. Мемлекеттік тілді
жүз пайыз білмейсің бе, мемлекеттік
қызметке алынбайсың сынды қатаң
талап қойылуы керек. Мәселен, Қа-
зақстанға келген қытай кәсіпкерлері
кәсібін жүргізу үшін орыс тілін үйреніп
алады. Арасында қазақ тілін үйреніп,
қыздарымызға үйленіп жатқандар
да бар. Қажет болмаса солар басқа
тілдерді меңгерер ме еді? Өздеріңіз
білесіздер, итальян жігіті Абайдың
«Көзімнің қарасынан» бастап қазақ ән-
дерін айтса, Америка мен африкалық
домбыра тартып, қазақ тілінде сөйлеп
жүр. Менің қарным ашатыны, орыс не
басқа ұлт өкілі жиындарда бір-екі ауыз
қазақша сөйлесе, қол шапалақтап, мәз
боламыз. Қазақстанда тұрғандықтан
олар қазақша сөйлеуге міндетті. Қол-
паштаудың қажеті жоқ. Мен орыс тіліне
қарсы емеспін. Ағылшын, т.б. тілдерді
де білсін. Дегенмен, мемлекеттік тілдің
орны бөлек.
Нұрсұлтан БАРБОСЫН:
– Істі алғанда бізге екі ай уақыт
беріледі. Сараптама тағайындаймыз,
мәселе осы жерде туындайды. Өйт-
кені, сот медициналық, наркология,
психикалық болсын, барлық сарапта-
мада қазақтілді мамандар жетіспейді.
Қазақша тағайындалған сараптама
Астанаға жіберіліп, бізге келгенше екі
айдан көп уақыт кетіп қалады. Амал-
сыз орыс тіліне жүгінеміз. Жәбірленуші
де уақыт жоғалт пас үшін сараптама-
ны орысша жазуға келісімін береді.
Былайша айтқанда, істі ресми тілде
жүргізуге мәжбүрміз. Тағы бір мәселе,
қазақстандықтардың көбі орыстілді.
Арыз жазуға келеді. Біздің қазақша
сөйлесіп отырғанымызға кейбірі «Мен
Қазақстанның азаматымын, мен түсі-
нетін тілде сөйлеңіздер, мүмкін сіздер
мені балағаттап жатқан шығарсыздар»
деген қарсылықтар білдіреді. Сондай
сәттер бізді тығырыққа тірейді.
– Сіздер де Қазақстанның азама
тысыздар ғой, егер ондай қарсы
лықты орыстілділер емес, ағылшын,
т.б. қойса не істейсіздер, ағыл
шынша сөйлесесіздер ме?
Нұрсұлтан БАРБОСЫН:
– Тәртіп бойынша мемлекеттік қы-
зметкерлер азаматтарға қатты сөйле-
меуі, дауыс көтермеуі керек. Оларға
түсіндіре алмайсыз, амалсыздан орыс-
ша сөйлейміз. Осындай жағдайлар
мемлекеттік тіл аясының кеңуіне мүм-
кіндік бермеуде.
Жанат Бекжанов:
– Нұрсұлтанның айтып отырғаны
өмірде бар жағдайлар, шынында да
сарапшылар мемлекеттік тілді білмейді
немесе аудармашы қызметін пайдала-
нуға көңіл аудармайды. Бірақ, бұл да
көп сылтаудың бірі. Сараптама ресми
тілде жазылғанымен, тергеуші қаулы-
сын екі тілде дайындап, аудармашыны
тартуы керек.
– Қазақ тілінің 30 жылға жуықта
са да еңсесін тіктеп кете алмауы
орыстілділер көзінше қазақша сөй
леп кінәлі болып қалмайын деген
сынды құлдық психологияның әсері
емес пе?
Теміржан ҚҰДАБАЕВ:
– Былтыр мен жеке айыптау ісі бо-
йынша филологиялық сараптама таға-
йындадым. Алматыдағы сараптама
орталығында филология сараптамасын
жасайтын бірде-бір қазақ филологы
жоқ болып шықты. Астанаға жіберуді
уақыт көтермейді.
Жанат БЕКЖАНОВ:
– Осының өзі мемлекеттік тілге де-
ген немқұрайдылықтың анық көрінісі.
Алматы сияқты ірі мегаполистің са-
раптама орталығы қазақ тіліне сарап-
тама жасайтын филолог мамансыз да
жұмыс істей береді. Қажетті маманы
жоқ орталықты жауып тастайтын та-
лап болсыншы, олар қайтсе де маман
табар еді.
– Мемлекеттік тілдің мәртебесін
көтеруде Қазақстан азаматы ретін
де қандай да бір ұсыныс, ойпікір
леріңіз бар ма?
Жанат БЕКЖАНОВ:
– Біздің азаматтар мемлекеттік тілді
білмесе де қызметте жоғарылай бе-
ретінін, бұл тұрғыда еш кедергі жоғын
біледі. Жақында Ақтөбеде орыс қы-
зына әкімшілік көлік сыйлады. Себебі,
ол қазақ тілін жақсы біледі, бірнеше
олимпиададан жүлде алған. Оның
мына ұсынысы маған ұнады. Мысалы,
мемлекеттік қызметкердің айлығы
300 мың теңге болса, мемлекеттік
мысалы, Бостандық аудандық №2
сотына жыл басынан бері қылмыстық
істердің 23 пайызы ғана мемлекеттік
тілде түсті. Бұл жалпы қылмыстық
істің төрттен біріне де жетпейді. Санк-
цияның 11-ақ пайызы мемлекеттік
тілде. Санкция тергеуден келеді. Бұл
көрсеткіш тергеудегілердің құжаттар-
ды тек орыс тілінде толтыратынының
анық дәлелі. Сотқа алты айда түскен
қылмыстық істердің 89 пайызы ресми
тілде. Алматыдағы мерзімінен бұрын
шартты түрде босату, пробация меке-
мелері мен психикалық сауықтыру ор-
талығынан жіберілген 132 материал-
дың 4-еуі ғана мемлекеттік тілде, яғни,
сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілетінін
көрсетсе, екіншісі біріншісінің маңызын
төмендетеді. Кодекстер сот ісін жүр-
гізу тілін процесті жүргізуші органның
таңдауына қалдырған. Мемлекеттік
тілді үйренгісі келмейтіндер заңның
осындай осал тұстарын өз ыңғайлары-
на қарай пайдалануда.
Арай НҰҒЫМАНОВА:
– Кез келген балабақша мен мек-
тептің қазақ тілі мұғалімдері мықты
болса, шәкірттерінің де тілге деген құр-
меті артады. Мемлекеттік тілдің мәрте-
бесін көтеруде алдымен білім саласына
қатаң талап қойған жөн. Өйткені, қазақ
Жанат БЕКЖАНОВ:
– Көп уәждің ішіндегі ең көңілге
қонымдысын Асхат айтып отыр. Қазақ
тілінде оқулықтар мен әдістемелер
жоқтың қасы. Біз адвокат, арыз бе-
рушілер, тергеушілер орыстілді, іс қай
тілде түссе, сол тілде қараймыз десек,
сот орындаушылар да осы жайтты алға
тартады. Сот актілерінің 75 пайызы
орыс тілінде. Сондықтан, жоғарыда
айтқанымдай, мемлекеттік тілдің мәр-
тебесін заңмен мықтаған абзал.
– Қазақ тілін өгей баланың кей
пінен шығару үшін талапты кім қой
ып, сұранысты кім арттыруы керек?
Теміржан ҚҰДАБАЕВ:
– Бәрі өзімізге байланысты. Ең бірін-
ші, әрқайсымызда намыс болуы керек.
Қазақ пен қазақтың қазақша сөйлесуі-
не бәріміз атсалысуға міндеттіміз. Мы-
салы, Ташкентте бір-бірімен басқа тіл-
де сөйлескен өзбек көрмейсің. Оларда
Совет үкіметі кезінен солай. Бізде де
1989 жылы заң қабылданғанда талап
мықты болды. Бір мысал айтайын,
полковник досым бар. Көкшетаудың
қазағы, өмір бойы орысша оқыған.
Сол бір күні дірілдеп-қалтырап: «Маған
өмірбаяныңды қазақша жаз. Жаза
алмасаң, шалғай ауылдың біріне
учаскелік полицей етіп жібереміз деді»
деп келді. Автобиографиясын кітапқа
қарап отырып, жүз рет жазды. Комис-
сия сынында да қазақ тілі сұралған.
Осы жағдайдан кейін ол қазақ тіліне
тереңдеп ден қоя бастады. Түсінікте-
мелерді қазақ тілінде алып келеді, оны
мен тексеріп беремін. Қазір қазақ тілін
бес саусағындай біледі.
Арай НҰҒЫМАНОВА:
– Талап болмай, мемлекеттік тіл
мәселесі шешілмейтінін әріптестерім
дұрыс айтып отыр. Мемлекеттік тіл
мәртебесі бүкіл қоғам болып атсалы-
суды қажет етеді. Қазақ тілін үйренуге
неше түрлі әдістемелік шығарылуда.
Мәселен, Англияға баратын адам
курстар көмегімен үш айда ағылшын
тілін игереді. Себебі, қажеттілік бар.
Өкініштісі, қазақ тілін меңгермей-ақ
Қазақстанда өмір сүруге болады. Бар
мәселе осында. Яғни, біз осы психоло-
гиядан арылуға тиіспіз.
– Елбасының «Мемлекеттік тілді
білмейінше, мемлекеттік орган
дарда, қызмет көрсету саласында,
құқық қорғау органдарында неме
се сот саласында жұмыс істеу мүм
кін болмайды» деген сөзі бар, бұл
жағдайға жету мүмкін бе?
Жанат БЕКЖАНОВ:
– Ағылшын, қытай, т.б. тілдерді тез
арада үйрететін курстар көп. Себебі,
оларға сұраныс бар. Мемлекеттік тілді
үйрететін курстарға да азаматтар солай
барулары тиіс. Уақыт берілді, бағдар-
ламалар жасалды, қаржы бөлінді, тіпті,
әрбір жұмыс орнында қазақ тілі арнайы
оқытылды да. Енді заңмен қатаң талап
қана қалды, басқасының бәрі қолда-
нылды. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік
қызмет, осы егіз ұғымды қатар қомай-
ынша, азаматтар өздігінен бет бұрмай-
ды. 29 жыл болды, қашанғы жағдай
жасалады? «Өз-өзіңді сыйласаң, жат
жанынан түңілер» демекші, қазақ тілін
қазақ құрметтемесе басқалар қайтсін?
Мемлекеттік тілде ең бірінші, билік,
Парламентте отырғандар, министрлер
сөйлеп, Бауыржан Момышұлының
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-ба-
бамызды, тарихымызды ұмыту» деген
сөзін жас ұрпаққа бағдар етулері керек,
сонда сөзсіз діттеген межеге жетеміз.
– Ойпікірлеріңізге рақмет!
Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ,
«Заң газеті»
ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЗАҚТЫҢ АУДАРМАШЫ
Теміржан ҚҰДАБАЕВ
түсу үшін қажетті пәндерден дайын-
далады. Сол сияқты, мемлекеттік тілді
білмесе оқуға қабылданбайтынын
бала түйсінетіндей критерилер енгізген
орынды. Сонда бала да, ата-ана да
қазақ тілін білмесе оқуға түсе алмай-
тындарын біледі.
Асхат РАХИМОВ:
– Жеке басымнан мысал келтірсем,
үйде бәрі орысша сөйлегендіктен, бала
кезімде қазақша білмедім. Сонда да қа-
зақ мектебіне бардым. Бірақ, жоғары оқу
орнында орыс бөлімінде оқыдым. Сол
кезде байқағаным, қазақ бөлімінде оқи-
тын сыныптастарым қазақша оқулықтар
мен әдістеме құралдардың жоқтығынан
қиналды. Олар қажетті оқулықтарды
орысшадан аударатын. Қазір бәрі жұмы-
старында ресми тілді қолданады. Яғни,
қоғамның өзі азаматтарды орыстілділік-
ке алып келіп отыр. Жұмысымыз көбінесе
ресми тілде атқарылады, себебі, сот
актілерінің бәрі орысша.
М
ЫСАЛЫ, БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ №2 СОТЫНА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ 23 ПАЙЫЗЫ ҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ТҮСТІ. БҰЛ
ЖАЛПЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ ТӨРТТЕН БІРІНЕ ДЕ ЖЕТПЕЙДІ. САНКЦИЯНЫҢ
11АҚ ПАЙЫЗЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ. САНКЦИЯ ТЕРГЕУ ДЕН КЕЛЕДІ. БҰЛ КӨРСЕТ
КІШ ТЕРГЕУДЕГІЛЕРДІҢ ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕК ОРЫС ТІЛІН ДЕ ТОЛТЫРАТЫНЫНЫҢ
АНЫҚ ДӘЛЕЛІ. СОТҚА АЛТЫ АЙДА ТҮСКЕН ҚЫЛ МЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ 89 ПАЙЫЗЫ
РЕСМИ ТІЛДЕ. АЛМАТЫДАҒЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ШАРТТЫ ТҮРДЕ БОСАТУ, ПРО
БАЦИЯ МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ПСИХИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНАН ЖІБЕРІЛГЕН
132 МАТЕРИАЛДЫҢ 4ЕУІ ҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ, ЯҒНИ, 3АҚ ПАЙЫЗ. СОНДА
ОСЫ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚЫЗ МЕТ ЕТЕТІНДЕРДІҢ БӘРІ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ МЕ?
тілді білмегені үшін жалақысының 30
пайызы қысқартылса, яғни, 90 мың
теңгесін ұстап қалса, маман қазақ
тілін жатпай-тұрмай өзі үшін үйренеді.
Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруда
осындай бір тетік қарастыру қажет.
Ерлан СЕРЖАНОВ:
– Мемлекеттік қызметке қабыл-
дағанда қазақ тілін жүз болмаса да
сексен пайыз білуі туралы талап қою
керек шығар. Қалған жиырма пайызын
жұмыс барысында меңгерер.
Теміржан ҚҰДАБАЕВ:
– Мемлекеттік тілді білу міндетін
бірінші кезекте қазақтарға қатаң қою
қажет.
Асхат РАХИМОВ:
– Қазақстан республикасында тіл-
дерді дамыту мен қолданудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекет-
тік бағдарламасы бар. Мемлекеттік
бағдарламаларды дұрыс жұмыс істету
арқылы да айтып отырған мәселенің
шешілуіне ықпал етуге болады.
Жанат БЕКЖАНОВ:
– Асхат айтқан бағдарламаға сай,
2017 жылы қазақстандықтардың қазақ
тілін меңгеру үлесі 80 пайызға, 2020
жылы 90 пайызға жетуі керек. Осы
меже қалай орындалып жатыр десек,
3-ақ пайыз. Сонда осы мекемелерде
қызмет ететіндердің бәрі өзге ұлт өкіл-
дері ме? Жоқ, барлығының басшыла-
ры қазақтар, қызметкерлері де солар.
Мысалы, биылдыққа Алматы қалалық
психикалық сауықтыру орталығы қазақ
тілінде бір ғана материал берді. Жеке
айыптаудың 90 пайызы ресми тілде.
Айтысып-тартысып жатқандардың
басым көпшілігі қазақ. Сонда да істер
орыс тілінде, неге? Өйткені, мемлекет-
тік тілге сұраныс жоқ. Ащы болса да
айтайық, негізгі құжаттар орыс тілінде,
соған мемлекеттік тілдегі бір-екі бет
жауапты тіркейміз де жібереміз. Бұл
меніңше, өзімізді-өзіміз алдау. Істердің
сотқа дейінгі де соттағы да мемлекеттік
тілде жүргізілу барысы көп ретте іс жүр-
гізу кодекстерінің талаптарына емес,
керісінше, учаскелік уәкіл, тергеу ші,
қорғаушы, прокурор, қала берді, су-
дьяның мемлекеттік тілді білу, білмеу
деңгейіне байланысты, яғни, уәкіл мен
тергеуші істі ресми тілде жүргізеді, ад-
вокат сол тілде қорғайды, судья сол тіл-
де қарайды, прокурор оған көз жұма-
ды. Сондықтан, Қылмыстық-процестік,
Азаматтық процестік және Әкімшілік
құқықбұзушылық туралы кодекстердегі
«қажет болған кезде іс жүргізуде орыс
тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік
тілмен тең қолданылады» деген норма-
ларды алып тастайтын уақыт жетті. Се-
бебі, аталған баптардың бірінші бөлігі
мектептерінің балалары қоңырауға
шыға сала орысша сөйлеседі.
Нұрсұлтан БАРБОСЫН:
– Менің ойымша, әр адамда мем-
лекеттік тілге деген қызығушылық
болу керек. Бұл мемлекеттік тұрғыда
ойластырылатын мәселе. Жалақы
көтеру, үстемеақы беру, т.б. Өйткені,
талап орындалмауы мүмкін, ал, қы-
зығушылықты тудырса, нәтиже бола-
ды.
– Азаматтардың өздері өмір
сүріп, өсіпөніп отырған мемле
кеттің тілінде сөйлеуі үшін қы
зығушылық тудыру қаншалықты
көңілге қонымды, басқасын айт
пағанда қазақтардың ана тілін білуі
ел алдындағы перзенттік борышы
емес пе?
Нұрсұлтан БАРБОСЫН:
– Азаматтар бізге қай тілде арыз
жазады, сол тілде жұмыс істейміз. Егер
қазақ тілінің сұранысы халық арасында
артса, қызмет те соған сай көрсетіледі.
– Қажеттілікті осы екі жағдайда,
яғни, қосымша үстемеақы және та
лап еткенде ғана арттыра аламыз
ба?
Арай НҰҒЫМАНОВА:
– Мысалы, бала жоғары оқу орнына
Жанат БЕКЖАНОВ
Ерлан СЕРЖАНОВ
Арай НҰҒЫМАНОВА
Нұрсұлтан БАРБОСЫН
Асхат РАХИМОВ
АРҚЫЛЫ ТІЛДЕСУІ — ҚАСІРЕТ