30 пилоттық мектептердің 2-сыныбына арналған жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын, ОҚулықтарды апробациялау процесінің мониторингі



жүктеу 7,96 Mb.
Pdf просмотр
бет49/63
Дата21.11.2018
өлшемі7,96 Mb.
#23231
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63

194 
Қосымша 5 
Сұхбаттасудың хаттамасы парағы  
 
Күні  
 
Байқаушы (-лар)  
 
Мүделлі тараптар тізімі  
 
Қатысушылар саны  
 
 
1. Кездесу сипаттамасына қысқаша мазмұндама беру  
Сұхбаттасу түрін және оны ұйымдастыру бойынша сипаттасын көрсетіңіз 
(мысалы,  кім  кездесуді  сұрады,  қайда  өтті  және  т.б.).  Сонымен  қатар,  сіз 
кездесуден  қандай  нәтиже  күтесіз,  қандай  түйінді  талқыланатын  сұрақтар  бар 
және сол сұрақтарға қандай жауап күтесіз – соны жазып көрсетіңіз. Ол, яғни, 
кездесудің  жоспарын  құруға  мүмкіндік  береді.  Неден  бастағыңыз  келеді? 
Қандай нәтиже алғыңыз келеді?  
Сіз кездесу кезінде бұл бөлімді жасырын түрде қалдыра аласыз. Мұндай 
жағдайда жазбаны бөлек қағазға жазып, кездесуден кейін орнына қойыңыз.  
2.  Білім  беру  бағдарламасы  бойынша  сұрақтар  және  оларды  жүзеге 
асыру  
Сұхбаттасу кезінде көтерілген әрбір сұрақты жазыңыз. Кім бұл сұрақты 
қойды және бұл сұрақты қойғанда қандай мысалдар және мәліметтер келтірді? 
Мүмкіндік болса, қойылған сұраққа кім қолдау көрсетті және кім қарсы пікір 
білдіргенін жазып алыңыз?  
Егер сұрақ екі рет көтерілсе қайталап жазбаңыз. Бірақ, өзіңізге қайтадан 
көтерілген  сұрақ  деп  ескерту  қойыңыз,  яғни,  бұл  –  мәселенің  шешілмегенін 
көрсетеді.  
Мүмкіндік  болса,  білім  беру  бағдарламасы  құжаттарының  нақты 
бөлімдеріне сілтеме қойыңыз.  
3. Қорытынды/нәтижелер  
Өткізілген  талқылаудың  нәтижесінде  алынған  тұжырымдамалар  мен  іс-
әрекеттерді  жазып  алыңыз.  Сонымен  қатар,  кездесудің  сәтті  өтуіне  кедергі 
болған факторларды белгілеу қажет,  мысалы, кездесу езінде біреуді шақырды 
ма, кездесу кезінде кімнің белсенділігі төмен болды және т.б.  
 
 
 


195 
Қосымша 6 
Сұхбат өткізу бойынша басшылық  
 
Мүдделі тараптар тобынан мәліметтерді жинау үшін қолдануға болатын 
топтық  сұхбаттасудың  3  түрі  бар,  олар  –  бейресми,  құрылымдалған  және 
жанама сұхбаттасу.  
Бейресми сұхбат алдын ала анықталған мақсаттары және құрылымы жоқ 
жоспарланбаған  және  кенеттен  өткізілген  сұхбат  болып  табылады.  Бейресми 
сұхбаттың артықшылығы – әңгімелесу шынды болып келеді және қатысушылар 
қойылған  сұрақтарға  ашық  жауап  береді.  Бірақ  жоспар  мен  құрылымының 
болмауы  қорытындыны  жазу  кезінде  қиын  болуы  мүмкін.  Мұндай  сұхбатты 
сабақтарды байқау; бейресми жағдайларда, мысалы асханада, онлайн-форумда 
немесе  басқа  да  кәсіптік  іс-шаралар  (конференциялар,  тренингтер  және  т.б.) 
кезінде өткізуге болады. Мамандарға осындай сұхбаттардан көбірек пайда алу 
үшін бұл бөлімде сипатталған дағдылар көмек береді.  
Құрылымдалған  сұхбат  ресми  және  бір  нарсеге  назар  аударатындай 
құрылымдалған  болып  табылады.  Олар  сұхбат  жүргізуші  болып  келетін 
тұлғамен ұйымдастырылады. Сұхбат жүргізуші күн тәртібін анықтап сұхбатты 
басқарады.  Сұхбат  жүргізуші  әңгімеге  тікелей  қатысады  және  бұл  модератор 
(төменде көрсетілген) екеуінің арасындағы айырмашылық болып табылады.  
Фокус-топтарымен  сұхбаттасу  бұл  бір  нақты  мақсаты  бар 
жоспарланған  және  құрылымдалған  кездесу.  Бұл  сұхбатты  модератор  өткізеді 
және қандай да бір нысанға назар аударады, біздің жағдайда назар аударылатын 
нысан  -  білім  беру  бағдарламасы.  Мұндай  сұхбат  білім  беру  бағдарламасын 
енгізу  үдерісіне  қатысушылармен  әңгімелесуге  мүмкіндік  береді.  Егер  назар 
аударуға қажет бір нысан қолданылса, ол туралы ойлануға ынталандыру үшін 
қатысушыларға алдынан ол туралы айту ұсынылады.  
Бейресми және фокус-топтарымен сұхбаттасудың негізгі айырмашылығы 
қатысушылардың  арасындағы  әңгімені  құрылымдап  отыратын  модератордың 
бар  болуында.  Жақсы  құрылымдалған  сұхбаттасу  белсенді  қатысуға  және 
қорытынды  жасауға  жағдай  жасайды  (бұл  жағдайда,  ақпаратты  жинау). 
Модератор  ретінде  мониторингілеу  тобының  бір  мүшесі  тағайындалады.  Бұл 
адам  сұхбатқа  қатыспайды,  бірақ  теңгерім  мен  фокусты  сақтап  қалу  үшін  бір 
өзекті уақытта әңгімеге қатысу құқығы бар.  
Фокус-топтарымен сұхбаттасуға дайындық  
Сіз  тиімді  модератор  болу  үшін  өнімді  түрде  қарым-қатынас  жасау 
керексіз. Мұндай дайындық сұхбаттың міндеттерін анықтау үшін бағытталған 
және  сұхбатты  басқару  дағдыларында  сенімділік  тудыруға  мүмкіндік  береді. 
Әрбір дайындық келесі факторларды қарастыруды талап етеді:  
1.  Сіз  сұхбат  туралы  не  білесіз?  Сұхбаттың  мақсаты  оң  әсер  ететіндей 
болу  керек  және  сіз  сұхбатты  жағымды  жақтарынан  қалай  бастайсыз  екенін 
ойланыңыз.  Бұл  -  әңгімелесу  кезінде  сыни  және  сындарлы  ескерту  болмайды 
дегенді білдірмейді. Керісініше, апробация үдерісінде маңызды элемент болып 
табылатын қатысушылардың сындарлы ойларымен бөлісетіндей жағдай жасау 
керек.  Сонымен  қатар,  сіз  сұхбаттан  қандай  ақпарат  алғыңыз  келетіні  туралы 


196 
нақты көрініс болу қажет. Нақты мақсат шыққан жерін көрсетеді. Бұл ақпарат 
ақпараттың бастапқы талдауынан түсіп отырады.  
2. 
Сіз қатысушылар туралы не білесіз? Басқа қатысушыларды неғұрлым 
көп  түсінсеңіз,  сіз  соғұрлым  оларды  сұхбатқа  қатысуға  көбірек  тарта  аласыз. 
Барлық қатысушылар бір-біріне сенген жағдайда сұхбат жақсырақ өтеді. Бірақ, 
жорамал  жасау  кезінде  абайлаңыз,  себебі  сұхбат  кезіндегі  қылықтар  әрқашан 
ниетті көрсете бермейді.  
Мүмкіндік  болса,  мұндай  сұхбатқа  әріптесіңізбен  дайындық  жүргізіп 
алыңыз, немесе нақты жағдайда сіз қалай басқаратыңызды елестетіңіз.  
Фокус-топпен  сұхбатты  бастау.  Қатысушылардан  рұқсат  сұрап 
жеткілікті  уақыт  пен  ресурс  болғанда  толық  талдау  жасау  үшін  сұхбат  пен 
әңгімені  диктофонға  жазуға  болады.  Сұхбат  кезінде  жазба  жасап, 
тұжырымдасын  жалпылауға  болады.  Тиімді  болу  үшін  бір  адам  әңгімені 
жүргізеді, ал басқа адам диктофонға жазуға болады. Модераторға әңгімелесуді 
сұхбаттың  мақсатынан  бастаған  дұрыс.  Әңгімелесудің  нәтижесінде  не 
күтілетіні  туралы  айтып  кету  керек.  Бұл  қатысушыларға  әңгіме  мен 
модератордың  ролі  туралы  алдын  ала  біржақты  пікірдің  болдырмауына 
мүмкіндік  береді.  Сіз  сөйлеу  үшін  емес,  тыңдау  үшін  келгеніңізді  анықтап 
айтыңыз, сонымен бірге әрбір қатысушының пікір айтатындай мүмкіндігі болу 
керек. Мысалы:  
«Мен  ...  туралы  сөйлескім  келеді,  бірақ  алдымен  сіздің  пікіріңізді 
білгім келеді».  
«
Менде  ...  туралы  дұрыс  түсінік  болса  деймін.  Мен  осы  туралы  сіздің 
пікіріңізді  білгім  келеді,  сонымен  қатар  сіздермен  менің  әріптестерімнің 
пікірлерімен бөліскім келеді».  
Әңгіме  кезінде  қатысушыларды  алаңдататын  немес  оларды  ыңғайсыз 
жағдайға  қоятын  сияқты  күтпеген  жағдайлардың  болмауы  –  жақсы 
бастама болады.  
Фокус-топта  сұхбаттасу  кезіндегі  модерация.  Әңгімелесуден  күтілетін 
нәтижеге жету үшін модератор қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіретіндей 
өзін ұстау қажет. Достық қарым-қатынасты қолдау және басқаларды тыңдауға 
дайын  екенін  көрсету  басқа  қатысушылардың  мінез-қылықтарына  жағымды 
әсер тигізеді. Әңгімелесу кезіндегі басқарудың бір маңызды аспектілерінің бірі 
– 
сұхбаттың  объективті  және  жағымды  өтуі  болады.  «Қауіпсіз»  ортаны  құру 
қарым-қатынасты  бұзбай,  қатысушылар  өздерінің  пікірлерін  айтуға  мүмкіндік 
береді. Талқылау нысаны мұндай ортаны құру үшін пайдалы болады. Нысанды 
(мысалы,  оқу  бағдарламасы  немесе  оқу  жоспары)  сұхбатқа  қатысатын 
адамдардан бөлу керек. Оны жан-жақты зерделеуге болады. Нысан туралы сөз 
басталғанда  әділ  және  нақты  болу  керек.  Олардың  мәлімдемелеріне  дәлел 
болатын  мысалдар  ұсынуды  сұрау  арқылы  әділ  және  жеңіл  бағаланатын 
мәліметтерді  алуға  болады.  Кейбір  уақытта  «не  ұнады»  және  «не  ұнамады» 
туралы әңгіме орынды болуы мүмкін, бірақ ол жеке түсініктеме беруге түрткі 
болады және субъективті жауап берілу мүмкін.  
Модератор әңгімеге қатысушылардың кейбіреулері басқаларының өздері 
сияқты ойлайды дегенді есіне сақтау керек. Мұндай жағдайда сол қатысушыдан 


жүктеу 7,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау