30 пилоттық мектептердің 2-сыныбына арналған жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын, ОҚулықтарды апробациялау процесінің мониторингі



жүктеу 7,96 Mb.
Pdf просмотр
бет50/63
Дата21.11.2018
өлшемі7,96 Mb.
#23231
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63

197 
тым  айқынырақ  түсіндіруін  сұраңыз  және  ол  не  туралы  айтқанын  түгелі 
түсінгеніне  көз  жеткізіңіз.  Жақсы  дайындық  көмек  болады,  себебі  сіздің 
қатысушыларды  түсінгеніңіз  оларды  әңгімеге  тартуға  және  қарым-қатынас 
жасауға  жағдай  жасайды.  Егер  кейбір  қатысушылардың  белсенділігі  төмен 
екенін  байқасаңыз,  оларға  өздерінің  пікірлерімен  бөлісетіндей  тікелей 
көңіл бөліңіз.  
Олардың  қимылдары  мен  мимикаларына  қарап,  сұхбаттың  қай  кезі 
оларды  қызықтырғанын  және  қай  уақытта  өздерінің  пікірлерін  айтқылары 
келетінін көруге болады. Кеңейтілген сұхбаттың басқа тәсілі – бұл, неғұрлым 
белсенді  қатысушыларды  айқындап,  оларды  басқаларын  жандандыру  үшін 
қолдану болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


198 
Қосымша 7 
Сабақты бақылау бойынша басшылық  
 
Сабақты бақылау – білім алушылардың жұмыстарын бақылауға, олармен 
сұхбаттасуға,  олар  не  істеп  жатқанын  сұрауға,  мұғалімнің  жазбалары  мен 
бағаларын  көруге  мүмкіндік  беретін  ерекше  жағдай  болып  табылады. 
Бақылаудың  нәтижесіндегі  жазбалар  жеке  мұғалім  туралы  пікір  мен 
көзқарастардан тұрмау керек. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі сабақтағы білім 
беру бағдарламасын іске асыруға шоғырланған.  
Сабақты  бақылауды  ұйымдастырудың  бірнеше  тиімді  әдістері  бар. 
Мүмкіндік болса сабаққа жұппен қатысып, кейін бірлесіп сабақты талқылаған 
дұрыс. Бақылаушының сабаққа қатысуы уақыты әртүрлі болуы мүмкін – сабақ 
бойы,  сабақтың  жартысы  немесе  сабақтың  бір  бөлігі.  Бастысы,  сол  аралықта 
бақылаушы  білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыру  бойынша  нақты 
қорытындыға келу керек.  
Сабаққа  жұппен  20  минуттан  қатысуға,  кейін  10-15  минут  жеке  талдау 
жасап  және  жұптасып  10  минуттай  талқылау  жүргізуге  ұсынылады.  Сабақты 
бақылаудың мұндай түрі әрбір бақылаушыға көрген сабақты өздігінен талдауға 
және пікір алмасу кезінде өздерінің жазбаларын толықтыруға мүмкіндік береді, 
яғни ол мәліметтерді жинақтаудың анықтылық деңгейін арттырады.  
Сабаққа  қатысу  кезінде  өте  сыпайы  және  жайдары  болу  қажет,  себебі 
сабаққа бөтен адамның қатысуы мұғалімге де, оқушыларға да қысым жасайды. 
Егер  сабақтың  бірінші  бөлігіне  қатысу  жоспарланған  болса,  онда  сабақтың 
алдында  келіп,  мұғаліммен  танысып,  сабаққа  қатысуға  рұқсат  сұрап  және 
сабаққа  қатысудың  негізгі  мақсатын  айту  қажет.  Сабақта  қолданылатын 
сабақтың  жоспарымен  танысу  керек.  Осылайша,  сабақтың  мақсаты,  негізгі 
кезеңдері  және  мұғалімнің  беретін  тапсырмалары  туралы  жалпы  көрініс 
алуға болады.  
Егер  сабақтың  екінші  жартысына  қатысу  жоспарланған  болса,  онда 
сыныпқа кірер алдында мұғаліммен сәлемдесіп, сабақтың өті барысына кедергі 
жасамауға  тырысыңыз.  Бақылаушы  сабақтың  өту  кезінде  білім  алушыларға 
оқыту үдерісіне кедергі жасамай сыныптың ішінде жүре алады. Кетер алдында 
мұғаліммен қоштасып және сабаққа қатысқаны үшін ризашылық білдіру қажет. 
Бақылаудың  мақсаты  білім  беру  бағдарламасын  апробациялаудың  тиімділігін 
бағалау  үшін  мәліметтерді  және  дәлелдеулерді  жинау  болатынын  айқын 
түсіну қажет.  
Осылайша,  бақылаудың  негізгі  нысаны  мұғалім  іс-әрекетінен 
оқушылардың  іс-әрекеттеріне  ауысады,  себебі  оқушылардың  білім  беру 
бағдарламасы  мен  рестурстарын  қабылдау  оны  сәтті  еңгізудің  негізгі 
көрсеткіші болып табылады.  
Сабақты  бақылаудың  үлгісін  қолданып,  келесі  сұрақтарды  көрсетуге 
тырысыңыз:  
− 
Оқыту  мақсаттары  терең  оқытуға  және  жүйелік-әрекеттік  тәсілдің 
жүзеге асуына мүмкіндік береді ме?  
− 
Сабақта ойлау дағдысының жоғарғы деңгейі дамиды ма?  


199 
− 
Оқушылардың  сабақтағы  іс-әрекеттері  оқыту  мақсаттарына  жетуге 
жағдай жасады ма?  
− 
Оқыту үдерісі орын алды ма? Оқушылар неге үйренді?  
− 
Оқушылар  мұғалімдерден  кері  байланыс  алады  ма  және  ол  оқыту 
үдерісіне жағдай жасайды?  
Сабақта  қолданылған  педагогикалық  әдіс-тәсілдер,  сабақтың  өту 
барысына,  сыныпта  мұғалімнің  қозғалуына,  оқушылардың  орындаған 
тапсырмаларына қатысты байқауларды тіркеу қажет.  
Бірақ, сабақтың өту кезінде жазбаларды ықшамдауға ұсынылады, себебі 
бұл  бақылау  үдерісінен  алаңдатады.  Байқаудың  нәтижесін  сабақ  біткеннен 
кейін тіркеу қажет.  
Сонымен 
қоса, 
оқушылармен 
сабақтың 
үстінде 
сұхбаттасу 
ақпараттылықты  көтереді.  Оқу/оқыту  үдерісіне  араласуға  болмайды.  Сабақта 
өткен  тақырыптарға  байланысты  сұрақтарды  қоя  отырып,  оқушыларды 
сұхбатқа  тарту  қажет.  Егер  оқушылар қандай да бір  тапсырманы  орындаумен 
айналасып отырса, онда берілген тапсырманы түсінді ме және орындау үшін не 
істеу  керек  екенін  біледі  ме  деген  сұрақтар  қоюға  болады.  Оқушылармен 
сұхбаттасу  кезінде  олармен  бір  деңгейде  болу  керек  екенін  ұмытпау  қажет 
(мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен сұхбаттасу кезінде жанына отыруға 
болады).  
Сабаққа қатысу бойынша рефлекция:  
1. 
Сыныптан  шыққаннан  кейін  бір  сабақтың  бақылаушылары  сабақ 
бойынша талқылау жүргізу үшін тыныш орын табу керек.  
2. 
Жүргізілген  бақылауды  талқылаудың  алдында  сабақ  бойынша 
пікірлерімен  бөліспей  өзіндік  рефлекцияға  (ойлауға)  5-10  минут  уақыт  бөлу 
керек.  Әрбір  бақылаушы  талқылаудың  алдында  Сабақты  бақылау  парағына 
негізгі  кезеңдерді  белгілеу  қажет.  Бұл,  яғни  топта  немесе  жұпта  талқылау 
кезінде  кейбір  деректерді  қалтырып  кету  қатері  болғандықтан,  әрбір 
бақылаушыға  өзінің  қорытындысын  тұжырымдауға  уақыт  береді.  Сонымен 
қатар,  бұл  тәжірибе  көрген  сабақтың  маңызды  кезеңдеріне  көңіл  аударуға 
мүмкіндік береді.  
3. 
Жеке  рефлекция  және  топтағы  талқылауды  алдымен  сабақтың 
жағымды аспектілерінен бастауға ұсынылады, кейін дамытуға қажетті аймақтар 
айтылады.  Бақылаушыларға  мұғалімнің  жеке  қаситеттеріне  емес  білім  беру 
бағдарламасының тиімді немесе сәтсіз енгізуіне назар аудару қажет.  
4. 
Талқылау  кезінде  барлық  маңызды  кезеңдерді  тіркеп  жазып 
отыру қажет.  
5. 
Талқылау  кезінде  мұғалімге  кері  байланыс  беру  үшін  сабаққа  негізгі 
ескертпелерді белгілеу қажет (қажет болған жағдайда).  
6. 
Топтағы талқылауды 10 минуттан ұзақ өткізбеген дұрыс, себебі басқа 
сабақты бақылау жоспарлануы мүмкін.  
7. 
Егер  мұғалім  өткен  сабақ  бойынша  кері  байланыс  беруді  сұраса, 
алдымен  ол  өзі  өткен  сабақ  бойынша  не  ойлайтынынын  сұрау  қажет,  яғни 
сабақта не сәтті өтті және оқушыларды тиімді оқыту үшін не жақсарту қажет 
деген сұрақтар қоюға болады. Мұғалім өзінің пікірін айтқаннан кейін сабақтың 


жүктеу 7,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау