Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет31/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92

72 
 
 
Жаңа  материалды  түсіндіру  сабағында  анимациялық-компьютерлік 
технологияны қолдану оқытушы мен білім алушыларға талассыз артықшылық 
береді.  Өйткені  аудиовизуалды  техникалық  оқыту  құралы  оқытылатын 
физикалық  процестердің  көрнекі  түрде  есте  сақталуына,  сондай-ақ  тікелей 
бақылау  кезінде  көзге  көрінбейтін  немесе  көрсету  жалпы  мүмкін  емес 
құбылыстың нәзік жерлерін елестетуге мүмкіндік бере алады.  
Технологияларды  пайдаланудағы  шектеусіз  мүмкіндіктер  модельденетін 
құбылыстың  уақыт  бойынша  ағымын  өзгертуде,  оларды  нақты  өлшемдер 
шеңберінде түрлендіріп, эксперимент жүргізу ауқымын кеңейтуде маңызды рөл 
атқарады. 
Бұл  ретте,  жұмыс  кешенінде  қолданылатын  барлық  әрекеттер  төменде 
көрсетілгендей бағытталуы тиіс:  
− 
жоспарлауға  үйрету  (білім  алушылар  өз  мақсаттары  мен  міндеттерін 
дәл  айқындауды,  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізудің  негізгі  кезеңдерін 
жазуды,  жұмыстың  бүкіл  уақытында  мақсатқа  қол  жеткізу  бойынша  өз  ойын 
шоғырландыруды үйренулері тиіс);  
− 
ақпараттарды,  материалдарды  жинау  және  іріктеу  дағдыларын 
қалыптастыру  (білім  алушылар  қажетті  ақпаратты  таңдауды  және  оны  дұрыс 
Саралау  –білім  алушыларға  қалай 
көбірек 
қолдау 
көрсетуді 
жоспарлайсыз?  Қабілеті  жоғары  білім 
алушыларға  қандай  міндет  қоюды 
жоспарлап отырсыз?  
Бағалау  –  білім 
алушылардың 
материалды 
меңгеру 
деңгейін 
қалай 
тексеруді 
жоспарлайсыз?  
Денсаулық және қауіпсіздік 
техникасының сақталуы  
Жұптық    жұмыс  кезінде  әр  баланың 
жеке 
жұмыс 
жасауына 
жағдай 
жасаймын. АКТ қолдану арқылы білім 
алушылардың қызығушылығы артады.  
Бағалау  сабақтың 
соңында 
мұғалім  
бағалайды. 
«Мадақтау»  әдісін 
қолдандым.. 
Қозғалыс  сергіту  сәтінде 
ғана  емес,  бүкіл  сабақ 
бойында 
қолданылады. 
Тәжірибе 
кезінде 
қауіпсіздік 
ережесі 
ескертілді. 
Сабақ бойынша рефлексия  
Сабақ  мақсаттары/оқу  мақсаттары 
дұрыс 
қойылған 
ба? 
Білім 
алушылардың  барлығы  ОМ  қол 
жеткізді ме?  
Жеткізбесе, неліктен?  
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?  
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды 
ма?  
Сабақ  жоспарынан  қандай  ауытқулар 
болды, неліктен? 
Бұл  бөлімді  сабақ  туралы  өз  пікіріңізді  білдіру 
үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ 
бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.   
 
Жалпы баға 
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 
1: 
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 
1: 
Сабақ 
барысында 
сынып 
туралы 
немесе 
жекелеген 
білім 
алушылардың 
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 


73 
 
пайдалануды үйренуі тиіс);  
− 
осы немесе басқа жұмыстардың нәтижелерін талдау ептілігін дамыту;  
− 
оқу мақсаты бойынша (білім алушы жобаны көпшілікке көрсете білуді, 
тапсырманың  мәтінін  құруды,  мәтінді  техникалық  тұрғыда  редакциялауды, 
библиографиялық тізімді сауатты ресімдеуді үйренуі тиіс) өз бетінше жүргізген 
жұмысы туралы жазбаша есеп жасау ептілігін дамыту;  
− 
жұмысқа  позитивті  қатынасын  қалыптастыру  (білім  алушы 
бастамашыл,  ынталы  болуға  үйренуі  тиіс,  жұмыстың  бекітілген  жоспары  мен 
кестесіне сәйкес өз ісін мерзімінде орындауға тырысуы қажет).  
Білім  алушылардың  физика  пәніне  деген  қызығушылықтарын  арттыру 
мақсатында  жоба  жұмысы  ұсынылады.  Жоба  жұмысы  топтық  немесе  жеке 
болуы мүмкін[17].  
Жылына  бір  рет,  бекітілген  кезеңде  ғылыми  конференция  өткізіп,  онда 
жобалардың  көрсетілімі  өткізіп  және  жобалардың  байқауын  ұйымдастыруға 
болады.  
Мектеп  білім  алушыларының  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығының 
нәтижесін  жақсарту  және  физика  пәнінен  білім  сапасын  арттыру  мақсатында 
физика  сабағында  меңгерген  білім,  біліктілігін  тәжірибеде  және  күнделiктi 
өмiрде  пайдалана  білуге  негізделген  практикаға  бағдарланған  тапсырмаларды 
пайдалану ұсынылады.  
Бұл  тапсырмаларды  әзiрлеу  және  қолдану  кезінде  PISA, TIMSS 
халықаралық  салыстырмалы  зерттеулердiң  тапсырмаларының  жүйесіне 
негіздеу  керек.  Осы  тұрғыда  мұғалімдерге  көмек  ретінде  «PISA, TIMSS 
зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  білім  алушылардың  ғылыми 
жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту», «PISA-2015 халықаралық зерттеуге 
дайындықты  әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету» 
әдістемелік  құралы  әзірленіп,  Академия  сайтында  орналастырылған 
(www.nao.kz
).  Бұл  әдістемелік  құралда  PISA, TIMSS  зерттеулерінің 
тапсырмалары  негізінде  білім  алушылардың  ғылыми  жаратылыстану 
сауаттылығын  дамыту  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  берілген.  Білім 
алушыларының  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығының    қалыптастыратын 
Академия әзірлеген басқада әдістемелік құралдарды ұсынамыз[15,17].  
Сонымен  қарастырылған  «Физика»  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың 
формалары  мен  әдістері  білім  берудің  практикалық  бағытын  күшейтіп,  білім 
алушылардың  ойлау  қызметін  дамытып  және  шығармашылық,  ізденушілік, 
зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады. 


74 
 
3.  БІЛІМ  МАЗМҰНЫН  ЖАҢАРТУ  АЯСЫНДА  ҚЫСҚА  МЕРЗІМДІ  ЖОСПАР 
ДАЙЫНДАУ  ЖӘНЕ КРИТЕРИАЛДЫ  БАҒАЛАУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  БОЙЫНША 
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР 
 
Қысқа  мерзімді  жоспарлар  «Физика»  пәні  бойынша  орта  мерзімді  және 
ұзақ мерзімді жоспарлардың мақсаттарына қол жеткізуге қажетті сабақтардың 
мазмұнын  бағдарлауға  арналған  нақты  әдістемелік  ұсынымдардан  тұрады. 
Жоспарлаудың тәсілдерінің арасында өте тығыз байланыс бар.  
Қысқа  мерзімді  жоспарлау  (ҚМЖ)  орта  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді 
жоспарларда  айқындалған  мақсаттарға  қол  жеткізуге  қажетті  ресурстарды 
пайдаланудың  нақты  тәсілдерінен  тұрады.  Қысқа  мерзімді  жоспарлау  (ҚМЖ) 
оқу  бағдарламасын  сабаққа  құрылымдайтын  мұғалімнің  өзі  жеке  жүзеге 
асырады.  
Оқу  бағдарламасына  қарағанда  оқу  жоспарлары  ұсынымдық  сипатта 
жасалады, сондықтан мұғалім өзінің әрекет түрлерін бейімдей алады, яғни білім 
алушылардың қызығушылықтарына, деңгейлеріне және қажеттіліктері мен жас 
ерекшеліктеріне қарай өзінің баламалы ресурстарын іріктей алады.  
Қысқа  мерзімді  жоспарды  –  немесе  сабақ  жоспарын  –  орта  мерзімді 
жоспардың соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі дербес жасайды. 
Бұл жерде оқытудың ыңғайына және балалардың жеке ерекшеліктерінің есепке 
алынуына назар аудару қажет.  
7–9-
сыныптарға  арналған  «Физика»  пәні  бойынша  қысқа  мерзімді 
жоспарлаудың мазмұндық құрылымын айқындау үшін «Физика» пәні бойынша 
оқу  бағдарламасының  аясында  білім  алушылардың  зерттеу  іс-әрекетінің 
ұйымдастырылуына назар аудару қажет.  
Осыған байланысты оқу бағдарламасының мазмұндық негізіне құрылған, 
оқу  материалын  зерделеуге  арналған  шиыршық  түрдегі  қағидасын,  сондай-ақ 
сыныптар мен тоқсандар бойынша алдыңғы сыныптарда өткен тақырыптарды 
қайталау арқылы материал мазмұнын құрылымдауды есепке алған жөн.  
– 
жұмыстың тізбектік кезеңдерін ұйымдастыру;  
– 
әр сабақты өту мен оқытудың мақсаттарын айқындау;  
– 
сабақ беру мен оқытудың нәтижелерін өлшеу әдістемесін бекіту;  
– 
күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында оқыту мен сабақ берудің 
міндеттерін айқындау;  
– 
оқытудың  барлық  кезеңінде  мақсатқа  бағытталған  оң  динамиканы 
қамтамасыз ету;  
– 
барлық  білім  алушыларды  оқыту  процесіне  тарту  мақсатында 
стратегиялық жоспарлау.  
Осыған  байланысты  сабақтың  өту  және  оқыту  мақсаттарын  реттеуді 
айқындайтын келесі сұрақтар туындауы тиіс:  
Сіздің ойыңызша білім алушылар қандай білімді меңгеруі тиіс?  
Білім алушылар қандай кілттік идеяларды ұғынуы тиіс?  
Білім алушылар қандай мәселелерді зерттеуі және талдауы тиіс?  
Мәселен, оқыту мақсаттары (Блум бойынша).  
Білім алушылар: … біледі.  


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау