zangazet@mail.ru
(Соңы 3-бетте)
№47 (3072) 22 маусым 2018
www.zanmedia.kz
Қоғамдық-саяси, құқықтық газет
4-
бет
Бүгінгінің бас тақырыбы
ҰРЫМТАЛ СӨЗ
БЕРЕШЕГІ БАРЛАРҒА ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУ НӘТИЖЕ БЕРЕ МЕ?
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
– «Қандай жетістікке жеттік, қайда келдік, неге қол жеткіздік?» Алдымен
осыларға баға беріп алу керек. Білім беру саласында терең және жан-жақты
ойластырылмаған сынақтарды өткізуге жол беруге болмайды. Қыркүйекте
жаңа оқу жылы басталады, бұл оқу бағдарламалары туралы ойланатын
қисынды себеп. Мысалы, ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қанша-
лықты қажеті бар? Осы тілде толығымен дайындалған мұғалімдер жеткілікті
ме? Тіл – үлкен саясат. Әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек..
ЗАҢ-ақпарат:
Алқа
О
Й
Т
А
Л
Қ
Ы
ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЗАҚТЫҢ АУДАРМАШЫ
АРҚЫЛЫ ТІЛДЕСУІ — ҚАСІРЕТ
Елімізде бе-
решегі бар-
лардың шетелге
шығуына тыйым
салынған. Мұндай
шектеудің борышкер-
лер санын азайтуға септі-
гі бар ма? Болмашы айып-
пұл үшін олардың жолын
бөгеу қаншалықты
дұрыс? Сауалды та-
раптардың талқы-
сына салып көр-
ген едік..
.
Дәурен БАБАМҰРАТОВ, саясаттанушы:
– Берешегі барларға қойылатын шектеудің пайдасы бар деп ойлаймын. Бұл айып-
пұлын немесе берешегін өз еркімен өтей қоймаған азаматтардың жауапкершілігін
арттырады. Берешегі барлардың шекара асуына шектеу қою жалғыз бізде ғана емес,
әлемдік қолданыста бар тәжірибе. Осы тәжірибе қолданысқа енгізіле салысымен
нәтижесі бар пәрменді шара екенін байқатты.
Алайда, азаматтардың наразылығы тумау үшін, жүйе тарапынан барлық түсініс
пеушіліктерді жою керек. Мәселен, төленген қарыздың қайтадан ақпараттық жүйеде
пайда болуы, бір адамның қарызының мүлдем басқа адамның атына тіркелуі немесе
қандай да бір «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер салдарынан берешегі қомақты аза-
маттардың опоңай шетел асып, болмашы қарызы барлардың дәл ұшаққа мінер алдында
қиындыққа тап болуы азаматтардың жүйеге деген наразылығын тудырады.
Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер:
– Жасыратыны жоқ, халқымыз салығын, айыппұлын немесе қарызын уақытылы төлеуге
мән бере бермейді. Осы орайда халықтың жауапкершілігін көтеру үшін мұндай шектеу
керек. Көлемі маңызды емес, ең бастысы мәжбүрлеу шарасы болуы тиіс. Мүмкін, кейін
халықтың санасы үйренген соң мұндай шектеулердің қажеті бола қоймас. Бірақ, дәл
қазір бұл қажетті шара.
Елімізде алиментке қатысты берешегі бар азаматтарымыздың саны көбейіп барады.
Соңғы дерек көздеріне сенсек, алимент төлемей қашып жүрген әкелердің берешегі
7 миллиард теңгеге жетіпті. Алимент төлемеу үшін барын салатын, бірақ, пәтері мен
көлігін, дүниемүлкін туыстарының атына жазып, қосқостан көлік мініп, жыл сайын
шетел асып демалатын жауапсыз әкелер көпақ. Ал, баласы киер киім, ішер асқа жары-
май, тиын санап жүреді.
Өзбекстан мен Қазақстан билігі екі елдің ірі қалалары арасында рейсті көбейту жөнін-
де келісімге келді. Астанада өткен келіссөздер нәтижесінде екі ел арасында аптасына 32
рейс қатынайтын болды.
Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Валюталық реттеу
және валюталық бақылау туралы», «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас
өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтас
тық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарды қабылдады.
Парламент Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара ісқимыл жөнінде-
гі кеңестің отырысында президенттің «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын
көбейтуде салық жүктемесін азайту» туралы бастамасын іске асыру қаралды.
«72025» бағдарламасы аясында банктер халыққа жақын арада несиелер бере бастай-
ды. Бағдарламаның болашақта орнықты болуының маңызды талабы банк пен борыш-
кердің нарықтық принциптерді сақтауы болып табылады.
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов ҰБТның алғашқы
күнінің қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, республика бойынша 13 897 мек-
теп түлегі тест тапсырса, олардың 15,5 пайызы, яғни, 2 102 адам шекті ұпайды жинай
алмады.
Астананың 20 жылдығына орай Қарағанды облысында елорда күндері басталды.
Елорданың Мәдениет және спорт басқармасының мәліметінше, көрмелер, концерттер,
Open Air және цирк шоуы өткізіліп, 50 отандық суретшінің 100ден аса еңбегі көпшілік
назарына ұсынылады.
Түркі жұртының рухани астанасы Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болды. ҚР Президенті Н.Назарбаев осы
дүйсенбіде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, Шымкент қаласы-
на республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол
қойды. Осынау тарихи шешімді саясаткерлер мен сарапшылар тек Қазақстан ғана емес, тұтас Орталық Азия экономикасына
серпін беретін қадам деп бағалауда.
ТҮРКІСТАН —
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ
– Қазақ тілінің Қазақстанда
бүгінге дейін өзекті мәселеге ай-
налуын немен байланыстырар
едіңіздер, жалпы мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын қайтсек
кеңейтеміз?
Жанат БЕКЖАНОВ:
– Осыдан 29 жыл бұрын, яғни,
1989 жылы елімізде қазақ тілінің
мәртебесін көтеруге талпыныс жа-
салып, Қазақ КСР-нің «Тіл туралы»
заңы қабылданды. Бұл заңның
басты жетістігі қазақ тілін қорғау
заңдастырылды. Ал, 1997 жылғы
«Тіл туралы» заң республика ау-
УКРАИНА, ӨЗБЕКСТАН, ТӘЖІКСТАН, МОЛДОВА СИЯҚТЫ
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КО ДЕКС ТЕРІНДЕ
СОТ ІСІНІҢ ТЕК МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮР ГІЗІЛЕТІНІ, ТІЛДІ
БІЛМЕЙ ТІНДЕР АУДАРМАШЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІНІ
НАҚТЫЛАНҒАН. ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАНЫМЫЗҒА 27 ЖЫЛ БОЛСА
ДА, ҚАЗАҚСТАН НЕГЕ МҰНДАЙ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТЕ АЛМАЙ КЕЛЕДІ?
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТӨҢІРЕ-
ГІНДЕГІ ОЙ-ПІКІРЛЕРІН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАН-
ДЫҚ №2 СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАНАТ БЕКЖАНОВ, СУДЬЯЛАР
ТЕМІРЖАН ҚҰДАБАЕВ, АРАЙ НУГУМАНОВА ЖӘНЕ АҒА ПРОКУРОР
ЕРЛАН СЕРЖАНОВ, ІІБ ТЕРГЕУШІСІ НҰРСҰЛТАН БАРБОСЫН МЕН
СОТ ОРЫНДАУШЫ АСХАТ РАХИМОВТАР ОРТАҒА САЛҒАН ЕДІ. СОТ,
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЛ МӘСЕЛЕ-
СІНДЕ АЛҒА ТАРТҚАН УӘЖДЕРІНЕ ӨЗДЕРІҢІЗ СЫНШЫ, ОҚЫРМАН!
мағында қолданылатын барлық
тілге бірдей құрметпен қарауды
қамтамасыз етіп, мемлекеттік тіл
мәртебесін белгілеп берді. Ата
Заңда мемлекеттік басқару, заң
шығару, сот ісі, ісқағаздарды жүр-
гізу тілі қазақ тілі екені тайға таңба
басқандай көрсетілген, алайда, ол
өз дәрежесінде орындалмауда. Біз
барлық істі мемлекеттік тілде жүр-
гізе алмаймыз және бұған судья-
ларды кінәлау негізсіз. Себебі, заң
бойынша сотқа іс қай тілде түссе,
іс сол тілде жүргізіледі. Дегенмен,
мемлекеттік тіл заңдылығының
бұзылып жатқаны шындық. Мы-
сал келтірсем, сот қазақ тілінде
үкім шығарып, сот орындаушыға
жібереді. Жеке сот орындаушы істі
қозғау, тоқтату барысында қаулы-
сын орысша жазып, оған қазақша
орындау қағазын тігеді. Материал
осылайша қойыртпақ болады. Сот
өндірісінің тіл туралы заңдылығын
бұзғаны үшін осындай атқару па-
рағының бірнешеуін Бостандық ау-
дандық прокуратурасына жібердік.
Алайда, жауап жоқ, мемлекеттік
тілге прокуратура да немқұрай-
дылық танытуда.
Теміржан ҚҰДАБАЕВ:
– Орыстілді тергеушіге істі орыс-
ша жазу оңай. Сотталушы, жәбір-
ленуші, куәнің қазақтілді екені
ескерілмейді. Соның салдарынан
процесте кіл қазақ бір-бірімізбен
орысша сөйлесеміз. Кеше ғана бір
процесс болды. Адвокат қазақ,
бірақ, қазақша түсінбейді. Ал, куә
орысша білмейді. Екі қазаққа ау-
дармашы жалдауға мәжбүр бол-
дық. Қынжыларлығы, тергеуші
де, адвокат та істі мемлекеттік тіл-
де жүргізуге құлықсыз. Мұндай
жағдайда қазақ тілінің аясы ешқа-
шан да кеңімейді.
(Соңы 5-бетте)
ҚАРЫЗЫҢЫЗ
БОЛСА, ҚАРҒА АДЫМ
АТТАЙ АЛМАЙСЫЗ
ӨСПЕЙТІН ЕЛ
ӨНБЕЙТІН ДАУДЫ
ҚУАДЫ
ШЕТЕЛДІК ЖАСТАРДЫ
ҚЫЗЫҚТЫРУДЫҢ
ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?
3-
бет
8-
бет
(Соңы 3-бетте)